- •1. Айқын клиникалық синдромдары (зәр шығару, нефротикалық синдром, бүйрек жетіспеушілігі). Себептері , симптомы, механизмі, диагностикалық әдістері.
- •2. Тиреотоксикоз. Этиологиясы. Клиникалық белгілері. Диагностикасы. Емдеу принциптері
- •3. Өкпені тексеру әдістері (салыстырмалы және топографиялық өкпе перкуссиясы)
- •22 Билет
- •23 Билет
- •1. Созылмалы обструктивті бронхит. Себебі, симптомдары, диагностика әдістері.
- •2. Созылмалы холецистит. Этиологиясы. Клиникалық белгілері. Диагностика. Емдеу принциптері.
- •3. Тыныс алу жиілігін, пульсті және артериалдық қан қысымын зерттеуді жүргізу.Диагностикалық маңызы.
- •24 Билет
- •1.Созылмалы гломерулонефрит.Зертханалық -аспаптық диагностика .Емі
- •Қанның қысымын өлшеу
- •2.Жедел пневмония.Диагностикасы. Емі.
- •3.Жүрек-қантамырлар ауруларының зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •25 Билет
- •1.Буйрек патологиясы кезіндегі килиникалық синдромдар(буйрек жеткіліксіздігі).Себептері,симптомдары ,олардың механизимдері,диагностика әдістері.
- •2.Тиреотоксикоз.Клиникалық көріністері.Лабораториялық диагностика,емдеу прициптері.
- •3.Зәр шығару жүйесіне зерттеу жүргізу(буйрек пальпациясы және қарау),Диагностикалық нұсқаулар.
- •Аг синдромының диагностикасы
- •28 Билет
- •2. В 12 тапшылықты анемия. Диагностика. Емдеу принциптері.
- •3. Асқазан ішек жолдарына зерттеу жүргізу. (іш пальпациясы)
- •Билет №29
- •Созылмалы панкреатит. Этиологиясы. Клиникалық көрінісі.
- •3. Жүрекке зерттеу жүргізу (аускультация). Жүрек шумы, оның даму механизмі және диагностикалық маңызы.
- •30 .Билет
- •Өкпенің тінінің тығыздалу синдромы
- •2. Асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасы, этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностика
- •Клиникалық көріністері:
- •Диагностикасы
- •3. Ангинозный статус. Неотложная помощь.
Қанның қысымын өлшеу
Жүректің жұмысын зерттеу тәсілінің бірі – қанның қысымын өлшеу. Сау адамның да, науқастаң да қан қысымын өлшеуге болады. Артерия қысымы қан ағысының тамыр іргесіне әсерімен байланысты. Оған қанның тығыздығы мен тамыр іргесінің серпімділігінің де әсері бар. Қан қысымы систола және диастола қысымына бөлінеді, ал бұл өкеуінің айырмашылығы пульс қысымы деп аталады.
Систола қысымы сол қарынша жиырылып, пульс толқыны ең жоғары деңгейіне жеткен көзде пайда болады. Оның деңгейі жүректің жиырылу күші мен қолқаға және артерия арнасына айдалған қанның көлеміне байланысты.
Диастола қысымы диастола көзінде пульс толқынының темендеуінен туындайды. Ол артерия іргесінің серпімділігімен байланысты.
Қанның қысымы Рива-Роччи сфигмоманометрімен өлшенеді. Бұл аспап резиналы түтік арқылы жалғасқан манометр, манжет және кішкене баллоннан кұралған. Манометр – 250-300-ге дейін миллиметрлік бөліктері бар шыны түтікпен жалғасқан ішіне 15-20 мл сынап кұйылған шыны сауыт. Манжөт- сыртына көрілу көлемін шектейтін тығыз дәкө кигізілген, ені 12-14 см, ал ұзындығы 30-50 см резина қапшық. Рөзиналы баллонның бұрандалы, реттегіш төтігі болады. Көйбір манометрлерде сынаптың орнына болат серіптөлі көрсеткіш төтік қолданылады. Олар – тонометр деп аталады.
Қанның қысымың өлшеу реті. Қанның қысымы науқастың хал-жағдайына қарай, оны жатқызып немесе отырғызып өлшенеді. Ол үшін сол жақ қолды жалаңаштап, алақанын жоғары қаратып қойғаннан кейін, қардың шынтақ ойығынан 2-3 см жоғарырақ жеріне манжетаны саусақ өтерліктей етіп, бостау орап бекіту керек. Ал фонендоскопты қатты баспай шынтақ шұңқырына қойып алып, реттегіш тетігі жабылған резиналы баллонмен манжетке иық немесе шыбық (лучевая) артериясының соғуы жойылғанша ауа үрленеді. Содан кейін реттегіш тетік арқылы манжеттегі ауа біртіндеп шығарылады. Фонендоскоптан алғашқы естілген дыбысқа сәйкес келген манометрдің көрсеткіші систола қысымы болса, манометрдің дыбыс жоғалған кездегі көрсеткіші дистола қысымы болып табылады (коротков дыбыстары).
