- •2. Өмірбаяны
- •3. Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер топтамасы «Маса» деген атпен Орынборда 1911 жылы басылған. Жинаққа қойған атына ол едәуір ой, салмақты жүк артқан деуге болады.
- •3. «Батыр Баян» (поэма) – қазақтың атақты қаламгері Мағжан Жұмабаевтың жазған поэмасы. Қысқаша мазмұны
- •3. Елдегі әділетсіздік.Батырдың аңғалдығы.Исатай қазасы.Әсер етуші факторлар,халық қамы, ел жағдайы.Үстем тап өкілдерінің зорлығы. Ерлердің ісі бітер ме?
- •Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тілімен …
- •2. Бір Аллаға сиынып,
- •3. Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын,жазушы, жалынды көсемсөз шебері.
- •3. Сәкен Сейфуллин(1894-1939)
- •Ол қалай Қайғы атанды?
- •Жиренше шешен жайлы аңыз
- •Шығамын тірі болсам адам болып.
- •3. Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
- •Ұрқия - Ақбілектің жанашыр жеңгесі. Ақбілектің қалаға келіп, көзін ашуына бірден бір себепкер. Сонымен бірге баласы Ескендірді өсіруіне де көп көмектеседі.
3. Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.
(М.Дулатов, «Оян, қазақ»)
Адамзат тарихында қилы-қиямет оқиғалармен, дүбірлі даму үрдісімен ерекше орын алған ХХ ғасырдың басы қашаннан еңбегі еш, тұзы сор қазақ халқы үшін де сындарлы кезең болғаны белгілі. Осындай талма тұста, шешуші сәтте ұлт үшін қызмет көрсетудің үздік үлгісін көрсеткен алтын айдарлы арыстарымыздың қатарында Міржақып Дулатовтың есімі бұл күнде зор ілтипатпен аталады. Міржақып Дулатов 1911 жылы маусым ішінде "Оян, қазақ" атты кітабын таратқаны үшін Семейде абақтыға жабылып, 103 һәм 129 статъялар бойынша айыпталып, Окружной соттың үкімі бойынша 19 ай қамауда отырды. Орал губернаторының телеграммасы бойынша Дулатовтың үйіне және редакцияда тінту болды, бірақ ештеңе табылмады.
Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!
Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ.
Алашағың аз ба мына дүниеден,
Болашағың емес пе еді зор, ғажап?!
Оян, қазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!
Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап!
Ауырыңды арқала да, алға бас,
Бауырыңмен не көрінді жорғалап?!
Мен қазақпын, сен қазақсың, ол қазақ,
Ер мінезбен өр рухқа болма жат.
Ортасына жалғыз орыс кіргенде,
Орыс тілде шүлдірлейді он қазақ.
Аталардан қалған асыл мұрамыз –
Туған жердің қақ төрінде тұрамыз.
Азаттығы ұмытылған ұлт болып,
«Қазақ тілі» қоғамдарын құрамыз.
22-билет
1.Пікірталас сайысы әйгілі Карл Поппер дебатының форматы бойынша өтті, дебаттың әр-бір айналымында қатысушы екі топ мүшелері (спикерлер) ретімен сөз алып бірі берілген тақырыпты қолдап, мақұлдаса, екіншісі, сәйкесінше, бұл ұстанымды теріске шығарды. Әр-бір дәйексөзден кейін спикерлерге қарсы топтан сұрақ қойылды. Топ мүшелері көрнекілік ретінде түрлі слайдтар мен презентацияларды қолдана алады. Пікірталас сайысының мақсаты - жастар арасында дебаттың танымалдығын таныту. Адамның құқығы бойынша өзекті мәселелерді тиімді жолдармен талқылау негізінде жастардың азаматтық позиция белсенділігін дамыту. Міндеттері:
- жастардың құқықтық мәдениетін көтеру;
- шешендік өнерге баулу;
- сыни тұрғыдан ойлау қабілеттеріне машықтандыру ;
- жастар арасында өзбетіндік білімнің қажеттілігіне тұлғалану;
- көшбасшылық қасиеттерге дағдыландыру.
