- •6.Проблемаға негізделген оқытудың кемшіліктері.
- •7.Проблемаға негізделген оқытудың нәтижелеріне жету жолдары.
- •8. Проблемаға негізделген оқытудың нәтижелеріне жету жолдарының этаптары
- •9. Егде жастағы науқаспен қарым-қатынас жасау
- •10.Науқастың туысқандарымен қарым-қаиынас жасау
- •11.Қарым-қатынас негіздері(өзін ұстауы)
- •12.Науқас балалармен қарым қатынас жасау.
- •13.Қарт науқастармен қарым қатынас жасау.
- •14.Науқасқа қайғылы ақпаратты жеткізу
- •15.Анамнез жинаудағы барысындағы науқастармен қарым-қатынас жасау.
- •16.Жүкті әйелдермен қарым-қатынас
- •17. Психологиялық ауытқулары бар науқастармен қарым-қатынас жасау
- •18.Жәндіктер шағу кезіндегі алғашқы көмек
- •19.Жылан шағу кезіндегі алғашқы көмек
- •20. Жарақат түрлері кезіндегі алғашқы көмек
- •21.Сынық түрлері кезіндегі алғашқы көмек
- •23.Күйіктер анықтасы,түрлері
- •24.Күйіктер кезіндегі алғашқы көмек көрсету.
- •25.Үсу анықтамасы,дәрежесі
- •28.Қан кету анықтамасы , түрлері.
- •29. Қан кету кезіндегі алғашқы көмек.
- •31. Қарым-қатынас туралы түсінік.
- •32.Қарым қатынастардың міндеті.
- •33. Қарым – қатынастың мақсаты.
- •34.Деонтология.
- •36.Жәндіктер шағу кезіндегі жергілікті иммунитеттің өзгңрңстер
- •37. Жылан шаққан кезінде жергілікті иммунитеттің өзгерістері.
- •44. Дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынас.
12.Науқас балалармен қарым қатынас жасау.
Балалармен қарым қатынас жасағанда дәрігер олардың спицификалық ерекшеліктерін ескеріп , білуі қажет. Мысалы организмі.психикасы даму үстінде болуы,тұрақталмағаны,әлсіз және нәзік болуы т.б ерекшеліктері, қарым қатынас жасауға шектеу болып кедергілер тудырады. Осыған байланысьты науқастанған балаларды емдеп, қарым қатынас жасаған кезде дәрігер келесі прициптерді қолданып арқа тұтады
балалар жасына байланысты дәрігер қатынасу түрін таңдау қажет болады. Дәрігер сөз байлығын
әртәстік қасиетін және мимика, жест әдістерін кең қолданады.
Психогенді бұзылыстар баларларда жиі дамып, нақтылы және ашық түрде айқындалады. Олардың вегетативтік функциялардың әлсәз болуына байланысты жиі жағдайларда құсуы, диарея ,ентігу жөтелу байқалады.
13.Қарт науқастармен қарым қатынас жасау.
Жастары ұлғайған науқастармен сұхбаттасудың өзіндік ерекшеліктері бар. Үлкен жастағы науқастардың реакциясы, есту, көру қабілеті төмен болуы мүмкін. Олар көбінесе қимылдарын шектейтін, қиындықтар туғызатын созылмалы аурулармен сырқаттанады. Жастарға қарағанда, жасы үлкен науқастар сырқаты туралы аздап қана баяу айтады. Сондықтан мұндай науқастардың сұрақтарына жауап беруге көбірек уақыт бөлген жөн. Қария адамдар ұмытшақ, өкпешіл, маңайындағыларға жоғары талап қоюы, созылмалы дерттерге жиі шалдығуы және ем шаралары нақты нәтиже бермеуі, дәрігердің олармен қарым-қатынас жасауына бірталай қиыншылықтар тудырады. Сондықтан дәрігердің, бұндай адамдармен қатынасып, ем жүргңзген кезіндегі қарым-қатынасы төменде келтірілген принциптерге негізделеді.
І) Дәрігер жасы егде адамдармен құрмет сыйлы қарым-қатынас жасауы керек. Оларға ерекше назар аударып, жағдайына қамқорлық көрсетеді: жатқан төсегі жайлы және ыңғайлы, тамақтануы дұрыс болуы т.б., дәрігер қарамағындағы науқасының әдетіне, ауруханадағы палата жағдайына назар аударып, оны жеңілдетуге тырысуы керек.
ІІ) дәрігер аурулардың әлеуметтік, жанұялық жағдайын да ескере отырып психологиялық проблемаларын шешуге жәрдем беруі керек.
ІІІ) дәрігер аураудың жағдайын, ауру белгілерін мәліметтеген кезде ешқашан оның егде жасымен байланыстырмауы керек. Емдеу жүргізген кезде де, ауру адамға оның қарт болуына байланысты, ем нәтижесіз болатындығын айтпаған жөн, атеросклероз, стенокардия және т.б.
