Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология сессия (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112 Кб
Скачать
☆

2. Биоценоздың түрдік құрылымы

Орта жағдайына байланысты түрлер көп те, аз да болуы мүмкін (тропикалық орман мен арктика).

Кейбір биоценозда доминанттар бар, мысалы қарағайлы орманда доминант қарағай, ал предоминаттар – тиіндер. Доминаттар тіршілікортасын құраушы, ол жойылса көптеген түрлер де жойылып кетеді.

3. Атмосфераның ластануының салдары

Жанармайдың барлық түрін қолдану себебінен ХІХ ғасырдан бастап атмосфераның тездетіп ластануы басталады. Ауа мұхиты өте үлкен болып көрінгенмен, жыл сайын шығарылып жатқан ластаушы заттардың әсерінен олардың жиналуы болып жатыр. Жер бетінде ластану концентрациясы әр алуан, мысалы кейбір мегаполистерде ластану барлық шекарадан шығып кеткен. Ал кейбір ластаушы заттардың аз ғана концентрациясының өзі қоршаған ортаға өте қауіпті.

Ауаның түтінденуі қаланың микроклиматын нашарлатады: тұман жиі түседу, атмосфераның өткізгіштігі төмендейді, жарық өтуі азаяды.

Ауаның ластануы адам денсаулығына ғана әсер етіп қоймай, экономикалық зиян да келтіреді. Қоршаған ортаны қорғау Агенттігінің бағалауы бойынша, АҚШта ауаның ластануынан болатын адам, жан-жануарлардың ауруы мен өлімдерден экономикалық жоғалтулар жылына 6 млрд. долл. Құрайды екен. Газдалынған, шаңдалынған ауа қала үйлерінің пайдалану уақытын азайтады: олары қалпына келтіру үшін жылына миллиондаған доллар қажет.

Қышқыл жаңбырлар. «Қышқыл жаңбыр» терминін ағылшын физигі А. Смит осыдан 100 жыл бұрын енгізген. Соңғы 10-15 жылда қышқыл жаңбырдың залалынан экологиялық жағдай нашарлап кетті. Кез келген отын түрін жаққан кезде шығатын газ құрамында әрқашан күкірт тотығы мен азот болады. Отын түріне байланысты ол көп не аз мөлшерде болуы мүмкін. Миллиондаған тонна күкірт тотығы атосераға шығып, қышқыл жаңбыр түрінде жерге түседі.

Билет №16

1. Биоценоздың кеңістіктік құрылымы.

Ол негізінен өсімдік қабатымен анақталады (жер атсы, жер беті, биікте). Жер астында бактериалар, жәндіктер және құрттар тіршілік етеді. Жер бетінде жәндіктер, аңдар, көптеген микроағзалар және т.б. тіршілік етеді. Биікте құстар және ұшуға қабілеті бар жәндіктер тіршілік етеді. Биоценоздық экологиялық құрылымы микроқұрылымға жатады.

2. Акклиматизация дегеніміз не?

Акклиматизация – ауа райының өзгерулеріне ағзаның белгілі бір уақыт аралығында бейімделуі. Ағзалардың ортаның жайсыз шарттарына бейімделуі сол ортаның экологиялық факторларына тәуелді. Экологиялық факорлар мына түрде білінеді: қоздырғыштың (физиологиялық және биохимиялық функциялардың бейімделушілікке қарай өзгерістерін тудырады.); шектеушілік (берілген шарт жағдайында тіршіліктің мүмкін еместігін айқындйды.); модификаторлық (ағзалардың анатомиялық және морфологиялық өзгеруін тудырады); белгі беру (ортаның басқа да факторлардың өзгеріске ұшырай бастағаны жайлы сезімтал органдары арқылы хабарланады).

Ағзалар бейімделу жолында осындай оратның қолайсыз шарттарынан құтылудың үш жолын таңдап алған. Олар: белсенді жол, белсенсіз жол, ортаның қолайсыз жағдайынан қашу жолы.

Белсенді жол – ортаның қолайсыздығына қарамастан ағзалар тіршілігін жалғастыра береді, себебі бұл жол олардың бойындағы қарсыықты күшейтеді, бейімделу процессін дамытады.

Белсенсіз (пассивті) жол – бұл ағзалардың тіршілік функцияларының қоршаған орта өзгерісіне бағынуы. Орта жағдайы күрт қолайсызданғанда ағзалардың кейбір түрлері өз тіршілігін белсенділігін едәуір азайтып, «жасырын тіршілік» деп аталатын күйге өшеді.

Ортаның қолайсыз жағдайынан қашу жолы – орта факторлары жйсыз жағдайға ауыса бастағанда ағзалардың кейбір түрлері тіршілік ету ортасын ауыстырады, яғни миграция басталады.