2. Әдебиет – өмiр шындығының көркемөнердегi айнасы болғандықтан, сол дәуiрдiң тарихи-саяси ақиқат қалпы әдеби туындыларда өз көрiнiсiн тауып жатты. XX ғасырдың 20-шы жылдарында әдебиет тарихын сөз еткен алғашқы М.Әуезов, Х.Досмұхамедұлы еңбектерi мен Ә.Бөкейханұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытұлы, Қ.Кемеңгерұлы М.Тынышбайұлы, т.б. мақалалары, жазбаларындағы XIX ғасыр әдебиетiн әдебиеттiң тарихилығы принципiнде, әдебиет дамуын халық тарихымен байланыста қарастыра бастаған зерттеулер, кеңес дәуiрiнiң тоталитарлық жүйесi нық орнап, әдебиетке таптық, интернационалдық, социалистiк тұрғыда баға беру талабы қойылған шақта, әдебиет тарихы саяси, мазмұндық талдаудың жалған идеологиялық қалыбына түсiрiлдi. Сөйтiп, Ресей империясы жүргiзген отарлық езгiнiң 1867 жылға дейiнгi әскери жер отары саясаты нағыз отарлық езгi ретiнде емес, патша өкiметiнiң қазақ және орыс шаруаларына қарсы жүргiзген таптық қанауы ретiнде атүстi сипатталып, тәуелсiз хандық мемлекеттi үстем таптың феодалдық озбыр өкiметi ретiнде қаралап, ұлт азаттық қозғалыстары мен көтерiлiстердi орыс отаршылдарына қарсы емес, шаруалардың қазақ феодалдарына қарсы туған бас көтерулерi ретiнде ғана бағалау етек алды. Ал XIX ғасырдың екiншi жартысындағы сауда капиталын қазақ жерiне ендiру арқылы жер үстi мен астының байлығын тонау, қазақтың рухани-мәдени, тұрмыстық-шаруашылық қалпын отарлау саясатына орай мақсатты түрде зерттеулер жүргiзу, сол негiзде сананы отарлау, қалыптасқан қоғамдық шаруашылық қатынастарды бұзу, оқу-ағарту желеуiмен тiлдi, салт-дәстүрдi бұзып, миссионерлiк шоқындыру саясатын жүргiзу, жинақтап айтқанда, идеологиялық отарлау арқылы халықты Ресей құрамына қосу мақсатында жүргiзiлген отарлық саяси iс-шаралар Кеңес империясының одан әрi астарлы түрде жүргiзген езгi саясаты аясында бүркемеленiп ұсталып, патша өкiметiнiң отарлық езгiсiнiң өңi өзгертiлiп айтылды. Кеңес өкiметiнiң әдебиеттi таптық интернационализм принципiндегi тар өрiстi саясат аясында қарастыруды талап еткен идеологиялық бағытының кесiрiнен XIX ғасыр әдебиетiн тұтас қамтыған отарлық езгiге қарсы туған азаттық идеясы назардан тыс қалып, XIX ғасыр әдебиетi шартты түрде XIX ғасырдың бiрiншi жартысындағы бұқарашыл әдебиет, XIX ғасырдың екiншi жартысындағы ағартушылық бағыттағы әдебиет деп оқыту қалыптасты. Ал шындығында отарлық езгiге қарсы туған ұлт әдебиетi Ресей империясы тарапынан одан әрi жүргiзiлiп, ендiгi кезекте ел iшiнде қолға алынған саяси-идеологиялық отарлау саясатының халық өмiрiндегi кеселдi көрiнiстерi жалпыдан жалқыға, көптен жекеге ауысқан, жыраулық кең толғаудан, ақындық нақтылықпен көзге шұқып тұрып көрсеткен әдеби поэтикада өз жалғастығын тапты. Мiне осы дәуiрдегi әдебиеттiң үздiксiз даму жолын тереңдеп талдап, сөз өнерiндегi дәстүр мен соны көркемдiк арналардың туу себебiн айқындау үшiн, Ресей империясының ұлт рухын, санасын отарлауға бағытталған ең озбыр үшiншi кезеңiне (1867-1917) шолу жасау қажет. Сонымен, патша өкiметiнiң хандық ел билеу жүйесiн құртып, мемлекеттiк басқару аппаратын өз қолына алуы орасан мол кеңiстiк пен отарлық мүддеге сәйкес зор мүмкiндiк ашып бергенiмен, халықтың дәстүрлi әлеуметтiк құрылымын, шаруашылық, тұрмыстық қалпын, iшкi рухани бұлақ көздерiн толық жоя алмады. Сол себептi империя елдiң материалдық байлығын тонау мен халқын басыбайлы құлдыққа түсiру мақсатында жұрттың iшкi өмiрiне қол салды. Бұған Ресейдiң өз iшiндегi саяси-әлеуметтiк жағдай да қолайлы кезеңдi туғызған болатын. Мұның мәнiсi отаршылдардың арамтамақ әккi саясатына сай, Ресейдегi дағдарысты жағдайды өз езгiсiндегi қазақ елiнiң есебiнен шешуге ұмтылуында болып отыр. Өйткенi, 1861 жылғы 19 ақпандағы мұжыққа «азаттық» берген манифестке дейiн, Ресейде шаруалар жылына орта есеппен 19 реттен өкiметке қарсы көтерiлiске шықты. Оның себебi – мұжықтың ауыр алым-салықтың астында қалуы, жерге иелiгiнiң жоқтығы және қайыршылық қалпы