- •1. Экологияның даму кезеңдері.
- •2. В.И. Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары.
- •3. Популяция:тусінігі,анықтама
- •3. Тұрақты даму мақсатында қоршаған ортаны басқару жүйесін жетілдіру жолдары.
- •2. Планетадағы зат айналымдарына анықтама бер.
- •3. Жер асты сулары
- •Экологияның негізгі заңдары
- •2.Су ресурстары
- •2. Тұрақты даму тұрғысынан Қазақстанның дамуын бағалау
- •3. Жер асты сулары ---2 билет.
- •3. Мұхиттар мен теңіздер мәселелері
- •1. Экология ғылымына анықтама беріңіз. Бұл терминнің авторы кім?
- •2. Таусылмайтын табиғи қорлар
- •3. Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялық мәселелері.(56)
- •2. Таусылатын табиғи қорлар
- •3. Таза су мәселесі
- •1. Аутоэкология (Тұқым экологиясы) дегеніміз не?
- •2. Табиғатты қолдану
- •3.Таза ауа денсаулық кезеңі
- •3. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының өзекті экологиялық мәселелері
- •1. Таусылатын табиғи қорлар
- •1. Демэкология (Популяция экологиясы) дегеніміз не?
- •2. Табиғатты тиімсіз пайдалану
- •3. Ауылшаруашылығы мен ормандар мәселелері
- •1. «Биосфера (экосистема)» және «ноосфера» терминдеріне анықтама(ноосфераны қарау керек)
- •2. Табиғатты тиімді пайдалану
- •3. Энергетика мәселесі
- •1. Биосфераның жалпы сипаттамасы
- •2.Жер асты сулары----2билет
- •2. Биотоптың әртүрлілік , жағдайлардың ауытқу, ортаның жайлап өзгеру принциптері
- •3. Табиғи қорларды пайдаланудың мәселелері
- •1. Биосфераның жалпы құрылымы
- •2.Популияция туралы түсінік.----1 билет
- •Тұрақты дамуға көшу кезеңдері
- •3. Топырақтың адамзат үшін маңызы
- •Биогеоценоз дегеніміз не? (толықтыру)
- •2. Популяция ішіндегі түрлердің бірге тіршілік ету шарттары
- •3.Биосферадағы тірі заттар функция
- •Тотығу-тотықсыздану қызметі
- •Биохимиялық қызметі
- •3. Антропогендік фактор
- •1. Атмосфераға анықтама бер
- •3. Ішкі суларды ластаушы көздер
- •1. Гидросфераға анықтама бер
- •2. Ортаның қолайсыз жағдайынан қашу жолына анықтама бер.
- •3. Ластанған суды тазарту әдістері
- •1. Литосфераға анықтама бер
- •2. Белсенсіз (пассивті) жол дегеніміз не?
- •3. Атмосфераның өнеркәсіптен ластануы
- •1. Белсенді жол дегеніміз не?
- •2. Биоценоздың түрдік құрылымы
- •3. Атмосфераның ластануының салдары
- •1. Биоценоздың кеңістік құрылымы.
- •2. Биосфера дегеніміз не?
- •3. Жер асты сулар
- •1. Биоценоздың кеңістіктік құрылымы.
- •2. Акклиматизация дегеніміз не?
- •3. Қышқыл жаңбырлар
- •1. Биоценоз, биотоп дегеніміз не?
- •2. Ластанулардың нормалау негіздері
- •3.Жерді қорғау
- •3. Шаңұстаушы жүйелер
- •1. Биоценоздағы ағзалардың қарым қатынасы
- •2. Шелфордтың толеранттылық заңы (1913 ж.) (немесе максимум заңы)
- •3.Популияция түсінігі....2 билет
- •3. Құрғақ шаң ұстаушы жүйелер (23)
- •2. Ю. Либихтің минимум заңы (1840 ж.)
- •3. Экожүйе дегеніміз не?
