- •Адам өмірі басталуының әлеуметтік, құқықтық және этикалық аспекттері. Аборт, стерилизация, жаңа репродуктивті технологиялар.
- •Дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынас ережелері және модельдер.
- •Дәрігер - науқас арақатынасының құралдары.
- •«Қазір және осы жерде» қағидасындағы қарым – қатынас
- •Командадағы жұмыс барысындағы ең маңызды мінездемелер:
- •Жұмыс барысына қатысты:
- •Топтық (командалық) рольдің түрлері.
- •Командада шешім қабылдау әдістері.
- •Медициналық (дәрігер) қателіктер
- •Экспериментальды медицина. Этикалық-құқықтық проблемалары.
- •Медициналық генетика және гендік инженерияның
- •Жаңа заман медицинасы
Экспериментальды медицина. Этикалық-құқықтық проблемалары.
Эксперимент – латын тілінен аударғанда «үлгі, тәжірибе» - деген мағынаны береді. Белгілі бір құбылысты зерттеу мақсатына сәйкес келетін жаңа жағдайлар жасаумен, оларға белсенді ықпал ету арқылы немесе процестің барысын қажетті бағытты өзгерту арқылы зерттеу. Эксперимент адамзаттың тарихи тәжірибесінің бір қыры. Сондықтан болжамдар- теориялардың танымдық көзі, шыныйы өлшемі болып табылады. Теория экспериментпен салыстырғанда танымның салалық жаңа деңгейі болып табылады. Ол ойдың құбылыстар арқылы заңның мәнісін түсінуге, оларды неғұрлым танып білуге жол ашады.
Гигиена ғылымы тәжірибеде сұрақтарының алдында қарыз жағдайында тұр. Су қоймасы суындағы химиялық зат регламентациясы өндірістің жаңа қосылыстарынан артта қалады.Ашық кесте бойынша жоғарыда айтылған эксперимент көп уақыт алады және оны өткізуге қабілетті зертхана саны шектеулі. Нәтижесінде жүздеген және мыңдаған заттар өз нормативтеріне ие бола алмайды және әрі қарай өндірісте қолданыла алмайды. Кейбір жағдайда норматив орнату үшін затты ашық кесте бойынша оқып білу талап етіледі.ПДК-ны негіздеу үшін міндетті ақпарат көлемін қысқа мерзім ішінде алуға болады. Бұл 1974ж. С.Н.Черкинский ұсынған су қоймасы суындағы химиялық затты кезеңді нормалау методмкалық кестесін жасауға көмектеседі. Осы методикаға сәйкес, нормалау 4 кезеңмен жүргізіледі:
1 кезең – нормалаудың қысқартылған кестесі.
Зат туралы барлық ақпарат жиналады және зертханалық жануарларға жедел эксперимент жүргізіледі, ЛД50 және жануардың орташа өлім уақытын анықтау үшін қолданады. ІV класс қауіптілік заты үшін осы кезеңде эксперимент аяқталып рұқсат етілген концентрациясы саналады. Егерде зат аса токсинді болса, онда келесі кезеңдік зерттеуге көшеді.
2 кезең – нормалаудың жеделдетілген кестесі.
Токсикодинамика және токсиндік табалдырығын анықтау үшін жеделдеу тәжірибе жүргізіледі. Егер жедел және жеделдеу тәжірибенің нәтижесі бойынша қосылыстар – токсигенділігі жоғары болса 3 класс қауіптілігіне қарағанда, келесі кезеңге көшеді.
3 кезең – созылмалы эксперимент.
Зертханалық жануарларға 6 ай бойы жасалады.Егер жедел жеделдеу және созылмалы тәжірибе нәтижесі бойынша, қосылыс 2 класс қауіптілікке жатқандығы анықталса эксперимент аяқталады.Егер зат жоғары токсигенді болса, келесі соңғы кезеңге көшеді.
4 кезең – толық ашылған кесте.
Аса қауіпті заттарды нормалау үшін канцерогенді және басқа да алыстатылған эффектіні орнатуда өмір бойы эксперимент жүргізіледі. Кезеңді нормалау ПДК орнату мерзімін 10-20 рет қысқартады, көптеген заттар үшін толық эксперимент жүргізу дәрежесіне ие болмайды.
Кейінгі жылдары су объектілерінде химиялық заттарды этапты нормалау С.Н.Черкинский ұсынған әдіс құрылымы негізінде жаңа ғылыми еңбек аспектілері қатарымен толтырылған, олар өзгеріссіз қалды.Қазіргі уақытта 6 кезеңнен тұратын нормалау кестесі ұсынылған.Ол зат трансформациясының және тұрғындардың денсаулық жағдайын ескере отырып ПДК-ны өңдеу үшін эпидемиологиялық бақылауды зерттеуді қарастырады. Соңғысы су күзет шарасының жоғары эффективтілігі бойынша гигиеналық шараларды бере алады.
Эксперименттік әдістердің негізгі мүмкіншіліктері.
1. Аурудың пайда болу себептері мен себептік байланыстарын тексере алады.
