- •1Ақаудан жоғалтуды бақылау және есепке алу.
- •2Бухгалтериядағы тмқ есебін ұйымдастыру.
- •3Болашақ кезендегі шығындар есебі
- •4Есептен шығаруға рұқсат етілген жүзеге асырылмаған және толықтай токтатылған құрылыс бойынша шығындар есебі.
- •5Еңбек ақының мерзімді жүйесінде еңбек ақыны есептеу.
- •6Еңбек ақының кесімді жүйесінде еңбек ақыны есептеу.
- •7Есептелген еңбек ақыны бөлістіру.
- •8Капиталдық салымдар бойынша басқада шығындар
- •10Капиталдық емес жұмыстардың есебі.
- •11Құрылыс қызметінің объектілері мен субъектілерінің түсініктерін анықтау.
- •12Құрылыстағы үстеме шығындардың түсінігі
- •Құрылыс жұмысшыларына көрсеткен қызметке кеткен шығын:
- •9Күрделі құрылысқа мердігер келісім шарты.
- •Техникалық қауіпсіздікпен еңбекті қорғау бойынша шығындар:
- •Құрылыс алаңдарындағы ұйымдастыру шараларына кеткен шығындар:
- •4. Өндірісті жобалау жұмыстарына кеткен шығын;
- •5. Өндірістегі зертхана қызметін пайдалануға кеткен шығындар.
- •13Құрылыс өндірісіндегі технологиялар ерекшеліктері.
- •14Құрылыстағы материалдар шығындарының есебі.
- •15Құрылыс өнімі және оны бағалау
- •16Құрылыс материалдарын есептен шығару, босату бойынша операцияларды құжатпен рәсімдеу.
- •17Құрылыс-монтаждау жұмыстарының есебі
- •18Құрылыс ұйымдарының есеп саясаты.
- •19Қос мердігер ұйымдарының бас мердігер ұйымдарымен есеп айырусудын ерекшелігі
- •20Құрылыста қолданылатын еңбек ақы түрлері.
- •21Құрылыс-монтаж жұмыстарын тапсырудың қаржылық нәтижелерінің есебі
- •22Құрылыс мердігер келісім шарты бойынша табыстардың есебі.
- •23Құрылыстағы қосымша өндіріс түрлері.
- •24Құрылыс мердігер келісім шарты бойынша шығындардың есебі.
- •25Құрылыс мердігер келісім-шарты бойынша табыс пен шығынды мойындау.
- •26Құрылыстағы үстеме шығындардың есебі.
- •27Құрылыстағы қосалқы өндіріс түрлері.
- •28Құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінің шығындар есебі.
- •29Құрылыстағы ішкі ақау.
- •30Қосалқы және жәрдемші өндіріс шығындарының есебі.
- •31Құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құның калькуляциялау және шығын есебінің объектісі.
- •32Құрылыстағы сыртқы ақау.
- •33Құрылыста қолданылатың наряд түрлері.
- •34Құрылыс ұйымдар балансындағы қосалқы және жәрдемші өндіріс шығындарының есебі.
- •35Құрылыстағы бастапқы құжаттардың түрлері.
- •36Құрылыс машина мен механизм жұмыстарымен байланысты шығындар есебі.
- •37Құрылыстағы калькуляциялау объектілері.
- •38Құрылыс машиналарды пайдалануды ұйымдастыру түрлері
- •39Құрылыстағы ақаудан жоғалтудың есебі.
- •40Құрылыс машиналар мен механизмдерді пайдалану бойынша шығындар.
- •41Құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құның калькуляциялау.
- •42Құрылыстағы үстеме шығындардың есебі.
- •43Құрылыстағы қосалқы өндіріс түрлері.
- •44Мелиоративтік жұмыстар есебі
- •45Материалдар шығындарын бақылау және түгендеу
- •46Материал шығындарының есебі.
- •47Жобалық-тапсырыстық жұмыстар есебі
- •48Жалақы бойынша есеп айырысу.
- •49Тапсырыс берушілермен есеп айырусының есебі.
- •50Тмқ өзіндік құнының бағалау әдістері.
- •51Орындалған жұмыстарды өлшеу әдістері.
- •52 Өндіріс түрлері
- •53Өндіріс шығындарының аналитикалық және синтетикалық есебі.
- •54Шығындар статьясы мен элементтері бойынша шығындарды топтастыру.
- •55Үстеме шығындардың топталуы.
15Құрылыс өнімі және оны бағалау
Құрылыс өнімі – құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары, сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметінің аралық және (немесе) түпкілікті нәтижесі;
Құрылыс өнімі - «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне» сәйкес қызмет түрі «Құрылысқа» жататын шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет түрінің нәтижесі. Құрылыс өнімі негізінен басты үлгі ретінде заттық нысанды (ғимараттар, имараттарды), сондай-ақ қызмет нысанын (жабдық монтажын, күрделі жөндеуді) қабылдайды.
Құрылыс-жайлар құнын бағалау келесі жағдайларда қажет:
құрылыс-жайлардың, жабдықтардың кейбір бірліктерін сату себептері керегі жоқ, табиғи немесе моральды тозған құралдардан құтылу үшін; төлем қабілетсіздік жағдайында кредиторлармен есеп айырысу; құралдарды экономикалық және экологиялық критерилер бойынша прогрессивтіге айырбастау;
шарттар мен несиелерді қамтамасыз ету үшін қозғалмайтын мүліктердің қандай да бір бөлігіне кепілді рәсімдеу;
қозғалмайтын мүлікті сақтандыру;
16Құрылыс материалдарын есептен шығару, босату бойынша операцияларды құжатпен рәсімдеу.
