- •1. Айқын клиникалық синдромдары (зәр шығару, нефротикалық синдром, бүйрек жетіспеушілігі). Себептері , симптомы, механизмі, диагностикалық әдістері.
- •2. Тиреотоксикоз. Этиологиясы. Клиникалық белгілері. Диагностикасы. Емдеу принциптері
- •3. Өкпені тексеру әдістері (салыстырмалы және топографиялық өкпе перкуссиясы)
- •22 Билет
- •23 Билет
- •1. Созылмалы обструктивті бронхит. Себебі, симптомдары, диагностика әдістері.
- •2. Созылмалы холецистит. Этиологиясы. Клиникалық белгілері. Диагностика. Емдеу принциптері.
- •3. Тыныс алу жиілігін, пульсті және артериалдық қан қысымын зерттеуді жүргізу.Диагностикалық маңызы.
- •24 Билет
- •1.Созылмалы гломерулонефрит.Зертханалық -аспаптық диагностика .Емі
- •Қанның қысымын өлшеу
- •2.Жедел пневмония.Диагностикасы. Емі.
- •3.Жүрек-қантамырлар ауруларының зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •25 Билет
- •1.Буйрек патологиясы кезіндегі килиникалық синдромдар(буйрек жеткіліксіздігі).Себептері,симптомдары ,олардың механизимдері,диагностика әдістері.
- •2.Тиреотоксикоз.Клиникалық көріністері.Лабораториялық диагностика,емдеу прициптері.
- •3.Зәр шығару жүйесіне зерттеу жүргізу(буйрек пальпациясы және қарау),Диагностикалық нұсқаулар.
- •Аг синдромының диагностикасы
- •28 Билет
- •2. В 12 тапшылықты анемия. Диагностика. Емдеу принциптері.
- •3. Асқазан ішек жолдарына зерттеу жүргізу. (іш пальпациясы)
- •Билет №29
- •Созылмалы панкреатит. Этиологиясы. Клиникалық көрінісі.
- •3. Жүрекке зерттеу жүргізу (аускультация). Жүрек шумы, оның даму механизмі және диагностикалық маңызы.
- •30 .Билет
- •Өкпенің тінінің тығыздалу синдромы
- •2. Асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасы, этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностика
- •Клиникалық көріністері:
- •Диагностикасы
- •3. Ангинозный статус. Неотложная помощь.
28 Билет
1. Клиникалық медицина негіздері пәнінің міндеттері. Ауру тарихының схемасы. Ауруды сұрастыру. Анамнез.
Ішкі ағза аурулары клиникалық медицинаның негізгі бөлігі болып саналады. Ол ішкі аурулардың этиологиясын, патогенезі мен клиникалық белгілерін зерттей отырып, науқастың түрін танып анықтау, емдеу және алдын алу шараларын қарастырады, жеке аурулардың пайда болу себептерін анықтайды. Жалпы айтқанда, ішкі аурулар туралы ғылымның медициналық практикадағы орны орасан зор. "Дені сау" және "ауру" дегеніміз не? Дені сау және ауру болу -бұл адамнын коршаған ортадағы тірішлігінің екі жақты көрінісі. Оған физикалық және әлеуметгік жағдайлар тікелей әсер етеді. Дені сау адамның сипаттамалары: 1) организмнің анатомиялық және физиологиялық тұтастығы; 2) организмнің коршаған ортаның өзгерістеріне оңай бейімделуі; 3) жақсы көңіл-күйде болуы. Ауру дегеніміз – ол ағзаның зақымдануға қарсы беретін қатысты серпілісі. Ауру тек бір жеке мүшені ғана зақымдамайды, ол тұтас адамға әсер етеді. Аурулардың пайда болуына әкеліп соғатын мәнбірлерді аурудың этиологиясы деп атайды. Олар экзогенді және эндогенді деп екі топқа бөлінеді. Экзогенді түрлері: механикалық, физикалық және жұқпалы мәнбірлер. Механикалық зақымдануға тамырлардың жарақаттанып қансырауға әкеліп соғуы, кеуде қуысының жарақаттанып дем алу дәрісінің бұзылуы, ауырсынуда дамитын шок т.б. жатады. Физикалық мәнбірлер: жоғары немесе төменгі температура, электр тоғы, күн сәулесінің әсері, рентген сәулесі. Химиялық мәнбірлер: тұрмыста немесе кәсіби жұмыс барысында қолданатын әртүрлі химиялық заттардың теріге, ағзаға патологиялық әсер етуі. Жұқпалық мәнбірлер: организмге сырттан келіп түскен бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар бір талай ішкі аурулардың себебі болып табылады. Дұрыс тамақтанбауда ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Бұл жағдайда зат алмасу дәрісі бұзылып семіздік немесе ашығу дамиды. Эндогенді – ішкі этиологиялық мәнбірлер. Кейбір ішкі ағзалардың бұзылуы нәтижесінде болатын улану жағдайларды этиологиялық агенттер ретінде қарауға болады. Витаминдердің