- •1. Экологияның даму кезеңдері.
- •2. В.И. Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары.
- •3. Популяция:тусінігі,анықтама
- •3. Тұрақты даму мақсатында қоршаған ортаны басқару жүйесін жетілдіру жолдары.
- •2. Планетадағы зат айналымдарына анықтама бер.
- •3. Жер асты сулары
- •Экологияның негізгі заңдары
- •2.Су ресурстары
- •2. Тұрақты даму тұрғысынан Қазақстанның дамуын бағалау
- •3. Жер асты сулары ---2 билет.
- •3. Мұхиттар мен теңіздер мәселелері
- •1. Экология ғылымына анықтама беріңіз. Бұл терминнің авторы кім?
- •2. Таусылмайтын табиғи қорлар
- •3. Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялық мәселелері.(56)
- •2. Таусылатын табиғи қорлар
- •3. Таза су мәселесі
- •1. Аутоэкология (Тұқым экологиясы) дегеніміз не?
- •2. Табиғатты қолдану
- •3.Таза ауа денсаулық кезеңі
- •3. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық мәселелері
- •1. Таусылатын табиғи қорлар
- •1. Демэкология (Популяция экологиясы) дегеніміз не?
- •2. Табиғатты тиімсіз пайдалану
- •3. Ауылшаруашылығы мен ормандар мәселелері
- •1. «Биосфера (экосистема)» және «ноосфера» терминдеріне анықтама(ноосфераны қарау керек)
- •2. Табиғатты тиімді пайдалану
- •3. Энергетика мәселесі
- •1. Биосфераның жалпы сипаттамасы
- •2.Жер асты сулары----2билет
- •2. Биотоптың әртүрлілік , жағдайлардың ауытқу, ортаның жайлап өзгеру принциптері
- •3. Табиғи қорларды пайдаланудың мәселелері
- •1. Биосфераның жалпы құрылымы
- •2.Популияция туралы түсінік.----1 билет
- •Тұрақты дамуға көшу кезеңдері
- •3. Топырақтың адамзат үшін маңызы
- •Биогеоценоз дегеніміз не? (толықтыру)
- •2. Популяция ішіндегі түрлердің бірге тіршілік ету шарттары
- •3.Биосферадағы тірі заттар функция
- •Тотығу-тотықсыздану қызметі
- •Биохимиялық қызметі
- •3. Антропогендік фактор
- •1. Атмосфераға анықтама бер
- •3. Ішкі суларды ластаушы көздер
- •1. Гидросфераға анықтама бер
- •2. Ортаның қолайсыз жағдайынан қашу жолына анықтама бер.
- •3. Ластанған суды тазарту әдістері
- •1. Литосфераға анықтама бер
- •2. Белсенсіз (пассивті) жол дегеніміз не?
- •3. Атмосфераның өнеркәсіптен ластануы
- •1. Белсенді жол дегеніміз не?
- •2. Биоценоздың түрдік құрылымы
- •3. Атмосфераның ластануының салдары
- •1. Биоценоздың кеңістік құрылымы.
- •2. Биосфера дегеніміз не?
- •3. Жер асты сулар
- •1. Биоценоздың кеңістіктік құрылымы.
- •2. Акклиматизация дегеніміз не?
- •3. Қышқыл жаңбырлар
- •1. Биоценоз, биотоп дегеніміз не?
- •2. Ластанулардың нормалау негіздері
- •3.Жерді қорғау
- •3. Шаңұстаушы жүйелер
- •1. Биоценоздағы ағзалардың қарым қатынасы
- •2. Шелфордтың толеранттылық заңы (1913 ж.) (немесе максимум заңы)
- •3.Популияция түсінігі....2 билет
- •3. Құрғақ шаң ұстаушы жүйелер (23)
- •2. Ю. Либихтің минимум заңы (1840 ж.)
- •3. Экожүйе дегеніміз не?
