- •1 Зейнетақы қорларының инвестициялық қызметі
- •1.1 Зейнетақы қорының инвестициялық портфель ұғымы
- •Несиелік тәуекел:
- •Нарықтық тәуекел
- •1.2 Зейнетақылық активтерді инвестициялық басқару
- •1.3 Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлері
- •2. Қазақстан Республикасының зейнетақы қорларының инвестициялық іс-әрекеттеріне талдау жүргізу
- •2.1 Қазақстан Республикасының зейнетақы қорлары және олардың инвестициялық портфельдерінің құрылымы
- •2.2 Зейнетақы қорларының қазіргі күндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру жағдайы
- •2.3 Зейнетақы қорларының инвестициялық кірісі
- •3 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғырту және инвестициялық процесті ұйымдастыру: мәселелері және басымдықтары
- •3.1 Қазақстан Реуспубликасының зейнетақы қорларының инвестициялық процесті ұйымдастыруы
- •3.3 Қазақстанның зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы: проблемалары және шешу жолдары
- •Қорытынды
3.3 Қазақстанның зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы: проблемалары және шешу жолдары
Қазіргі кезде әлемдік нарықта болып жатқан өзгерістер Қазақстанның экономикасына елеулі әсер етуде. Зейнетақы жүйесі республиканың әлеуметтік-экономикалық жүйесіндегі қарқынды дамушы сектордың бірі болып табылады. Он жыл бойы дамып келе жатқан жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзіндік проблемалары бар. Сондықтан зейнетақы жүйесін қолдау және дамыту Қазақстанның экономикаылқ саясатының бірі болып табылады.
Қазақстандағы зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесі қаржы нарығының қатысушыларының белсенді қолдауы жағдайнда жүзеге асырылды.
Зейнетақы жарналары жұмыскердің өзі таңдап алған жинақтаушы зейнетақы қорларында, олардың жеке шоттарында шоғырландырылды және әрдір адам өзінің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай өзінің болашақ зейнетақысын қалыптастыруға жағдай жасайды.
Бүгінгі таңдағы жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары оны одан әрі дамыту, салымшылар мен алушылардың құқықтарын қолдау, ұзақ мерзімді ішкі инвестициялар көздері ретінде зейетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру болып табылады. Салымшы, ЖЗҚ-лар, зейнетақы төлейтін орталық, кастодиан банк және т.б. ЖЗҚ-ның қатысушыларының қарым-қатынасы туралы мәлімет қосымшада сызба түрінде берілген.
Қазіргі кезде қосарлы шоттар проблемасын шешу үшін кейбір жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыға өзінің зейнетақы шотын кез-келген уақытта бақылауға және зейнетақы жинақтарын өзінің қалауы бойынша кез-келген қорға ауыстыруға мүмкіндік беретін электронды карточканы енгізуді ұсынуда.
Зейнетақы жасы да зейнетақы жүйесінің проблемасының бірі болып табылады. Әрине, ерлердің өмір сүру ұзақтығы 59 жас, ал зейнеткерлікке шығу жасы – 63 жас. Осыған орай, зейнеткерлікке шығу жасын төмендету қажет. Сонымен қатар, міндетті кәсіби зейнетақының пайда болу сәтін үкіметпен емес, саланың өзімен анықтаған жөн. Өйткені кәсіпорын коллективі ғана өзінің өндірісінің ерекшелігін ескере отырып, қандай жаста кәсіби зейнетақыны тағайындау керек екендігі анықталады.
Зейнетақы жүйесінің проблемаларының бірі оның қаржылық тұрақсыздығы болып табылады. 13 жинақтаушы қорының тек 4-5 ғана салыстырмалы тұрақтылық туралы айта алады. Бұл кезде салымшылары-алушыларының саын бойынша осы қорлардың үлесі бүкіл зейнетақы секторының 80 пайызға жуығын құрайды.