2. Аурудың экперименттік үлгісінде ең алғашқы пайда болу сатысынан бастап соңғы нәтижесіне дейін байқауға болады. Клиникалық пәндердің мұндай мүмкіншілігі жоқ. Науқас адам дәрігерге әбден сырқаттанған соң ғана келеді.
3. Аурудың емделмеген түрін байқап, толық тексеруге болады. Клиникаға науқас адам келісімен оған ем тәсілдерін қолданылады да, көрсетілген мүмкіншілік жоқтың қасы болады. Ал, бұл мүмкіншіліксіз аурудың патогенезін анықтау мүмкін емес.
4. Жаңа ашылған қандайда болмасын ем тәсілдері ең алдымен тек жануарларда тексерістен (эксперименттік терапия) өткеннен кейін ғана клиникаға алынады. Сайып келгенде, патофизиологияның басты мақсаты - аурулардың пайда болу себептерін, даму жолдарын, оларды тиімді емдеудің жолдары мен әдістерін түсінуге жеткізу.
Патофизиологиялық эксперимент үш сатыдан тұрады:
1. Бастапқы, яғни ағзаның немесе организмнің қалыпты қызметін зерттеу;
2. Аурудың экспериметтік үлгісін алу. Оның дамуын зерттеу;
3. Эксперименттік емдеу. Соңғысы арқылы аурудың даму заңдылықтарын түсіну, өзінділік бір тексеру десе де болады.
Эксперимента кездейсоқ жануарларға жасауға болмайды. Жануарлардың түрі, оның жасы, жынысы, орталық нерв жүйесінің түрі, күтім жағдайы (азықтануы, сыртқы температура жағдайлары ж.б.) маңызды. Мәселен, асқазан жарасының даму механизмін зерттеу үшін қоян мүлде жарамсыз жануар болып табылады. Себебі оларда асқазан жарасы өзбетінше жиі кездеседі. Бүл үрдісті егеуқүйрықтар мен иттерде тексерген дүрыс. Анакфилаксия-бәрінен ақ тышқандар мен теңіз тышқандарында жақсы дамиды. Егеуқүйрықтар бұл мақсатта ең қолайсыз жануарлар.
Әрбір эксперименттік зерттеу міндетті түрде бір уақытта салыстырмалы тәжірибелерімен қабаттасуы тиіс. Бақылау тәжірибесі өте таза болуы керек және оған өте жоғары талап қойылуы шарт. Сонда ғана бүл тәжірибенің нәтижелерімен негізгі тәжірибенің нәтижелерін салыстыруға болады.
Кейбір жағдайда практикалық медицинаның талабы жануарларда жасалатын тәжірибелермен шешілмеуі мүмкін. Сондықтан ерекше жағдайларда, аса бір ұқыптылықпен және жоғары жауапкершілікпен, тәжірибе өз еріктерімен келіскен адамдарда өткізілуі мүмкін. Бұл тәжірибелік сынаудың ең жоғары дәрежесі, жаңа шыққан дәрі-дәрмектерді, жаңа медициналық зерттеу қүралдарды жануарларда жан-жақты тексерілген соң клиникада алғашқы қолдану тәжірибенің бір түрі.
Әрбір эксперименттік зерттеу міндетті түрде бір уақытта салыстырмалы тәжірибелерімен қабаттасуы тиіс. Бақылау тәжірибесі өте таза болуы керек және оған өте жоғары талап қойылуы шарт. Сонда ғана бүл тәжірибенің нәтижелерімен негізгі тәжірибенің нәтижелерін салыстыруға болады.
Кейбір жағдайда практикалық медицинаның талабы жануарларда жасалатын тәжірибелермен шешілмеуі мүмкін. Сондықтан ерекше жағдайларда, аса бір ұқыптылықпен және жоғары жауапкершілікпен, тәжірибе өз еріктерімен келіскен адамдарда өткізілуі мүмкін. Бұл тәжірибелік сынаудың ең жоғары дәрежесі, жаңа шыққан дәрі-дәрмектерді, жаңа медициналық зерттеу қүралдарды жануарларда жан-жақты тексерілген соң клиникада алғашқы қолдану тәжірибенің бір түрі.
Бұдан бұрын жүргізілген зерттеулерде мидағы жүйке жасушалары адам анасының құрсағында жатқан кезінде түзіліп қояды және оны өзгерту мүмкін емес деп айтылып келген болатын. Алайда, британдық ғалымдар тышқандарға жүргізген эксперимент барысында гипотоламус нейрондарын түзе алатын жаңа жасушалардың барын анықтады.
Енді Хаджихоссейни алдағы уақытта адамның жүйке жүйесін басқаруға болады дегенді айтып отыр. Ал, осының арқасында ас қорыту ауруларына да төтеп беруге болады дейді ол.
Жақын күндері ғалымдар осы зерттеулерді негізге ала отырып, жаңа дәрі түрін ойлап таппақшы. Оны ішкен адамның ас қорыту процесі ретке келіп, тәбеті тым қатты ашылып кетпейді.
