Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
неврология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
170 Кб
Скачать
☆

2. Жұлын қан айналысының күрт бұзылулары

Жұлын қан айналысы бұзылуының негізгі этиологиялық факторларына стеноз бен агеросклероздан қан тамырларының бітеліп қалуы, гемодинамикалық өзгерістер, аортаның патологиясы (аневризма, коарактация), артерияның ісіктен немесе омыртқааралық дискілердің ауытқуынан қысыльш қалуы, васкулиттер, қан аурулары, жүрекке немесе аортаға операциялар жасау, т.б. жатады.Жұлындьқ шұғыл ишемиялық инсульт кенеттен немесе бірнеше минут, сағат, кейде тәулік бойы болуы ықтимал. Көбінесе арқада ауырсыну, қол-аяқтың өтпелі парездері (әлсізденуі) және аз уақыт зәр ағысының бұзылуы тәрізді нышандар белгі береді. Осы сияқты жағдайлар бірнеше апта немесе айлар бойы байқалуы мүмкін. Соңынын жұлынның зақымдану симптомдары пайда болады. Клиникалық сипаты инфарктың орналасуына байланысты анықталады.Жұлынның алдыңғы бөліктерінің ишемиясы кезінде (алдыңғы жұлын артериясының бітелу синдромы) диссоциацияланған сезімділік бұзылымдарының зақымданған сегменттер деңгейінде және оның өткізгіштік бұзылыстары жұлынның одан төменгі бөліктері деңгейіңде байқалуымен қатар, салдану пайда болады. Мысалы, жұлынның мойын буылтығы тұсындағы ишемиясыңда сал болу немесе парез қолда босаң болады да, аяқта әуелі босаң, соңынан (бірнеше күннен кейін) сіреспелі түрде білінеді.Адамкевич артериясының бітелуі (окклюзиясы) тиісті дерматомаларда үстірт сезімділіктің зақымдану түрлерімен қатар байқалатын босаң салдану жөне жамбас қуысы ағзалары қызметінің бұзылуы арқылы белгілі болады. Мұндайда трофикалық бұзылымдар да (ойық жаралар) тез пайда болуы мүмкінЖұлын инсультінің өте шұғыл кезеңінде кейде оның көлденеңінен зақымдану клиникасы байқалуы мүмкін. Дене қызуының сәл көтерілуі мен ми-жұлын сұйығындағы аздаған плеоцитоз жедел көлденең миелит туралы қате пікір туғызуға себеп болуы ықтимал.

Жұлын инфарктын емдеу бірнеше бағытта жүзеге асырылады. Олардың біріншісі коллатералдарды қосу мен қан ағысының көлемдік жылдамдығын арттыру арқылы жүлын қан айналысын жақсартуды (реттеуді) көздейді. Ол үшін қан тамырларын кеңітетін, жүрек-тамыр қызметін жақсартатын және зәр ағызатын препараттар, антиагреганттар, антиоксиданттар тағайындалады.Екіншіден, емдік шаралар окклюзиялық үрдісті жоюға арналған. Тромбоэмболия болған жағдайда антикоагулянтар (гепарин, фенилин) тағайындалады. Олардың аз мөлшері тромбаны пайда болдырмау үшін қолданылады.Жұлын қан тамырларының қысылуынан болатын синдромдарды емдеу үшін оған себепші кедергілерді жою керек. Дискогендік компрессия бар сырқаттарға ортопедиялық әдістер (тығыздалған төсек, омыртқа желісін созу, корсет, омыртқа бойындағы бұлшық еттерді уқалау, емдік гимнастика), физиотерапевтік шаралар қолданылады.Консервативтік емдеу шараларынан нәтиже болмаған жағдайда хирургиялық емдеу мүмкіндігі қарастырылады.

