Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bilet_21_30.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120 Кб
Скачать
☆

Аг синдромының диагностикасы

1. Отырған, жатқан қалпында АҚ 2-3-рет өлшеу;

2. Бойының ұзындығын, дене салмағын, бел мен мықын айнала шеңберін өлшеу, бел/мықын өлшемдерінің қатынасын есептеу;

3. Гипертониялық ретинопатияның дәрежесін анықтау үшін көз түбін тексеру;

4. Жүрек-қантамыр жүйесін тексеру: жүрек көлемін, тондардың өзгеруін, шулардың болуын; жүрек жеткіліксіздігі белгілерін; ұйқы, бүйрек және шеткері артерияларының патологияларын, қолқа коарктациясын;

5. Құрсақ қуысын тексеру (тамырлық шулар, бүйректердің ұлғаюы, қолқаның патологиялық пульсациясы);

6. Шеткері артериялардың пульсациясын және аяқтардағы ісіктерді анықтау;

7. Цереброваскулярлы патологияны анықтау үшін жүйке жүйесін тексеру

Міндетті зерттеулер, емнің алдында нысана ағзалардың зақымдалуы мен қауіп факторларын анықтау қажет:

- несеп анализі;

- жалпы қан анализі лейкоформуласымен;

- қан анализі (калий, натрий, креатинин, глюкоза, жалпы холестерин және жоғары тығыздықтағы липопротеидтер);

- 12 тіркемедегі ЭКГ.

Емдеу принциптері. Біріншіден науқасқа дұрыс күтім керек. Дереу

тез арада седуксен немесе дроперидол дәрілері құйылуы тиіс.Лазикс 40-80мг

корглюкон 0,06%-1мл бәрін бірден қанға салу керек. Бұлшық етке клофелин

0,01%-0,5мл, 25%магний сульфат-10мл,50%, анальгин-2мл жіберіледі. Егер

қан қысымы түспесе 20минуттан кейін пенталгинді қанға тамызады. Кейін

ганглиоблокаторлар қосылады.

Осындай жедел жәрдем көсетілгеннен кейін науқас ауруханаға жет-

кізілуі тиіс.

3. Жүрек патологиялары бар науқастардың негізгі шағымдары: ентігу, жүрек тұсының ауырсынуы, жүрек қағуы, жүректің дүрсілдеуі, ісіну, жөтел, қан түкіру, бас ауыру, бас айналу.

Қарау. Ауру адамның жалпы сыртқы түріне, төсектегі қалпына, терісі мен көрінетін кілегей қабаттарының түсіне қарайды. Осы кезде цианоз бар ма жоқ па анықталады. Жүрек аурулары бар науқастарда шеткері цианоз, яғни акроцианозды (мұрын ұшы, құлақ қалқаны, еріндері, тілі, саусақтардың тырнақты фалангалары) жиі байқаймыз. Митралды стенозы бар науқастарда бозарған беттегі цианоздық реңді қызару байқалады ("facІ)es mІ)tralІ)s").

Мойын аймағын қарағанда тамырлар жағдайына көңіл аударған жөн. Дені сау адамдарда ұйқы артериясының тек болмашы ғана пульсациясын байқаймыз. Қолқа қақпағының жеткіліксіздігінде бұл пульсация өте байқалады және «каротидтер биі» деген атқа ие. Оңқарыншалық жеткіліксіздігі бар, үшжармалы қақпақтың зақымдалуымен жүретін науқастарда мойын көктамырларының ісінуі байқалады.

Жүрек аймағын пальпациялау. Пальпация арқылы жүрек ұшының түрткісін, жалпы жүректің соғуын, жүрек тұсындағы пульсацияларды, кеуде дірілін анықтауға болады. Жүрек ұшының түрткісін анықтау үшін оң қолдың алақанын жүрек тұсына қоямыз, саусақтар қолтыққа бағытталып 3-ші, 4-ші қабырғалар аралығында анықталуы тиіс. Алақан жүрек ұшын басып жатуы тиіс. Сонымен жүрек ұшын анықтаған соң, оның жалпы сипатына мән береді: жүрек ұшының жатқан жерін, оның аумағын, күшін, биіктігін, серпімділігін зерттей қарайды. Қалыпты жағдайда жүрек ұшы түрткісі ортаңғы бұғана сызығынан 1-2 см оңға қарай 5-ші қабырға аралықта жатады. Адам тік тұрса өзгерістер болмауы тиіс.

