- •2. Өмірбаяны
- •3. Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер топтамасы «Маса» деген атпен Орынборда 1911 жылы басылған. Жинаққа қойған атына ол едәуір ой, салмақты жүк артқан деуге болады.
- •3. «Батыр Баян» (поэма) – қазақтың атақты қаламгері Мағжан Жұмабаевтың жазған поэмасы. Қысқаша мазмұны
- •3. Елдегі әділетсіздік.Батырдың аңғалдығы.Исатай қазасы.Әсер етуші факторлар,халық қамы, ел жағдайы.Үстем тап өкілдерінің зорлығы. Ерлердің ісі бітер ме?
- •Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тілімен …
- •2. Бір Аллаға сиынып,
- •3. Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын,жазушы, жалынды көсемсөз шебері.
- •3. Сәкен Сейфуллин(1894-1939)
- •Ол қалай Қайғы атанды?
- •Жиренше шешен жайлы аңыз
- •Шығамын тірі болсам адам болып.
- •3. Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
- •Ұрқия - Ақбілектің жанашыр жеңгесі. Ақбілектің қалаға келіп, көзін ашуына бірден бір себепкер. Сонымен бірге баласы Ескендірді өсіруіне де көп көмектеседі.
Шығамын тірі болсам адам болып.
Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп, надан болып.
Мен балаң жарық күннен сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толған айдай балқып туған.
Бұл сезім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес.
Тебем деп тірі болсам надандықты,
Серт етіп, өз - өзіме еткен емес.
19-билет
1. Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды. (Ұлы жүздің биі)
Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген.(1755жылы қайтыс болды) Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған. (Орта жүздің биі)
Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан.[1] Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан. (Кіші жүздің биі)
2. Абай лирикасы кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай лирикасы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның бәрі бар. Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абай лирикасында осының бәрі түгел, түтас жатыр. Оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі оқырманның жан жүйесін, көңіл күйін түгел тебіренте толқытып, барлық пернені түгел басып, барлық шекті түгел сөйлеткендей сайрайды. Бұл - ғажайып құбылыс. Табиғат «адам өмір сүрер, тіршілік етер орта. Онсыз өмір жоқ... Міне, осы табиғат көріністерін, оған бөлеңген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс халді суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған және қазақ әдебиетінде Абайдан бүрын табиғат көрінісін мүншалық шебер, мүншалық терең Һәм жан-жақты жырлаған ақын болған емес. Абайдың бұл тақырыпта жазған лирикасында да ақындық эволюциясы - шығармашылық түлеу жолының көзең-көзеңдері жатыр. Табиғат лирикасы - Абайдың ұлы талантын, биік мәдениетін танытатын өлеңдер. Әсіресе, жылдың төрт мөзгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен зейнеті мол мал баққан шаруаны, құты мен жұты аралас аумалы-төкпелі кұй кешкен көшпелі ауылды, сол дәуірдегі қоғамдық қарым-қатынастың әр алуан белгілерін анық, қанық бояумен көрсететін, өз заманының айнасы боларлық сұлу шығармалар. Абай - асқан реалист ақын. Оның табиғат жырларынан уақыттың әлдеқалай жылы, айы емес, өзі өмір сүрген заманжайы, сол заманда тіршілік кешкен адам жайы айқын керініс табады. Абайдың табиғат лирикасын оқығанда оқырманның көз алдына сұлық тұсіп сұлапжатқан, құлазыған белбелесті шетсіз, шексіз маңдаланың жалаңкеріністері ғана жайылмайды, даладағы өзгеше өмір қайта- ланбас сыр-сипатымен тұтас суреттеледі.Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың. Мысалы, «Желсіз түнде жарық ай» деген өлеңінде:
Желсіз түнде жарық ай
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы,
Сыбырласып өзді-өзі.
Көрінбей жердің топырағы
Құлпырған жасыл жер жүзі, - деп, жазғы түннің әдемі суретін алдыңа тартады, жаз кезінің желсіз тымық күні, аспандағы жарық айдың суға түскен сәулесі, жазғы ауыл, оның жанындағы терең сай, гүрілдеген өзен суретшінің бояуы арқылы тұтас бір картина ретінде көз алдыңа келеді.
3. Жамбыл Жабайұлы (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.
Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екіншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп еді. Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі, Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Майкөт пен Майлықожаның келуі, Атыраудан – Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді.
20-билет
1. Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқанпоэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орайлирикалық, эпикалық,драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған.
Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері
Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек.Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын. Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық.Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз.
2. Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын,философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған. Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы" деген күрделі философиялық ұғымбар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды.
Осы себептен де Абай: "... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді",— деп қайыра түсінік беріп отыр... Абайдай ұстаз ақынның бұл "Жетінші сөзде" көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.
3. Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері. Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы. Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған Ғабит жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіріп, Қазан төңкерісінен кейін үстемдік алған Кеңес өкіметінің жұмысына әжептеуір орысша сауаты бар адам ретінде араласып, түрлі қызмет атқарады.Қайтыс болғаны: 1985 ж. желтоқсанның 31 Алматы.