22-билет

1)Көру нерві (лат. Nervus opticus) —торшаның сезімтал жасушаларымен қабылданған, көру тітіркендіргіштерін,бас миына жеткізетін бас-ми нервтерінің екінші жұбы.4 невроннан тұрады1неврон-торлы қабықшадығы тақшалар мен сауытшалар.2-неврон торлы қабықшадағы биполярлы клеткалар,3-неврон торлы қабықшадағы түйінді клеткалар,4-неврон-көру жолы.ары қарай шүйдеге барады.. .Көру нерві бастамасын торшаның ганглиозды жасушаларынан алады.Бұл жасушалардың бұтақшалары көздің артқы полюсінің ортасына 3 мм жақын орналасқан көру нервінің дискіне жиналады.Ары қарай нерв талшықтарының түйіндері торлы пластинка аймағымен склерадан өтеді,менингеалды құрылыммен қоршалып,компакты жүйкелік баған түзеді. жабады.Көз артериясымен бірге көру нерві сына тәрізді сүйектің кіші қанатымен құралған көру каналы арқылы,бассүйек қуысына өтеді. шығады.Мұнда сына тәрізді сүйектің айқаспа жүлге алды аймағында (лат. os sphenoidale) көру нерв талшықтары айқасып — лат. chiasma opticum,яғни хиазманы құрайды Көру өткірлігін анықтау .Көру өткірлігі көлемі бойынша кішірейіп отыратын 10 қатар әріп немесе басқа да белгілер бар арнайы кесте көмегімен анықталады. Көру алаңын зерттеу әдісі.Көру алаңы – көз қозғалмай тұрып қабылдаған кеңістік көлемі.Көру алаңы - торшаның жарықсезгіштігін,сонымен қатар көру жолы қызметін бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіш. Көз түбін тексерудің заманауи әдісі — тура емес бинокулярлы офтальмоскопия. Көрудің төмендеуі Көру нерв өткізгіштігі толық үзілгенде осы көзде қарашықтың жарыққа тура реакциясының жоғалуымен (соқыр көздің қарашығы жарыққа тарылады тек екінші, сау көзбен бірлесіп жарық түскенде ),соқырлық пайда болады (амавроз) .Көрудің төмендеуі амблиопия деп аталады.Көру нерв талшығының тек бір бөлігі зақымданғанда көру алаңының шектелуі (скотома) пайда болады. Гемионопсия- Хиазманың толық зақымдалуында толық екіжақты соқырлық пайда болады

2) ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ НЕРВ ЖҮЙЕСІНЕ БАС МИ МЕН ЖҰЛЫННАН ТЫС НЕРВТІ СТРУКТУРАЛАР ЖАТАДЫ: ОЛАР ЖҰЛЫННЫҢ АЛДЫҢҒЫ ЖӘНЕ АРТҚЫ ТҮБІРЛЕРІЕРІ, ТҮЙІНДЕР,ӨРІМДЕР, ГАНГЛИИЛЕР. Нейропатия – нерв жасушасының денесінің зақымдануы. Бұл жеке қозғалтқыш немесе жеке сезімталдықтың бұзылуымен сиппаталады. Радикулопатия – ми жұлын нервісінің түбірше аймағында зақымдануы. Әдетте жұлынның бір деңгейінде тұбіршелердің жаншылуы. Полирадикулопатия – ми жұлын нервітерінің түбіршелерінің бір мезгілде бірнеше деңгейде зақымдалуы, көбінесе ісіну процесстерінде кездеседі. Полирадикулонейропатия – бұл кезде бір мезгілде бірнеше деңгейде түбіршелер ғана емес нервтердің өздері де зақымданады. Плексопатия – иық немесе бел сегізкөз өрімдерінің зақымдануы. Мононейропатия –бір ғана перифериялық нервтің зақымдануы, көбінесе локалді травмадан кейін пайда болады. Мультинейропатия – бірнеше перифериялық нервтердің изоляцияланған зақымдануы. Бұл зақымдану түрі васкулиттерде кездеседі Полинейропатия – симметриялы бірнеше перифериялық нервтердің зақымдануы. Патологиялық процесстің басталуы аяқтардың ұшынан басталып қолдардың басына дейін таралуы. ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ ЗАҚЫМДАНУЫ: Вертеброгенді радикулопатиялар;Дисметаболикалық полиневропатиялар (диабетикалық, алкоголді);инфекционды-аллергиялық полиневропатиялар (Гийен-Барре синдромы,);травматикалық невропатиялар және плексопатиялар краниалді мононевропатиялар

