- •6.Проблемаға негізделген оқытудың кемшіліктері.
- •7.Проблемаға негізделген оқытудың нәтижелеріне жету жолдары.
- •8. Проблемаға негізделген оқытудың нәтижелеріне жету жолдарының этаптары
- •9. Егде жастағы науқаспен қарым-қатынас жасау
- •10.Науқастың туысқандарымен қарым-қаиынас жасау
- •11.Қарым-қатынас негіздері(өзін ұстауы)
- •12.Науқас балалармен қарым қатынас жасау.
- •13.Қарт науқастармен қарым қатынас жасау.
- •14.Науқасқа қайғылы ақпаратты жеткізу
- •15.Анамнез жинаудағы барысындағы науқастармен қарым-қатынас жасау.
- •16.Жүкті әйелдермен қарым-қатынас
- •17. Психологиялық ауытқулары бар науқастармен қарым-қатынас жасау
- •18.Жәндіктер шағу кезіндегі алғашқы көмек
- •19.Жылан шағу кезіндегі алғашқы көмек
- •20. Жарақат түрлері кезіндегі алғашқы көмек
- •21.Сынық түрлері кезіндегі алғашқы көмек
- •23.Күйіктер анықтасы,түрлері
- •24.Күйіктер кезіндегі алғашқы көмек көрсету.
- •25.Үсу анықтамасы,дәрежесі
- •28.Қан кету анықтамасы , түрлері.
- •29. Қан кету кезіндегі алғашқы көмек.
- •31. Қарым-қатынас туралы түсінік.
- •32.Қарым қатынастардың міндеті.
- •33. Қарым – қатынастың мақсаты.
- •34.Деонтология.
- •36.Жәндіктер шағу кезіндегі жергілікті иммунитеттің өзгңрңстер
- •37. Жылан шаққан кезінде жергілікті иммунитеттің өзгерістері.
- •44. Дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынас.
25.Үсу анықтамасы,дәрежесі
Үсу — суықтың әсерінен денедегі тіндердің зақымдануы. Үсу ауа райының аязды күні ғана емес, сондай-ақ температура нөлге жуық кезде де (ылғалдылық жоғары болып, күн ұзақ уақыт суытқанда) болуы мүмкін. Үсуге суық жел, ауаның ылғалдылығы, су болған әрі тар киім, аяқ киім, қолғап немесе мастық, организмнің жалпы әлсіздігі әсер етеді. Үсікке көбінесе саусақ, башпайлар, мұрын, құлақ шалдығады. Үсік шалу кезінде мүшеде болып жатқан өзгерістер ауырлығы мен тереңдігі бойынша 4 дәрежеге бөлінеді.
1-ші дәрежеде тері ағарып, сезгіштігін жоғалтады, бұдан кейін ісініп қызарады. Оның үстінгі жағы қотырланады аяқ-қол мұздайды, негізгі тамырлардың соғуы әлсірейді, зақымданған ұлпалар домбығады, жалпы сырқаттың жағдайы қанағаттандырлық. Бұл құбылыстар 5-6 күннен кейін жоғалады.
2-ші дәрежеде терінің қыртыс қабатының астына сары су жиналып, тіндер ісінеді. Бұл өзгерістердің беті қайтып, терінің қалпына келуіне 2-3 ай мерзім кетеді. Егер сары суға микробтар еніп кетсе, ол жер іріңдеп, бұкіл ағзаны уландыруы мүмкін. Мүндайда дене қызуы күрт жоғарлайды, тәбеттің жоғалуы мен ұйқы басу сияқты жалпы құбылыстар байқалады.
3-ші дәрежеде тері және оның астында орналасқан жұмсақ тіндер жансызданады. Ұлпалар мүлдем ештене сезбейді, ұстағанда қап-қатты болады, сырқат қатты мазаланады, қалтырайды, есінен айырылады. Дер кезінде көмек көрсетілмесе, аталмы тіндер өліеттеніп асқына түседі.