21-билет
1. Қазіргі шешендіктің түрлері тақырыбы мен мазмұнына қарай бөлінеді.Шешендік сөздердің, шаршы топтың сипаты өзгерді: шешендер білім-ғылым, оқу-ағарту, тәлім-төрбие, мэдениет-өнер тақырыптарын қозғаған көркем сөз иелері- ақындар мен жазушылар, ғалымдар, журналистер болса, тындаушы топ-білім-ғылым, оқу-ағарту, мәдениет саласындағы көпшілік. Кейінгі қоғамда шешендік өнердің көрінетін орындары-жоғарыдағы тақырыптарға арналған жиналыс, конференция, съезд, семинар, диспуттар еді. Шешендік сөздің сипатына қарай яғни нені айту, қайда айту, қалай айту талаптарына орай, шешендік өнер тіл мәдениетін келтіретін шарттардың бастысына айналды. Шешендік сөз енді өлең түрімен емес, таза қара сөзбен айтылатын болды.Соңғы жылдары, яғни еліміз тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болғаннан бастап шешендік өнердің қажеттілігі күн санап артып келеді. Елдін тәуелсіздігі өзімен бірге ойлау тәуелсіздігін, санадағы, танымдағы тәуелсіздікті, тіл тәуелсіздігін қоса алып келді. Демократиялық қоғам өмірдің барлық саласында сөйлеу еркіндігін камтамасыз етті, әр түрлі саяси көзқарастағы топтар қалыптасты, дін тақырыбында шешіліп сөйлеуге мүмкіндік туды. Еліміздің Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қабылдануына байланысты сот істері қазақ тілінде жүргізіле бастады. Республикадағы телеарналар мен радиохабарлар қазақ тілінде жүргізілуде, қазак баспасөз басылымдарының тілі өткірлене түсті. Осының бәрі қазақ тілінде шешен сөйлеу талабын күшейте түсері сөзсіз. Қазіргі шешендік сөздер мазмұны мен айтылуы жағынан алуан түрлі.
2. Ыбырай Алтынсарин – алғашқы ізашар тұлға. «Өнер білім бар жұрттар» көш бойы ғана емес, дәуірлік уақытқа озып кетіп, дәуірлеп тұрған шақта, жүрегінде қастерлі істің қасиетті оты жанған Ыбырайдың алдында, қазақты салбөкселіктен сергітіп, самарқаулықтан серілту, білім қақпасының есігін аштырып, күнкөрерлік кәсіпке баулу мұраты тұрды. Ыбырайдың алдында өз тілінде оқыту тәжірибесі де, оқу-құралдары да, мұғалімдер де, тіпті мектептің өзі де жоқ еді. Оған сол жоқтың бәрін жасауға, ұйымдастыруға, табуға – жоқтан бар жасауға тура келді. Ыбырай – оқу-ағарту ісінің үлкен ұйымдастырушысы, қоғамдық қайраткер бола жүріп сол мақсатқа бар өнерін, бар қабілетін орайлы пайдалана да білген адам. Ол болайын деп емес, болатын ешкім болмаған соң, еріксіз өнер өресіне де қол созған. Ағартушы-ұстаз қолға алған абзал ісін мақсатқа жеткізу жолында жазушылық, аудармашылық, ақындық, журналшылық, этнографтық, тіпті мәмілегерлік қабілеттерін де барынша пайдалана білген.
«Егер пайдалы істі бастамасаң, ешқашан да ештеңе болмақ емес» деп қиын да болса тәуекелге бел буған ұстаз өзін ұлылық биігіне көтерген үлкен істің алғашқы қадамын Торғай қаласында аттады. Қазақ жерінің қақ ортасында тұрып, ғылым шырағын тұтатып, білімге шақырған дала қоңырауын қақты. Бұл 1864 жылдың 8 қаңтары еді. Бұл оның Торғай қаласында Орынбор бекінісі комендантында аудармашы бола жүріп, жергілікті тұрғындардан қаржы жинап, мектеп құрылысын да өзі басқарып, төрт жыл бойы дамыл таппай, тағатсыздана күткен арманды күні болатын. Содан Торғай облыстық мектептер инспекторы дәрежесіне дейін көтерілген ол ұлан-ғайыр өңірде (қазіргі Қостанай, Ақтөбе, Ресейдің Орынбор, Қорған, Челябі облыстарын қамтиды) жаңа оқу орындарын ашу жолындағы үлкен ұйымдастыру жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Ыбырай Алтынсариннің елі үшін жасаған еңбегі ұлт есінде мәңгі қалмақ. Оның есімімен өзі іргесін қалаған Торғай қазақ орта мектебі, Арқалық педагогикалық институты, Алматыдағы педогогикалық академия, ауыл, аудан, бірнеше қалалардағы көшелер аталады. Ескерткіштер мен мұражайлар бар. Ыбырай шығармалары әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Көптеген шығармалары қазақ әдебиетінің тозбас қазынасына жатады. Әсіресе «Қазақ хрестоматиясы» – ұлттық мектеп оқулықтарының бастауы, сыныпты үлгісі болып табылады. «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңі күні бүгінге дейін мектеп оқушыларының әнұранындай болып келе жатыр. Ыбырай Алтынсарин туралы Ғафу Қайырбеков «Дала қоңырауы» атты дастан, Жайсаңбек Молдағалиев «Таза бұлақ» атты роман жазды. Оған арналған өлеңдер мен әндер, еңбектерінен ғылыми зерттеулер жазылып келеді.
