Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кітап казақша.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177 Кб
Скачать
☆
  1. Жұмыс барысына қатысты:

Қызығушылықты көбірек білдіру. Топ мүшелерінің барлығы ортақ мақсатқа жетуді көздейді және сол мақсатқа қол жеткізу үшін аянбай жұмыс жасай біледі.

Команда жұмысына қатысты жақсы көзқарас. Команда жұмыс істейтін мекеме, топтың жұмысын сыйластықпен қабыл көреді.

Сенімділік ортасы. Команда мүшелері бір – біріне сенеді және бір – біріне сенім артады. Бұл барлық мәселеге қатысты негізгі элемент болып табылады.

Топтағы әр қызметкердің жұмыстағы жетістігін мойындау: Команда әр адамның пікірімен санасады. Ал қателіктер кеткенде ол алдағы күнге сабақ болады.

Жақсы қарым – қатынастар. Бейресми жайлы қарым – қатынас және жолдастық қалып. Топтағы жұмыс оның мүшелеріне қызықты себебі командада ауызбіршілік бар. әр қызметкердің мұқтаждығы мен пікіріне көңіл бөлу. Команда мүшелері әр қызметкерлің көзқарасына құлақ салып, оның ой – пікірін құрметтейлі. Команда өзіне кедергі жасайтын жұмысына шек қоятын ережелерді ұстанбауы керек.

Ұйымға мәселелеріне қатысты сұрақтар

Тапсырмаларды нақты көрсету. Топтағы мүшелердің барлығы қанлай қызмет атқаратынын және алдағы мақсатына жету үшін қаншалықты йжұмыс істеу керек екенін біледі. Командадағы тапсырмалар теңдестірілген және жұмыс тиімділігін арттыру үшін үйлестіріледі. Көбінесе тапсырмалар команда мүшелерінің арасында, әрқайсының ортақ жұмысқа қосар тапсырмаларлы болуы үшін үйлестіріледі.

Уақытты мұқият қадағалау. Жиналстар уақытылы басталып дер кезінде аяқталады. Уақытты ұсақ – түйекке шығындамай тиімді қолдану және тапсырмаларды орынлауға жіберу қажет. Жұмысқа қажет мәліметтер алдын ала дайындалады және ертерек үлестіріледі.

Командалық үзіліске аз уақыт кетіруі керектігін жеткізу. Команда мәселені шешу үшін, және т.б. мәселелерге алаңдамай жұмыс жасауы қажет.

Тіркеулер мен жазбаларды жүргізу. Бұрын соңды қабылданған шешімдерді еске алуға тетірмей, әрдайым тіркеулер қолда болуы қажет. Команда жұмысының ағымдағы бағалары. Топ мүшелерінің өз жұмыстарының бағалануына қызығушылық білдіреді және қиындықтарды шешуге атсалысады.

Командадағы коммуникация. Коммуникация бұл – хабаруламаларды алу және жіберудегі акт. Коммуникацияның мақсаты – ой-пікірлермен аямау (жіберу, қабылдау, талқылау ) және оны түсіну мүмкіндігі. Коммуникациядағы практика маңызды рөльге ие. Жіберілген ақпарат пен қабылданған мәліметтер екі жақтың білім деңгейін, машықтанғандығын көрсетеді. Тығыз қарым – қатынастағы өзін - өзі бағалау әдісінде, әр адамда таңдау және «Мен білмеймін» немесе «Мен түсінбедім» деп айтуға құқығы бар. Оған қоса қателесуге, сол қатемен жұмыс жасауға осы жағдайларда мен білетініме сенімді емеспін бірақ сонымен жұмыс істеп көргім келеді деуге де мүмкіндік бар.

Мұндай көз жеткізу өзін - өзі бағалауды күшейте түседі және қарым – қатынастағы қиындықтардың алдын алады. Хабарлама жіберуші хабарламаны алушыға деген жақсы көзқараста болса, қарым – қатынас тиімділігі арта түседі. Бірақ бұл әрдайым бола бермейді. Сондықтан, нашар көзқарас қалыптасқан әріптестермен қарым – қатынас орнатуда ешқандай қорқыныш жоқ екенін түсіну қажет.

