- •1.13 Жасар Белялов және 17 жасар Маханов автоколіктерді жуып ақы тауып жүріп, в. Деген азаматтың автокөлігіне 25000 т шығын келтірді.
- •1.13 Жасар Белялов және 17 жасар Маханов автоколіктерді жуып ақы тауып жүріп, в. Деген азаматтың автокөлігіне 25000 т шығын келтірді.
- •2. 2012 Жылы қазанда Азамат Мақсұтов және азамат Имашев шарт жасасу негізінде Ержанов Имашовқа 15000 теңге құны бар 36000 теңге болатын телевизордв берді.
- •3. Жолдан жүргіншілер өтуге болмайтын жерден өтіп бара жатқан жүргіншіні қағып кету мүмкіндігінен сақтанамын деп автобус жүргізушісі қарсы жолға автобуспен шығып кетуі нәтижесінде жол апаты болды.
- •4.Азаматша а,Бахтеева өзінің қызына джинси сатып алды.
- •5.Сенімхат 06,05,1936 жылы Талдықорған облысында туылған, мынадай мекен-жайда тұратын:
- •6. Некенің бұзылуына байланысты, ерлі-зайыптылар арасында некедегі ортақ мүлікті бөлу жөнінде дау туды.
- •7. 13 Жастағы Олег автокөлік жуғаны үшін автокөлік иесінен 4000 теңге мөлшерде ақша алды.
- •8. Хаджаев әрекерқабілетсіз деп танылды және оған қорғаншылық тағайындалды.
- •9. Суретшілер ассоциясының мүшесі суретші а. Картина жазды (салды).
- •2. Жартылай ә.Қ.-6-14 жасқа дейінгі балаларга тән.
- •10. Тұрғын үй кооперативінің мүшесі Аманов қайтыс болды.
- •12. Заңды тұлға құру арқылы кәсіпкерлікпен айналысудың әлде қандай тиімді екеніне көздері жеткен кәсіпкерлердің бір тобы бірлесіп заңды тұлға құру туралы ортақ шешімге келеді.
- •13.Жеке кәсіпкер Бекетов, Саматов және Жарасов Бірлесіп тігін цехын сатып алады.
- •14. Асаубаев,в Материялдық жағдайынан қиналғандықтан өзінің көршісі Асқаровтан үлкен көлемді мөлшерде қарызға ақша сұрайды.
- •15.Шатеновтың көршісі Арыбаев көлік апатынан қайтыс болады.
10. Тұрғын үй кооперативінің мүшесі Аманов қайтыс болды.
Тұрғын үй құрылыс кооперативі- азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және тұрғын үй құрылыс кооперативі мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі.
Тұрғын үй құрылыс кооперативтiң мүшесi кооперативтен өз қалауымен шығуға құқылы. Бұл ретте оған оның жарнасы төленуге немесе берiлуге, сондай-ақ жарғыда көзделген басқа төлемдер төлеу жүзеге асырылуға тиiс. Кооперативтен шығатын мүшеге жарна мен басқа мүлiк есептi кезең аяқталып, кооперативтiң қаржы есебi бекiтiлгеннен кейiн берiледi.
Тұрғын үй құрылыс кооперативтiң мүшесi өзiне кооператив жарғысында жүктелген мiндеттердi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, сондай-ақ заң құжаттары мен құрылтай құжаттарында көзделген басқа да реттерде жалпы жиналыстың шешiмi бойынша кооперативтен шығарылуы мүмкiн. Тұрғын үй құрылыс кооперативтiң мүшелiгiнен шығарылғаны үшiн сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
Амановтың жұбайында жиналған пайға меншік құқығы пайда болады. Азам код б/ша, Тұрғын үй құрылыс кооперативтiң мүшесi қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлерi, егер кооперативтiң жарғысында өзгеше көзделмесе, кооператив мүшесi етiп қабылдануы мүмкiн. Қайтыс болған кооператив мүшесiнiң мұрагерi кооперативке кiруден бас тартқанда немесе кооператив мұрагердi қабылдаудан бас тартқанда оған мүлiктегi қайтыс болған кооператив мүшесiнiң пайына бара-бар үлес, сондай-ақ кооперативтiң таза табысының қайтыс болған адамға тиесiлi бөлiгi және кооператив қызметiне қосқан жеке еңбегi үшiн сыйақы төленедi.
Амановтың жұбайы кооперативке мүше болуға басымдылық құқығын ала алады.
11. 16-жасар Арман жалдама еңбек бойынша жұмыс жасап 60000 теңге тапты.
1.Әрекет қабілеттілік түсінігін анықтаңыз және түрлерін атаңыз. Азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде пайда болады. Азаматтардың психикалық даму деңгейіне қарай кәмелеке толмаған азаматрды 14жасқа жетпегендерге және он төрттен он сегізге дейінгілерге бөлінеді.Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар үшiн мәмiлелердi, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерiнiң жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмiлелердi өз бетiнше жасауға құқылы. 2.Арманның әрекет қабілеттігінің көлемі Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау (эмансипация) Жасы он алтыға жеткен кәмелетке толмаған адам, егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін болса немесе ата-анасының, асырап алушыларының немесе қамқоршысының келісімімен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болса, толығымен әрекетке қабілетті деп жариялануы мүмкін.Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар мәмiлелердi ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келiсiмiмен жасайды. Мұндай келiсiмнiң нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәмiле үшiн белгiленген нысанға сай келуге тиiс. 2. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерiнiң табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өздерi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмiлелер жасасуға құқылы. 3. Жеткiлiктi негiздер болған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органы кәмелетке толмаған адамның өз табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өзi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк ету құқығын шектеуi немесе ол құқықтан айыруы мүмкiн. 3. Айырбас шартының түсінігі және мәнді талаптары. Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргізуді, оралымды басқаруды басқа тараптың меншігіне бір тауарды екіншісіне айырбасқа беруге міндеттенеді. Айырбастауға жататын тауарлар бір-біріне тең деп ұйғарылады, ал оларды беру мен қабылдап алу жөніндегі шығындарды әрбір жағдайда тиісті міндет жүктелетін тарап жүзеге асырады. Шартқа сәйкес айырбас алатын тауарлар бір-біріне тең емес деп танылған жағдайда бағасы айырбастауға берілетін тауардың бағасынан кем тауарды беруге міндеттенген тарап, тауар беру міндетін орындағанға дейін немесе одан кейін бағадағы айырманы тікелей щөзі төлеуге тиіс.4. Осы негіздерге сүйене отырып айырбасталатын тауарлар тең емес болғандықтан және де Арманның әрекет қабілеттігі толық болмағандықтан ата-анасының келісімі берілмегендіктен бұл міндеттемені жүзеге асыра алмайды. 5. Жоғарыда көрсетілген ережелерге сәйкес, егер Арманның анасы рұқсат берсе онда ол бұл міндеттемені жүзеге асыра алады.
