Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
referattar.kz_331093993.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
718 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Қорытындылай келе, жинақтаушы зейнетақы активтері экономиканың нақты секторындағы шаруашылық салаларын қаржыландыру мақсатында пайдаланылуы тиіс. Ал Қазақстандағы жағдайды ескеретін болсақ, ЖЗҚ-ның активтерін көбінесе импортты алмастыратын, яғни тамақ өндірісіне, мұнай-химия, машина жасау өндірісіне, фармацевтикаға, электроэнергетикаға және жеңіл өндірістерге тиімді инвестициялау керек сияқты. Бұл тек экономиканың нақты секторын дамытып қана қоймай сонымен қатар жаңа жұмыс орындардың пайда болуына жәрдемдесер еді.

ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту мәселелерін талдау нәтижелері мынадай теориялық және тәжірибелік тұжырымдамалар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:

1. Экономикалық жүйеде қаржы делдалдарының бір түрі болып табылатын зейнетақы қорлары маңызды белсенділікті арттырушы роль атқаруы тиіс, яғни капитал салымдарын қажет ететін өнеркәсіп компаниялары мен ұсақ инвесторлардың қызығушылықтарының балансын қамтамасыз ету керектігін нақтылай отырып, қаржы институттары жүйесінде Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртуға сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының келесі ерекшеліктері негізделді:

- олар әлеуметтік бағыты бар институттар болып табылады;

- бұл зейнетақы жарналарын қабылдаушы және мүмкіндіктердің өсуіне байланысты зейнетақы активтерін қауіптілігін төмен және сенімді жобаларға инвестициялайтын қаржы институттары;

- жинақтаушы зейнетақы қорларында төлемдердің басталуы мен жарналар түсімдерінің аяқталуы арасында бірнеше жылды құрайтын уақыт лагтары пайда болады. Бұл, жинақтаушы зейнетақы қорларының ұзақ және орта мерзімді инвестиция жасауға және өзінің портфелін құруға мүмкіндік береді. Жинақтаушы зейнетақы қорлары қаржы нарықтарына тікелей және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар арқылы да қатыса алады.

2. Мемлекетпен жүргізілген әлеуметтік саясат жаңғырту идеясымен сабақтас болуы керек, яғни зейнетақыны және жалақыны уақытында төлеу, кейбір әлеуметтік жеңілдіктерді алып тастау, атаулы әлеуметтік қорғау сияқты мемлекеттік міндеттемелерді сақтау қажеттілігімен қатар. әлеуметтік саланы кешенді жаңғырту бағдарламаларын өңдеп шығару үшін қажетті шарттар нақтыланды:

- экономиканы жаңғырту экономикалық өсудің қажетті қарқынын қамтамасыз ететін және тиімділікті көтерудің әдісі ретінде;

- жаңғырту үшін инвестициялар тарту мақсатында инвестициялық климатты жақсарту;

- нарықтық өзгерістерді қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін және жаңғыртуды қолдауға бағытталған әлеуметтік саясат.

Батыс және Шығыс Еуропа елдеріндегідей және нарықтық экономикаға көшкен басқа елдер сияқты Қазақстандық зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту қажеттілігін туындатқан факторларайқындалды:

- дамыған елдердегі сияқты тұрғындардың жылдам қартаюы;

- дамушы елдерге тән жан басына шаққандағы табыстың төмендігі;

- үлестіруші зейнетақы жүйесі тұрғындардың барлығына жуығын қамтуы және зейнетақымен қамтамасыз етуге байланысты міндеттемелер мөлшерінің қолда бар нақты ресурстармен сәйкес келмеуі.

3. Қатысушыларды мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ету, ЖЗҚ ерекше түрі болып табылады. Олардың көбінің инвестициялық стратегиясын, тартылған қаржы құралдарын сақтауға және табысты кепілдендірілген минималды мөлшерін қамтамасыз етуге бағытталған консервативті жүйе ретінде қарастыруға болады.

