Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
азаматты0 емтихан.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
33 Кб
Скачать
☆

12. Заңды тұлға құру арқылы кәсіпкерлікпен айналысудың әлде қандай тиімді екеніне көздері жеткен кәсіпкерлердің бір тобы бірлесіп заңды тұлға құру туралы ортақ шешімге келеді.

1.АК бойынша заңды тұлғалар өз қызметін жарғының және құрылтай құжатының немесе жарғысының негізінде жүзеге асырады. Жарғыны кәсіпорын құрылтайшысы бекітеді, ал құрылтай шартын құрылтайшылар жасайды. Жарғыда заңды тұлғаның атауы, тұрғылықты жері, нысанасы, қызмет мақсаты және басқа да қажетті мағлұматтар болуы тиіс. Жарғының болуы заңды тұлғаның мемлекеттік кәсіпорынның қызмет етуінің міндетті шарты Егер Заңды тұлғаның бір ғана құрылтайшысы болса онда ол, құрылтай шартынсыз қызмет атқара алады. Ал, жарғысыз қызмет атқара алмайды, демек жарғының болуы заңды тұлғаның қызмет етуінің нақты шарты. 2.Жарғылық капитал заңды тұлғаның құрылтайшыларының салмдарының бастапқы мүлкі. Ақша, бағалы қағаздар, заттар, интелектуалдық қызметтің нәтижелеріне құқықты қоса алғанда, мүліктік құқықтар және өзге де жарғылық капиталға салатын салым бола алады. 3. Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық капиталдағы барлық қатысушылардың үлестерi және тиiсiнше олардың шаруашылық серiктестiгi мүлкiнiң құнындағы үлестерi (мүлiктегi үлес) жарғылық капиталдағы салымдарына барабар болады. Шаруашылық серiктестiкке қатысушы серiктестiк мүлкiндегi өз үлесiн, егер заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, салып қоюға және сатуға құқылы. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай нысанда немесе мүлiктiк құқықтар түрiнде салған салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне барабар сомадан асып кетсе, оның бағасын тәуелсiз сарапшы растауға тиiс.

13.Жеке кәсіпкер Бекетов, Саматов және Жарасов Бірлесіп тігін цехын сатып алады.

Меншік құқығындағы үлес дегеніміз - бұл заңдық конструкция, оның көмегімен үлесті меншіктің қатысушыларының әрқайсысының ортақ мүлікті иемдену, пайдалану және билік ету өкілеттіктерін жүзеге асыру мүмкіндіктері анықталады, осы мүліктен табыстағы және оны ұстау шығынындағы үлес, сондай ақ ортақ мүлікті бөлу және одан ұлесті бөліп алу тәртібі анықталады шындығына келгенде үлесті меншіктің қатысушыларының меншік құқығындағы абстрактылы үлес емес, сол үлестер әкелетін нақты мүліктік игілік керек. Ортақ мүлiктi пайдаланудың белгiленген тәртiбiн сақтай отырып, оны бөлмей жақсартуды өз есебiнен жүзеге асырған үлестi меншiк қатысушысының ортақ мүлiкке құқықтағы өз үлесiн тиiсiнше ұлғайтуға құқығы бар. Ортақ мүлiктi бөлiп алып жақсарту, егер үлестi меншiкке қатысушылардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, оны жасаған қатысушының меншiгiне түседi. Сонымен, қорытындылай келе Жарасов меншікті қалпында ұстау үшін ақы төлемеу әрекеті заңды болып табылады. Оның серіктестерінің салған салымдары өздерінің жеке үлестеріне қосылады.

14. Асаубаев,в Материялдық жағдайынан қиналғандықтан өзінің көршісі Асқаровтан үлкен көлемді мөлшерде қарызға ақша сұрайды.

Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан өзi қол қоя алмаса, оның өтiнiшi бойынша мәмiлеге басқа азамат қол қоя алады. Соңғысының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам, мәмiле жасаушының өзi қол қоя алмаған себептердi көрсете отырып, куәландыруға тиiс. Жазбаша түрде жасалған мәмiленi орындаған тарап екiншi тараптан оның орындалғанын растайтын құжат талап етуге құқылы.Мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, ауызша кәсiпкерлiк мәмiленi орындаған тараптың да осындай құқығы бар. Көрсетілген нормаларға сәйкес бұл жағдайда нотариус кінәлі болып табылады, себебі ол Асқаровтың мүгедек болғандығына байланысты шартта өзі қол қоймағандығын көрсетуі керек болатын. Бірақ нотариустың Асқаровтан өзі қол қоя алмаған себептерін көрсетпеуі Асаубаевты қарыз төлу міндетінен босатпайды. Соттың шешімі бойынша Асқаров өз құқықтарын қалпына келтіре алады.