Кесте 5 - ЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарының құрылымы
Жинақтаушы зейнетақы қорлары |
01.10.2008 |
01.10.2009 |
01.10.2010 |
|||
Зейнетақы жинақтары сомасы, млрд теңге |
Үлесі, % |
Зейнетақы жинақтары сомасы, млрд теңге |
Үлесі, % |
Зейнетақы жинақтары сомасы, млрд теңге |
Үлесі, % |
|
«Халық Банкі» ЖЗҚ АҚ |
398,5 |
28,6 |
450,4 |
29,5 |
609,8 |
30,1 |
«Ұлар Үміт» ЖЗҚ |
184 |
14,1 |
443,4 |
14,9 |
265,0 |
15,2 |
«МЖЗҚ» |
228,9 |
14,3 |
201,1 |
15,0 |
303,4 |
15,8 |
«БТА Қазақстан» |
163,4 |
10,6 |
265,5 |
10,9 |
227,7 |
11,2 |
«Грантум» ЖЗҚ |
88,5 |
4,9 |
93,5 |
5,2 |
118,4 |
5,8 |
Ескерту: Тлеужанова Д.А. Қазақстанның зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы//Труд в Казахстане: проблемы, факты, комментарии. – 2009. -№2. – Б. 41-45 |
||||||
Ең көп жинақталған зейнетақы қаражаттары сомасына мынадай қорларының жинақтаушы зейнетақы салымшылары (алушылары) ие болды: жинақталған зейнетақы қаражаттарының жалпы сомасынан «Қазақстан Халық Банкі» ЖЗҚ, «Ұлар Үміт» ЖЗҚ, «МЖЗҚ», «БТА Қазақстан» ЖЗҚ және «Грантум» ЖЗҚ. Жалпы алғанда осы 5 қорға жинақталған зейнетақы қаражаттарының жалпы сомасы 80,07% келеді.
Қазақстан қазіргі әлеуміттік-экономикалық жағдайда тек зейнетақылық қамтамасыз етудің жеке жүйесін емес, аралас жүйені енгізуі қажет. Әлемнің бүкіл елдерінде зейнетақылық қамтамасыз ету сферасының ғалымдары өзара байланысқан және өзара шартталған аралас ынтымақтастық-жинақтаушы жүйені, олар параллель әрекет етпеуі үшін олардың ішкі өзара тәуелділік және өзара шартталғандық механизімін құруға тырысады. Қазақстанда ынтымақтастық жүйе тек қазіргі зейнетакерлерді, ал жинақталған жүйе болашақ зейнеткерлерді қамтамасыз етеді және олардың арасындағы өзара байланыс және де өзара шартталғандық жоқ.
Қ. Төлебаев ынтымақтасқан-жеке зейнетақы жарналарын төлеу көзінің механизмін ұсынды. Бұл жерде ынтымақтасу ұрпақтар арасында (тігінен) емес, ұрпақ ішінде (көлденең), сәйкесінше әрбір ұрпақ өзін-өзі зейнетақымен қамтамасыз етеді. Ұсынылатын зейнетақылық қамтамасыз етудің қазақстандық моделінде ынтымақтасқан-жеке сипаттағы қаржыландыру көздері нақты анықталған, жаңа құрылым – жинақтаушы зейнетақы жүйесінің біріккен резервтік қоры ұсынылған. Оның иесіз шотында жұмыс берушілердің жарналарын шоғырландыру болжанады. Әрине, ұсынылған ынтымақтасқан-жеке сипаттағы қаржыландыру көздері, болашақтағы зейнетақы төлемдеріне тигізетін үлесі сөзсіз, дегенмен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің біріккен резервтік қорын құру арқылы қайтадан орталықтан басқаруға келуіміз мүмкін.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаражаттары бұл «ұзын ақшалар». Өйткені көптеген зейнеткерлер зейнетақылық төлемдерді 10-20 жыл және одан кейін алады. Сондықтан, оларды зейнетақылық қорлардың табыстылығы емес, тұрақты және кепілденген табыс ынталандырады. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметінің бағалы қағаздар операцияларымен шектелуі тәуекелді бағыт болғандығын тәжірибе көрсетті. Сондықтан, зейнетақы қорларының инвестицялаудағы маңызды бағыты құрылысқа және жалға берілетін үйлерді, инфрақұрылым объектілерін пайдалануға қатысу болуы мүмкін.
Әлемдегі қаржылық дағдарыс салдарынан, өтімді қорлық құралдардың тапшылығы пайда болды. Жинақтаушы зейнетақы қорларына үлкен қысым түсті.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың жаңа шығарылымы ЖЗҚ-ның артық өтімділігін төмендетеді, бірақ зейнетақы қорлары осы инвестициядан жоғары табыстылық алмайды, өйткені мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша орташа ставка 7-8% құрайды, ал бұл инфляция деңгейінен төмен[6, 43-44Б]
Бюджетте қарастырылған мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясының көлемін жоғарлату өтімділік деңгейін жоғарлатуға бағытталған ішкі қор нарығын тұрақтандыру және әлемдік қаржылық дағдарыстың әсерін төмендету бойынша мемлекеттік тиімді құралдардың бірі болып табылады.
