Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология сессия (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112 Кб
Скачать
☆

3. Қышқыл жаңбырлар

«Қышқыл жаңбыр» терминін ағылшын физигі А. Смит осыдан 100 жыл бұрын енгізген. Соңғы 10-15 жылда қышқыл жаңбырдың залалынан экологиялық жағдай нашарлап кетті. Кез келген отын түрін жаққан кезде шығатын газ құрамында әрқашан күкірт тотығы мен азот болады. Отын түріне байланысты ол көп не аз мөлшерде болуы мүмкін. Миллиондаған тонна күкірт тотығы атосераға шығып, қышқыл жаңбыр түрінде жерге түседі.

Билет №17

1. Биоценоз, биотоп дегеніміз не?

Өзара байланысқан және бірдей жайдайда тіршлік ететін өсімдіктердің, жануарлардың, жәндіктердің ұйымдасқан тобы биоценоз деп аталады (биоценоз – ортақ өмір). Биоценоз ағзадан да жоғары сатыда орналасқан тіршілік етудің ұйымдық түрі. Ал ортақ тіршілік ортасы уақыт пен кеңістікте фауна мен флорасын өзгертпей, жануарларың белгілі бір топтарымен сипатталады. Биоценоз мыналардан құралады: фитоценоз (өсімдіктер), зооценоз (жануарлар), микробоценоз (микроағзалар). Бұл биоценоздың дәл бір шекарасы жоқ, олар кеңістікте бір біріне үзіліссіз өтіп те кетеді.

Жалпылай біртекті жағдайларымен сипатталатын биоценоз биотоп деп аталады. Биоценоз бен биотоп бір-бірімен ажырамас ұғымдар. Оның үш принципі бар. Олар: әртүрлілік принципі, жағдайлардың ауытқу принципі, ортаның жайлап өзгеру принципі.

Биоценоз бен биотоп қосыла отырып биогеоценозды құрайды.

2. Ластанулардың нормалау негіздері

Професор В.А. Рязанов 1949 жылы атмосфералық ластанудың негізі шарттарын анықтады:

  1. кез келген заттың шектік концентрациясы болып адам денсаулығына тура немесе жанаа әсер етпейтін, жұмыс істеу қабілетін азайтпайтын, көңіл күйіне әсер етпейтін мәні алынады;

  2. зиянды затқа әдеттену дұрыс емес деп. Табылуы керек және бұл концентрація қалыпты жағдайдан жоғары деп. Алынады;

  3. өсімдіктерге, жергілікті климатқа, атмосфера мөлдірлігіне және халықтың тұрмыстық жағдайына жайсыздық тудыратын зиянды заттар концентрациялары сырттан асқан деп. Табылуы керек.

Ауаны ластайтын әрбір зиянды затқа екі норматив қолданылады: бір лік реттегі әне орташа тәуліктік. Бір лік реттегі ШРК адам сезімталдығымен анықтала алады.

Қазіргі кезде ауа бір ден бірнеше зиянды заттармен ластанады. Сондықтан атмосфера ластануының бірлескен әсерін зерттеу керек.

Өнеркәсіп орындарының құрылысын жоспарлағанда және салғанда ауаның ластанғанын ескеру керек. Атмосфераның төменгі қабаты ретінде 2 м биіктікті алу керек, себебі ол адамның бойы. Әсер ету бойынша латаушы заттар торт топқа бөлінеді: 1 – төтенше қауіпті; 2 – жоғары қауіпті; 3 – қауіпті; 4- қауіптігі аз.

3. Қалдықтар мәселесі

Өнеркәсіп орындарының өалдықтарымен қатар муниципалдық қалдықтарда көп мөлшерде шығарылуда. Қалдықтар қауіпті, уландырғыш, радиоактивті және аралас болып бөлінеді. Қалдықтар мәселесінің шешілу жолдары – қалдықсыз өндіріс санын арттыру, қалдықтарды өңдеуші заудтарды көптеп салу, қалдықтар полигондарын жабдықтау, өалдықты аз шығарушы текхнологияларды қолдану.

Билет №18

1. Биогеоценоз және оның құрама бөліктері

2. Бейімделу (адаптация) дегеніміз не?

Бейімделу (адаптация) дегеніміз эволюция процесінде ағзалардың өмір сүру ортасының өзгеруіне бейімделу қабілетін дамыта алуы және әртүрлі жолдарын таңдай алуы. Бейімделу процестерін дамытатын негізгі факторларға тұқым қуалаушылық, өзгерушілік, табиғи (немесе жасанды) талдау жатады. Мысалы, пингвиндер балықты аулау үшін тез жүзеге бейімделе отырып, қанатының қысқаруынан ұшу қабілетінен айырылған.