- •2.Ми ішіне қан құйылулар.
- •2. Жұлын қан айналысының күрт бұзылулары
- •2.Омыртқа остеохондрозының компрессиялық синдромының диагностикасы.
- •34 Билет
- •2. Шұғыл шашыранды энцефаломиелит
- •I. Физикалық факторлар:
- •II. Химиялык факторлар:
- •III. Биологиялық факторлар:
- •1. Жиі кездесетін вегетативтік синдромдар:
I. Физикалық факторлар:
1) механикалық (жарақаттар, жатыр іші қысымының өзгеруі, көпұрықтық, жатыр миомасы, жатыр жиырылуы, қағанақ суының көптігі немесе аздығы, жатырдан тыс имплантация, жатырға көршілес ағзалардың қысымы);
2) термиялық (ыстықтан болатын шок, гапотермия);
3) сәулелік (ультракүлгін, рентгендік, радиоактивтік, космостық);
II. Химиялык факторлар:
1) гипоксия;
2) йодтың жетіспеуі;
4) дәрі-дәрмектер, улы заттар, т.б. әсері.
III. Биологиялық факторлар:
1) витаминдер жетіспеушілігі немесе артықтығы;
2) инфекциялар мен уыттанулар;
3) антигендер (Кһ-антидене) әсері, қанның топтық сәйкессіздігі, тамақтың жетімсіздігі немесе артықтығы;
4) жас мөлшеріне және бала жолдасының ауытқулары, бала туу мен түсіктер санына, гормондар профиліне, жалпы жағдайына, бұрынғы ауруларына байланысты өзгерістер;
5) стрестік әсерлер.
Клиникалық жіктемесі
1) пренаталдық-эмбрионаддьіқ (ерте фетальдық - 28 аптаға дейін);
2) перинаталдық-антенаталдық (кешеуілдеген фетальдық — 28 аптадан кейін), интранаталдық және постнаталдық.
Клиникалық синдромдары:
1) шұғыл кезең синдромдары (нерв-рефлекстік қозғыштық, жалпы көңілсіздік, солғындық, адинамия, гипертензивтік, гипертензивті-гидроцефалдық, құрыспа, кома);
2) қалыптасу кезеңінің синдромдары (астеноневроздық, церебрастениялық, вегетативті-висцералдық дисфункциялар, қимыл бұзылыстары - сіреспелі және босаң парездер, салданулар, гиперкинездер, эпилепсия синдромы, гидроцефалдық психомоторлық және сөйлеу алды кідірулері, оның ішінде жүріп-тұруы немесе психика бұзылымдарының басымдығы).
Ауру салдары:
1) сауығу;
2) психикофизикалық және сөйлеу үрдісінің кешігуі;
3) таралымды ошақтық микросимптомдар, орта деңгейдегі бас сүйек қысымы көтерілуі, бейімделген гидроцефалия, астеноневроздық және невроз-психопат тәрізді күйлер түрінде білінетін энцефалопатия;
4) айқын білінетін қимыл, сөйлеу және психикалық бұзылыстары (олигофрения, эпилепсия, үдемелі гидроцефалия, т.б.) бар нерв жүйесі зақымдануының өрескел органикалық түрі
Мидың перинаталдык патологиясын емдеу
Аурудың шұғыл кезеңінде нәрестелерді емдеу тәсілі мен оның көлемі ми зақымдануының дәрежесіне байланысты анықталады.
Жеңіл дәрежеде ауырған нәрестелерге сақтандыру тәртібі мен қажетті күтім ұйымдастыру керек. Ол үшін ем шаралары ретінде сілтілік ерітінділер (4 % гидрокарбонат ерітіндісі мен 5 % глюкоза ерітіңдісін тең бөліп, шай қасықтан күніне 3 рет), К витамині (0,003 г-нан күніне 2 рет), В витамині (0,002 мг-нан күніне 2—3 рет), 5—10 % кальцйй хлориді ерітіндісі (күніне 3 рет 3—5 мл-ден ішу), бромидтер (күніне 3 рет шәй қасықтан 1% натрий бромид ерітіндісі), фенобар-битал (0,001 г/кг дене салмағына күніне 2 рет) қолданылады.
Зақымданудың орташа ауырлығымен науқастанған нәрестелерге гипоксияны жою шараларымен қатар, гемостатикалық препараттар: рутин (0,005 г-нан күніне 2—3 рет), викасол (0,002 г-нан күніне 2 рет), 10 % кальций хлориді немесе кальций глюконаты
Сілтілік препараттар, фуросемид ішу, 1 кг дене салмағына 25 %-дық 0,2-0,3 мл сульфатты магний ерітіндісі 5 күн бойы бұлшық етке жіберіледі.Инфузиялық терапия кезінде (ГОМК, реополиглюкин) бикарбонат натрийдің мөлшерін 2 есе азайту қажет.
Дегидратациялық ем магнитолды
әсер беретін дәрі ретінде апилак 0,025—0,05 г-нан күніне 3 рет (бір дүркінге 7-14 күн) қолданылады.
