- •1Ақаудан жоғалтуды бақылау және есепке алу.
- •2Бухгалтериядағы тмқ есебін ұйымдастыру.
- •3Болашақ кезендегі шығындар есебі
- •4Есептен шығаруға рұқсат етілген жүзеге асырылмаған және толықтай токтатылған құрылыс бойынша шығындар есебі.
- •5Еңбек ақының мерзімді жүйесінде еңбек ақыны есептеу.
- •6Еңбек ақының кесімді жүйесінде еңбек ақыны есептеу.
- •7Есептелген еңбек ақыны бөлістіру.
- •8Капиталдық салымдар бойынша басқада шығындар
- •10Капиталдық емес жұмыстардың есебі.
- •11Құрылыс қызметінің объектілері мен субъектілерінің түсініктерін анықтау.
- •12Құрылыстағы үстеме шығындардың түсінігі
- •Құрылыс жұмысшыларына көрсеткен қызметке кеткен шығын:
- •9Күрделі құрылысқа мердігер келісім шарты.
- •Техникалық қауіпсіздікпен еңбекті қорғау бойынша шығындар:
- •Құрылыс алаңдарындағы ұйымдастыру шараларына кеткен шығындар:
- •4. Өндірісті жобалау жұмыстарына кеткен шығын;
- •5. Өндірістегі зертхана қызметін пайдалануға кеткен шығындар.
- •13Құрылыс өндірісіндегі технологиялар ерекшеліктері.
- •14Құрылыстағы материалдар шығындарының есебі.
- •15Құрылыс өнімі және оны бағалау
- •16Құрылыс материалдарын есептен шығару, босату бойынша операцияларды құжатпен рәсімдеу.
- •17Құрылыс-монтаждау жұмыстарының есебі
- •18Құрылыс ұйымдарының есеп саясаты.
- •19Қос мердігер ұйымдарының бас мердігер ұйымдарымен есеп айырусудын ерекшелігі
- •20Құрылыста қолданылатын еңбек ақы түрлері.
- •21Құрылыс-монтаж жұмыстарын тапсырудың қаржылық нәтижелерінің есебі
- •22Құрылыс мердігер келісім шарты бойынша табыстардың есебі.
- •23Құрылыстағы қосымша өндіріс түрлері.
- •24Құрылыс мердігер келісім шарты бойынша шығындардың есебі.
- •25Құрылыс мердігер келісім-шарты бойынша табыс пен шығынды мойындау.
- •26Құрылыстағы үстеме шығындардың есебі.
- •27Құрылыстағы қосалқы өндіріс түрлері.
- •28Құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінің шығындар есебі.
- •29Құрылыстағы ішкі ақау.
- •30Қосалқы және жәрдемші өндіріс шығындарының есебі.
- •31Құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құның калькуляциялау және шығын есебінің объектісі.
- •32Құрылыстағы сыртқы ақау.
- •33Құрылыста қолданылатың наряд түрлері.
- •34Құрылыс ұйымдар балансындағы қосалқы және жәрдемші өндіріс шығындарының есебі.
- •35Құрылыстағы бастапқы құжаттардың түрлері.
- •36Құрылыс машина мен механизм жұмыстарымен байланысты шығындар есебі.
- •37Құрылыстағы калькуляциялау объектілері.
- •38Құрылыс машиналарды пайдалануды ұйымдастыру түрлері
- •39Құрылыстағы ақаудан жоғалтудың есебі.
- •40Құрылыс машиналар мен механизмдерді пайдалану бойынша шығындар.
- •41Құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құның калькуляциялау.
- •42Құрылыстағы үстеме шығындардың есебі.
- •43Құрылыстағы қосалқы өндіріс түрлері.
- •44Мелиоративтік жұмыстар есебі
- •45Материалдар шығындарын бақылау және түгендеу
- •46Материал шығындарының есебі.
- •47Жобалық-тапсырыстық жұмыстар есебі
- •48Жалақы бойынша есеп айырысу.
- •49Тапсырыс берушілермен есеп айырусының есебі.
- •50Тмқ өзіндік құнының бағалау әдістері.
- •51Орындалған жұмыстарды өлшеу әдістері.
- •52 Өндіріс түрлері
- •53Өндіріс шығындарының аналитикалық және синтетикалық есебі.
- •54Шығындар статьясы мен элементтері бойынша шығындарды топтастыру.
- •55Үстеме шығындардың топталуы.
3Болашақ кезендегі шығындар есебі
Бухгалтерлік есеп тіркемелерінде болашақ кезең шығыстары келесідей тәртіппен көрсетіледі. Өндірістік бөлімшелерде алғашқы құжаттардың негізінде өндірістік есепке түсіріледі. Өндірістік есептің негізінде талдамалық есепте болашақ кезең шығыстары «Болашақ кезең шығындары есебінің ведомостісі» бойынша көрсетіледі. Бұл ведомостіде болашақ кезең шығыстары жыл басынан бастап өсу қарқынымен әрбір бөлімше бойынша шығын түрлеріне қарай жинақталады.