Тыңдау және қабылдау шеберлігі де, хабарлама жеткізу сенімді маңызды.

Тыңдау сөйлеп тұрған адаммен әрекеттестік үдерісі. Бұл үдеріс ой - әрекетін, сөз шеберлігін, бет икемділігі, дауыс ырғағы, ишаратты қажет етеді. Бөлек, дара сөздерді емес бүтін бір ойды тыңдау маңызды.

  • бөгде тірліктерді ысырып қою (телефон қоңырауларына алаңдамау және т.б.)

  • өз эмоцияларыңды бақылау. Жиреніштік, ашу, және т.б. сезімдер тыңдау үдерісіне кедергі жасайды, қарым- қатынасты қиындатады.

  • Команда мүшелерінің өзін - өзі қадірлеуіне қолдау көрсету

  • Тілектес болу

  • өзіңіздің дұрыс түсінгеніңізді, әңгіменің не туралы айтылып жатқандығын тексеру (қосымша түсініктемелер сұрау)

  • Қарым – қатынас жақсарту барысында ұсыныстар қосу.

Тиімді қарым – қатынас орнатуға не кедергі болады?

• мезгілсіз тұжырым мен ертерек баға беру. («Сізге былай істеу керек еді...», «Сіз дұрыс айтпадыңыз...», «Сіздің міндетіңіз бұл емес» деген секілді мезгілсіз тұжырымдар тиімді қатынасты бұзады)

• Кеңес беру секілді жауап қайтару («Сізге былай ... дұрыс болар еді», «Сіз мынаныф ... істеп көрсеңіз қалай болады?», «Менің сізге берер кеңесім...») сұраған жағдайда әңгіме аяқталған соң берілген кеңес дұрысырақ.

• Басқаның білімін, тәжірибесін елемеу («Бұл дұрыс бо лмады, сіздің пікіріңіз қате», «Сіздің орныныңда мен болсам... т.с.с.) Мұндай амалдар, сөйлеп отырған адамның назарын кері аударады.

• Диогнастикалық , психоаналитикалық тәсіл. («Сіздің мәселеңіз мынада...», «Мұның себебі, сіз...» т.б.) Көпшілік адамдар өздерінің мәселесін талдағанын ұната бермейді.

• Сұраққа сұрақ ретінде жауап қайтару немесе жауапты сұрақ ретінде беру. («Неге...», «Кімге...», «Қалай...» және т.б.) Бұл қарапайым сұрақтар, бірақ кей кездерде адамды «тергеуде» отырғандай сезінуге мәжбүрлейді, сол арқылы әсерлі, тиімді қатынасқа бөгет жасайды. Мұндай сұрақтарды қосымша ақпарат үшін қолданған жөн.

• Бұйрық беру, бопсалау ретінде жауап қайтару. («Сіз мұны жасамасаңыз...», «сіз міндеттісіз...» «Тез арада кірісіңіз» және т.б.) әдетте мұндай жауаптар жағымсыз әсер тудырады.

• Дәріскерлік ықпал жасау. «Сіз қала түсінбейсіз, қазір мен сізге түсіндіремін», «Алынған деректер басқа...» және т.б.) Мұндай амалдар сөйлеушіні төмендетеді. Басқа адамдардың да дұрыс шешім қабылдайтынына сену керек.

• Бағалаушылыққа беталыс. «Барлығы жаман емес», «Бұл маңызды емес», «Бұл сізге солай көрінген шығар» және т.б.) Бұл сөздер сөйлеушінің көңіліне нұқсан келтіреді.

Төмендегі жаттығулар тілдесу барысында шешім қабылдауға ой түйуге, іштей ойды қорытындылауға мүмкіндік береді.

І кезең. Тілдесу барысында адам әлдеқайдағы ойларға түседі. Ол іштей сөйлеу кезінде кідіріп, өз сезімдерін, осы кездегі өз әрекетін бақылайды өзінен іштей «Мен не сезіндім?» деген сұрақ береді. Бұл эмоциялардың құбылысы. Осы арқылы өзіне керегін әрдайым алуға болады.