23-билет

1) Көз қозғалтушы жүйке - (лат. nervus oculomotorius) — бас ми жүйкелерінің III жұбы. 5 ядросы бар.2 ірі клеткалық ядросы,3 ұсақ парасимпатикалық ЯКУБОВИЧ ядролары.Переа дара ядролары.4төмпешіктің жоғарғы бөлігінен Бұл жүйке көз алмасының қозғалысына, қабақты көтеруге, қарашықтың жарыққа реакциясына жауапты. Көзді қозғайтын нервтерге III,IVжәне VI жұптар жатады. Олардың ядролары ми бағанына орналасқан. Көз қозғалтушы жүйке – аралас жүйке болып табылады. Оның ядролары аралық мидың жоғарғы төмпешіктерінің деңгейінде жатыр, 5 ядросы бар. IV жұп – шығар нерв (nervus trohlearis). Оның ядросы ортаңғы мидың қақпағынды төрт төмпешіктің төменгі төмпешігі маңайында орналасқан. Нерв сильвий су жолын айналып өтіп, ортаңғы мидың қақпағы тұсынан мидың ішінен шығады. VI nervus abducens – ядросы варалий көпірдің қақпағында ромбы тәрізді шұңқырдың түбіндегі бетнерві ілмегінің түбінде орналасқан. Көз қимыл невінің зақымдалуы: Птоз – үстіңгі қабақты көтеретін бұлшықет сал болуына байланысты ол төмен түсіп кетеді де, көз жұмылып қалады.Қылилану – көздің ішкі тік бұлшықетінің қызметі жойылғандықтан көз екі жақ сыртына және төменірек қылиланады. Диплопия – көздің алдындағы нәрсені қосарландырып көру. Мидриаз – қарашықты тарылтатын сфинктердің әлсіреуінен қарашық кеңейеді. Аккомодаця болмаған жағдайда көздің жақыннан көргіштігі кемиді.Экзофтальм – көз алмасының үш тік бұлшықетінің күшінің бірдей жойылуы оны көз аясының сәл алдына қарай әкеледі. Шығар нервінің зақымдалуы: қөз алмасының жоғарғы қисық бұлшық етінің күшін жояды. Бұл жағдай иек төмен қарағанда ғана білінеді. Сырқат аяғының астына қарағанда онда қосарлана көру ( диплегия) байқаладыӘкеткіш нерв зақымдануы: Көз алмасының сыртқы тік бұлшықетінің күшін жояды. Қызметі бұзылмаған көз алмасының ішкі тік бұлшықеті оны көз аясының ішіне қарай әкетеді.Офтальмоплегия – көз алмасының қозғалмай қалуы.

2) Үшкіл нерв невралгиясы – осы нервтің тармақтары иннервациялайтын аймақта, қысқа пароксизмалді біржақтылы интенсивті ауырсынумен сипатталатын, шеткі сезгіш невронның тітіркену құбылысы.Екі түрін белгілейді: Идиопатикалық,Симптоматикалық. Идиопатикалық түрінің сипатталуы: Орта жастан жоғары жаста кездеседі, себептерінің бірі болып көпір-мишық бұрышында нервтің түбіршесінің жаншылуы, кейде ми ісіктері, аневризмалар, артериовенозды мальформациялар және артериалді гипертензия болып табылады.Көбінесе нервтің II –III тармақтары зақымданғандықтан, ауырсыну инфраорбиталді немесе төменгі ерін мен жақ аймағында болады. Ұстамалар тәулігіне бірнеше рет қайталанып, ұзақтығы бірнеше секунд немесе бір минутқа дейін созылады. Симптоматикалық түрі Көбінесе жастарда кездеседі, себептерінің бірі болып шашыраңқы склероз, сирингобульбия,бас-ми жарақаттары, үшкіл нервтің невриномасы, сопақша мидың ісіктері табылады. Бұл түрінде үшкіл нервтің I-ші тармағы зақымдалып, ауырсыну ұстама тәрізді емес созылмалы болып келеді. Диагностикасы :КТ, МРТ арқылы анықтауға болады, әсіресе МР-ангиография нервтің түбіршесін жаншып тұрған аномалді қан тамырды анықтай алады. Емі:Тырысқаққа қарсы препараттар Антидепрессанттар Жергілікті анестетиктерБіріші фазасында: новокаинді және гидрокортизонды блокадалар.Екінші фазасында: блокадалармен қосымша ганглиоблокаторлармен анальгетиктер.Үшінші фазасында: карбамазепин, нейромидин.Төртінші фазасында: Физиопроцедуралар