17Құрылыс-монтаждау жұмыстарының есебі
Құрылыс монтаждау өндірісінің шығындары есебін құрылыстың әрбір объектісі бойынша бөлек жүргізіледі(ғимарат,құрылыс жайлары ) ішкі құрылыстың тізімі Орындалған құрылыс монтаждау жұмыстарының көлемін оперативті есепке алуда объектіде таблиғи және құнды көріністе учаске басшысы ФКС№ деп аталатын орындалған жұмыс есебі журналында жүргізіледі. Журналды учаске басшысына жұмыс басталмай тұрып береді. Онда орындалған тиісті жұмыс көлемі туралы, орындалатын жұмыстың конструктивті элементтері мен түрлері мен түрлері реттілігі бойынша беріледі. Журналда аталған жұмыстардың тікелей шығындарының,үстеме шығындар сомас,құрылыс монтаждау жұмыстсрының сметалық құнын құрайтын сметаның мөлшері туралы мәліметтер болуы тиіс. Объектіде әрбір жұмыс түрінің аяқталғанына байланысты сәйкесінше конструктивтік элементтермен жұмыс түрлері тұсына табиғи және құндық мөлшерде көрсетіледі. Журнал мәліметтері құрылыс монтаждау жұмыстарының жоспарының орындалғандығы туралы есеп беруді түзу процессінде пайдаланылады.Не-гізгі құрылыс материалдарының пайдалануы туралы есеп берудуң мәліметтерін толтыруға, құрылыс машиналары мен автотранспорттарының .Орындалған жұмыс көлемін бақылау жұмысшыларға еңбек ақы есептеу бойынша құжаттарда көрсетілуі керек. Аяқталмаған құрылыс өндірісінің көлемін анықтау үшін тапсырыс берушіге тапсыруға болмайтынынан басқа,орындалған жұмыс көлемі барлық жұмыс қалдықтарын ай сайын түгендеу қажет.Түгендеу мәліметтері Ф№КС 7 актісінде рәсімделеді. Актіде көрсетілген элементтер мен басқа жұмыстардың сметалық құны мен көлемі турулы мәліметтер құрылыс ұйымының бас инженерлерімен расталуы қажет. Орындалған құрылыс монтаждау жұмысының көлемі туралы оператив-ті есеп мәліметтері мен аяқталмаған өндірісті түгендеу актісінің мәліметтері бойынша №3 типтік формада орындалған жұмыстың сметалық құны тура-лы анықтама түзіледі.Осындай анықтаманы бас мердігерге көмекші мерді-герлерге де тапсыруы қажет. Құрылыс ұйымдары көбінесе тапсырыс беруші мен құрылыстың түрлері мен жеклеген этаптарының аяқталуы бойынша төлем жасау шартына келі-седі.Мұндай жағдайда құрылыс монтаждау жұмысының жекелеген түрлері Мен жекелеген этаптарының аяқталған соң ФКС-2а КС 2б үлгідегі орындалған жұмысты қабылдаудың аралық актін түзеді,онда орындалған жұмыс пен тапсырыс беруші қабылдаған құрылыс монтаждау жұмысы көрсетіледі. Мұнан басқа тапсырыс беруші барлық дайын,дау және жабқ құрылыс жұмыс орнының аяқталуына байланысты жеке қабылдау жүргізіп Ф№КС 4 Ф№КС5 үлгідегі актіні түзеді. Осы актілер негізінде құрылыс ұйымының есептк кезеңдегі орындалған немесе қабылданған жұмыстар бойынша табыс сомасы есептелінп тапсырыс берушіге шот ұсынылады. Қабылданған жұмыс көлеміне сай өндірістік нақты шығындар құрылыс өнімін өткізу бойынша ғана шығындарды көрсетеді. Тапсырылған жұмыстарды нақты өзіндік құнының көлемі мен аяқталмаған өндіріс көлемі мөлшерін келесідей етіп анықтауға болады; -аяқталған жұмысты орындау үшін жұмсалған нақты шығындар негізінде бұл жағдайда келісім шарт құны құрылыс өндірісінің рентадельдігі дең-гйін есепке ала отырып,анықталуы қажет; -аяқталған өндіріс құрамында қалған есепті кезең соңында нақты жұмсалған шығындардың сметалық немесе жоспарлы өзіндік құнды шегеру арқылы. -орындалған және өткізілген жұмыстардың сметалық өзіндік құны негізінде,бұл жағдайда келісім шарт құнын барлық тапсырыс құны мөлшерімен орындалған жұмыстың сметалық құнын,барлық тапсырыстың сметалық құнына қатынасымен анықталады.
Құрылыс-монтаж жұмыстары – жер жұмыстарын және топырақтағы арнайы жұмыстарды; ғимараттар мен имараттарды (соның ішінде көпірлер, көліктік эстакадалар, тоннельдер және метрополитендер, өтпе жолдар, құбырлар, өзге де жасанды құрылыстар) көтеретін және (немесе) қоршайтын конструкцияларды салуды;
- желілік құрылғыларды төсеу бойынша арнайы құрылыс және монтаж жұмыстары;
- сыртқы инженерлік желілерді және құрылғыларды, сондай-ақ ішкі инженерлік желілерді орнату;
- конструкциялар мен жабдықтарды әрлеу және қорғау бойынша жұмыстар;
- автомобиль және темір жол құрылысы;
- технологиялық жабдықтарды монтаждау (бұзу), іске қосу жұмыстарын қамтитын құрылыс қызметі