дегидратациялық еммен қатар, баланың сезімділігі мен қимылдық қозу ұстамаларын тежейтін препаратгар — нитразепам (эуноктин, диазепам) күніне 1 рет 1 таблеткадан қолданылады.
46-билет
1. Қазіргі замандағы түсініктерге сүйене отырып, вегетативтік нерв жүйесін сегменттік және сегмент үстіндегі бөлімдерге бөледі.
Сегменттік бөлімнің өзі симпатикалық және парасимпатикалық жүйе болып екіге бөлінеді.
Симпатикалық нерв жүйеснің құрамына кіретіндер:
1) жұлынның VII мойын сегментінен II бел сегментіне дейінгі бүйір мүйіздеріндегі клеткалар тобы — жұлындағы сегменттік вегетативтік орталықтар;
2) жұлынның алдыңғы түбіршектерін шекаралық симпатикалық бағанмен байланыстыратын ақ түйін алды талшықтар;
3) омыртқа маңы симпатикалық түйіндер (25-30 жұп) тізбегінен құрылған шекаралық симпатикалық баған;
4) шекаралық бағанды сырткы нервтермен байланыстыратын түйін арты сұр талшықтар;
5) симпатикалық нервтер және олардың әрімдері;
6) шекаралық бағаннан ішкі ағзаларға баратын жолдағы омыртқа алдындағы симпатикалық түйіндер;
7) қан тамырлары айналасындағы симпатикалық өрімдер;
8) аралас сыртқы нервтер құрамындағы симпатикалық талшықтар- жұлынның бүйір мүйізіндегі симпатикалық клеткалары орна-ласуының белгілі проекциясы бар. С8~Д1 денгейдс бас пен мойын аймағы, Д2,—Д9 аралығында жүрек, өкпе, өңеш және бауыр, Д10—L3 деңгейінде дененің төменгі бөлігі, бүйректер, жамбас қуысындағы ағзалар және аяқ нервтендіріледі.
Парасимпатикалык, клеткалар ми бағанына және жұлынның сегікөз бөліміне орналасқан. Парасимпатикалық нерв жүйесінің ми баганы бөліміне кіретіндер:
1) сильвий сутаратқышы түбінде төрт төмпешіктің алдыңғы томпағы астындағы көз-қимыл нервінің парасимпатикалық ядролары (Якубович жұп ұсақ клеткалы ядролар мен сыңар Перлеа ұсақ клеткалы ядро);
2) варолий көпіріндегі бст нерві ядролары жүйесіне қатысты жас шығаратын клеткалар;
3) сопақша мидағы тіл-жұтқыншақ және Врисберг аралық нервтері жүйесіне қатысты сілекей шығаратын ядролар;
4) бүкіл ішкі ағзаларды нервтендіретін сопақша мидағы кезбе нервінің дорзальды (артқы) ядросы.
III- Якубович парасимпатикалык, ядросы (ортаңғы ми); VII, IX, Х-бет тіл жұтқыншақ және кезбе нервтердің парасимпатикалык ядролары Парасимпатикалық нерв нерв жүйесінің сегізкөз бөлімі екіншіден бесіншіге дейінгі сегізкөз сегменттер аралығындағы жұлын сұр заты клеткаларынан тұрады. Бұл клеткалардың аксондары қуық, тік ішек және жыныс мүшелерін нервтендіретін жамбас нервін құрастырады.
Сегмент үсті вегетативтік құрылымдар.
Вегетативтік нерв жүйесінің сегмент үсті бөлігіне лимбикоторлы субстанция-гипотамус комплексіне қатысты құрылымдар кіреді: ми қыртысының лимбия аймағы (белдеуші қатпар, гипокамп, алмұрт тәрізді қатпар, иіс сезіну бұрышы, мөлдір қалқа); ми бағанының торлы субстанциясы; гипоталамус және көру төмпешігі (таламус).
Сегмент үсті аппараттарының ерекшелігі - вегетативтік нерв жүйесінің сегменттік бөлігіне тән морфологиялық функциялық сипаттану жоқтығы.
Сегменттік жүйеге тән анималдық және вегетативтік бөлімдерге бөлінбегендіктен және лимбико-торлы субстанция комплексінде сегізкөз құйымшақ бөлімі арнайы вегетативтік орталықтардың болмауына байланысты вегетативтік нерв жүйесінің сегмент үсті бөліміндегі құрылымдары мидың өзгешеліксіз құрылымдары боп саналады. Бұл құрылымдар мидың интегративтік (ұйымдастырушы, біріктіруші) аппараты болғандықтан организмнін арнаулы жүйелерінің (қимыл, сезімділік. вегетативтік, мінез-құлық тұтастығы қоршаған және ішкі орта жағдайларының ауытқушылықтарына бейімделуін (келісімділігін) жүзеге асырады.