24- билет

1.Шығыр нерві.Ортаңғы ми қақпағында 4 төмпешіктің төменгі бөлігінің маңында орналасқан.нерв сильвий су жолын айналып өтіп, ортаңғы ми қақпағы тұсынан мидың ішінен шығады.МИдың алдыңғы желкесінен екі жағынан айналып өтіп, ми аяқшасының сыртымен үлкен ми астына түседі.Sinus cavernosusты қабырғалай өтіп, көз шарасының жоғарғы саңылауы арқылы шығады.Көз алмасының жоғарғы қиғаш етін қоректендіреді.

2) Бет нервісінің невропатиясы- VII ЖҰП НЕРВІСІНІҢ ЗАҚЫМДАЛУЫ КЕЗІНДЕ, МИМИКАЛЫҚ БҰЛШЫҚЕТТЕРДІҢ БІР ЖАҚТЫ САЛДАНУЫ. Ер адамдар мен әйел адамдарда ауру жиілігі бірдей кездеседі, себептері вирусты және т.б. инфекциялар, суық тию, артериалді гипертензия, қант диабеті, отиттер, паротиттер, көпір-мишық бұрышының ісіктері,кейде бас-ми жарақаттары. Клиникалық көрінісібұлшықет парезінің салдарынан науқас зақымдалған жақта қабағын көтере алмайды, көзі жұмылмайды, жұмұға тырысқанда көз алмасы жоғарыға қарайды бұл -Белл феномені деп аталады, қабақтары жабылмағаннан көз алмасында ақ жолақ көрініп тұрады бұл- лагофтальм деп аталады. тістерін ақситқанда ауыз қуысы сау жаққа қарай тартылады, сұйық тағам ішкенде ауызынан сыртқа ағып кетеди. Бет нервісінің ядросы зақымдалса : прозопоплегия зақымданған жақта болады.Көпір-мишық бұрышында ішкі есту тесігіне кіре берісінде түбіршелердің зақымдануы болса : прозопоплегия,есту қабілетінің төмендеуі, тілдің бұлшықет парезінің салдарынан науқас зақымдалған жақта қабағын көтере алмайды, көзі жұмылмайды, жұмұға тырысқанда көз алмасы жоғарыға қарайды бұл -Белл феномені деп аталады, қабақтары жабылмағаннан көз алмасында ақ жолақ көрініп тұрады бұл- лагофтальм деп аталады. тістерін ақситқанда ауыз қуысы сау жаққа қарай тартылады, сұйық тағам ішкенде ауызынан сыртқа ағып кетеді. алдыңғы 2/3 бөлігінде дәм сезудің бұзылуы, көздің құрғауы.Нерв беттің каналында зақымдалса: прозопоплегия, көздің құрғауы, гиперакузия, дәм сезу мен сілекей бөлінуі бұзылады. Жедел кезеңі: преднизолон қысқа курс, 1мг/кг салмағына, алмагел, верошпирон, калий препараттарымен бірге, пентоксифиллин, массаж, дегидротация Ерте қалпына келу кезеңі : 11 -ші күннен бастап прозерин (АХЭП), милдронат, ФТЛ, ИРТҚабыну симптомдары бар болса– антибактериалді терапия, симптоматикалық терапия

25-билет

1.Әкеткіш нерв.Ядросы Варолий көпірінің қақпағында ромб тәрізді шұңқырдың түбінде бет нервінің ілмегі ішінде орналасқан.Көз алмасының сыртқы түзу бұлшық етін нервтендіреді.Зақымданса:көз аясын ішіне қарай әкетеді,офтальмоплегия,мидриаз,экзофтальм,қарашықтың жарыққа реакциясы болмайды,аккомодация,конвергенцияға әсер етпейді.