- •1.Биосфераның шығуы мен дамуы ----4билет
- •1. Қауымдастықтар экологиясы – синэкология (биогеоценология) дегеніміз не?(закончить)
- •2. Тіршіліктің құрылымы
- •3. Табиғатты қорғау және тұрақты даму
- •1. Тұрақты даму концепциясы
- •2. Экологиялық факторлар
- •3. Экологиялық пирамида
- •1)Атмосфераның газ құрамы
- •Табиғи ресурстардың классификациясы
- •2. Биосфераның пайда болуы
- •3.Жер асты сулары ----2 билет
- •3. Тұрақты даму принциптері
- •1.Абиотикалық фактор
- •Синэкология (Бірлестіктер) экологиясы және экология салалары
- •Атмосфералық ауада шығарымдардың таралуы
- •3. Тұрақты дамуға көшу өлшемдеріне талдау және болжам жасау
- •Экологиялық факторлар
- •3.Биосфераның дамуы мен шығуы....4билет
- •Шығарымдар көздерінің классификациясы және шекті рұқсат етілген шығарындыларды есептеу
- •1) Табиғат ресурстары және оның маңызы
- •Бәсекелестік қарым-қатынас заңдары
- •2. Тұрақты дамудың алғы шарттары
- •3. Атмосфералық ауаның қазіргі экологиялық жағдайы
- •2. Адаптация
- •1. Экологияның заңдары
2. Популяция ішіндегі түрлердің бірге тіршілік ету шарттары
Популяция ішіндегі түрлердің бірге тіршілік ету шарттары әр алуан. Соларды қарастырайық.
Жалғыз тіршілік ету көптеген ағзаларға тән. Мысалы, көбею кезеңінен басқа уақытта кірпілер, шортандар және жайындар жалғыз, жеке дара тіршілік жасайжы.
Топтанып тіршілік ету ағзаларда көптеген шартты белгілер қалыптастырады. Мысалы, қасқырларға топтанып қорек табу жеңіл, сондықтан олар өз тобының басшысын қабылдайды да, соның әрекетіне бағынады. Жылқылар да үйірімен бақпай ақ тіршілік ете алады, жыртқыштардан қорғанады және де үйір бастаушы жылқыға бағынады. Ғни топтық эффектісі қалыптасады. Тағы да бір мысал: егер де қойды өз отарынан бөліп алса, оның жүре қағысы мен тыныс алуы жиілеп, оны үрей билейді. Ал егер сол қойды қайтадан отарына, яғни өзіне ұқсастарға қосып жіберсе, ол жайбарақат қалыпқа түседі, бәрі қалпына келеді. Тіпті кейбір жануарлар мен жыртқыштар тобынан бөліа алса, көбею қабілетінен де айырылады. Осы мысалдардан топтық эффектіні айқын бақылауға болады.
Жанұялық тіршілік ету , бұл жағдайда ұрпақтар мен ата-ана арасындағы байланыс күшейе түседі. Мұның айғағы ұрғашы мен еркегінің жұмыртқа басуы не күшіктерін сыртқы жағымсыз әсерлерден қорғап, бағуы. Мысалы, құстар балапаны қанаттанып ұшып кеткенше бағып қорғайды, тастап кетпейді. Жанұялық тіршілік ету кезінде жұптар өз территориясын белгілейді және оны қызғанышпен қорғайды.
3.Биосферадағы тірі заттар функция
«Тірі заттар» терминін әдебиеттерге В. И. Вернадский енгізген. Ол бұл терминді масса, энергия және химиялық құрам арқылы көрінетін барлық тірі ағзалардың жиынтығы деп түсіндіреді.
«Косный» заттарға өлі табиғаттың заттары жатады. (Мысалы: минералдар жатады). Табиғатта сонымен бірге, «Биокосный» заттар кең таралған.
«Тірі заттар»-биосфераның негізі, бірақ аз ғана бөлімін құрайды. Тірі заттардың ең жоғарғы орта өзгерткіш іс әрекетіне байланысты, негізгі ерекшеліктеріне келесілер жатады:
1.Барлық еркін кеңістікті тез меңгеру қабілеттілігі. Берілген қасиет бойынша В. И. Вернадский келесідей қортындыға келді, яғни белгілі геологиялық кезеңдер үшін тірі заттардың саны тұрақты болды.
2.Қозғалыстың белсенділігі.
3.Тіршілік кезіндегі тұрақтылық және өлгеннен кейін тез арада ыдырау.
4.Әртүрлі жағдайларға жоғарғы бейімделушілік қабілеттілігі (адаптация).
5.Реакция жүруінің ең жоғарғы жылдамдығы.
6.Тірі заттардың жаңаруының жоғарғы жылдамдығы.
Орташа жанару биосфера үшін-8 жыл.
Құрлық үшін-14 жыл.
Мұхит үшін-33 күн.
Тірі заттардың орта өзгерткіш қызметтері:
1) Энергетикалық: екі биогеохимиялық принциптен тұрады.
1-принцип: биосферада геохимиялық биогендік энергияны көп мөлшерде жұмсау.