Жүрек ұшының солға ығысуы сол қарынша кеңейгенде (миокардтың зақымдалуы, жүрек ақаулары) кездеседі. Плевра қуысында сұйықтық жиналуы жүректі және оның ұшының түрткісін сау жағына қарай ығытырады, ал плевроперикардиалды жабысулар оларды ауру жағына қарай ығыстырады.

Аускультация. Жүрек-тамыр жүйесін тексерудегі физикалды әдістердің ішіндегі ең маңыздысы жүректі тыңдау болып табылады. Аускультацияда жүректің жұмысы кезінде туындайтын дыбыстар бағаланады (тондар, шулар).

Жүрек аускультациясының жалпы ережелері тура өкпе аускультациясының ережелеріндегідей.

- жүректі дем алудың әр фазасында тыңдау қажет: жүректі дем алмай тұрғанда тыңдаған өте дұрыс, неге десеңіз бұл кезде өкпедегі дыбыс жүректің дыбысына кедергі болмайды.

- жүректі жатқан және тұрған (отырған) қалыпта кезектестіріп тыңдаған жөн.

- кейбір жағдайларда жүректі физикалық жүктемеден кейін қайта тыңдаған дұрыс, ол дыбыстардың өзгерістерін анықтауда маңызы зор болып келеді.

Жүректі төменде көрсетілген тәртіппен тыңдайды: ең бірінші жүрек ұшынан екі жармалы қақпақша , екінші қабырғааралығы оң жақтан қолқа қақпақшасы, кейін сол жақ екінші қабырғааралығында өкпе артериясы қақпақшасы, төстің төменгі жағында семсер тәрізді өсіндіні негізінде үшжармалы қақпақша, ең соңында Боткин нүктесі ол үшінші мен төртінші қабырғаның арасында төстің сол жағында орналасады.

Қалыпты жағдайда сау адамдарда бес нүктенің бәрінде де екі тон естіледі: І тон қарыншаның систоласында пайда болады, сондықтан оны систолалық деп атайды. ІІ тон қарыншаның диастола фазасында пайда болады, сондықтан оны диастолалық деп атайды. І дыбыс (тон) қысқа үзіліспен, яғни қарыншаның систола фазасынан тұрады. ІІ дыбыс (тон) ұзақ үзіліспен, яғни қарыншаның диастола фазасынан тұрады.

Перкуссия – бұл әдіс арқылы жүректің көлемін ,оның орналасуын,шекарасын,кескін үйлесімі,сол сияқты қан тамырлары шоғырынығ енін де анықтауға болады.Перкуссия жасағанда төменгі көрсетілген ережелерді басшылыққа алған жөн.Науқастың қалпы: жүрек перкуссиясын жасағанда науқас тік тұруы тиіс,екі қолы төмен түсірілген,ал халі ауыр,өздігінен тұра алмайтын науқастарды төсекте жатқан қалпында да перкуссия жасайды.

Жүрек шуларының пайда болуы

Пайда болу түріне қарай екіге бөлінеді:

• жүректің ішінде пайда болатын шулар (жүрек ішілік, эндокардиалды)

• жүрек сыртында пайда болатын шулар – жүректен тыс, экстракардиалды

Жүрек ішінде пайда болатын шулар жүрек қақпақшаларының деформациялық өзгерістерінен, ақаулардан, атриовентрикулярлық және айшық тәрізді қолқа және өкпе артериясының қақпақтарының әрбір бөлек немесе бірімен-бірі қосылып, тарамыс тәрізді хордалардың қысқаруы және басқа да өзгерістер жүрек ішінен пайда болатын шуларды туғызады. Жүректе органикалық өзгерістердің әсерінен болатын шуларды органикалық деп атайды.

Жүректе қақпақшалар қызметінің өзгерісінсіз пайда болатын шуларды функционалдық деп атайды, бұлар әсіресе жұқпалы ауруларда, анемияда, нерв жүйесініңқозғыштығында, Базед ауруында, т.б. жағдайларда кездеседі.