2) Гийен-Барре синдромыЖедел перифериялық тетрапарездер мен салданулардың ең жиі себептерінің бірі болып табылады. Морфологиясы бойынша перифериялық нерв жүйесінің лимфоциттер мен макрофагтардың жасушалық инфильтрациясы, миелиннің деструкциясы, аксоналді дегенерациясымен сипатталады. аурудың негізінде аутоиммунды механизмнің, біріншілік иммундық жауап түрінде болуы. Гийен –Барре синдромының басталу себептерінде вирустар мен бактериялар орын алады: Campylobacter, цитомегаловирус, вирус Epstein-Barr және ECHO. Бастапқы белгілері аяқ- қолдарының бастарында парестезиялардың пайда болуы, негізгі белгілері үдейе келген симметриялық тетрапарез, бірінші аяқтардың проксималді бөліктерінен басталып бірнеше күннен кейін қолдарына жетеді, сезімталдық бұзылыстары,“шұлық” және “қолғап” түрінде болады, сіңір рефлекстері төмендейді,бұлшықет гипотониясы байқалады. Салдану мимикалық және тыныс алу бұлшықеттеріне тарап тыныс алу жетіспеушілігіне әкелед. ДиагностикасыЖұлын сұйықтығында ақуыздың жоғарлауы, цитоз 1 мкл-де лимфоцит және нейтрофил жасушалары 30 дан көп болмайды, ЭНМГ –да демиелинизацияланған , кейде аксоналді зақымдану көрінеді. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз болады. Емі: Бірінші 1-2 тәулікте – жан сақтау бөлімінде бақылау ( Ландри жоғарлау салдануының қаупі болады)Плазмаферез ,Иммуноглобулин (биавен, октагам)-в/в 0,4 г/кг/тәулігіне 5 күн.Кортикостероидтар ,Симптоматикалық ем,АХЭП, екіншілік инфекцияның алдын алу.

26-билет

  • 1)Үшкіл нерв жүйесіне рецептордың жиынтығы жатады, оның жолдары- ми бағаны ядросы және таламус, қыртысты және лимбикалық құрылым,қыртысты қозғалыс ауданы, эфферентті қыртыс-ядролы үштік жол шайнау бұлшықетіне баратын перифериялық қозғалыс нейрондары . Үшкіл нерв жүйесі: Сезімтал бөлік, қозғалыс моторлы бөлік . Үшкіл түйіннің нейрондарының дендриттері одан шыға берісте үшкіл нервтің үшбасты бұтақтарын құрайды: көз(1-ші бұтақ), жоғарғы жақ(2-ші бұтақ ,төменгі жақ(3-ші бұтақ нервтері .булар Бет қаңқасының қуысын(маңдай және жоғарғы жақ қуыстарын, ауыз қуысын),Бас миының қатты қабығын,Көз алмасын,бастың түкті бөлігін,Тістердіжас және, сілекей бездерін,Бет терісін нев/ді. Үшкіл нерв қызметін тексе: Үшкіл нервтің бетке шығатын тұстарын (көз үсті, көз асты, иек асты) басып байқау.Үшкіл нерв тармақтарының беттегі. нервтендіретін аймақтарында ауырсыну, температуралық, жанасу және кинетикалық сезімділікті, ал Зельдер аймағында ауырсыну және температуралық сезімділікті тексеру.Қанттың, ас тұзының, тұз қышқылының ерітінділері көмегімен тілдің алдыңқы үштен бір бөлігінде дәм сезу мүмкіндігін тексеру.Көздің мөлдір қабығы, көз ойы шырышты қабығы және қас үсті рефлекстерін тексеру.Шайнау бұлшықеттерінің қызметін тек. Үшкіл нерв зақымдану белгілері:Үшкіл нервтің түбірі немесе тармақтары зақымданса беттің сол зақымданған жақтағы жартысында ұстамалы ауырсыну, нерв тармақтарының бетке шығатын тұстарын басып байқағанда ауырсыну бет терісінде сезімділік өзгерістері (гиперестезия,гипестезия немесе анестезия) пайда болады. Гассер түйіні зақымданса бетте ауырсыну мен қоса қабыршақ тәрізді күлдіреу пайда болады . Ми бағанындағы үшкіл нерв-жұлын трактасы ядросы зақымданса ауырсыну және температуралық сезімділік Зельдер аймағында жойылады да жанасу және терең сезім сақталады. Көру төмпешігі, ішкі капсула, артқы ми қыртысының орталық ирелеңі зақымданғанда қарама-қарсы бетте сезімділіктің барлық түрі бұзылады. Артқы ирелең төменгі бөліктері тітіркенсе, қарама-қарсы бетте ұстамалы параестезия пайда болады. Шайнау ядросы немесе үшкіл нерв түбірінің қысқа бөлігі зақымданса, сол зақымданған жағында шайнауға қатысты бұлшық еттер сал болып қалады. Шайнау ядроларының ми қыртысымен екі жақты байланысты болғандықтан, орталық неврондардың қазымдану бұлшық еттеріне онша әсерін тигізбейді.