ІV) егде адамдардың ұмытшақ болатындығын ескере отырып, дәрігер оларға ем шараларын, әсіресе дәрі қабылдау ережелерін асықпай тоолық түсіндіреді. Кейбір жағдайда олардын туған туыстарын шақыртып, олар арқылы түсініктеме береді немесе оны жазбаша түрде ұсынады.
V) қарт аурулар өкпешіл, уайымшыл болуына байланысты, дәрігер олармен қарым-қатынас жасағанда ерекше шыдағанда шыдамдылық көрсетіп, төзімді болып, оларды өкпелетіп алмау үшін әр сөзін, іс әрекетін бақылап қадағалып отырады.
14.Науқасқа қайғылы ақпаратты жеткізу
Ең алдымен әңгімелесу орнын таңдап алу керек.
2. Науқастың келісімімен әңгімелесу барысында оның туысқандары, достары қатысуына болады.
3. Науқаспен отырып сөйлескен дұрысырақ болады. Егер науқас жатқан болса, оны отырып сөйлесуін сұрау керек.
4. Әрине, қайғылы ақпаратты жеткізген кімге болса да ауыр тиеді. Сондықтан, дәрігер қайғылы ақпаратты жеткізген кезде ыңғайсызданып қобалжуы мүмкін. Дегенмен, дәрігер өз қимыл-әрекетіне абай болып, оны науқасқа сездірмеуге тырысу керек.
5. Науқасқа дәрігер бар ынтасын бөліп, оның көзіне қарап сөйлесу керек.
6. Қарым-қатынас кезінде медициналық терминді сирек қолданған жөн. Науқасқа қайғылы ақпаратты жеткізер алдында оны ескерткен жөн.
7. Дәрігер әрдайым науқасқа психологиялық, эмоцианальды қолдау көрсету керек.
Науқастың диагнозы толығымен анық болғаннан кейін бірден науқастың ауыратыны жайлы оның отбасына жеткізу керек. Науқастың отбасын алдын-ала дайындау керек. Қайғылы ақпаратты телефон арқылы жеткізуге болмайды. Отбасы мүшелері сырқат жайлы толық білгілері келуі мүмкін, сол кезде шындықты жасырмай барлығын толығымен айту керек.
Дәрігер сөйлесер алдында ешкім кедергі жасамайтындай бөлме таңдауы керек және сөйлесер барысында телефонды сөндіріп қойған жөн. Науқастың отбасы мүшелері қайғылы ақпаратты естіген кезде қызушылық мінез көрсетуі мүмкін. Сондықтан дәрігер өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Бөлменің есігін ашық қалдырған жөн және бөлмеде дәрігердің әріптестерінің болғаны жөн. Әңгімелесу барысында науқастың отбасы мүшелерін аты-жөнімен атаған дұрыс болады.Ақпаратты жеткізген кезде медициналық терминдерді сирек қолданып, қарапайым сөздерді қолдннуға тырысу керек. Өйткені науқастың отбасы мүшелеріне медициналық терминдер түсініксіз болуы мүмкін. Бар ақпаратты жасырмай шындықты айту керек. Қайғылы ақпаратты жеткізіп отырған адамның көзіне қарап сөйлеу керек және тек қана бір адаммен сөйлеспей жанында отырған басқа да адамдармен қарым-қатынаста болу керек. Дәрігер әңгімені отырып жүргізу керек. Дәрігер қарым-қатынаста отырған адамның вербальді емес тактикасына көңіл бөліп, оны өз үлесіне пайдалануына болады. Сөйлесу барысында науқастың отбасына қолдау көрсетіп иығынан ұстауға болады. Егер науқастың туысқандарынан агрессия пайда болатын болса оны дәрігер байыппен қабылдауға тырысу керек. Кейбір кезде науқастың отбасы мүшелері жағдайды мүлдем түсінбейтіндей жағдайда болады. Ол кезде дәрігер әңгімені бірден үзіп, кейінге қалдыру керек.
Қайғылы ақпаратты жеткізгеннен кейін дәрігер бірден науқастың отбасы мүшелерін жалғыз тастап кетпеуі керек. Жанында біраз отырып қолдау көрсетуі тиіс. Туысқандарының жанында отырған кезде міндетті түрде сөйлеудің қажеті жоқ. Жанында отырғанның да өзі жеткілікті. Науқастың отбасы мүшелеріне сіз қолдау көрсете аласыз, бірақ оны өз жүрегінізге жақын қабылдамауға тырысыңыз. Егер науқастың отбасы мүшелері жылап отырса, оған жеңілдеуіне мүмкіндік беріңіз, оны мұқият тыңдап сөзін бөлмеңіз. Дәрігер өзінің қобалжып тұрғанын көрсетпеуге тырысу керек. Өйткені ол науқастың отбасына кері әсер етуі мүмкін.