№27 билет

1. Ревматоидты артрит.Этиология.Клиникалық көріністері.Диагностика.Емдеу принциптері.

2.ЖИА.Стенокардия.Этиология. Диагностика.Емдеу принциптері.

3.Бронх демікпесі.Алғашқы комек

1. Ревматоидты артрит (РА) – дәнекер тінінің зақымдалуымен жүретін этиологиясы белгісіз,көбіне буындарда эрозивті өзгерістермен жүретін,созылмалы көбінесе жіті және прогрессирлеуші ағыммен жүреітн жүйелі ауру. РА – адам ағзаларындағы дәнекер тіндердің жаппай қабынуын,әсіресе буындардың үдемелі өршіп қабынып,кейін әртүрлі өзгерістерге ұшыратуын айтады. Буындардың зақымдануы олардың деформациялануына, сіресіміне (контрактурасына), буын қызметінің бүзылуына және шорбуынға алып келеді.Көбінесе майда буындар(саусақ),улкен буындардың ішінде тізе,шынтақ буындар өзгерістерге ұшырайды.Буындардың көлемі үлкейіп,қапшығы қалыңдап қозғалысы бәсеңсиді. РА қазіргі ревматологияның күрделі мәселесіне айналып отыр. Бұл оның кең таралуына, кез келген жаста, әсіресе еңбекке жарамды жастағы адамдарда кездесуіне, сырқаттың ауырлығына, тез үдеуіне, мүгедектікке жиі соқтыруына байланысты. Ревматоиды    артриттің    жіктелуі.    РА әртүрлі параметрлерде жіктеледі. Оның негізгі 4 клиникалық түрі бар: 1.     Буынды   ғана   зақымдайтын   РА.   Бұл түрінде  полиартрит,  олигоартрит,  моноартрит түрінде білінеді; 2.     Жүйелі   зақымдану   тән   РА.   Аурудың бұл түрінде буындармен қатар ішкі ағзалар да зақымдалады.   РА-тің  бұл  клиникалық  түріне псевдосепсистік,    Фельти    синдромы    секілді ерекше синдромдар жатады; 3. РА-тің басқа аурулармен қоса қабаттасуы.  Бұл ауруларға деформация тудырушы остеоартроз,    құздама   және   дәнекер   тіннің жайылмалы аурулары (жүйелі қызыл жегі т.б.) жатады. 4.     Жасөспірімдік  (ювенильдік)  РА  (Стилл сырқатын қосқанда). Белгілері.Аурудың алғашқы белгілеріне қол басының симметриялық буындарында ауырсыну мен ісінудің сақталуы, таңертең ұзақ құрысуы, зертханалық талдауда - эритроциттердщ жылдамдығының артуы жатады.Көбінесе грипп,баспа ауруларынан кейін шығады.Кіші саусақ буындарының қабынуы,тез арада өзгеріске ұшырап,қисайып ісіп кетуі,кейін қозғалмай қалуы.Ортаңғы саусақтар буындарының құрысып тұруы және ауруы.Бұл жағдай таңертең күштірек болады.Науқастың ұйқысы бұзылып,ыстығы көтерілуі мүмкін.Әлсіздік,артық терлегіштік,буын маңының,бұлшық етінің семуі.

Диагностика.

-ҚЖА- эритроциттердің төмендеуі,лейкоцитоз,ЭТЖ жоғарылауы. -Биохимиялық анализ – альбуминдердің төмендеуі.глобулиндер,фибриногендер,С-реактивті белок жоғарылауы. -Иммунологиялық зерттеу – ревматоидты фактордың табылуы; Т-лимфоциттердің азаюы Аспаптық зерттеу. – Рентгенография-жіліішілік сүйектерің басы кеуектенеді;буын аралары куысының кішірейгенін ;маңайындағы шеміршектерідің эрозияға ұшырғанын байкауға болады. Емдеу принициптері.Емге негізінен дәрі-дәрмек қолданылады (аурудың түріне, дәрежесіне қарай ацетилсалицил қышқылы, пироксикам, флугалин, индометацин, ибупрофен, вольтарен, напросен, мовалис, неминсулит, преднизолон, делагил, меторексат, азатиопринға т.б.). 1.Қабынуға қарсы: аспирин,реопирин,ибупрофен,,апроксин. 2.Кортикостероидтар- преднизолон 3.Базистік емдеуге жататындар – алтын қосындылары,цитостатиктер,метатриксат.4. Иммуномодуляторлар – левамизол,Т-активин,гемосорбция,плазмаферез. РА терапиясының негізгі бағыттары: организмнің жалпы реактивтілігіне әсер ету, жұқпа ошақтарын жою, буын үдерісін жергілікті емдеу, буын қызметін қалпына келтіру. Науқасты ауруханаға жатқызуды талап ететін жағдайлар: бірінші рет анықталған РА, РА бар деген күдіктің болуы, висцериттер бар РА, басылмайтын қайталамалы синовит, емхана жағдайында  тиісті ем кешенін қамтамасыз ету мүмкіндігінің болмауы.

