Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПНО шпор.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
46 Кб
Скачать
☆

23.Күйіктер анықтасы,түрлері

Күйік деп- ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар, электр тогы немесе электромагниттік радиацияның әсерімен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті айтады. 50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады

Күйік жоғары температураның (термиялық күйік), химиялық заттың (химиялық күйік), рентген сәулесінің немесе ядролық бомба жарылған кездегі жарық сәулесінің (сәулелік күйік) әсерінен терінің зақымдануы. Термиялық күйік – денеге жалын, қайнаған су, жанып тұрған және ыстық сұйықтық пен газ, қызған және балқыған металдар, напалмдардың тікелей әсерінен пайда болады. Зақымданудың ауырлығы әсер еткен температураның жоғарылығына, әсер етудің ұзақтығына, зақымданудың көлемі мен жайылуына байланысты. Қатты күйіктер әсіресе жалын мен қысымда тұрған будың әсерінен пайда болады. Аяқ-қол , көз, дененің басқа мүшелеріне қарағанда күйікке жиі ұшырайды. Химиялық күйік – денеге жинақталған қышқылдардың (тұз, күкірт, азот, карбол) және сілтілердің (күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий, мүсәтір спирті, сөндірілмеген әк), фосфордың және ауыр металдардың кейбір тұздарының (хлорлы мырыш) әсерінен пайда болады. Зақымдалудың ауырлығы мен тереңдігі химиялық заттың түрі мен жинақталуына, әсер ету созымдылығына, қай жер екендігіне байланысты. Химиялық заттардың әсеріне кілегейлі қабықша, тері жамылғысы мен мойын төтеп бере алмайды. Ал табан мен алақан мейлінше төзімдірек. Сәулелік күю – ядролық жарылыстың жарық сәулесінен рентген мен күн сәулесінен пайда болады, сәулелік күйіктің сырттай алғашқы белгілері зақымдау дәрежесіне сәйкес келмейді. Зақымдау дәрежесі біршама кейінірек анықталады.

24.Күйіктер кезіндегі алғашқы көмек көрсету.

Мұз салынған пакеттерді тікелей күйген жерге қоюға болмайды, өйткені бұл терінің одан бетер өлуіне әкеліп соғады. Күйген жерді абайлап кемінде 15 минут салқындату керек.Салқынды күйіктің алғашқы минутында жергілікті қолдану күйіктің тереңдігін азайтуға мүмкіндік береді. Дененің күйген бөлігіне қолмен тиісуге, денеге жабысқан киім қалдықтарын жұлып алуға болмайды (олардың жиектерін абайлап қайшымен қиюға болады). Дененің күйген бөлігіне зарарсыздандырған дәке басып , зардап шегушіге көбірек сұйықтық ішкізу қажет, оны жылы орап, жедел ауруханаға жеткізу қажет.

 Күйік кезінде мыналарға тиым салынады:

 - күлбіреулерді жаруға ( өйткені бұл жарақаттың инфекциялануына алып келуі мүмкін)

 - жақпа майларды қолдануға болмайды( өйткені олар жарақаттану көлемі мен тереңдігін үлкейтеді және микробтардың өсіп өнуіне қолайлы орта болып табылады);

 - бояғыш заттарды (марганцовканың сулы ерітіндісі, метиленді көк) пайдалануға; өйткені олар дәрігер қараған кезде күю тереңдігін анықтауда қиындық туғызады ;

 - сондай-ақ күю тереңдігін анықтауда қиындық туғызатын йод, бриллиант көгі спирттік ерітіндісін қолдануға;

 - жарақатқа ұнтақ (сода,крахмал), сондай-ақ сабын, шикі жұмыртқа тигізуге; өйткені олар күйген жерде қиын түсетін қабық пайда болуына және микроорганизмдердің өсіп өнуіне қолайлы орта болып табылады.

 Егер мүмкіндік болса күйік алған зардап шегушіге тыныштандыратын және ауырсынуды басатын дәрі беру қажет.