жетіспеушілігі де бір қатар ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Ішкі сөлденіс бездер қызметінің бұзылуы аурулардың дамуына себепті болуы ықтимал. Мысалы, ұйқы безі қызметінің бұзылуы қант сусамырының дамуына әсер етеді. Орталық және шеткі жүйке жүйесінің функционалдық және органикалық бұзылуы этиологиялық мәнбірлер рөлін атқаруы мүмкін. Тамырлардың қызметінің және органикалық өзгеруі нәтижесінде қан айналымының бұзылуы көптеген ішкі ағзалар ауруларының себебі болуы мүмкін. Мысалы, жүрек тамырларының өзгеруінен жүрек бұлшық етіндегі зат алмасу дәрісі бұзылып жүрек ауруларының дамуына бейімділік туғызады. Бір қатар ішкі ауруларында нейро-гуморальдық механизмдер арқылы жүзеге асады. Ағзадағы аллергиялық аурулардың дамуына себепші көптеген аллергендер болып келеді. Аллергиялық серпілістердің жылдам және баяу қарқынды дамитын түрлері болады. Жылдам аллергиялық серпіліс аллерген әсер еткеннен соң 15-20 минуттан кейін дамиды. Ал баяу аллергиялық серпілістер аллергеннің әсерінен бірнеше сағат, тәулік өткен соң дами бастайды. Әр аурудың биологиялық даму механизмін патогенез деп атайды. Мысалы, өкпе қабынуында патогенді жұқпаның әсерінен өкпе ұлпасы зақымданып, өкпе альвеоларына сары судың жиналуы. Сөйтіп дем алу дәрісі бұзылады. Ауру тарихының бірінші бөлімі құжат бөлім болып табылады. Онда науқас адамның аты-жөні, толық жасы, жұмыс орны, мамандығы, тұрмыс жағдайы (әлеуметтік, материалдық) анықталады. Науқас жолдамамен келіп түскені немесе жедел жәрдем көлігімен жеткізілгені көрсетіліп жазылады. Қандай диагнозбен түсіп отырғаны тіркеледі. Науқасты сұрастыру әдсі «анамнез жинау» деп те аталады. «Анамнез» гректің anamnesis- еске түсіру деген сөзінен шыққан. Сұрастыру мына тәртіппен өткізілуі тиіс: 1) құжат бөлімі 2) арыз шағымдар 3) сырқат тарихы 4) науқастың өмір тарихы Төлқұжат мәліметтерге науқастың фамилиясы, есімі, әкесінің аты, жасы, жынысы, мамандығы, тұратын жері жатады, әр түрлі ауруларды анықтауда олардың өз орындары бар.
Науқастарды тексеру үлгісі.
І. Құжаттық мәліметтері Аты жөні 2. Жынысы Жасы 4. Мамандығы 5. Жұмыс орны 6. Тұратын жері 7. Білімі 8. Ауруханаға түскен уақыты 9. Курация жасау уақыты ІІ. Аурудың шағымдары. Шағымдары (негізгі, қосымша) сипаттама беру ІІІ. Аурудың даму тарихы (Anamnesis morbi) Аурудың дамуы Алғашқы симптомдары оның әрі қарай дамуы Аурудың қозуы, бәсеңдеуі ұзақтылығы Тексеру қорытындысы Емдеу шаралары оның нәтижелері Ауруханаға жеткізу себептері Курация жүргізгеннен бастап денсаулығының өзгеруі IV.Науқастың өмір баяны (Anamnesis vitae) Жалпы биографиялық мәліметтер 1. Қай жанұяда туған 2. Дамуындағы ауытқуы 3. Мектептегі оқуы 4. Мамандық оқуы 5. Жұмыс әрекетінің басталуы, оның әрі қарай, жалғасуы 6. Мамандық жағымсыз факторлары 7. Жұмыс жағдайы 8. Тұрмыстық жағдай 9. Эпидемиологиялық анамнез (гепагит, түберкүлез ЖИТС т.б.) 10.Аллергологиялық анамнез 11.Гинекологиялық анамнез 12.Тұқым қуалаушылық V. Тікелей объективтік тексеріс А. Пациентті жалпы қарау бірізділігі - жалпы жағдайын бағалау: қанағаттандырылықтай, орташа, ауыр. - сана сезіміне баға беру: ашық, бұлыңғыр, сопор, ступор, кома. - төсектегі жағдайын анықтау (белсенді, енжарлық, ыңғайлы) - салмағын, бойын анықтау - дене құрлысына баға беру (нормостеникалық, астеникалық, гиперстеникалық) - термометрия жүргізу Б. Науқастардың жүйесі бойынша қарау бірізділігі - теріні, көрнекті шырышты қабаттарына бағалау - тырықтарды, бөртпелерді, қансырауларды жараларды белгілеу - терісінің түсіне баға беру: (бозару, сарғаю, цианоз: акроцианоз, диффузды) - терінің дымқылдығы - шашының сипаттауын бағалау - тырнағына баға беру - тері астындағы майлы қабатына баға беру - ісіктердің дамуы, оның дәрежесі - лимфабездерін бағалау - бұлшық ет жүйесіне баға беру (тонусы, күші, ауырсынуы) - сүйек буын жүйесін бағалау VІ. Пальпация (сипалау) VІІ. Перкуссия (соққылау) VІІІ. Аускультация (тыңдау) ІХ. Лабораториялық тексеріс Х. Аспаптық тексеріс