2-принцип: өз тіршілігінде геохимиялық энергияны көбейте алатын ағзалар эволюция процесінде тіршілігін сақтап қалады.
2) Газдық: белгілі мекен ету ортаның ауа құрамын атмосферасын өзгерту мен тұрақы ұстау қабілеттілігі.
3) Тотығу-тотықсыздану функциясы: тірі заттардың ықпалынан ортаны О2байытуға байланысты тотығу процесі, сондай-ақ, О2 жетіспеген кезде органикалық заттардың ыдырауына байланысты жүретін тотықсыздану процесі.
4) Концентрациялық- шашыранды химиялық элементтерді өз денесінде ағзаның шоғырландыру қабілеттілігі.
5) Деструктивтік-органикалық заттар қалдығы мен «косный» заттардың ағзалармен және олардың тіршілік әрекетінің өнімдерімен құлдырату немесе бұзылуы (деструкторларға-саңырауқұлақтар мен бактериялар жатады).
6) Транспорттық –ағзаның белсенді қозғалыс формасы нәтижесінде заттар мен энергияның тасымалдануы.
7) Ортаөзгерткіштік- бұл функция шамалы мөлшерде интрегративтік функция болып табылады.
8) Информациялық.
Биосфера — құрамы, құрылымы және энергетикасы, негізінен, тірі ағзалардың қарекетімен байланысты Жер қабығының (сферасының) бірі. Биосфера ұғымы "географиялық қабық" ұғымына жақын. Заттар мен энергия алмасуының курделі биохимиялық циклондарымен өзара байланыстағы атмосфераның жер беті бөлігін,гидросфераны және литосфераның үстіңгі бөлігін қамтиды. Биосфераның жоғарғы шекарасы атмосферада 30 км биіктікке дейін, төменгі шекарасы құрлықта жер бетінен 4— 5 км терендікте, Дүниежүзілік мұхитта ең терең ойыстың түбімен өтеді. В.И. Вернадский бойынша биосферада 7 әр түрлі, бірақ өзара байланыстағы зат түрлерін бөлуге болады, олар: тірі заттар, биогендік заттар, енжар заттар, биологиялық енжар заттар, радиоактивті заттар, шашыранды атомдар, ғарыштық заттар. Биосфераның негізгі функциясы — Күн энергиясын фотосинтездейтін ағзалардың пайдалануын және бүкіл тіршілік процестерінің динамикасын қамтамасыз ететін энергия мен заттардың биологиялық айналысы. Тірі азғалар (тірі заттар) мен олардың тіршілік ететін ортасы ғаламдық, аймақтық және жергілікті деңгейде динамикалық жүйелер түзе отырып, бірімен-бірі өзара тығыз байланыста және өзара орекеттес болады. "Биосфера" терминін алғаш австриялық геолог Э. Зюсс енгізді (1875 ж.).
Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі
Энергетикалық қызметі
Биосфераның қалыпты тіршілігі үшін және оның дамуы үшін энергия қажет. Ондай негізгі энергия көзі — Күн. Жасыл өсімдіктер фотосинтез процесі кезінде Күн сәулесін өзіне сіңіріп, мүшелерінде органикалық заттардың қорын жинақтайды. Өсімдіктердегі органикалық заттарды басқа азғалар пайдаланады. Жасыл өсімдіктердежинақталған энергияның есебінен бүкіл биосферадағы тіршілік қалыпты жүріп отырады.
Газдық қызметі
Газдардың тасымалдануы және олардың бір күйден екінші күйге өзгеруі тірі ағзалардың қатысуымен жүреді. Газдық қызмет арқылы биосфераның газдық құрамының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Жер бетіндегі көптеген газдар биогенді жолмен пайда болған. Тірі ағзалардың тіршілігі нәтижесінде оттек, азот, көмір қышқыл газы,күкіртті сутек, метан, т.б. газдар тасылмалданады.
Жинақтау қызметі
Тірі азғалар коршаған ортадан алған, биогенді элементтерді өз мүшелерінде жинайды. Тірі азғалар құрамында болатын элементтердің коршаған ортада кездесетін элементтерден едәуір айырмашылығы болады. Тірі ағзалардың құрамында сутек, көміртек, азот, оттек, натрий, магний, кремний, күкірт, т.б. элементтердің жеңіл атомдары көбірек кездеседі. Мұндай элементтердің тірі ағзаларда жинақталуы қоршаған ортаға қарағанда жүздеген, мыңдаған есе көп болады. Осы арқылы биосфераның химиялық құрамының әр түрлі екендігі байқалады.
