- •Саяси ғылымның пайда болуы мен қалыптасуы
- •2. Саясаттану пәні және оның негізгі әдістері
- •3.Қазіргі қоғамдағы саясаттанудың негізгі функциялары.
- •4. Саясат субъектілері мен объектілері, олардың арақатынасы.
- •5. Платон мен Аристотельдің саяси концепциялары.
- •6. Ортағасырлардағы саяси ілімдер (а. Аврелий, ф. Аквинский).
- •9.М.Вебердің саяси көзқарастары?
- •10.Хх ғасырдағы саяси ілімдер?
- •11.Саясат ұғымы,пайда болуы, саясаттың деңгейлері?
- •12.Саясаттанудың негізгі парадигмалары?
- •13. Тұлға саясаттың субъектісі мен объектісі
- •14. Жеке адамның құқықтары мен бостандықтары
- •15. Саяси билік: түсінігі, мәні, типологиясы мен қызметтері.
- •16. Биліктің анықтамалары және ресурстары.
- •17. Биліктің легитимділігі, саяси билік және мемлекеттік билік.
- •18. Саяси жүйе: түсінігі, мәні мен құрылымы.
- •19. Саяси жүйенің типтері мен функциялары.
- •20. Д. Истон, г. Алмонд, к.Дойч бойынша саяси жүйелердің модельдері
- •21.Саяси тәртіп түсінігі мен типтері
- •22.Тоталитаризм саяси тәртіп ретінде
- •23. Авторитарлы саяси тәртіп
- •24.Демокртаия теориялары мен модельдері
- •25. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі
- •26. Мемлекет саяси жүйенің басты институты ретінде
- •28. Мемлекеттің жіктелуі
- •30. Азаматтық қоғам: түсінігі мен мәні. Мемлекет және азаматтық қоғам.
- •31. 2006-2011 Жылдарға арналған Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту концепциясы.
- •32.Саяси идеология түсінігі, оның мәні мен қызметтері.
- •Қазіргі уақыттағы негізгі идеологиялық ағымдар: либерализм, консерватизм, социализм, фашизм, феминизм, энвайронментализм.
- •«Саяси партия» түсінігі. Партияның пайда болуы мен мәні
- •Партиялар мен партиялық жүйелердің типтері
- •Қоғамдық-саяси қозғалыстар мен ұйымдар.
- •37. Саясаттағы мүдде топтар мен қысым топтары
- •38. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесі
- •40. Саяси жетекшіліктің функциялары мен типологиясы
- •41. Саяси жетекшілік архетиптері.
- •42. Саяси элита, оның функциялары мен қалыптасу механизмдері
- •43. Қазіргі элитарлық теориялардың негізгі бағыттары.
- •44. Қазіргі Қазақстандағы саяси элита
- •45. Саяси мәдениеттің мәні. Құрылымы мен функциялары
- •46. Саяси мәдениеттің типологиясы
- •47. Саяси сана түсінігі, құрылымы мен функциялары
- •48. Саяси әлеуметтену, мәні мен негізгі кезеңдері
- •49. Саяси шиеленіс түсінігі
- •50. Саяси шиеленіс типологиясы
- •51. Саяси шиеленістерді басқару және шешу логикасы
- •52. Саяси процесс түсінігі
- •53. Саяси процестердің жіктелуі. Саяси процеске қатысу түрлері
- •54. Саяси даму және модернизация
- •55.Қоғам және саяси жүйенің бейімделу жолдары.
- •56.Саяси модернизация түсінігі мен мәні.
- •57.Саяси модернизация теориялары мен модельдері.
- •58.Қр саяси модернизациясы.
- •59.Тоталитаризмнан демократияға көшу.
- •60.Сайлау жүйесі түсінігі және оның қоғам саяси жүйесінің дамуындағы рөлі.
- •61. Сайлау жүйелерінің типтері
- •62. Сайлау технологиялары
- •63. Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
- •64. Қоғамды саяси басқару түсінігі
- •66. Ақпараттық технологиялар түсінігі, олардың саясаттағы рөлі
- •67.Әлемдік саясат және жаһандану түсінігі
- •68.Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуі
- •69.Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттың орны.
- •70.Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар.
- •71.Халықаралық саясаттың мәні мен функциялары.
- •73. Халықаралық қатынастардың қазіргі жүйесіндегі гуманизация
- •74. Қауіпсіздіктің халықаралық жүйесінің құрылуы және адамды қорғауды қамтамасыз ету
- •75. Саясаттағы қазіргі халықаралық ұйымдар
- •76. Саяси психология. Саяси мінез-құлықтың негізгі типтері
- •77. Бақ түсінігі, олардың қоғамның саяси жүйесіндегі функциялары
- •78. Саяси манипуляциялау мақсатында бақ-ты пайдалану
- •79. Қазақстандық қоғамның демократиялануы: жетістіктері мен болашағы
- •80. Қазақстандағы президенттік басқарудың ерекшеліктері
- •81. Қр ұлттық саясатының қазіргі концепциясының мәні
- •82. Қазақстан Республикасында парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуы
- •83. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі принциптері мен қалыптасуының кезеңдері
- •84. Әлемдік қауымдастықтағы қр
- •85. Саяси әлеуметтену агенттері.
