- •1. Айқын клиникалық синдромдары (зәр шығару, нефротикалық синдром, бүйрек жетіспеушілігі). Себептері , симптомы, механизмі, диагностикалық әдістері.
- •2. Тиреотоксикоз. Этиологиясы. Клиникалық белгілері. Диагностикасы. Емдеу принциптері
- •3. Өкпені тексеру әдістері (салыстырмалы және топографиялық өкпе перкуссиясы)
- •22 Билет
- •23 Билет
- •1. Созылмалы обструктивті бронхит. Себебі, симптомдары, диагностика әдістері.
- •2. Созылмалы холецистит. Этиологиясы. Клиникалық белгілері. Диагностика. Емдеу принциптері.
- •3. Тыныс алу жиілігін, пульсті және артериалдық қан қысымын зерттеуді жүргізу.Диагностикалық маңызы.
- •24 Билет
- •1.Созылмалы гломерулонефрит.Зертханалық -аспаптық диагностика .Емі
- •Қанның қысымын өлшеу
- •2.Жедел пневмония.Диагностикасы. Емі.
- •3.Жүрек-қантамырлар ауруларының зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
- •25 Билет
- •1.Буйрек патологиясы кезіндегі килиникалық синдромдар(буйрек жеткіліксіздігі).Себептері,симптомдары ,олардың механизимдері,диагностика әдістері.
- •2.Тиреотоксикоз.Клиникалық көріністері.Лабораториялық диагностика,емдеу прициптері.
- •3.Зәр шығару жүйесіне зерттеу жүргізу(буйрек пальпациясы және қарау),Диагностикалық нұсқаулар.
- •Аг синдромының диагностикасы
- •28 Билет
- •2. В 12 тапшылықты анемия. Диагностика. Емдеу принциптері.
- •3. Асқазан ішек жолдарына зерттеу жүргізу. (іш пальпациясы)
- •Билет №29
- •Созылмалы панкреатит. Этиологиясы. Клиникалық көрінісі.
- •3. Жүрекке зерттеу жүргізу (аускультация). Жүрек шумы, оның даму механизмі және диагностикалық маңызы.
- •30 .Билет
- •Өкпенің тінінің тығыздалу синдромы
- •2. Асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасы, этиологиясы, клиникалық көріністері, диагностика
- •Клиникалық көріністері:
- •Диагностикасы
- •3. Ангинозный статус. Неотложная помощь.
3. Асқазан ішек жолдарына зерттеу жүргізу. (іш пальпациясы)
Ас қорыту мүшелерінің ауруларында субъективті тексеру әдісінің маңызы өте зор. Ауырсынудың мінездемесі, тамақ қабылдаумен байланыстылығы, ұзақтығы, орналасуы, басқа мүшелерге әсері, диспепсия белгілері дерт анықтамасын жүргізуге көмек береді. Ас қорыту ауруларында дерт анықтама жүргізгенде науқастың ауыз қуысын тексереді. Ауыз қуысын қарағанда қарайған тістеріне көңіл бөлу керек, өйткені тағам арқылы асқазанға қарайған тістерден жұқпа қоздырғыштары түседі. “Тіл – асқазан айнасы” деп ертеден бекер айтылмаған. Тілде ауруға тән өзгерістер кездеседі. Мысалы, асқынбаған асқазан ойық жарасында тіл таза және дымқыл, жедел гастритте уылған болады. Құрсақ қуысы жарақаттанғанда және өткір ұйқы безінің қабынуында тіл құрғайды. Науқасты жалпы қарағанда науқастың түрін, дене бітімін, іштің пішінін, кіндіктің түрін, терінің түсін, ылғалдығын, терідегі дақтарға, тыртықтарға көңіл аудару керек. Ішке сары су жиналғанда (асцит), бауыр ісінгенде, ішке ауа жиналғанда - іш көлемінің үлкейгенін байқауға болады. Осымен бірге күре тамырдың солқылдауына, тері астындағы, іш маңайындағы көк тамырдың варикозды кеңеюіне назар аудару керек. Пальпация арқылы патологиялық өзгерісті анықтауға болады. Бұның екі түрі бар: беткей және терең. Пальпация В.П. Образцов және Н.Д. Стражеско тәсілі бойынша жүргізіледі. Беткей пальпация арқылы ауырсыну аймағын анықтайды, ал терең түрімен мүшенің орналасуын, тығыздығын, көлемін анықтайды. Ішті сипалағанда науқас төсекте көлденең жатады, кейде түрегеліп тұрады. Сипалау әдісінің көмегімен қабырға астында пайда болған ауырсынуды, құрсақ тітіркенуін анықтауға болады. Кейбір жағдайларда дерт анықтама жүргізгенде тыңдау әдісімен қолданады. Бірақ асқазанды тыңдаудың аса мәні жоқ. Тыңдауды сипалаумен бәрге асқазанның төменгі шекарасын анықтау ретінде пайдаланады. Бұл қарапайым әдіс болғанымен кейде дұрыс емес нәтиже береді. Қалыпты түрде іш қуысында тықылдату арқылы тимпанит дыбысы анықталады. Бауыр, көк бауыр ауруларының қатерлі ісіктерінде, іш шеменінде топас дыбыс естіледі. Зертханалық тексеру әдістерін қолдана отырып ас қорыту мүшелерінің ауруларының белгілерін анықтауға болады. Нәжісті әртүрлі зерттеулерге тексеріп, асқазан және ішек қызметін анықтауға болады. Мысалы, ішек қабыну ауруларында нәжістің құрамында сілекей, ірің болады, асқазан ойық жара ауруында нәжістің құрамында қан білінеді. Асқазан және ұлтабар сөлін тексере отырып, ас қорыту мүшелерінің сөл шығару қызметін бағалайды. Асқазан ауруларымен ауратын науқастарды тексеру әдістері Науқастың шағымдары 1. Ауырсыну (тамақ ішумен байланысты, кезеңді, қарқынды, жайылмалы) 2. Лоқсу. 3. Құсу. 4. Кекіру. 5. Қыжылдау. 6. Тәбетінің бұзылуы. Аурудың даму тарихы 1. Қауып қатер мәнбірі. 4 Қозғалысы. 2. Себебі. 5 Жүргізілген ем. 3. Бастамасы Науқастың өмір тарихы 1. Ұлты. 3. Тамақтану тәртібі 2. Жағымсыз қылықтары. 4. Тұрмыс жағдайы. Науқасты тікелей тексеру Қарау Сипалау Тықылдату -дене салмағының азаюы; 1.бауыр Асқазанның төменгі -тіл өзгерістер; 2.көк бауыр. шегін анықтау -іштің пішіні; 3.асқазан. -терінің түсуі. Қосымша тексерістер Зертханалық аспаптық 1.жалпы қан анализі 1.асқазан рентгеноскопиясы 2.асқазан сөлі 2.асқазан рентгенографиясы 3.асқазан жуынды суының анализі. 3.фиброгастроскопия 4.құсық анализі 4.биоптат алу Сөлдің түсіне, құрамына, иісіне, қоюлығына көңіл аудару керек. Асқазан ауруының түріне байланысты асқазан сөлінің қышқылдығы әртүрлі болып кездеседі. Ас қорыту мүшелерінің ауруларында құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері міндетті түрде қолданылады. Іш қуысы мүшелерінің орналасуын рентген сәулесі, ультрадыбыспен, сканирлау әдісі арқылы анықтауға болады.