2. Жүректің ишемиялық ауруы — жүректе қанайналымы толық тоқтағандықтан немесе қажетті шамадан кем болғандықтан дамитын сырқат. Жүректің ишемиялық ауруы кенеттен қазаға ұшыратуымен қауіпті. Ол жүрек-тамыр сырқаттарынан болатын өлім-жітімнің 2/3-ін қамтиды. Бұл ауруға жасы 40—65-тер шамасындағы ер адамдар жиірек шалдығады.

Этиологиясы мен патогенезі. Миокард инфарктісінің тікелей әсерлі себептері: жүрек артерияларының спазмы; олардың іргесінде тромбылардың түзілуі; саңылауында тромбылық эмболдардың пайда болуы; осы артериялар атеросклероздан тарылып, миокардқа оны зорықтыратындай күштің түсуі. Жүректің ишемиялық ауруының атеросклероз және гипертония ауруымен тығыз байланыстылығын ескерсек, оның этиологиясы аталған себептермен шектеліп қана қоймайтыны түсінікті. Атеросклероз бен гипертония ауруын өрістететін этиологиялық факторлардың барлығы, әсіресе психика-эмоциялық зорығу, жүректің ишемиялық ауруының дамуына да себеп болады.

Ишемиялық аурудың, атеросклероздың және гипертония ауруының патогенездік факторлары ортақ. Олардың ішінде ең маңыздылары: 1) гиперлипидемия, 2) артериялық гипертензия; 3) дененің артық массасы (семіздік); 4) дене қимылының аздығы; 5) темекі шегу; 6) көмірсуларға толеранттылықтың өзгеруі (мысалы, қантты сусамыр); 7) несеп қышқылды диатез; 8) генетикалық бейімділік; 9) еркек жыныстылық.

Жүрек қыспасы (Стенокардия)-жүрек ишемиялық ауруларының нозологиялық түрі. Ол төс артындағы ұстамалы ауру сезімдерімен сипатталады.

Кернелу жүрек қыспасына тән белгілер (ДДҰ):

-ауырудың сипаты-қысып не жаншып ауыру

-ауыру сезімінің орналасуы-төс арты немесе төстің сол жақ шеті

-ауыру сезімінің пайда болуы-физикалық күштеме түскенде

-ауыру сезімінің ұзақтығы-10 минуттан аспайды

-нитроглицерин қабылдаған соң тез және толық әсеретед!

-ауыру сезімнің эквиваленттері(ентігу,жөтел, кеуденің қысылуы,қыжыл және т.б.),ауыр күш түскенде басталып, аз уақыт ішінде күш түсу тоқтағанда және нитроглицерин қабылдағаннан кейін басылды.

-ауыру сезімнің иррадиация аймақтарында болуы

-ауыру сезімнің ұзаққа созылуы (оны тудырған себептердің сақталуына байланысты – АҚҚ, тахикардия, көңіл-күй күйзелістері) Науқастың жағдайы күрт нашарлап, қорқыныш сезімі пайда болады. Ол әлсізденіп, денесінен суық, жан тері шығады, тахикардия анықталады.Бұл аурудың морфологиялық негізі тәж артериясының атеросклерозына байланысты. Физикалық күш түскенде миокардта қайтымды ишимияға ұшыраған аймақтар пайда болады. Алғаш рет пайда болған жүрек қыспасы бар науқастын ауру болжамы ауыр, өйткені ол жиірек миокард инфарктісімен (25-30% ауруханада уақытылы және шұғыл емделгеннің өзінде), жүрек ырғағының бұзылыстарымен, өліммен асқынады. Алғаш рет пайда болған жүрек қыспасының диагнозы қойылған науқас, міндетті түрде ауруханаға жеткізіп динамикалық бақылауға алынады. Жедел емдеу принциптері:

