Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курылыс билет 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89 Кб
Скачать
☆

24Құрылыс мердігер келісім шарты бойынша шығындардың есебі.

Мердігерлік құрылыс ұйымдары мен үйқұрылысы комбинаттары осы шоттардың дебеті бойынша тапсырыс берушілердің (салушылар) тапсырысымен орындалып жатқан құрылыс және монтаж жұмыстарының өндірісіне жұмсалған шығындарды есепке алады. Механизация басқармасы осы шоттарда субмердігер келісімшарты бойынша орындалатын құрылыс-монтаж жұмыстарының шығындарын көрсетеді. Құрылыс - монтаж жұмыстарының өндірістік шығындарының есебі дайын өнім шығару мен қызмет көрсетуге дайын жеке объект немесе құрал-жабдықтармен қамтылған кәсіпорындар құрылымына кіруіне байланыссыз ішкіқұрылыстық титульді тізімге кіретін және жеке сметасы мен жобасы бар әр құрылыс (ғимарат, құрылғы) объектісі бойынша жүргізіледі. Мердігерлік құрылыс ұйымдары, үйқұрылыс комбинаттары және механизация басқармалары 90/8110 «Негізгі өндіріс» бөлімшесінің шоттарында өз қажеттіліктері үшін капитал салымдарын жүзеге асырумен және ғимараттар мен құрылғыларды жөндеумен байланысты құрылыс - монтаж жұмыстары бойынша шығындарын есепке алады. Үйқұрылыс комбинаттары құрылыс бөлшектері мен конструкцияларды өндіру бойынша шығындарын 92/8310 «Көмекші өндіріс» бөлімшесінің шоттарында есепке алады. Субмердігерлік шарттар бойынша жеке жұмыс түрлерін (сантехникалық, жабдықтау, құрал-жабдықтарды монтаждау және т.б.) атқаратын арнайы мамандандырылған мердігерлік ұйымдар шығындар есебін бір немесе басқа объектіде орындалатын жұмыстардың жиынтығы бойынша ұйымдастырады. Бас мердігер құрылыс - монтаж жұмыстарының бап бойынша өндірістік нақты шығындар есебін тек қана өзі жеке орындаған жұмыстары бойынша жүргізеді. Субмердігерлерден қабылданған жұмыстар құнын бас мердігер шығын баптарына бөлместен, бірақ сәйкесті объектілер бойынша есепке алады. Объектіде орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының жедел есебін натуралды және құндық өлшемде учаске басшысы Кс–6 үлгідегі орындалған жұмыстар есебінің журналында жүргізеді. Журнал мәліметтері құрылыс процесі кезінде М–29 «Өндірістік нормалармен сәйкестіргендегі құрылыстағы негізгі материалдардың шығындары туралы есептілікке» тиісті мәліметтерді толтыру үшін, құрылыс машиналары және автокөліктері орындаған жұмыс көлемін бақылау үшін, сондай-ақ жұмысшылардың еңбекақысын есептеу құжаттарында көрсетілген мәліметтерді тексеру үшін қолданылады. Құрылыстық ұйымының өндірістік бөлімі объектіде жұмысты орындағанға дейін учаскенің басшысына орындалған жұмыс есебінің журналын (Кс–6 нысаны) береді. Бұл журналда орындалуға тиіс жұмыс көлемі мен жұмыс түрлері және конструктивтік элементтер шегінде бірлік сметалақ бағалар бойынша анықталатын құны туралы мәлімет беріледі. Бірлік бағалар бойынша объектіде орындалған жұмыс құнының қорытындысынан кейін белгіленген пайыздар бойынша есептелген үстеме шығындар беріліп, жалпы жұмыс құны мен үстеме шығындардан жоспарлы жинақтар анықталады. Жұмыс құнының (тікелей шығындардың), үстеме шығындар мен жоспарлы жинақтардың жалпы сомасы объектідегі құрылыс - монтаж жұмыстарының сметалық құнын құрады. Объектідегі әр жұмыс түрлерінің аяқталу көлеміне байланысты, бірақ келесі есепті айдың 1 – нен кешіктірмей орындалған жұмыстар журналда натуралды және құндық көрсеткіште көрсетіледі. Кейін бірлік бағалар бойынша орындалған жұмыстардың жалпы құны есептеліп, одан үстеме шығындар сомасы есептеледі, жоспарлы жинақтар және ай сайын учаске басшысының қол таңбасымен бекітілетін құрылыс - монтаж жұмыстарының жалпы құны анықталады. Журнал тіркелім болып табылады, оның негізінде орындалған жұмыстар мен шығындардың сметалық құны туралы ай сайын анықтама жасалады (№3 нысан).