- •1 Зейнетақы қорларының инвестициялық қызметі
- •1.1 Зейнетақы қорының инвестициялық портфель ұғымы
- •Несиелік тәуекел:
- •Нарықтық тәуекел
- •1.2 Зейнетақылық активтерді инвестициялық басқару
- •1.3 Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлері
- •2. Қазақстан Республикасының зейнетақы қорларының инвестициялық іс-әрекеттеріне талдау жүргізу
- •2.1 Қазақстан Республикасының зейнетақы қорлары және олардың инвестициялық портфельдерінің құрылымы
- •2.2 Зейнетақы қорларының қазіргі күндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру жағдайы
- •2.3 Зейнетақы қорларының инвестициялық кірісі
- •3 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғырту және инвестициялық процесті ұйымдастыру: мәселелері және басымдықтары
- •3.1 Қазақстан Реуспубликасының зейнетақы қорларының инвестициялық процесті ұйымдастыруы
- •3.3 Қазақстанның зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы: проблемалары және шешу жолдары
- •Қорытынды
2. Қазақстан Республикасының зейнетақы қорларының инвестициялық іс-әрекеттеріне талдау жүргізу
2.1 Қазақстан Республикасының зейнетақы қорлары және олардың инвестициялық портфельдерінің құрылымы
Жаңғырту процесін Қазақстанның қазіргі таңдағы экономикасының маңызды міндеттерінің бірі ретінде қарастыра отырып, соңғы 10 жылдықтағы жаңғырту теориясының эволюциясын сипаттау және оны қысқаша қарастыру біздің республикамыз үшін теориялық және практикалық қызығушылық танытады. Өйткені, онда нарықтық экономикасы дамыған және әлде қайда қалып қойған елдер арасында алшақтықты жою мәселелері зерттеледі. Әрине, қажетті нәтиже алу және экономикалық өсуді жеделдету мақсатында қажетті инвестициялар жасау үшін ішкі және шетелдік жинақ қорларды шоғырландыру қажет. Жалпы ұлттық өнімнің 15-тен 20 пайызға дейін сақтай алатын елдер салыстырмалы жинақтау нормасы төмен елдерге қарағанда әлде қайда жылдамырақ дами алатындығы белгілі болды, сонымен қатар, мұндай даму әлде қайда тұрақты болып келеді. Бұдан келіп шығатыны, экономикалық өсу және дамудың құпиясы өте қарапайым: тек қана ұлттық қорларды және инвестицияларды көбейту қажет, өйткені дамудың басты тежеуіші –көптеген елдер үшін жинақ қорларының төмендігі.
Мұндай "қор тапшылығы" шетелдік, мемлекеттік және жеке инвестициялармен толықтырылуы мүмкін немесе бұл тапсырмалардың орындалуын оптималды инвестициялау процесін жүзеге асырушы қазіргі таңдағы инвестициялық институттар атқара алады.
Сонымен қатар, "инвестиция" түсінігі өте ауқымдылығына байланысты оған нақты анықтама беруге болмайтындығын байқаймыз. Экономика ғылымдарының түрлі бөлімдерінде оның мазмұны түрлі ерекшеліктерге ие болады. Әлемнің түрлі елдеріндегі танымал еңбектерде инвестицияға макроэкономикалық, микроэкономикалық тұрғыда, қаржылық, экономикалық әдебиеттерде берілген анықтамалардың бір-бірінен өзгешелігі кемде кем. Олар инвестицияның экономикалық мазмұнын толық ашып көрсетпейді және оның мәні жөнінде түрлі авторларда нақты көзқарастың қалыптаспағандығын байқауға болады.
Біздің ойымызша, "инвестиция" анықтамасында макроэкономикалық және микроэкономикалық көзқарастарды біріктіру қажет, сонда ғана инвестициялық нарықтың ролі артады.
Сонымен, зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерінің негізгі көзі болып табылатын инвестициялық табысты құруға қажетті инвестициялық бағдарламаларды орындайтындығын ескере отырып, біздің көзқарасымыз бойынша, нарықтық экономиканың субъектісі болып табылатын зейнетақы қорлары қызметінің экономикалық мазмұнын анықтауға болады.