Қалыпты жағдайда қанның систола қысымы сынап бағанасымен 110-140 мм-ге, дистола қысымы -60-90 мм-ге, ал пульстік қысым 40-50 мм-ге тең. Орыс ғалымы
И.М. Сеченов 1861 жылы алғашқы рет қанның орташа қысымы деген ұғым енгізген. Ол, әдетте, 80-100 мм-ге тең болады. Орташа қысым тамыр қабырғалары тербелмейтін кезде пайда болады, әрі ол сау адамдарда тұрақты және жүрек –тамыр жүйесінің өзгерістерінің әсерінен өте оңай ауытқиды. Қанның қысымын самай немесе саусақ артерияларынан өлшеуге де болады. Самай артерияның қысымы артса, оны гипертония, азайса, гипотония деп атайды. Қанның пульстік қысымы қолқа сағасы тарылғанда төмендеп, қолқа қақпақшасы жеткіліксіздігі кезінде, керсінше, көтеріледі.
24 Билет
1.Созылмалы гломерулонефрит.Зертханалық -аспаптық диагностика .Емі
Жедел ағымды нефриттің белгілері 3-6 айға дейін сақталса - созылыңқы, ал 12 айдан кейін созылмалы гломерулонефрит деп есептеледі.
Зерт- аспап.диагностикасы: Созылмалы гломерлонефриттің диагностикасында диагностикасында анамнез, клинико-лабораторлы және аспаптық зерттеу әдістері маңызды роль атқарадыЖалпы қан анализі – анемия, лейкоцитоз, СОЭ жоғарылауы. Жалпы зәр анализі -гематурия, протеинурия, цилиндрурия . Нечипоренко бойынша зәрді зерттеу әдісі– гематурия, цилиндрурия . Зимницкий бойынша зеді зерттеу әдісі –гипоизостенурия; түнгі диурез күндізгіден басым болады.
Қанның биохимиялық анализі – жалпы белок мен альбуминдердің төмендеуі, аурудың екінші стадиясынан бастап мочевина мен креатининнің мөлшерінің жоғарылауы , гиперхолестеринемия, холестерин деңгейінің көтерілуі, липопротеид тығыздығың төмендеуі. ЭКГ – миокардтың диффузды өзгеруі, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы.
Аспаптық әдістеріне УЗИ және радиоизотопты бүйректі сканирлеу жатады. Сонымен қатар радиоизотропты ренография да қолданылады.
Е м і. Симптомдардың асқынуы кезінде төсек тартып, ас тұзы шектелген тәулігіне 1,5-2,5 г сүт, өсімдік тағамдары, орташа өлшеммен белокберіледі. Гломерулонефриттің нефротикалық түрінде және гипопротеинемияда белоктың мөлшерін тәуліктік рационда көбейту керек. Созылмалы инфекция ошақтарын тазарту жүргізіледі. Жұқпалы ауру ошақтарымен күресу үшін антибиотиктер беріледі. Соз.гломеру. нефротикалық түрінде хингаминді ұзақ уақыт қолданғанда біршама дұрыс нәтиже береді. Емдеу курсы –бірнеше ай. Соз.г гипертониялық және ісіну түрлерінде симптоматикалық ем жүргізіледі, яғни гипотензивті заттар , салуретиктер қолданылады. Зәрліқан кезінде негізінен азотемиямен күресуге тура келеді. Ісінуге бейімділік болмаған жағдайда , көп мөлшерде сұйықтық ішу пайдалы . Уланумен күресу мақсатында –организмге көп мөлшерде В тобының витаминдерін , аскорбин қышқылын, глюкозаны енгізіп, қайталап қан құйып , асқазанды сода ертітінділерімен жуып , содалы клизмалар жасайды. Зәрләқандық уланумен күресудің нәтижелі әдістері –перитониалды диализ бен гемодиализ.
Диета, шөппен емдеу, дәрі-дәрмектермен емдеу жатады. Ауру баланың диетасы бүйрек функцияларының бұзылыстарына байланысты. Егерде бүйрек функцияларының бұзылыстары болмаса – түзды шектеу (35-40 мг/кг күніне). Тамақтан саңырауқұлақтарды және солардан жасалған тағамдарды, ет және балық сорпаларын, тұздалған, бұрыштаған, сүрлеген тағамдарды диетадан шығару
Төсек режимі баланың жалпы жағдайына, гипертониялық және ісіну белгілеріне байланысты. Төсек тәртібі тек ауруың өршу кезінде белгіленеді.
Созылмалы жұқпа ошақтарының емдеуі – негізгі емнің үзбесі болып саналады.
Д ә р і – д ә р м е к т е р м е н е м д е у. Созылмалы гломерулонефриттің нефроздық түрінде преднизолон 1 мг/кг 4-6 апта бойы беріледі. Преднизолонді гепаринмен (200-400 б/кг) және антиагрегантті дәрілермен (курантил), метиндолмен үйлестіріп берген дұрыс болады. Цитостатиктер беріледі: азатиоприн (имуран) 4-5 мг/кг, хлорбутин (лейкеран) 0,1-0,2 мг/кг тәулікке 6-8 ай бойы. Соңғы кездері осы "4 компонентті ем" көмектеспесе, "белсенді ем дәстүрі" қолданылып жүр: плазмофорез, иммуносорбция және стероидтер немесе циклофосфамидті емдік мөлшерінен 10-15 есе асырып беру.
Болжамы аурудың клиникалық түріне байланысты болады. өмір болжамы аралас түрлерінде нашар болады.
Д и с п а н с е р л і к б а қ ы л а у: өмір бойы ауру адам диспансерлік тізімде тұрады.