Мидың өзгешеліксіз құрылымдарының, сегменттік вегетативтік аппараттардан айырмашылығы, олардың қайсыбірінің тітіркенуі өзіне ғана тән вегетативтік реакция тудырмайды да әдетінше үйлес-тірілген психикалық, соматикалық жене вегетативтік өзгерістер пайда болуына себеп болады, ал олардың бүлінуі кезіндс белгілі заңдылығы бар вегетативтік бұзылымдар болмайды. Бұл деңгейде симпатикалық және парасимпатикалық жүйелерге бөліну жоқ.
Соңғы кездегі пікірлерге сәйкес сегмснт үсті вегетативтік құрылымдары эрготроптық және трофтроптық аппараттарға бәлінеді. Эрготроптық аппараттар үнемі өзгеріп тұратын қоршаған ортаға организмнің шапшаң жұмыла бейімделуін қамтамасыз етеді, олардың катаболизм (диссимиляция) процесімен байланысы бар, Трофотроптық аппараттар организмнің ішкі ортасы тұрақты-лығына ықпалын тигізеді, организмдегі энергия мен керекті заттар шығынын қалпына келтіру процестерін ұйымдастырады; анабо-лизм (ассимиляция) процестерінің белсенділігін арттырады. Олар-дың ас қорыту процесі мен ұйқының кейбір фазаларын (кезендерін) реттеу үшін атқаратын міндеті өте жоғары.
2/ Сирингомиелия— жұлынның қалыпты жағдайда бітеліп тұратын орталық өзегі кеңеюінен немесе оған таяу сұр затта қуыстар пайда болуы мен глиялардың ұлғаюынан дамитын созылмалы ауру (жұлындық глиоз немесе глиомотоз).Сирингомиелияның этиологиясында медуллярлық түтіктің екі жағынан қосылатын тұсындағы жіктің ақауланып бітелмеуінен (диз-рафия) пайда болатын жүлынның эмбрионалдық даму кемістігі маңызды роль атқарады.
Сирингомиелияға тән орталық нерв жүйесі құрылымдарының жетімсіздігі біраз уақыт білінбейді де, әдетте 20 жастан асқан адамдарда байқалады.
Клиникасы. Ауру көбінесе "кеудеше" немесе "жартылай кеудеше" түріндегі тактилъдік және проприорецептивтік сезімділіктің өзгермей, ауырсыну мен температуралық сезімділіктің білінбеуімен басталады. Бұл құбылыс жұлынның артқы мүйіздерімен қосылған жерінің зақымдануынан пайда болады. Олар бір немесе екі жақты болуы мүмкін, көбінесе төменгі мойын, жоғарғы және ортаңғы кеуде дерматомаларында анықталады.
Кейде аурудың алғашқы белгісі осы аймақтардағы ауырсыну арқылы білінеді. Олар артқы мүйіз бен вегетативтік нерв жүйесі нейрондарының (жұлынның бүйірлік мүйіздеріндегі симпатикалық клеткалар) тітіркенуінен пайда болып, төзімді, тереңнен сезіліп, сыздата күйдіргендей болып білінеді.
Жұлынның бүйірлік мүйіздері функциясының жойылуы вегетативті-трофикалық бұзылыстарға (қол ұшының көгілдірленуі, дымқылдануы және ісінуі, ұзақ уақыт жазылмайтын ойық жара) себепші болады
Спондилограммаларда мойын омыртқалары доғаларының бітелмегендігі мен краниовертебралдық ауытқулар көрінеді.
Жұлындағы қуыстар мен краниовертебралдық ауытқуларды анықтауда МРТ деректері аса маңызды.
Емдеу шаралары патологиялық үрдісті тұрақтандыруға бағытталады. Қазіргі заманда негізгі патологиялық үрдіске әсер ету үшін рентген және радионуклидтік терапия, ал кисталар анықталса — ламинэктомия (П.П. Пусеппше кистаны босату) және Арнольд-Киари мальформациясы қабатгаса — бас сүйектің артқы шұңқырын жаншылудан босату (декомпрессия) мен С,—С2 ламинэктомиясы, мидың қатты қабығы мен кистаны жару қолданылады. Киста жұлынның кеуде бөлігінде орналасса, тікелей қосу (щунттайтын) операциясы жасалады.Сәулемен емдеудің. сәулемен емдеген кезде амин қышқылы препараттарын, белок гидрализаттарын, В6 витаминін, унитиол, купренил, ангиопротекторлар және басқа вазоактивті препараттар тағайындау керек.
Гомеостазды реттеу үшін дәрі-дәрмектердің орнына рефлексотерапияны ,Родон ванналарьш пайдалану да тиімді.Тітіркендіру терапиясын дәрі-дәрмектермен (прозерин, дибазол, В, витамині, стрихнин, дуплекс, т.б.) қабаттастыра жүргізгенде аса тиімді нәтиже байқалады.
Бүгінгі күнде сирингомиелияны емдеуде йод-131, фосфор -32 және алтын-192 пайдаланылатын радионуклидтік терапия арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге болады.
47-билет