Осылайша, экономикалық жүйеде қаржы делдалдарының бір түрі болып табылатын зейнетақы қорлары маңызды белсенділікті арттырушы роль атқаруы тиіс, яғни капитал салымдарын қажет ететін өнеркәсіп компаниялары мен ұсақ инвесторлардың қызығушылықтарының балансын қамтамасыз ету.
Қаржы институттары жүйесінде Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртуға сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорлары келесідей ерекшеліктермен сипатталады:
- олар әлеуметтік бағыты бар институттар болып табылады;
- бұл зейнетақы жарналарын қабылдаушы және мүмкіндіктердің өсуіне байланысты зейнетақы активтерін қауіптілігін төмен және сенімді жобаларға инвестициялайтын қаржы институттары;
- жинақтаушы зейнетақы қорларында төлемдердің басталуы мен жарналар түсімдерінің аяқталуы арасында бірнеше жылды құрайтын уақыт лагтары пайда болады. Бұл жинақтаушы зейнетақы қорларының ұзақ және орта мерзімді инвестиция жасауға және өзінің портфелін құруға мүмкіндік береді. Жинақтаушы зейнетақы қорлары қаржы нарықтарына тікелей және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар арқылы да қатыса алады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының әрекет етуі 3 кезеңнен тұратын ұзақ мерзімді инвестициялық процесті білдіреді:
- бірінші кезеңде жарна түрінде жинақтаушы зейнетақы қорларына
салымдар жасалады;
- екінші кезеңде жинақталған қаржы ресурстарын инвестициялау
жүзеге асады;
- үшінші кезеңде мерзімді зейнетақы төлеу жүзеге асады.
Инвестициялық саясатты белсенді түрде жүргізу зейнетақы жүйесін жаңғыртуда маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, ал оларды жасау қордың мақсаттарын, инвестициялаушы құралдардың көлемін және басқада маңызды міндеттердің шешілуін анықтауды талап етеді. Осы жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорлары оларға сенімді инвестициялық қорғау қызметін ұсына алатын капиталданған ұйымға бағытталады. Бұл ЖЗҚ арасында қаржы ресурстарын орналастыруда бәсекенің өсуіне алып келеді және қабылданған инвестициялық саясатқа сәйкес жүзеге асырылатын инвестициялық қызметтердің түрлі құралдарын өте ұқыпты талдауға итермелейді. ЖЗҚ-ның порфелінің инвестициялық құрылымы диаграмма түрінде алдыңғы жылдарымен салыстырмалы түрде қосымшада берілген.
Зейнетақы қорлары институционалды инвесторлар ретінде әрекет ете отырып, және салымшылардың қаржы құралдарын шоғырландыра отырып оларды мынадай түрлі активтерге инвестициялайды: бағалы қағаздарға , банк депозиттеріне, мүліктерге және т.б.
Инвестицияға қатысты жалпы теориялық көзқарастар инвестицияны басқару процесінің мәнін сипаттайды. Қазіргі сарапшылардың зерттеулері капиталды сапалы түрде басқарғанда ғана жетістікке жетеді деп көрсетеді. Қаржы жүйесіндегі қаржы инвестицияларын ұйымдастыру, басқару, өмірді сақтандыру жүйесінің әрекет етуінің жалпы қағидаларына сәйкес жүзеге асады, онда зейнетақы қызметтерінің ерекшеліктері көрсетіледі, атап айтатын болсақ:
- зейнетақы қорларының инвестициялық қызметтерінің уақытша диференцияциялау қағидасы;
- қаржы инвестициясын басқаруды кезең –кезеңімен ұйымдастыру қағидасы бірінші ережемен тығыз байланысты және қаржы инвестицияларын басқарудың арнайы саясатын өңдеуді қажет етеді. Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық әрекет ету процесі барысында зейнетақы қорларының қызметтерімен байланысты ақпараттар үлкен рөл атқарады. Мұнда ақпараттар келесі талаптарға сәйкес келу қажет:
- мәліметтер нақты болуы және алынған деректердің пайдалылығы бұрынғы байланыстарға зиян тигізбеуі қажет;
- жоғарыда аталған қағидалармен байланысты тәуекелдерді бөлу және жауапкершілікті жоспарлау қағидасы. Кейбір іс-шараларды орындау нақты инвестициялық тәуекелге барумен қатар жүреді.