- •1.Биосфераның шығуы мен дамуы ----4билет
- •1. Қауымдастықтар экологиясы – синэкология (биогеоценология) дегеніміз не?(закончить)
- •2. Тіршіліктің құрылымы
- •3. Табиғатты қорғау және тұрақты даму
- •1. Тұрақты даму концепциясы
- •2. Экологиялық факторлар
- •3. Экологиялық пирамида
- •1)Атмосфераның газ құрамы
- •Табиғи ресурстардың классификациясы
- •2. Биосфераның пайда болуы
- •3.Жер асты сулары ----2 билет
- •3. Тұрақты даму принциптері
- •1.Абиотикалық фактор
- •Синэкология (Бірлестіктер) экологиясы және экология салалары
- •Атмосфералық ауада шығарымдардың таралуы
- •3. Тұрақты дамуға көшу өлшемдеріне талдау және болжам жасау
- •Экологиялық факторлар
- •3.Биосфераның дамуы мен шығуы....4билет
- •Шығарымдар көздерінің классификациясы және шекті рұқсат етілген шығарындыларды есептеу
- •1) Табиғат ресурстары және оның маңызы
- •Бәсекелестік қарым-қатынас заңдары
- •2. Тұрақты дамудың алғы шарттары
- •3. Атмосфералық ауаның қазіргі экологиялық жағдайы
- •2. Адаптация
- •1. Экологияның заңдары
3. Популяция:тусінігі,анықтама
Популяция[1] (латын тілінде populus — халық, тұрғын халық) — белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын және көбею арқылы өзін-өзі жаңғыртып отыратын азғалар тобы. Осы топтың популяция болып есептелуі үшін:тарихи қалыптасқан ареалы және үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруы; бір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс. Әр популяция өзіне ғана тән статиктикалық сипаттамалары (саны, тығыздығы, ареалы, орналасуы, жас ерекшелігі, жыныстық құрамы) және динамикалық сипаттамалары (саны мен тығыздығының уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді. Популяцияның статиктикалық сипаттамалары популяцияның белгілі бір сәттегі күйін көрсетіп, өлшеу, санау арқылы қысқа мерзімде анықталады. Популяцияның динамикалық сипатамаларын анықтау ұзақ мерзімді (бір ұрпақ жаңаратындай) қажет етеді. Популяция санының динамикасы белгілі бір уақыт аралығындағы тірі ағзалардың өмірге келуі мен өлімі көрсеткіштерінің ара салмағы бойынша анықталады. Сондай-ақ, популяция санының өзгеруіне иммиграция және эмиграция процестері де әсер етеді. Популяция саны өсуінің біртіндеп тежелуі логистикалық теңдеу арқылы өрнектеледі. Әдетте, жануарлар мен өсімдіктер популяциясының саны біршама тұрақты болғанымен, олар әлсін-әлсін күрт өзгеріп отырады (мысалы, тоқалтіс тышқандар, леммингтер, т.б.). Кейбір жануарлардың (шегіртке,бөкендер, т.б.) санының немесе тығыздығының қауырт өсуі олардың қоныс аударуына әкеледі. Жануарлар популяцияларының саны мен тығыздығы күрделі мінез-құлықтық (аумағын белгілеу, қору, көші-қон), физиологиялық механизмдер арқылы (гормондар қызметі, стресс) және популяцияның генетикалық құрылымының өзгеруі арқылы реттеліп отырады.
Топтық бірігу ретіндегі популяция өзіне ғана тән қасиеттермен қатар әрбір жеке дарақтардың өзіне тән қасиеттерге де ие. Топтық ерекшеліктер дегеніміз - бұл популяциялардың негізгі сипаты. Оған мыналар жатады:
1) жалпы есебі (сан) - болінген аумақтағы дарақтардьщ жалпы саны;
2) тығыздық - популяция мекендеген кеңістіктің ауданына немесе көлеміне келетін дарақтардың орташа саны;
3) өсімталдық - кебею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа дарақтар саны;
4) өлім-жітім - белгілі уақыттың бір бөлігінде дарақтар популяциясында өлгендердің мөлшерін көрсететін көрсеткіш;
5) популяция өсімі - туу мен өлім-жітім арасындағы айырма; өсімнің пайдалы да, пайдасыз да болуы мүмкін;
6) өсу қарқыны - уақыт бірлігіндегі орташа өсім;
7) жыныстық құрам — берілген популяциядағы еркек және әйел жынысты дарақтар арақатынасы;
8) жас құрамы - бұл дарақтарды жасы бойынша бөліп тарату.
Популяция туралы түсінік .Әрбір түр белгілі бір территорияда - ареалда тіршілік етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары бір- бірімен байланыса да алмай, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына, тарихи (филогенетикалық) жасына, ареалдың аумағына және басқа да себептерге байланысты. Популяция - тіршілік циклдары, морфологиялық бедгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы.
«Популяция» ұғымы лат. populus - халық деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В.Л.Иогансен қолданды.
«Популяция» ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал популяцияны генетикалық, эволюциялық және экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа - популяциялық биологияға бірігеді. Популяциялық экология немесе демэкология осы бағыттың бір бөлігі болып табылады.
Бір популяцияға жататын азғалар бір-біріне қоршаған ортаның факторлары немесе басқа да бірге тіршілік ететін түрлерден кем әсер етпейді. Популяцияда тұраралық қарым- қатынастың барлық формалары кездеседі. Алайда популяцияда көбіне бәсекелестік және мутуалистік (бір-біріне пайдалы) байланыстар қатты байқалады. Популяциядағы өзіндік туріші қарым қатынастары - бұл ұрпақ әкелуге қатысты байланыстар; әртүрлі жынысқа жататын особьтар арасындағы және ата- аналары мен ұрпақтары арасындағы байланыстар.
Экологиялық жүйелердің, сонымен қатар популяцияның негізгі қасиеті - олар үнемі өзгерісте, қозғалыста болады. Бұл жүйенің өнімділігіне, биологиялық алуантүрлілігіне, құрылымдық - Функционалдық ерекшелігіне әсер етеді. Тірі материяның ұйымдасу жүйесінде популяциялық деңгей ерекше орын алады.
Бір жағынан популяция тіршіліктің әртүрлі деңгейінде: ағза-популяция-биоценоз-биогеоценоз-биосфера Функционалдық-экологиялық қатарына кіретін биоценотикалық Қарым-қатынастың элементарлық бірлігі болып табылады. Екінші жағынан популяция әртүрлі деңгейдегі таксондардың Филогенетикалық байланысын: ағза-популяция-түр-тұыстұқымдас-отряд-класс-патшалық көрсететін генетикалық- эволюциялық қатарына кіретін эволюциялық процестің элементарлық бірлігі.
