Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курылыс билет 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89 Кб
Скачать
☆

20Құрылыста қолданылатын еңбек ақы түрлері.

Жалақы — бұл еңбек үшін төлем, оны еңбеккерлер еңбек келісім-шартында жəне қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай орындаған жұмысы үшін алады.

Жұмысшылардың негізгі еа/ры уақытша ж/е біржолғы түрде жұмыс атқарғаны үшін төленген төлемнен, жұмыстан тыс уақытта жұмыс жасағаны үшін төленген төлемнен, ақау үшін төлемнен, жаңа процесті меңгеруге, жұмыстың күрделілігі үшін төленген қосымша төлемнен, өндірісте оқушыларды оқытқаны үшін ж/е б.да төлемдерден құралады. Негізгі еа 8010 «Негізгі өндіріс» шотының дебетінде ж/е 3350 «Қ.м. еа б/ша берешек» шотының кредитінде көрсетіледі.

Құрылыста қосымша еа үстеме шығындар сметасының құрамындағы шығындарға кіреді, сондықтан ол үстеме шығын/ң құрамында е/алынады.

Іс жүзінде еңбек ақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады — кесімді (өнім санына қарай ақы төлеу) жəне мерзімді (істеген күніне қарай төлеу).

Жай мерзімдік жүйесінің кезінде өзіне берілген (иеленген) тарифтік мөлшерлемесі немесе нақты істеген уақыт бойынша еңбеккерлерге еңбекақы есептептеледі жəне осы жүйеге сандық, апталық көрсеткіштері үшін қосымша еңбекақы сыйақылы мерзімдік төлем түрінде төленеді.

Кесімді еңбекақы төлеген кезде алдын ала белгіленіп қойған деңгейде əзірленген өнімнің немесе орындалған жұмыстың əрбір бірлігіне есептейді (дана, тк/м, килограмм). Кесімді еңбек ақыны саны келесідей еңбекақы жүйесіне бөлінеді:

- тікелей кесімді еңбекақы жүйесі əрбір өнім бірлігі бойынша бағасын қою арқылы белгіленеді;

- кесімді сыйлық,бұл — қосымша марапаттау төлемін қарастырады, белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылады;

— кесімді-прогрессивті еңбекақы төлемі. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың белгіленген нормадан артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады. Норма мөл-шерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін үдемелі (прогрессивті) бағалар бойынша есептейді;

— жанама кесімді еңбекақы төлемі. Мұнда қосалқы жəне басқада жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін учаскесінің, цехтың негізгі жұмысшыларының төлемақысына шаққандағы пайызымен анықталады;

— еңбекақы төлемінің аккордтық жүйесі. Бұл жүйеде жұ-мысшылардың еңбек төлемін нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің орындалуына белгіленген жалпы кесімдік бағасы бойынша анықтайды. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтарын немесе бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда жəне жұмыстың орындалу мерзімдерін қысқартуда, олардың материалдық ынта-лылығын күшейтуге ықпал ету үшін пайдаланылады. Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақытнормалары, өнімдер) мен бағалар негізінде белгілейді, ал олар болмаған жағдайда, осы тəріздес жұмыс үшін қолданылып жүрген нормативтік тапсырмалар мен баға (расценка) бойынша белгіленеді. Еңбек төлемінің бұл жүйесі бойынша аккордтық тапсырманы мерзімінен бұрын орындағаны үшін сыйақы беру тəртібі белгіленуі мүмкін.