Зейнетақы бизнесіндегі қаржы инвестицияларының ерекшеліктерін сипаттайтын жоғарыда аталған қағидалар нарықты экономика жағдайындағы ұдайы өндіріс жүйесінің инвестициялық процесін құруда әдістемелік негіздемелердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндай көзқарас белгілі бір деңгейде экономикалық дамуды сипаттайды және елдегі инвестициялық процестің тиімділігін қамтамасыз етеді.
Зейнетақы жүйесінің инвестициялық белсенділігін арттыру Қазақстан үшін экономикалық жаңғыртудың негізгі шарттарының бірі болып табылатындықтан үкіметтің алдында отандық өндірісті дамыту үшін қаржы ресурстарын шоғырландыру және жинақтау мәселесі тұр. Яғни, мемлекетпен жүргізілген әлеуметтік саясат жаңғырту идеясымен сабақтас болуы керек, яғни зейнетақыны және жалақыны уақытында төлеу, кейбір әлеуметтік жеңілдіктерді алып тастау, атаулы әлеуметтік қорғау сияқты мемлекеттік міндеттемелерді сақтау қажет.
Қазақстан үшін зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселесі бірқатар қолайсыз факторлардың туындауына байланысты Батыс және Шығыс Еуропа елдеріндегідей маңыздылыққа ие болып отыр:
- дамыған елдердегі сияқты тұрғындардың жылдам қартаюы;
- дамушы елдерге тән жан басына шаққандағы табыстың төмендігі;
- үлестіруші зейнетақы жүйесі тұрғындардың барлығына жуығын қамтиды және зейнетақымен қамтамасыз етуге байланысты міндеттемелердің мөлшері қолда бар нақты ресурстармен сәйкес келмейді.
Зейнетақы жүйесін жаңғырту миграциялық процестер, туудың төмендеуі және тұрғындардың өмір сүру ұзақтығының өсуінің нәтижесінде қарт адамдардың көбеюімен сипатталатын елдегі демографиялық жағдайдан туындады. Ол ең алдымен еңбекке қабілетті тұрғындарды жылыстауымен сипатталады.
Әрекет етіп отырған жүйелердің көбісі қарттардың әл-ауқатын қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды, өйткені төлемдер әрдайым индексацияланбайды. Сонымен қатар, олар қайта бөлуді жиі өршітеді, мысалы ауқатты зейнеткерлер есебінен әл-ауқаты аз қамтамасыз етілген отбасылар қаржыландырылады. Бұл жүйелер ескіруіне байланысты экономикалық өсуді тежейді.
Қазақстанның қаржы нарығындағы мемлекеттік емес зейнетақы қорларының пайда болуы мен дамуы, әлеуметтік әсер алудың қажеттілігі болып табылатын және олардың инвестициялық саясатын негіздеу келесідей ұйғарымдар жасауға мүкіндік береді:
- стратегиялық мақсаттардағы таңдау, (яғни инвестиция бағыттарын);
- инвестициялық артықшылықтарды қалыптастыру (инвестициялау обьектілерін);
- инвестициялық шектеулерді белгілеу (белгілі бір актив түрінің сандық мәнінің шегі).
Егер белгіленген шектеулер мемлекеттік немесе оның атынан мемлекеттік емес зейнетақы қорларының қызметтерін бақылайтын мемлекеттік ұйымдардың қызметі болып табылса, ал инвестициялық мақсаттарды анықтау зейнетақы қоры және оның активтерін басқарушы компанияның қызметі болып табылады.
Зейнетақы қорларының экономиканы қаржылдандыруға қатысу мүмкіндігін келесі түрде кескіндеуге мүмкіндік береді (сурет 1 бойынша ).
Инвестициялар
Бағалы
кағаздарға
Кәсіпорынның
бағалы қағаздарына
Банк
саласында қаржы құралдарын
орналастыруға
Қаржыландыруға
Несиелік
жәнетартылған қаржы құралдары
Ресурстық
базасын ұлғайтуға
Мем-тік
мұқтаждықтарды қаржыландыруға
қаржы
құралдарын мемле-кеттік инвестициялық
бағдарламаларға
бағыттау
мүмкіндігіне
Кәсіпорынның
инвестицияны жүзеге асыру мүмкіндігіне
Инвестициялық
жобаларды несиелеу
және
қаржыландыру мүмкіндігін қамтамасыз
етуге
Сурет 2 - Зейнетақы қорларының экономиканы қаржыландыруға қатысуы
Сонымен, жалпы инвестициялық қорлардың құрылымы әрекет етуші талаптарға сәйкес келеді.
