Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор по политологии.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
88 Кб
Скачать
☆

76. Саяси психология. Саяси мінез-құлықтың негізгі типтері

Саяси психологияға саяси өмір жағдайының ортақтығы негізінде адамдар ұжымдарында,әлеуметтік топтар,таптарда,жеке адамдарда туындайтын сезімдердің,көңіл-күйдің,әдет-ғұрыптардың,мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады. Саяси психология әртүрлі іс әреткеттерге соған сәйкес сезімін оятып,қоғамдық қозғалыстарға маңызды рөл атқарады.Сондықтан саяси бағытты жоспарлап,оны жүзеге асырарда халықтың саяси психологиясын ескерудің маңызы зор.Себебі,бұл салада қателік қоғамда дау жанжал,шиеленістер,адамдар мен ұлттар арасында егес тудыруы мүмкін.Саяси мінез немесе саяси мінез-құлық – басқару процесіне қатысты адамның ойлары мен іс-қимыл¬дары болып табылады. Саяси мінез-құлыққа адамның ойлары, сезімі, пікірі, мақсаты, нанымы, яғни ішкі әлемінің көрінісі кіреді. Оның нәтижесі мынандай іс-қимылынан білінеді: сай¬лауға қатысы, наразылығын білдіруі, жиналыстар мен нау¬қандарға қатысуы. Кең көлемде саяси мінез-құлық кез келген жағдайда: отбасында, бизнесте, шіркеуде, мешітте байқалуы мүмкін. Алайда бұл термин мемлекеттік институттар шеңберін¬де өрістейтін іс-қимыл әрекетіне байланысты қолданылады.

Саяси мінез саясаттану пәнінің бағдарламасына кіретін саяси тұлға, саяси талап және қоғамдық пікір, сайлаушылар мінезі, саяси партиялар мен мүдделі топтар, саяси әлеумет¬тендіру, саяси мәдениет бірлестіктегі билікті айқындайтын формуланы қолдануға қажет болады. Аталған мәселелерден байқалғандай, саяси психология мен саяси әлеуметтік мүдде¬лер де саяси мінездің зерттеу саласына жатады.

77. Бақ түсінігі, олардың қоғамның саяси жүйесіндегі функциялары

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор.БАҚ-тың атқаратын қызметі :1)әртүрлі, сарапшылардың пікірінше олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.;2) азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады;3)азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді;4)адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды

сіңіріп, мінез-қылықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді;5)адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады;6)БАҚ-ты саналы түрде саяси алдап- арбау мақсатында қолдану азаматтарға және қоғамға аса қауіпті болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]