Жүргізілген талдау нәтижесінде, зейнетақы қорларының экономиканы қаржылдандыруға қатысу мүмкіндігі автормен сызба түрінде ұсынылып, оған сәйкес жалпы инвестициялық қорлардың құрылымы әрекет етуші талаптарға сәйкес келгенімен, нақты жағдайда зейнетақы қорларының активтерін осылайша пайдалану ел экономикасында қажетті рол атқармайтындығы анықталды. Қазіргі кездегі, қаржы құралдарының белгілі-бір үлесін мемлекеттік бағалы қағаздарға міндетті инвестициялау, инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру емес, мемлекеттік қағаздарды жабу болып отыр. Мемлекеттік қазыналық облигациялар нарығындағы табыстылықтың төмендеуі ЖЗҚ инспекциясымен Үкіметтің бағалы қағаздарына салым жасаудан бас тартудың себепшісі ретінде қабылданбайды. Сәйкесінше, әрекет етуші нормативтік талаптар бойынша, зейнетақы қорлары өз активтерінің белгілі бір бөлігін, тіпті олар қордың инвестициялық мақсаттарына сай келмесе де мемлекеттік міндеттемелерге инвестициялауға міндетті.

4. Мемлекеттік зейнетақы қоры міндетті болса, мемлекеттік емес зейнетақы қорының бірқатар артықшылықтары нақтыланды:

- ұлттық қарыздан құтылу мақсатындағы ең арзан ресурс көзі;

- бір сала аумағында пайдалануға жұмсалатын шығындар арасындағы сәйкессіздікті едәуір төмендетеді;

- жоғары маманданған жүйе күшін ұстап тұру және тарту құралы ретінде компанияларға, жеке зейнетақы қорларын пайдалануға мүмкіндік жасайды.

5. Біздің көзқарасымыз бойынша, зейнетақы активтерін экономиканың нақты секторындағы шаруашылық салаларын және зейнетақы саласын дамытудың басты бағыттарын қаржыландыру мақсатында пайдалану керек. Яғни, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қаржы құралдарын нақты жобаларға тарту келесі құралдар негізінде құрылуы қажет: мемлекетпен кепілдік берілетін мемлекеттік емес бағалы қағаздар, банк құралдары, ипотекалық міндеттемелер, депозиттер. Сонымен қатар, зейнетақы активтерін өнеркәсіп салаларының негізгі қорларын жаңартуға жұмсаған орынды деп есептейміз, атап айтсақ: зейнетақы шоттары бойынша қызмет көрсетуге арналған меншіктің барлық формасындағы өндірістік кәсіпорындардың негізгі құрал-жабдықтарының лизингі; зейнетақылық қамсыздандыру бойынша қызмет көрсетуші шаруашылық салаларындағы алдыңғы қатарлы өндірістік және ғылыми-техникалық өзін-өзі ақтаушы бағдарламаларды қаржыландыру (медициналық қызмет көрсету; коммуналдық тұрғын-үй қоры және т.б).

6. Көптеген зерттеулер Қазақстандық ЗАИБЖАҰ және ЖЗҚ-ның нақты мерзімде айтарлықтай жұмыс істеу тәжірибесі жоқ екендігін және шетелге қаржы құралдарын инвестициялау елдің өз зейнеткерлерін қамтамасыз етуге арналған материалдық базасын құру мүмкіндігін шектейтігіндігін көрсетеді. Осы орайда, ипотекалы бағалы қағаздар туралы ерекше атап өтуге болады, өйткені олар зейнетақылық қаржыларды салуда сенімді құрал болып табылады. Қазақстандық ипотекалық компаниялар алғаш рет шығара бастаған ипотекалық облигациялар нарығы дамуының жаңа кезеңі тек қана бізде емес, сонымен қатар бүкіл ТМД мемлекеттерінде 2003 жылдың жазында басталды.

Сонымен қатар, зейнетақы қорларының тұрғын үй құрылыстарын қаржыландыруда жанама қатысуы келесі қаржы құралдарының көмегімен жүзеге асыруға болар еді:

  • жылжымайтын мүліктермен операция жүргізуші ашық компаниялардың акциялары;

  • қорлардың жылжымайтын мүліктерге салған акциялары.

