Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
картографиия 3.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

6.Картографиялық проекциялар дегеніміз не? Түрлері, қолданылуы

Картаграфиялық проекциялар – жер эллипсоиды немесе шар бетінің жазықтықта бейнелену тәсілі. Мұнда жазықтықта, атап айтқанда карта бетіне барлық гео-қ объектілердің сұлбаларының орнына және меридиан мен параллель торлары беріледі. Карта бетінде меридиан мен параллельдер торларының бейнеленуі картографиялық тор деп аталады. Оның көмегімен карта бетінде кез-келген нүктенің гео-қ координатасын анықтауға және көкжиек тұстарына салыстыра сызық бағыттарын анықтауға болады.

Карт-қ проекциялар белгілі бір масштабпен жасалады. Жер эллипсоидтің масштабы миллион есе кішірейтілсе, оның геометриялық модулінен глобус шығады, ал оны өз мөлшерімен қағаз бетіне кескіндесе, онда осы эллипсоид беті картаға айналады.

Карт-қ проекциялар мынадай белгілер бойынша ажыратылады: 1. Құрастырылған карталардың бұрмалану сипатына қарай; 2. Эллипсоид немесе шар бетін картаға көшіру кезіндегі көмекші геометриялық беттің түріне қарай; 3. Берілген жер эллипсоидтардың элементтеріне қарай орналасу бағыттары бойынша полюстерге, экваторға, жер осіне қарай ажыратылады.

Түрлері: цилиндрлік, конустық, азимуттық. Жердің шар тәрізді болуына байланысты оны жазық карта бетінде бейнелеу барысында әртүрлі дәрежеде бұрмалану болады. Осы бұрмаланушылықты болдырмау үшін картографиялық проекция қолданылады

7.Тақырыптық карталардың мазмұнына, ерекшелігіне қарай жіктелуі

Карта – белгілі бір математикалық заңдылықтарға сүйене отырып (масштаб, проекция) жасалынатын жер шарының кішірейтіліп, жердің қисықтығын ескере отырып,əр түрлі шартты белгілермен белгіленіп қағаз бетіне түсірілуі. Қолдану мақсатына қарай карталар əскери шаралар, халық шаруашылығы, мелиорациялау, тау – кен өндірісі, туристерге қажетті, бағдар алу, экономикалық – географиялық мақсатта, географиялық білімді тереңдету үшін қажетті құрал.

Карталар мазмұнына қарай:

Жалпы географиялық карталар – жергілікті жердің басты нысандары түгел, дəл көрсетіліп, яғни ел қоныстарын, суларын, өнеркəсібін, жер бедерін жəне т.б. бірдей дəрежеде бейнеленуін айтамыз. Мысалы, физикалық – географиялық топокарталар.

Тақырыптық карталар жіктеу:

  • физико-географиялық карталар;

  • әлеуметтік-экономикалық географиялық карталар;

  • арнайы карталар

  1. Физико-географиялық карталарға: геологиялық карталар (тектоникалық, неотектоникалық), геофизикалық карталар (сейсмикалық,гравитациялық), климаттық (жауын – шашын картасы, ауа қысымы картасы), құрлық суы және гидрологиялық карталар, ботаникалық карталар (әр түрлі өсімдіктер картасы, фенология құбылыстары картасы), жер бедері және мұхиттар карталары жатады;

  2. Әлеуметтік-экономикалық карталарға: халықтар картасы (көшіп – қону картасы, ұлттық құрамы, халықтың тығыздығы, ), қызмет көрсету карталары (туристік карталар), тарихи (археологиялық, тарихи – мәдени карталар), саяси және саяси-әкімшілік карталар ;

  3. Арнайы карталар: навигациялық карталар (теңіздік карталар, әуе карталары, транспорттық карталар), кадастрлық карталар (орман, жер кадастры), техникалық карталар (инженерлік құрылысы, жер асты коммуникациясы), жобалау карталары жатады.