4-ші дәрежеде жұмсақ тіндер мен сүйектер тіршілігін жояды, гангренаға шалдығады. Өлген тіндер құрғақ болса, сырқаттың жалпы жағдайы өзгермейді, ал дымқылданып, суланып кетсе, қан аралас сары су жиналып, ісініп, домбығады. Ағза уланып, дене қызуы көтеріледі. Науқас адамның басы ауырып, ұйқысы қашады, микробтар түссе – сепсиске ұласуы мүмкін.
26.Үсу кезіндегі Алғашқы медициналық көмек кезінде зардап шегушіні, әсіресе дененің үсінген бөлігін жедел жылыту болып табылады. Үсік шалған адамды мүмкіндігінше тезірек жылы жайға апару қажет. Ең алдымен дененің үсіген жерлерін жылытып, ондағы қан айналымын қалпына келтіру қажет.Дененің үсіген жерлерін спиртпен шайып, таза қолмен ысқылайды, кейде мұны ұзақ уақыт жасауға тура келеді. Ысқылауды дененің үсіген бөлшегінде сезімталдық, қызару және жылыну пайда болған кезде тоқтатады. Дененің үсіген бөлігін қармен ысқылау қазіргі уақытта теориялық тұрғыдан негізсіз және практикалық тұрғыдан - қауіпті ретінде теріске шығарылады, өйткені суықты күшейтеді, алмұздақ теріні жаралап, үсінген бөлікті асқындырады.Жылытуды жылы ваннаның көмегімен жүргізуге болады. Судың температурасын 20-30 минуттың ішінде 20-40 градусқа дейін біртіндеп арттырған жөн. Ваннадан кейін ысқылау жүргізіп, зақымданған жерді сүртіп, таза таңғышпен орап, жылы ұстаған дұрыс.Сырқатқа жылы шай, кофе, сүт, жүрек тамыр дәрілерін (корвалол, кордиамин, кофеин) береді. Қан айналымын жақсарту шаралары, буындардың қозғалысы бақыланады. Үльтракүлгін сәуле және т. б. физиотерапиялық емдер қолданылады. Науқасқа ауруды сездірмеу үшін промедол, омнопон дәрілер беріледі, сіреспеге қарсы егіледі.Үсікті емдеу кезіндегі негізгі міндет, ылғалды гангренаның дамуын ескерту болып табылады, ал ол пайда болған кезде ылғалды гангренаның құрғақ гангренаға ауысуы үшін барлық шараны жасау қажет.
27.Электр жарақаты кедіндегі алғашқы көмек..
Электр жарақаттанушыға алғашқы медициналық көмек көрсеткен кездегі басты шаралардың бірі – зардап шегушіні тез арада тоқтан ажырату. Бұл шараны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, өте мұқият жасаған жөн.Бұған бүкіл тізбектен тоқты ажырату, рубильникті, қосқышты, тығынды ажырату, өткізгіштерді кесу, зардап шегушінің денесінен электр сымын құрғақ таяқпен алып тастау керек.Ажыратылмаған өткізгіштерді жатқан кезде жалаңаш қолмен ажырату өте қауіпті. Зардап шегушіні өткізкіштен босатып, қауіпсіз жерге апарғаннан кейін оны мұқият тексерген қажет.Электрлік күйік кезінде зардап шегушіні таза таңғышпен орайды. Жеңіл және орташа кезеңде (талықсу, естен уақытша айырылу, бастың айналуы мен ауыруы және жүректің шаншуы), алғашқы медициналық көмек оқиға болған жерде жедел және үздіксіз көрсетілуге тиіс, ал адам клиникалық өлім жағдайында болса оған «ауызға-ауыз» және «мұрынға-ауыз» әдісімен жасанды демалдыру мен жүреке жанама массаж жасау қажет.Өз уақытында ауруханаға жеткізу. Найзағай соққан адамды жерге көмуге мүлдем тыйым салынады.