Мұнда инвесторлардың бағалы қағаздар портфелінің құрылымына байланысты екендігін атап өтеміз. Олар мүлікке байланысты бизнес шеңберінде өз ресурстарын тұрғын үй құрылысы жобаларын қаржыландыруға пайдаланады. Тұрғын үй құрылысын несиелеу мемлекеткеде, банктерге де тиімсіз болып табылады. Қазіргі кезде мұндай облигациялар шығару біздің елде ұзақ мерзімді мемлекеттік облигациялардың болуын автоматты түрде қамтамасыз ете алар еді.

7. Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың негізгі даму мәселелерін формалды түрде қарастыра отырып, автормен оларды шешу жолдары ұсынылды. Ұсынылған талдауда аталған жеті мәселенің бесеуі ҚР БҚН дамуына, ал қалған екеуі ЗНС қызметіне қатысты. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ЖЗҚ-ның ұйымдық құрылымы бәсекелестік сайыста маңызды рөл атқарады. Вертикалды құрылымы мықты нақты бөліне алатын және ұйымдық орталықтары өзара тиімді әрекеттесетін, өкілдіктерді жіберудің дамыған жүйесі бар зейнетақы нарығының субьектілері нарықта үлкен жетістіктерге жете алады. Зейнетақы нарығы субьектілерінің алдына қойған мақсаттары мен артықшылықтары олардың қызметтеріне әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Артықшылықтардың бұрмалануы басқару құрылымы мен инвестиция тиімділігіне алып келеді, нәтижесінде ЖЗҚ-ның клиенттерінің көзқарасы бойынша жұмыс нәтижесі қанағаттанарлықсыз болады.

8. ЖЗҚ әлеуметтік функцияларын жүзеге асыру үшін, басқарушылармен алынған инвестициялық кірістің көлемін сомалы түрде азайту мүмкіндігін шектеу қажет. Осы мақсатта екінші және үшінші деңгейдегі зейнетақы қорлары үшін бірдей болып келетін бірқатар ережелерді енгізу орынды деп санаймыз: зейнетақы активтерін инвестициялауды ұйымдастырылған сауда жүйелері (биржа) арқылы жүзеге асыруға рұқсат беру; ұйымдастырылмаған нарықта бір күннің ішінде өзгеріске ұшырамайтын тәуелсіз бағадағы құралдармен ғана операциялар жүргізуге рұқсат беру (инвестициялық қорлардың ұпайларымен); зейнетақы қорларының қаржылары инвестицияланатын инвестициялық құралдарды айтарлықтай өтімді болуы қажет, олармен келісім операцияларын аз жүргізу мүмкіндігінің төмендігінен көрінеді, сонымен қатар сауда жүйелері арқылы.

9. Зейнетақымен қамсыздандыру кез-келген ел үкіметінің үнемі назарында болатын маңызды әлеуметтік мәселелері және тұрғындардың қарттығын әлеуметтік қамсыздандыру құқығы бізде ҚР-ның Конститутциясымен бекітілгендігін ескерсек, онда зейнетақы жүйесін жаңғыртудың басты мақсаты- экономикалық өсуді қамтамасыз ету, қаржылық тұрақты және әділ жүйені құру болып табылады. ЗЖ жаңа саяси және экономикалық жағдайларға бейімдей отырып, өтпелі кезеңде ескі жүйе зейнетақылық сақтандырудың жаңа мекемелерінің пайда болуы мен жұмыстарының басталуына дейін әрекет етуі тиіс.

Әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, әлеуметтік сақтандыру салаларына өзгерістер енгізуге ЗЖ-нің ЖЗҚ қамтамасыз ететін белсенді мемлекеттік реттеу мен азаматтардың өз қарттықтарын қамтамасыз етуге деген жауапкершілігін арттыратын үлгі сәйкес келеді деген қорытынды жасауға болады.

ҚОСЫМША А.

Сурет 5 – ЖЗҚ-ның портфелінің инвестициялық құрылымы

ҚОСЫМША Ә.