2) ОМЫРТҚА ОСТЕОХОНДРОЗЫ – мультифакториалді созылмалы рецидивті ауру, омыртқа қозғалтқыш сегменттерінің дегенеративті-дистрофиялық зақымдануымен және полиморфты неврологиялық синдромдармен сипатталады. (рефлекторлы және компрессионды). Вертеброгенді патологияның жіктелуі: Мойын деңгейі :Рефлекторлы синдромдар-Цервикалгия.Цервикокраниалгия Цервико-брахиалгия (иық-жаурын периартрозы, кіші кеуде бұлшық етінің синдромы)Компрессионды синдромдар.Мойын радикулопатиясы, Спондилогенді мойын миелопатиясы омыртқа артериясыны. Кеуде деңгейі .Рефлекторлы синдром.-Торакалгия , Бел-сегізкөз деңгейі ,Рефлекторлы синдром.Люмбаго ,Люмбалгия ,Люмбоишиалгия (Компрессионды синдром).Түбіршелік ,Жұлынның жаншылуы , основе патогенез Омыртқа жотасындағы омыртқааралық дискілер патологиялық өзгерістерге аса бейім. Оларда регенерациялық қабілет болмайды, қан

айналысы аса дамымаған. Сол себепті 30—40 жаста әр түрлі зиянды факторлар әсерінен (ауыр жұмыс, жұмыс орнындағы температураның жиі өзгеруі, желдің өті, ырықсыз дене кейпі, т.б.) дискінің тығыздалуы, қуаруы, тіпті нскроздануы, фиброздық сақина мен гиалиндық пластинкаца дистрофиялық өзгерістер және омыртқа денесіне қоймалжынданған ядроның енуі (Шморль жарықшалары) байқалады. Дискінің шеткі бөлікгерінде деструктивтік өзгерістер пайда болып, олар спондилезге — омыртқа денелерінің қырларыңда сүйек өсінділері (артқы остеофиттер) түзілуіне себепші болады. Артқы остеофиттер омыртқааралық тесіктерге кіріп, нерв түбіршіктерін қысып қатуы мүмкін.

Остеохондроз омыртқааралық дискілердің өзінде - пульпоздық ядрода, дискілердің фиброздық сақинасында және гиалин пластинкасында болатын өрескел өзгерістермен қабаттасады. Кейде патологиялық өзгерістер бір бағытта басым дамып, рентгенологиялық тексерістер нәтижесінде остеохондроздарға тән айқын белгілер байқалмаса да, артқы остеофигтерден пайда болатын спондилез анықталады (немесе керісінше де болуы мүмкін).

Ауыр дене қимылдары әсерінен қоймалжынданған ядроның жан-жаққа таралуы мен жарықшалар пайда болуынан дискінің фиброздык. Сақинасының керілуі немесе жарылуы мүмкін. Сары байлама кедергі жасайтындықтан, дискінің томпаюы көбінесе нерв түбіршіктерін қысатын артқы бүйірлік бағытта байқалады. Дискінің шығып қалған бөлігі әдетте өзінен жоғары түбіршекті қысады.