1620, 2920 «Болашақ кезең шығыстары» шоттарының дебеті келесі шоттардың кредитімен корреспонденцияланады:
- 1010, 1030 – сақтандыру келісім шарты бойынша сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру жарналары;
- 1010, 1030, 1060 – болашақ мерзім үшін төленген жалдау ақылары;
- болашақ есепті мерзімге жатқызылатын шығындар (жаңа технологиялық процесстерді игеру, цехтар мен агрегаттарды дайындау шығындары):
- 2420 – негізгі құралдарға есептілінген амортизация сомасы;
- 1310, 1330, 1350 – материалдарды есептен шығару;
- 3310 – жабдықтаушылар мен мердігерлер көрсеткен қызметтердің құны;
- 3350 – жұмысшыларға есептелінген еңбек ақы сомасы;
- 3150, 3210 – еңбек ақы қорынан аударымдар сомасы;
- 1010, 1030 – басылымдарға жазылу.
Болашақ мерзім шығындары есепті мерзімде тиісті шығын объектілеріне, соның ішінде 7110 «Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату бойынша шығындар», 7210 «Әкімшілік шығыстар», 7470 «Өзге де шығыстар», 8410 «Үстеме шығыстар» шоттарына таратылып отырылады.
1620, 2920 «Болашақ кезең шығыстары» шоттарында есепті мерзімнің соңында болашақ мерзімге жатқызылуға тиісті қалдық сомасы тиісті шығын объектілеріне таратылмаған болашақ мерзімге жатқызылуға тиісті шығындарды білдереді.
Е
4Есептен шығаруға рұқсат етілген жүзеге асырылмаған және толықтай токтатылған құрылыс бойынша шығындар есебі.
5Еңбек ақының мерзімді жүйесінде еңбек ақыны есептеу.
Жалақы — бұл еңбек үшін төлем, оны еңбеккерлер еңбек келісім-шартында жəне қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай орындаған жұмысы үшін алады. Іс жүзінде еңбек ақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады — кесімді (өнім санына қарай ақы төлеу) жəне мерзімді (істеген күніне қарай төлеу).
Мерзімді еңбекақы деп, нақты істеген уақыты үшін еңбекақының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлеме бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақының нысанын айтады. Мерзімдік еңбекақының нысаны жай мерзімдік және сыйақылы мерзімдік болып бөлінеді.
Жай мерзімдік жүйесінің кезінде өзіне берілген (иеленген) тарифтік мөлшерлемесі немесе нақты істеген уақыт бойынша еңбеккерлерге еңбекақы есептептеледі жəне осы жүйеге сандық, апталық көрсеткіштері үшін қосымша еңбекақы сыйақылы мерзімдік төлем түрінде төленеді.
6Еңбек ақының кесімді жүйесінде еңбек ақыны есептеу.
Кесімді еңбекақы төлеген кезде алдын ала белгіленіп қойған деңгейде əзірленген өнімнің немесе орындалған жұмыстың əрбір бірлігіне есептейді (дана, тк/м, килограмм). Кесімді еңбек ақыны саны келесідей еңбекақы жүйесіне бөлінеді:
- тікелей кесімді еңбекақы жүйесі əрбір өнім бірлігі бойынша бағасын қою арқылы белгіленеді;
- кесімді сыйлық,бұл — қосымша марапаттау төлемін қарастырады, белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылады;
— кесімді-прогрессивті еңбекақы төлемі. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың белгіленген нормадан артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады. Норма мөл-шерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін үдемелі (прогрессивті) бағалар бойынша есептейді;
— жанама кесімді еңбекақы төлемі. Мұнда қосалқы жəне басқада жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін учаскесінің, цехтың негізгі жұмысшыларының төлемақысына шаққандағы пайызымен анықталады;
— еңбекақы төлемінің аккордтық жүйесі. Бұл жүйеде жұ-мысшылардың еңбек төлемін нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің орындалуына белгіленген жалпы кесімдік бағасы бойынша анықтайды. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтарын немесе бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда жəне жұмыстың орындалу мерзімдерін қысқартуда, олардың материалдық ынта-лылығын күшейтуге ықпал ету үшін пайдаланылады. Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақытнормалары, өнімдер) мен бағалар негізінде белгілейді, ал олар болмаған жағдайда, осы тəріздес жұмыс үшін қолданылып жүрген нормативтік тапсырмалар мен баға (расценка) бойынша белгіленеді. Еңбек төлемінің бұл жүйесі бойынша аккордтық тапсырманы мерзімінен бұрын орындағаны үшін сыйақы беру тəртібі белгіленуі мүмкін.