ІІ кезең. Келесі сауал өз- өзіне қойылуы керек: «Бұл сезім менде неден туындады? артынша – «сөйлеушінің айтқанынан ба? әлде сөздің айтылуынан ба? Мүмкін мен бұл сауалмен жұмыс істегісі келмей тұрған шығар?»

ІІІ кезең. Тұлға өзінің қалай жауап беретіндігін шешеді.

Коммуникация үдеріс, өте қиын, сол секілді мәселені шешудегі өзара қатынастағы мәселеде өте маңызды. Ол айқын көзқарасты, білімді, түрлі – тәсілдерді коммуникацияны жақсартудағы ықылас пен ақылды талып етеді. Бұл әрдайым жетілдіруді тоқтаусыз қажет ете алатын үдеріс.

Кері байланыс. Топтың жұмыс істеуді үйрену әдісінің бірі – бұл тәжірибесін сараптау. Егерде өз тәжірибеңді талдап тұрмасаң жұмысты жақсартуға ешқандай шара қолданылмайды. Кері байланыс – бұл қабылдаушыгың жіберушіге жұмыс барысын жақсарту үшін ақпаратты өңдеп жіберудің бір түрі. Кері байланыстың көмегімен команда мүшелері өз жұмыстарының әлсіз және жақсы жақтарын талдайды, ашық түрде өз - өзіне баға береді, сынды жағымды қабылдайды. Бұл процесс топ мүшесінің өзін басқа команда мүшелерінің қабылдағанын сезінгенле ғана мүмкін болады. Мұнсыз жоба нәтижесіз және қауіпті болуы да мүмкін. Жиі кездесетін жағдайларда команда бір тапсырмадан екінші тапсырмаға өздерінің істеген жұмысын талдамай – ақ өтіп кетеді. Командалардың көшбасшылары мұның артық екеніне және кері байланыстың керек еместігіне сенеді, бұған уақытты да жеткізе алмайды сондықтан команда бұл жіберген қателігін қайтадан, бірнеше рет қайталауы мүмкін және бұл команда мүмкіндігін толық жүзеге асыруға кедергі болады.

Кері байланыс нәтижелі болуы үшін және жетістікке жету үшін команда айқын өлшемдер орнатуы керек. Талдау барысы, команда мүшелерінің алға қойған мақсаттарын, жеткен жетістіктерін айқындап алуынан басталады. Олар өз жұмыстарын ең нәтижелі немесе ең нашары деп баға береді.

Келесі маңызды қадам: жұмысты жақсартудың себептерін, ол үшін не істеу керектігін алдағы жоспарын айқындап алуы қажет. өз жұмыстарын талдау барысында, команда келесі сұрақтарға жауап беруге міндетті:

  • Алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткіздік пе?

  • Жетпеген болсақ, неліктен?

  • Сәтсіздікке ұшырауымыздың себебі біз болдық па әлде біздің болмауымыздан тыс нәрсе ме?

  • Жетістіктердің барлық өлшемдеріне қол жеткіздік пе?

  • Барлық табысқа жетудің көздері, алға қойған тапсырмаларға қатысты болды ма, олар қол жетімді болды ма?

  • Олай болмаса, ол неліктен?

  • Қажетті қордың ең азын пайдаланудық па?

  • Қажетті қор тепе – тең жұмсалды ма?

  • Басқа топтардан осындай тапсырманы алып қойып, оны орынлай, бізден жақсы орындай білді ме?

  • Олай болса біздің жұмысымыздың кемшілігі неде?

  • Жұмысты сараптау кезінде біз не байқадық?

  • Алдағы кезде біздің не істеуміз керек?

