Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
картографиия 3.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

8.Картографияның даму тарихына сипаттама

1919 жылдың 15 наурызындағы Жоғарғы геодезиялық басқарма құру туралы Декретімен, Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесінің ғылыми-техникалық бөлімі жанынан КСРО геодезиялық қызметі ұйымдастырылды. Қазақстан картографиясы туралы сөз болғанда, орта ғасырлардағы көптеген тарихшылардың географ қызметін атқарғанын байқаймыз. Марко Полоның ізімен Шоқан Уәлихановтың «Қашқарға сапары туралы» «Ыстықкөлге саяхат» жазбалары картографиялық еңбек ретінде өте құнды, алайда Уәлихановтың қазақ картографиясына қосқан үлесі блек және ұзақ зерттеуді талап етеді. Қазақстан картографиясы өз дамуында Ресей картографиясымен өте тығыз байланыста болды. Оның себебі де түсінікті; патшалық Ресейден КСРО-ның күйреуіне дейінгі 300 жылдан астам уақыт біз орыс империясына бодан болдық. Ғылым тұрғысында осылайша, сабақтастық қалыптасты.

ХІХ ғасырда картаны пайдалану тарихындағы басты тұлғалардың бірі – талантты географ, картограф және геодезист, Еуропалық Ресейдің гипсометриялық картасын тұңғыш құрастырушы, Орыс география қоғамының көрнекті қайраткері, Петербург пен Париждің Ғылым академияларының мүше-корреспонденті А.Тилло (1839-1899) болды. Тиллоның алғашқы ғылыми зерттеу жұмыстарында картаны құрал ретінде пайдалануы Орталық Ресейдің магниттік өрістерінің таралуын анықтауға арналды. 1887 жылы А.Тилло карта бойынша ғаламдық таулы аймақтардың таралу заңдылықтарын зерттеуге бет бұрды. Ол әлемнің басты су бөлінісі шекарасын анықтады, материктердің геометриялық орталықтарын есептеп шығарды, кейіннен 1889-1892 жылдар аралығында Жер шарының ендік белдеулерінің орташа биіктігі мен тереңдігін анықтады, «қиын параллельдерді» ашты, құрлықтың белгілі бұзылу зоналарының геологиялық тек-түріне талдау жасады.

9.Физикалық карталар мен әлеуметтік-экономикалық географиялық карталар, олардың айырмашылықтары.

  1. Физикалық карталар мен әлеуметтік экономикалық геогр. Карталар олардың айырмашылықтар.Тақырыптық карталарды жіктеу:

Физкалық–географиялық:1.геологиялық карталар-оларға тектоникалық, геотектоникалық, неотектоникалық, төрттік шөгінділер, стратиграфиялық, т.б. карталар жатады.2. геофизикалық карталар- оларға Сейсмикалық, жер магниті, гравитация, т.б. карталар жатады. 3) жер бедері, мұхиттар карталар- Гипсометриялық, морфометриялық, батиметриялық, геоморфологиялық, т.б. карталар. 4) климаттық карталар- Климат құрушы факторлар, жел режимі, температура, жауын – шашын, ылғалдылық, ауа қысымы, т.б. карталар. 5) құрлық суы немесе гидрологиялық карталар- Су режимі, судың ластану, судың химиялық құрамын анықтайтын гидрографиялық, т.б. карталар. 6) мұхиттар, теңіздер карталар- Мұхит, теңіз режимі, физикалық – химиялық құрамы, т.б. карталар. 7) ботаникалық карталар- Фенологиялық құбылыстар, әр түрлі өсімдіктер таралуы, сирек кездесетін өсімдіктер, т.б. карталар. 8) топырақ карталар-Ластану, механикалық құрамы, геохимиялық құрамын анықтайтын, т.б. карталар. 9) зоогеографиялық карталар- Зоогеографиялық аудандастыру, сирек кездесетін жануарлар, жануарлар түрлерінің таралуы, т.б. карталар. 10) жалпы физикалық - географиялық карталар- Табиғатты қорғау, табиғи ортаның бұзылуы, ландшафтық.яғни эклолгиялық, т.б. карталар- әлеуметтік – экономикалық географиялық: 1)халықтар карталар- Халықтар тығыздығы, ұлттық құрамы, эммиграциялық, т.б. карталар. 2) экономикалық карталар- Өндіріс, ауыл шарушылығы, транспорттық, сауда, финанстық, т.б. карталар. 3) қызмет көрсету карталар- Денсаулық, туристік, демалыс орындары, т.б. карталар. 4) саяси және саяси - әкімшілік карталар- Саяси партиялар, геополитикалық, әкімшілік бөліну, т.б. карталар. 5) тарихи карталар- Археологиялық, әскери –тарихи, тарихи–мәдени, саяси-тарихи, т.б. карталар- арнайы: 1) навигациялық карталар- Теңіздік, әуе, космостық, транспорттық, т.б. карталар. 2) кадастрлық карталар- Жер кадастры, орман кадастры, қала кадастры, т.б. карталар. 3) техникалық карталар- Жер асты коммуникациясы, инженерлік құрылыс, т.б. карталар. 4) жобалау карталар- Жер құрылысы, орман құрылысы, т.б. карталар.