Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор по политологии.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
88 Кб
Скачать
☆

3.Қазіргі қоғамдағы саясаттанудың негізгі функциялары.

Саясаттану басқа ғылымдар сияқты, келесі қызметтерді атқарады:

Танымдық қызметсаяси өмір және биліктік қатынастар туралы жүйелі түсінік қалыптастыру және дамудың тенденциялары мен заңдылықтарын анықтайды.

Практикалық қызмет, саяси теориялар мен тұжырымдар негізінде, мақсатқа жетуге байланысты нақты әдіс-тәсілдерді ұсынады.

Саяси өмірді рационализациялау қызметі, мемлекеттің шешімдері мен жүргізіп жатқан реформаларын қарапайым халыққа түсіндіру.

Әлеуметтендіру қызметі, азаматтық, патриоттық сезімді қалыптастыру және саяси мәденитетті көтеруге байланысты қызмет.

Болжам жасау қызметі, саяси үрдістің даму тенденциялары мен жетістіктерін анықтайды

бағалау функциясы – саяси процестерді жан-жақты талдап, саяси жүйе

институттарының қызметіне баға береді;

инструменттік–тәжірибелік функциясы – саяси тәжірибенің қандай бір жақтарын жетілдіру үшін нұсқаулар жасайды;

саяси әлеуметтендіру фукнциясы – азаматтық саяси мәдениетті қалыптастыру. Саяси білім адамға саясат әлемінде өзінің ролін түсінуге көмектеседі, саяси тәжірибемен қаруландырады және өзінің құқықтары мен

мүмкіндіктерін білуге, сезінуге көмектеседі.

4. Саясат субъектілері мен объектілері, олардың арақатынасы.

Саясат субъектілері-іс-әрекет жасаушы жеке адам немесе әлеуметтік топ саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал етеді, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс- әрекеттердің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық- саяси ұйымдар, мемлекет, тіпті жалпы қоғам да жатады. Объект-Субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті бағытталған зат. Саясаттанудың объектіне саясат әлемі жатады. Саясат субъектілері-іс-әрекет жасаушы жеке адам немесе әлеуметтік топ саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал етеді, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс- әрекеттердің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық- саяси ұйымдар, мемлекет, тіпті жалпы қоғам да жатады.Саясат обьектісі(латынның қарсы қою деген сөзінен)-субьектінің танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса, соны айтады. Саясаттанудың зерттеу объектісіне қоғам өмірінің барлық салалары жатады. Ол саясат туралы жалпы, құрама, жинақталған білім береді.

5. Платон мен Аристотельдің саяси концепциялары.

Платон – антикалықзаманның ғана емес, бүкіл философия, саяси ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі (б.з.д. 407-399). Платон идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркімнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуімен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады.

Платон адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік құрылымның бес түрінің сәйкес келетінін айтады (аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания). Олардың әпқайсысы биліктерін өз мүдделеріне қарай іске асырады. Тимократияда әскери адамдар билікте болады, олар жиі соғысады, соғыс мемлекеттің басты байлығы болып есептеледі. Олигархияда байлар билікке ие болғандықтан, өздеріне дұшпандық ниеттегі кедейлермен үнемі қақтығыста болады. Бұл мемлекетте кедейлердің наразылығы нәтижесінде кез-келген уақытта мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Тирания – мемлекеттік құрылымның заңсыздық пен зорлық-зомбылық үстемдік еткен ең нашар түрі.

Платон идеалды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасының қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенеді. Идеалды мемлекеттің өзі де мәңгі өмір сүре алмайды.

Платонның шәкірті Аристотель (б.з.д. 384-322жж). Еңбектері: «Афины политиясы», «Саясат», «Никомах этикасы». Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға кірісті. Саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен этиканың дамыған ұғымы болып табылады.Әділдіктің екі түрін көрсетеді: теңестіретін және үлестіретін.Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде «арифметикалық теңдік» қарастырылады. Бұл принциптің қолданылу аясы – азаматтық-құқықтық мәмілелер, шығынды қалпына келтіру, жаза және т.б. ал үлестіру әділдігі «геометриялық теңдік» принципі түрінде ұсынылады және бұл принцип ортақ игіліктерді еңбегі мен қоғамдағы орнына қарай бөлуге негізделеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]