Қазақстанның қор биржасында мемлекетік бағалы қағаздарды орналастыру мемлекеттік бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру зейнетақы активтерін дербес басқарушы ЗАИБЖАҰ мен ЖЗҚ-ға қол жеткізуді ұсыну мақсатында жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанның зейнетақы жүйесінде — қамтамасыз етудің жинақтаушы және міндетті мемлекеттік аралас үлгісі қолданылады. Өзінің мазмүны бойынша ол Чили үлгісіне өте жақын, біркелкілік жүйеден жинақтаушы жүйеге өтудің жалпы әлемдік үрдісін анықгайтындықтан, прогресивті болып табылады. Бүл клиентгерге қатысы бойынша өте әділ. Себебі активтер әрқашан салымшы меншігінде калады, ал қордың шығындарын жабу негізінен меншікті қаражаттар есебінен активтердің анықталған көлеміне жеткенге дейін болады. Комиссиялар есебінен зейнетақы активтерінің сүйемелдеуімен қатысатын барлык институттардың қызметі төленеді: зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын үйымдар, зейнетақы қорлары, банк-кастодиандар. Зейнетақы секторының республика экономикасындағы рөлі алдыңғы жылдармен салыстырылып, қатысты көрсеткіштердің динамикасымен төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте 6 - Республика экономикасындағы зейнетақы секторының ролі
Республика экономикасындағы зейнетақы секторының ролін сипаттайтын қатысты көрсеткіштердің динамикасы |
1.01.05 |
1.01.06 |
1.01.07 |
1.01.08 |
1.01.09 |
1.01.10 |
1.09.10 |
ЖІӨ млрд. теңге |
5 870,1 |
7 453,0 |
10 139,5 |
12 849,8 |
16 052,9 |
17 007,6 |
19 303,6 * |
Жинақталған зейнетақы қаражатының ЖІӨ-ге қатынасы, %-бен |
8,2 |
8,7 |
9,0 |
9,4 |
8,8 |
10,9 |
10,8 |
Зейнетақы жарналарының ЖІӨ-ге қатынасы, %-бен |
6,5 |
6,9 |
6,7 |
7,1 |
7,4 |
8,8 |
8,7 |
«Таза» инвестициялық кірістің ЖІӨ-ге қатынасы, %-бен |
2,0 |
2,1 |
2,5 |
2,6 |
1,9 |
2,8 |
2,7 |
Қорлардың жиынтық капиталының ЖІӨ-ге қатынасы, %-бен |
0,1 |
0,2 |
0,2 |
0,2 |
0,3 |
0,4 |
0,4 |
Ескерту: ҚҚА деректері бойынша жасалған, *Қазақстан Республикасы Экономикалық даму жəне сауда министрлігінің болжам деректері |
|||||||
Қазіргі кезде зейнетақы жасы ер және әйел адамдар үшін әр түрлі: ер адамдар үшін 63 жас және әйел адамдар үшін 58 жас. Ресми жүмыс көлемін азайту және зейнетақы заңнамаларына өзгертулер енгізу мақсатында екі жыныс өкілдері үшін де үзақ мерзімді басымдылықта накты зейнетақы жасы 65 жасқа дейін жоғарылатылады. Зейнетақы реформаларын өткізу нәтижесінде зейнетақы шығындарының үлес салмағы біртіндеп төмендеуде, өз кезегінде табыс өсуде, сонымен қатар әлеуметтік сақтандыру бюджетінде қаржылық ресурстардың жинактары қүрылды. Оларды мемлекеттік жинақгаушы зейнетақы жүйесін іске қосу үшін қолдануға болады.
Зейнетақы шығындарының үлес салмағын қысқартуға ең алдымен нақгы зейнетақы жасының жоғарлауы, сондай-ақ әлеуметтік сақгандырылған түлғалар санының өсуі эсер етеді. Зейнетақы жүйесі халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне өте белсенді қатысуын, өз табыстарының толық декларациялануын, сондай-ақ өзінің еңбек қызметінің үзактығын өсіруді ынталандырады.
Қазіргі таңда ЖЗҚ-ы туралы үнемі ақпаратты алып отыру – қаржылық сауатты шамалы, инвестициялық мәдениетті толық қалыптастырып үлгермеген біздің әрбір тұрғынымыз үшін өте маңызды. Өйткені алпауыт мемлекеттердің аузын айға білеген банктердің өзі күйреп, мемлекеттердің қолына көшіп жатқан жағдайда қаржы институттарының инвестициялық ахуалын жауып ұстаудың соңы неге апарып соқтыратынын да ел көрді [7, 12Б].