  • 27-билет

1)N. facialis (n. intermedio-facialis), бет нервісі, аралас нервтер қатарына жатады;бет нервісі барлық мимикалық бұлшық еттерді және тіл асты бұлшық еттерінің біршамасын иннервациялайды. Бет нервісі құрамына дәм сезу және секреторлық талшықтар кіреді. көпірде орналасқан 3 ядросы: қозғалтқыш - nucleus motorius nervi facialis,сезгіштік - nucleus solitarius және секреторлы - nucleus salivatorius superior. Тексеру әдістері: Науқасты тексеруде мимиканың бұзылуының және мимикалық бұлшық еттердің қозғалысы бұзылуының бар жоқтығына мән беру керек. Бет нервісі зақымдалған кезде маңдайда, мұрын-ауыз ұшбұрышында табиғи әжімдердің тегістелуі байқалады. тексеру кезіндегі орындалатын тесттер:1. көзін жұмуын сұраймыз2. екі көзін кезекпен жұмуын сұраймы3. көзін қатты қысып жұмуын сұраймы4. қасын көтеруін сұраймыз5. қабағын түйуін сұраймыз6. мұрынын жиыруын сұраймыз7. тістерін ақситуын сұраймыз8. аузын томпайтуын сұраймыз9. үрлеуін,ысқыруын сұраймыз10. маңдайында қатпарлар түзуін сұраймыз11. тілдің 2/3 бөлігінде дәм сезуін анықтаймыз Бет нервіснің перифериялық салдануы: 1. тыныштықта көрінетін және мимикалық қозғалыстар жасаған кезде жылдам үдейтін беттің ассиметриясы;2. зақымдалған жақтың бұлшық еттерін тыжырайтқан кезде бетінде қатпарлар пайда болмайды;3. Белл симптомы-науқас көзін жұмған кезде көзінің ағы көрініп тұрады(қоян көз, лагофтальм); 4. қабақ дискинезиясы немесе Ревийо симптомы;5. парус және ракета симптомы;6. Руссецкий симптомы;7. дисфагия;8. дизартрия;9. кірпік симптомы. Мийяр-Гюблер синдромы зақымдалу ошақтары ми көпірінің төменгі бөлігінде орналасады. Бет нервісінің ядросы мен пирамидалық шоғыр зақымдалады. Зақымдалған жағындағы мимикалық бұлшық еттердің перифериялық салдануымен қарсы жақтағы гемиплегиямен сипатталады. Фовилл синдромы зақымдалу ошағы ми көпірінің төменгі бөлігінде орналасады. Пираимдалық шоғыр, бет нервісінің ядросымен әкеткіш нерв ядросының жасушаларының аксондары зақымдалады. Зақымдалған жағындағы мимикалық бұлшық еттермен сыртқы көз қозғалтқыш бұлшық еттердің перифериялық салдануы мен қарсы жақтағы гемиплегия Бет нервісінің орталық салдануы: Патологиялық ошақ кортико-нуклеарлық жолда немесе ми қыртысында орналасса орталық салдану дамиды. Орталық салдану немесе парез беттің төменгі бөлгінің бұлшық еттерінде емес, патологиялық ошаққа қарама-қарсы жақта орналасады. Мимикалық бұлшық еттердің орталық салдануы гемипарезбен қатар жүреді. Бет нервісінің қыртысты прекциялы аймагында терең шектелген ошақ болса қарсы жақта ауызын ақситқанда ауыз бұрышының қалуы байқалады.

2.мойын остеохондрозының неврологиялық асқынуларыК осложнениям остеохондроза относят такие заболевания, как: протрузия, грыжа диска(межпозвонковая грыжа, грыжа позвоночника), кифоз, радикулит..

Цервикалия-басты шұғыл қимылдатқанда,жөтелгенде,түшкіргенде міндетті түде мойын мен иық бұлшық еттерінің ширығуымен қарбалас мойын тұсындағы біліннетін тұрақты ауырсыну.Алдыңғы сатылық бұлшық ет синдромы алдыңғы және сатылық бұлшық еттерінің рефлекстік ширығуы.Қолға өтетін қан тамыры қысылғандықтан, п.б. ауырсыну иықтың,білектің ішкі бетіне қол ұшының 4-5 саусақтарына тарайды.Иық-жауырын периартриті- иық бұлшықеттерінің рефлекстік нейротрофикалық бұзылыстары.функция шектелуі тән.