- •86. Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны.
- •87. Көпэтникалық қоғамда тұрақтылықты сақтаудағы қазақстандық модель.
- •88. Этникалық жанжалдар
- •89. Халықаралық қатынастардағы жаңаша саяси ойлау.
12.Саясаттанудың негізгі парадигмалары?
Саясаттанудың негізгі парадигмалары: әлеуметтік, психологиялық, биосаяси, теологиялық және натуралистік парадигмалар. Парадигма-үлгі деген мағына береді.
Теологиялық парадигма саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болған. Ол кезде барлық әлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінген.
Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда, географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді.
Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Мысалы, марксизм саясаттың мәнін экономикалық қатынастардан шығарады. Ол қоғамның әрбір экономикалық базисі қажетті түрде әзіне сәйкес қондырма тудырады деді. Яғни, белгілі бір экономикалық базис негізінде саяси, құқықтық, философиялық, діни, этикалық, эстетикалық, т.с.с. көзқарастар мен идеялар пайда болып, дамиды.
Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді.
13. Тұлға саясаттың субъектісі мен объектісі
Тұлға – қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайы қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өзінің жүріс-тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағы танып білуші жеке адам. Тұлға – саясат субъектілерінің біріншісі (бастапқысы).
Тұлға саяси субъект те, объект те бола алады. Адамдардың өз бойында мұндай қасиеттерді орнықтыруы үшін қоғамның құрылымында да қажетті өзгерістер жүзеге асуы тиіс. Адамның өзін еркін сезінуі, бостандығы тікелей заң жүзінде бекітілген құқығымен қорғалады. Адамның бостандыққа деген құқы іс жүзінде адамның жеке меншік құқымен өлшенеді. Адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін жеке меншігі болмайынша, өзін емін-еркін сезіне алмайды. Қазір бізде меншікке деген көзқарастың өзгеруі, меншіктің түрлі формаларының өмір сүруіне еркіндік алуы азаматтық қоғамды қалыптастыруға қолайлы алғышарттар жасауда.
14. Жеке адамның құқықтары мен бостандықтары
Адамның саяси өмірге қатынасуға мүмкіндік беретін құқығы конститутциялық сипаттағы қарапайым демократиялық еркіндікке (бірлестіктер құруға, дінге кіруге, өз көзқарастарын ашық айтуға, жиналыстармен демонстрациялар сияқты жұрт алдында манифестация жасауға, сайлауға және сайлануға т.с.с құқылыққа) тікелей байланысты. Қазіргі уақытта жеке адамның құқықтары негативтік, позитивтік, азаматтық , эканомикалық, мәдени болып жіктеледі.
Негативтік – бостандық, мемлекет тарапынан жеке адамға зорлықтың, шектеудің жоқтығын білдіреді. Бұл еркіндік үкімет тарапынан адамды қауіп-қатерден, бостандықты бұзып, бұрмалайтын жағдайлардан сақтайды.
Позитивтік құқықтар таңдау, талғау еркіндігін, ең бастысы адамның өз мақсатына жете алушылықты, жеке дамуға қабілеттігін көрсете білуді білдіреді.Мұнда мемлекеттің, ұйымдардың азаматтарды қайсібір игіліктермен қамтамасыз етуі, белгілі әрекеттерді іске асыруға мүмкіндік жасауы көрсетіледі.
Азаматтық құқық – мемлекеттің қол астындағы азаматтардың барлық құқықтарының жиынтығы. Азаматтық құқыққа табиғи, адамнан ажыратылмайтын, адамдардың құқықтары кіреді. Оған өмір сүруге, еркіндікке жеке адамның дербес құқығы, ар-абыройы мен атағын, қадір-қасиетін қорғау қасиеті, айыпталушыны қорғауға бағытталған әділ, тәуелсіз және ашық сотқа жазылған хат және телефон арқылы сөйлескен сөздің құпиялығы, бір жерден екінші жерге еркін барып келуі, тұрақты қоныс таңдау, оның ішіне қандай мемлекеттен болмасын біржолата кетуі немесе қайтып оралу бостандығы және т.б. құқықтар жатады. Экономикалық құқыққа жеке адамның тұтыну заттары, жеке меншігін, жұмыс көзін, іскерлігін, еркін пайдалана алуы жатады.
Мәдени құқық адамның рухани дамуын өрбітіп, өрістетуге бағытталады. Оған білім алуға, мәдени құндылықтарды көруге, өнер техникалық жасампаздыққа, қоғамның мәдени өміріне еркін араласуға құқығы және т.б. жатады.