Ангиноз ұстама кезінде:

-науқастың аяғын төмен түсіріп, ыңғайландырып отырғызу керек;

-нитроглицерин таблеткасын немесе аэрозолін 0.4-0.5мг тіластына әр 3 минут сайын 3 рет беру;

-физикалық және көңіл-күй тыныштығын сақтау;

-қан қысымымен жүрек ырғағын бақылап, қалпына келтіру

Жүрек қыспасының үстамасы сақталса: -оттегі терапиясы; -күш түсу жүрек қыспасында 10-40 мг анаприлинді тіл астына қою; -10000 Б гепаринді көк тамыр ішіне енгізу; -0.25г ацетил салицил қышқылын шайнату керек.

3. Бронх демікпесі-тыныс жолдарыныгң созылмалы қабыну ауруы,оған көптеген клеткалар мен клетка элементтері қатысады.Ол бронхтардың гиперреактивтілігі және жайылмалы бронх обструкциясының әсерінен пайда болатын, кезеңді қайталанатын тыныстың тарылуы және тұншығу ұстамаларымен,ысқырықты сырылдар,ентігу,таң сәріде немесе түнде мазалайтын жөтелдің дамуымен сипатталады.

Бронх демікпесі ауырлық дәрежесіне қарай да жіктеледі:

Оның жеңіл, орташа ауырлықтағы және ауыр түрлері бар.

Жеңіл демікпе-белгілері: сирек қысқа түрде өтетін тұншығу ұстамалары ( айына 1 реттен аз). Олар кенеттен немесе бір рет қабылданған бронхолитиктердің әсерінен қайтады және физикалық күштемені жақсы көтереді. Ремиссия кезінде жалпы жағдайы өзгермейді,сыртқы тыныс көрсеткіштері қалыпты күймен тең. Орта ауырлықтағы ұстамада тұншығулар айына 3-4рет қайталанып, тыныс қызметі мен қан айналымының бұзылыстары байқалады: тахикардия, тахипноэ, жүрек тондарының тұйықталуы.

Ауыр түрінде-тұншығу ұстамалар жиі ( күнде не апта сайын) болады. Олар кернелуімен, ентігумен, тахикардиямен сипатталады. Қарап тексергенде: - тері қабаттары бозғыл-сұр өкпенің түсті. Еріндерінің, ауыз айналасының, құлақтарының және саусақтарының көгеруі байқалады. Қақырық шығаруы қиындаған жөтел,дем шығаруы шулы және ұзаққа созылады. Дем шығарғанда кеуде клеткасы тартылып, бұлшықеттер қатысады.

Клиникасы: Бронх демікпесінде тұншығу ұстамасы пайда болады, экспираторлы ентікпе, науқас ортопноэ қалпында отырады. Дем алу актісіне бұлщық еттер қатысады, мұрын қалқаларының кернелуі байқалады. Тері қабаттары, мұрын ауыз ұшбұрышы көгереді. Аускультация жүргізгенде өкпеде көптеген құрғақ, кейде орташа көпіршікті ылғалды сырылдар дем шығару кезінде естіледі.

Емдеу принциптері. Жеңіл және орташа ұстамасында

1.β(2) – агонистер(беротек,сальбутамол),М-холинолитиктер(атровент)немесе комбинацияланған дәрілер (беродуал)мөлшерлі аэрозольді ,ингалятор немесе небулайзер,спейсер арқылы.

2.ингаляторлар мен небулайзер болмаган жағдайда ,2,4 %,эуфиллин ерітіндісі 10 мл+0,9% натрий хлорид ерітіндісінде баяулап салады.

Ауыр ұстама кезінде:

1.Преднизолон 30-60 мг (2-3мг ) ,коктамырға немесе б/е

2.Оксигенотерапия маска немесе мұрын катетері арқылы

3.Глюкозалы-тұзды ерітінділер инфузиясы 30-50 мг/кг 10-15-тамшы мин.

4.Жедел ауруханаға жеткізу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]