Кері байланыстың екі түрі бар: жақтаушы жағы және түзету жағы. Жақтаушы жақ кері байланыстың жақсы жағы ретінде қарастырылады. Ал түзетуші түрі жақсы болып саналмайды. Себебі жұмыс барысын тапсырманы ойдағылай орындау үшін өзгертеді. Кері байланыс тек көп нәрсе орындалмай жатқан кезде қажет деген басшының қате пікірінен олар ешқашан жақтаушы жақтағы кері байланысты қолданбайды. Негізінде ол түзетуші байланыстан гөрі маңызды болып анық саналады, себебі жұмыстағы тәртіптің қандай болу керектігін анық көрсетеді. Кері байланыстың түзетуші жағы көбінесе ескерту ретінде, тәртіптің қандай болу керектігін түзету ретінде қолданылады. Ол көбінесе сенімділіктің барысда, жылы ниеттің бар кезінде тепе – теңдік ретінде қабылданады. Жағымсыз жағдайларда команда мүшесі ескерту алған болса ол адам ұялу сезімін сезінеді немесе қорғаныш әрекетін түзеді.

Кері байланыстың жақсы немесе жаман жағын абайлап қолданған жөн. Шамадан тыс дәріптеулер жұмысты орындаудағы жауапкершіліксіздікке, ал сын көзімен қаралған ескерту жанжалға әкеп соқтырады.

Әрқашан есте сақтау қажет, сын айтылғаннан кейін жақсы көзқарастар айтылуы керек, олай болмаған жағдайда команда жұмысын жақсарту үшін ынталана алмайды. Анық сынға алу команданың тәжірибелі мүшесіне кері әсерін тигізуі мүмкін, себебі ол болып жатқан жәйттерге көбірек жауап береді.

Кері байланыс үшін уақыт пен орамды дұрыс таңдаған абзал. Нәтижелі кері байланыс кейінге қалдырылмаған кезінде ғана бола алады. Себебі оны ұзақ күткен сайын ол маңызды жоғалта береді. Байланыс үздіксіз әрі тоқтамайтын процесс болып саналмайды, ол кезекпен болатын жүйелі түрдегі жоспарланған болуы керек. Жақтаушы және түзетуші байланысты кері байланыстың қажеттілігін кезінде қиыстырып отыру қажет. Алғашында қандай байланыс қолданылса да, соңында бәрібір жақсы нәрсе есте қалатынын ескерген пайдалы.

Тұтас алғанда команда – бұл әр түрлі маман иелерінен құралған. әр қайсысының белгілі бір міндеттері бар, ортақ бір мақсатқа жету үшін атсалысып жүрген адамдардан тұратын қауымдастық. әр командада ішкі үйлесімділік болады, бұл дегеніміз әр адамның тұтас топқа қосатын үлесі, әр қатысушының өз рөльдері болады, олар әртүрлі және ауыспалы.

Команда көшбасшысы – көшбасшы қалған мүшелер секілді қызмет атқарады, сонымен қатар ұйымдастыру шараларын орындайды.

  • жиналыстарды даярлау (не туралы, қашан, қайда және т.б.)

  • жиналыстарлы өткізу

  • жұмысты бүтіндей алып бағыттау

  • тапсырмалардың орындалуын қадағалау

  • құжаттарды ұйымдастыру, яғни жазбаларды енгізу

Көшбасшының рөлі командаға қажетті шешімді қабылдау емес, оны қиын мәселелерден алып шығу. Соның өзі шешім қабылдау барысын анықтайды және түсіндіреді. Топтың көшбасшысы міндетті түрде сайланған адам емес, еркін түрде таңдалған немесе сол орынға келген адам болуы да мүмкін.

Команданың әрбір мүшесі

  • жақсы көңіл – күйде болуы керек

  • сенімді әрі адал жан болуы міндетті

  • тәртіпті қатаң сақтануы қажет

  • жұмысқа салауатты түрде жағдай жасайды

  • жұмыстағы кедергілермен күресе білуі керек

  • командадағы жұмыстың күшті жақтарын біледі

  • команда мүшелерін қолдап жүреді және сыйлайды

  • басқа да команда мүшелерінің қабілеттіліктерін қолдана біледі

  • команданың нәтижелі жұмыс істейтіндігіне сенеді.