Кесте 7 - 2010 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының меншікті капиталы, міндеттемелері және активтері туралы мәліметтер

(қазақстандық мың теңгемен)

ЖЗҚ атауы

Капитал жиынтығы

Бөлінбеген кіріс (жабылмаған шығын) есепті кезеңдегі

Міндеттемелер жиынтығы

Активтер жиынтығы

1

2

3

4

5

"ҰларҮміт" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ

6 466 733

-505 732

1 221 162

7 687 895

"АМАНАТ ҚАЗАҚСТАН" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ

1 153 897

-467 301

161 248

1 315 145

"Атамекен” жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, Нұрбанк АҚ еншілес ұйымы

1 697 797

31 410

198 122

1 895 919

"ГНПФ"жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ

17 508 754

2 916 269

950 362

18 459 116

"БТА Қазақстан" Жинақтаушы Зейнетақы Коры" АҚ " БТА Банкi" АҚ еншiлес ұйымы

10 874 758

-703 593

1 107 415

11 982 173

«Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы

24 795 155

4 082 708

894 859

25 690 014

"Қазақмыс жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ

1 670 290

-285 290

106 574

1 776 864

"Мұнайгаз - ДЕМ" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ

1 754 864

315 919

75 096

1 829 960

"Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы қоры"АҚ

3 183 319

417 040

60 271

3 243 590

Кесте 7 жалғасы

"ГРАНТУМ Жинақтаушы зейнетақы қоры", “Казкоммерцбанк” АҚ

еншілес ұйымы

5 504 303

498 529

135 227

5 639 530

"Отан" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ

2 804 271

144 244

81 751

2 886 022

«Капитал» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ еншілес ұйымы

3 190 299

465 873

24 248

3 214 547

"РЕСПУБЛИКА" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ

991 011

-82 209

56 643

1 047 654

Барлығы

81 595451

6 827 867

5 072 978

86 668429

Ескерту: ҚҚА мәліметтері негізінде жасалған

ҚОСЫМША Б.

Кесте 8 - 2010 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының номиналды кірісінің коэффициенттері туралы

МӘЛІМЕТТЕР

ЗАИБЖАҰ / ЖЗҚ

2009 жылғы қазандағы - 2010 жылғы қазандағы кезеңде К2 (12)

2007 жылғы қазандағы - 2010 жылғы қазандағы кезеңде К2 (36)

2005 жылғы қазандағы - 2010 жылғы қазандағы кезеңде К2 (60)

"Жетісу" ЗАИБЖАҰ" АҚ

х

х

х

"ҰларYмiт" ЖЗҚ" АҚ

3,01

9,66

31,43

" АМАНАТ КАЗАХСТАН атындағы жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

2,87

12,42

39,61

«GRANTUM Asset Management» Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым» АҚ (“Казкоммерцбанк” АҚ еншілес ұйымы)

х

х

х

"ГРАНТУМ Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (“Казкоммерцбанк” АҚ еншілес ұйымы)

5,89

24,35

40,69

"Нұр-Траст" ЗАИБЖАҰ" "Нұрбанк" АҚ еншілес ұйымы" АҚ

х

х

х

"Нұрбанк" АҚ ЕҰ "Атамекен” ЖЗҚ» АҚ

4,21

19,73

45,58

«Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы

4,67

18,26

52,15

«БТА Банкі» АҚ-ның еншілес ұйымы «БТА Қазақстан Жинақтаушы Зейнетақы Қоры» АҚ

-2,76

11,63

72,49

"ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ

6,44

20,88

40,17

"Қазақмыс" ЖЗҚ" АҚ

0,73

10,82

30,81

"МұнайГаз-ДЕМ" ЖЗҚ" АҚ

5,39

25,47

43,53

«Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

7,10

19,69

34,83

«Отан» ашық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

4,52

14,82

43,39

«Капитал» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ - «Банк ЦентрКредит» АҚ еншілес ұйымы

5,41

22,69

53,34

«РЕСПУБЛИКА» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

6,33

31,86

-

ЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша орташа номиналды кіріс коэффициенті

3,97

16,78

43,92

ЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша түзетілген орташа номиналды кіріс коэффициенті

х

х

41,67

Кірістіліктің минималды мәні

х

х

29,17

Жинақталған инфляция деңгейі

7,30

29,30

61,31

«Зейнетақы активтерінің кірістілігі» пруденциалдық нормативін орындауы

 

 

орынд: 13

Ескерту: ҚҚА мәліметтері негізінде жасалған

5

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]