Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап казақша.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177 Кб
Скачать
☆
  1. «Қазір және осы жерде» қағидасындағы қарым – қатынас

Көпшілікке тән мінез, бұл бұрын болған оқиғаның және т.б. жағдайларды ойлау барысынла ортақ пікірмен санаса кету. Бұл жағдайда психологиялық қорғаныш механизмі іске қосылады. Бірақ тренингтің басты мақсаты, топ мүшесінің әрбірі өзін жаңа қырынан танылуы кезінде көруі және тани білуі. Бұл дегеніміз топтағы мүшелердің арасындағы қарқынды байланыс бар екендігіне көз жеткізу.

  1. Өз пікірін жеткізе білу қағидасы. Оның мәні әр тұлғаның өз пікірін жасырудағы, таңдау еркіндігі. Нақтырақ айтсақ «ол негізі...» «біреулер ойлайды» деген ойлардан арылып «мен ойлаймын» «мен есептеймін...» деген жөн.

  2. Сезім қағидаларына жүгіну әдісі. Әр қатысушы өзінің және әріптесінің эмоциясына көңіл бөлуге тиісті. Және қарама – қарсы қатынас жасаған кезде, өзінің және жолдасының күйін ескере білгені жөн. Мысалы: «Сенің сөйлеген сөздерің дөрекі болғандықтан, менің жүйкеме тиіп жатыр» деген сенімді және т.б.

  3. Белсенділік қағидасы. Белсенділік – тренингтегі тәртіптің негізгі нормасы және команданың беріктілігін нығайта түсетін, әр қатысушының қатысуын керек ететін талаптардың бірі.

  4. Қарым – қатынастағы сенім қағидасы. Сенімді қарым – қатынас бұл тапсырманың нәтижесін беруге көп ықпал жасайды. Қолайлы жағдай қалыптастыру үшін жетекші ең лдымен қатысушыларды өздерін еркін ұстауға үйрету керек. Сенімді қарым – қатынас орнату үшін «Ешқашан өтірік айтпау, әрдайым шындықты айту» ережесі сақталады. Алайда медициналық әріптестер арасында бұл ережені сақтанғанда мұқият болу керек. Ол субердиноцияны бұзуы мүмкін.

  5. Жасыру қағидасы. Бұл қағиданың мәні топта болған жасырын жағдайларды оқытылу барысында алған ақпаратты басқа жағдайда жария етпеу.

Сондай-ақ психотерапевттік нормаларға төмендегілер жатады.

  • Эмоциялық шынай болуы жеткізу.

  • өз пікір көзқарасын ашық түрде жеткізу.

  • Басқа мүшелердің де көз қарасымен, пікірімен санасу және оларға төзімділікпен сабырмен қарау.

  • Белсенділік

  • Этикалық нормаларды сақтай білу (дөрекі сөйлемеу, зорлық көрсетпеу т.с.с.)

Соңғы кезекте командада топ мүшелерінің жұмысы тиімді болуы үшін жеке мүдделердің үш жиынтығы сақталуы қажет.

  • өзіңе баға беру

  • айнала мен айналадағы қарым – қатынасқа, ортақ көзқарастарға баға беру;

  • тапсырма мен жұмысқа баға беру;

Команданы білікті маман иелерінеайналдыру процессі команда құрылымы деп аталады. Көптеген топтарға өзін толыққанды нәтижеге қол жеткізу үшін оған көмек керек. Көп жағдайда командаға әсерлі коммуникацияны пайдалану үшін және шешім қабылдау әдістерін меңгеру үшін, ұрыс – керістен аулақ болу үшін бір адамның көмегі қажет. әдетте бұл функцияларды топтың сапасын жақсарту жөніндегі жаттықтырушы жасайды, бірақ көбінесе бұл процесстерді медициналық оқу орнының топ жетекшісі орындайды.

Командадағы жұмыс барысындағы ең маңызды мінездемелер:

  • ойлау барысында командадағы жұмыс әлдеқайда қолайлы себебі көптің пікірі жалғыз адамның пікірінен өнімдірек. Топтағы басқа да мүшелерінен жаңа идеялар туындауы мүмкін.

  • Топтағы көпшіліктің қабылдаған шешімдері, команданың жалғыз мүшесі қабылдаған пікірден дұрысырақ.

Алайда көп командалардың жұмысы нәтижелі бола бермейді. Бұл командалардан нәтижелі жұмыс істейтін топтардың айырмашылығы неде?