Нақты жағдайда, зейнетақы қорларының активтерін осылайша пайдалану ел экономикасында қажетті роль атқармайды. Қазіргі кездегі, қаржы құралдарының белгілі-бір үлесін мемлекеттік бағалы қағаздарға міндетті инвестициялау, инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру емес, мемлекеттік қағаздарды жабу болып отыр.
Мемлекеттік қазыналық облигациялар нарығындағы табыстылықтың төмендеуі ЖЗҚ инспекциясымен Үкіметтің бағалы қағаздарына салым жасаудан бас тартудың себепшісі ретінде қабылданбайды. Сәйкесінше, әрекет етуші нормативтік талаптар бойынша, зейнетақы қорлары өз активтерінің белгілі бір бөлігін, тіпті олар қордың инвестициялық мақсаттарына сай келмесе де мемлекеттік міндеттемелерді инвестициялауға міндетті.
Бүгінгі таңда қорлар кәсіпорындардың бағалы қағаздарына инвестиция жасап экономиканы қаржыландыруда деп айтуға болмайды. Өйткені, экономикалық және саяси жағдайлардың тұрақсыздығы, қаржы нарығындағы үлкен ауытқулар, сонымен қатар, көбіне алып-сатарлық бағыттағы эмитенттердің сенімсіздігіне байланысты олар қысқа мерзімді сипатқа ие болып отыр.
ҚР эмитенттерінің мемлекеттік бағалы қағаздарының жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфеліндегі үлесі инвестицияланған зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 45,06%-ын (922,0 млрд. теңге) құрайды жəне 1 тамыздағы жағдай бойынша осыған ұқсас көрсеткішке қатысты 3,81%-ға немесе 33,8 млрд. теңгеге өсті. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік емес бағалы қағаздардың үлесі инвестицияланған зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 32,58%-ын құрады (666,6 млрд. теңге). Бұл жағдайы төмеңгі кестеде толық түрде көрстетілген.
Кесте 2 - ЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелі
Қаржы құралдары |
1.08.2010 |
1.09.2010 |
||
% |
млн. теңге |
% |
млн. теңге |
|
ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары, оның ішінде |
888 181 |
43,87 |
922 045 |
45,06 |
ҚР еурооблигациялары |
0 |
0 |
0,00 |
0,00 |
Қаржы министрлігінің бағалы қағаздары |
767 920 |
37,93 |
803 317 |
39,26 |
Ұлттық Банктің ноттары |
120 261 |
5,94 |
118 728 |
5,80 |
Шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары |
201 475 |
9,95 |
198 783 |
9,71 |
акциялар |
48 752 |
2,41 |
51 213 |
2,50 |
облигациялар |
152 723 |
7,54 |
147 570 |
7,21 |
Шетел инвестициялық қорларының пайлары |
0 |
0 |
0 |
0,00 |
Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары |
42 100 |
2,08 |
41 893 |
2,05 |
Шетел эмитенттерінің мемлекеттік бағалы қағаздары |
72 524 |
3,58 |
68 645 |
3,36 |
Тазартылған алтын |
22 874 |
1,13 |
23 673 |
1,16 |
ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары, оның ішінде |
660 433 |
32,62 |
666 560 |
32,58 |
акциялар |
178 381 |
8,81 |
178 658 |
8,73 |
облигациялар, оның ішінде |
482 052 |
23,81 |
487 902 |
23,85 |
Шетел валютасында номинирленген |
25 954 |
1,28 |
53 841 |
2,63 |
теңгеге номинирленген |
456 098 |
22,53 |
434 061 |
21,22 |
Екінші деңгейдегі банктердегі салымдар |
137 568 |
6,80 |
124 901 |
6,11 |
Туынды бағалы қағаздар |
-650 |
-0,03 |
-560 |
-0,03 |
|
2 024 505 |
100 |
2 045 940 |
100 |
ҚР эмитенттері техникалық дефолтқа жол берген, жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфеліндегі мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздардың үлесі 2010 жылғы 1 қыркүйекте зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 4,0%-ын құрады, бұл абсолютті мəн бойынша 83,1 млрд. теңге болды.