28-билет

1.Бульбарлық және псевдобульбарлық паралич синдромы.Булбарный синдром поражения черепных нервов (языкоглоточного,блуждающего и подъязычного), ядра которых располагаются в продолговатом мозге. При бульбарном синдроме отмечается дизартрия (нарушение речи, за счёт поражения отвечающих за артикуляцию нервов) и дисфагия (нарушение глотания, за счёт периферического паралича или пареза мышц языка, мягкого нёба, глотки, надгортанника,гортани).Псевдобульбарный синдром — неврологическийсиндром, обусловленный двусторонним прерыванием корково-ядерных путей. По клинической картине весьма схож с бульбарным синдромом (откуда и название), однако возникает вследствие поражения иных структур мозга и имеет ряд особенностей. Для псевдобульбарного синдрома характерна та же триада симптомов, что и для бульбарного синдрома — дизартрия, дисфония, дисфагия. Как и при бульбарном параличе, причиной этих проявлений является нарушение иннервации мышц глотки, мягкого нёба, языка, а также голосовых связок.При псевдобульбарном синдроме отмечается более равномерная, чем при бульбарном синдроме, выраженность пареза мышц, иннервация которых обеспечивается черепномозговыми нервами каудальной (бульбарной) группы.

2.Омыртқа остеохондрозының компрессиялық синдромдарының диагностикасы.С6 С7 С8 L5 S1жауаубы:С6 иық үстінен иық пен білектің сыртынан 1-2 саусақтарға тарайтын және осы аймақтарда гипестезия дамиды.Эрб тәрізді нүктелері мен дельта тәрізді бұлшық ет бекитін жерін басқанда ауырсыну, екі басты бұлшық еттің семуі мен рефлекс төмендігі.С7 ауырсыну мен гипестезия иық пен білектің сыртқы артқы жақтары арқылы 3-саусаққа дейін тарайды.С8 ауырсыну иық,білек және қол ұшының ішкі жағын байқалып 4-5 саусақтарға дамиды.L5 бөксенің жоғарғы бөлігінде,санның сыртында, сирақтың алдыңғы сыртында ,аяқ ұшының үстінде,кейде 1-2 бақай маңында сезімділік білінбейді.Өкше рефлексінің жойылады.S1 түбіршегі қысылғанда ауырсыну аяқтың барлық бойына басым білінеді,ал табанда аяқтың артында сезімділік білінбейді.Сонымен қатар өкше рефлексінің жойылуы мен аяқ ұшының салбырап қалуы байқалады.

29-билет

1.. - Вебер синдромы - ми аяқшасы зақымдануының көз-қимыл нерві мен пирамида жолын қамтуы. Зақымдану ошақтары штрихталған. Зақымданған жақта көз-қимыл нервінің қызметі жойылады, қарама-қарсы жағында сіреспе гемиплегия болады.Фовилл синдромы. Варолий көпірі астының бет нерві ядро-лары мен әкеткіш нерві клеткаларының аксондары мен ми қыртысы жұлын жолының қосарлана зақымдануы.Зақымданған жағында ымдау (бет) бұлшық еттері семіп солады және көз алмасының сыртқы тік бұлшық етінің қызметі жойылады (көздің көз саңылауының ішіне карай қылилануы), ал қарама-қарсы жағында сіреспе гемиплегия болады. Мийяр-Гюблер синдромы зақымдалу ошақтары ми көпірінің төменгі бөлігінде орналасады. Бет нервісінің ядросы мен пирамидалық шоғыр зақымдалады. Зақымдалған жағындағы мимикалық бұлшық еттердің перифериялық салдануымен қарсы жақтағы гемиплегиямен сипатталады.Джексон при одностороннем поражении продолговатого мозга на уровне ядер подъязычного нерва: сочетание периферического пареза или паралича мышц языка на стороне очага поражения с гемиплегией или гемипарезом на противоположной стороне.