болатын. Сондықтан, патша өкiметi жаңа туып келе жатқан өндiрiс буржуазиясының дамуына жол ашып, сол өндiрiс капиталына қазақ елiн тегiн олжа ретiнде жығып берудi, сонымен бiрге шаруалар толқуынан самодержавиеге төнген қауiптi сейiлтiп, оларды қазақ жерiне көшiрiп, жұрттың ең шұрайлы, қоңды жерiн тартып әперу арқылы мұжықты жарылқап, елде өз жақтастарын молайтуды көздедi. Сөйтiп, қазақ тарихында отарлық езгiнi жерiне жеткiзе зерттеп, талдап жазған алаш арысы Телжан Шонанұлы айтқандай: «Өкiмет мұжықтың көңiлiн ақсүйек жерiнен «бұратаналар» жерiне аударып, мазасыз мұжық арасын сиреттi. Ал «бұратаналар» бұл болмаса, күл болсын, үкiметке бәрiбiр, ақсүйек пен қазына жерi аман қалса болғаны». Мұның арты қазақ жерiн мұжыққа тартып әперу арқылы жерден айрылған елдi қу тақырға қуып, қайыршыландырып, орыс өндiрiс капиталына су тегiн малай тауып берiп, өз ұпайын түгендемек ниетке ұласты. Бұл орайда патша өкiметi өз саясатына орайлас билiк жүйесiн енгiздi. Ол үшiн 1865 жылы далалық комиссия құрылып, ол жаңа заң жобасын жасауға кiрiстi. Жаңа Ережелерде әкiмшiлiк басқару жүйесiнде халықтың өзiн-өзi басқаруына, болмаса ел тынысына еркiндiк беретiн ешқандай мүмкiндiк ашылмау жағы мұқият қарастырылды. Осындай озбырлық толғағынан туған 1867 жылғы «Түркiстан өлкесiн басқару туралы» және 1868 жылғы «Далалық облыстарды басқару туралы» уақытша Ережелер 1822-24 жылдардағы «Жарғылардан» соңғы Ресей империясының қазақ халқына қарсы жасаған iрi мемлекеттiк қанқұйлы отарлық саясатының құжатты дәлелi болып табылады. Ережелер бойынша қазақ елi 3 аймаққа жiктелiп, әрқайсысы патшалықтың түрлi министрлiгiне қаратылды. Орал, Торғай аймағы Iшкi iстер министрлiгiне, Семей, Ақмола өңiрi Сыртқы iстер және Заң министрлiгiне, ал Сырдария мен Жетiсу өлкесi Соғыс министрлiгiне бағындырылды. Бұлай бөлудiң отаршылдар үшiн тиiмдiлiгi зор едi. Бiрiншiден, облыстарға бөлшектенген елдiң iшкi қозғалысына тыйым салынып, халықтың бiрiгуiне жол жабылды; екiншiден, генерал-губернаторлықтар бағынышты болған әр министрлiк, әр түрлi саяси-экономикалық мiндеттер атқаратындықтан, ел тiлегi түрлi бюрократиялық сылтаулармен орындалмады; үшiншiден, аймақтар қарайтын министрлiктер орталықтан үйлестiрiлiп, олар ел алдында есеп бермедi; төртiншiден, отар елдегi кез келген мәселенi әр министрлiк өз еркiнше шешiп, ойына не келсе, соны iстеуге толық мүмкiндiк ашылды. Қысқасы, 1867-1868 жылдары тәжiрибе ретiнде уақытша енгiзiлген бұл Ережелер патша өкiметiнiң саяси- әкiмшiлiк отарлық саясатында сыннан өтiп, қазақ жерi мен Орта Азия тұтас жауланып алынған соң, осы Ережелер негiзiнде 1886 жылы Түркiстан, 1891 жылы далалық генерал-губернаторлықтарына бiрiктiрiлдi. Заңсыз зорлық Ережеге арқа сүйеген озбыр өкiмет жалпы жиыны 45 миллион десятина жердi қазақтан тартып алып, келiмсектерге бердi. Құлан жортпас құла дүз, қу медиен шөл және шөлейттi құнарсыз далаға (резервацияларға) қуылған ел кешегi ата қоныс туған өлкесiн жайлағысы келсе, орыс отаршылдарына мөлшерсiз салық төлеуге мәжбүр болды. Осындай жерден айрылып, езгiге түскен ел жоқшылыққа ұшырап, жатаққа айналды, немесе, жоғарыда айтылғандай, топ-тобымен орыс өндiрiс капиталына жалдамалы жұмысқа жегiлдi. Сонау ғасыр басында отаршылдар қолға алған ата-баба мұраларының ең қастерлiсi – ата мекендi алу бүкiл ғасыр бойына тоқтаусыз жүргiзiлiп жатса, халық тарихы, халықтың мұң-шерiмен бiте қайнасқан ұлт әдебиетiнде бұл тақырыптың XIX ғасырдың екiншi жартысы деп шартты түрде бөлiнген әдебиетте өз жалғастығын таппады деу ақылға сиымсыз. Қайта туған жер тақырыбы күллi дәуiр әдебиетiнде желi болып тартылғанына осы дәуiр әдебиетiнiң кез-келген сөз зергерiнiң шығармашылығы айғақ.
3. Бейімбет Майлин 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин кеңшарында туған. Жастай әкеден айрылып, балалық шағы жоқшылықта бейнетпен өтеді. Бейімбет Майлин – қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Әсіресе, қазақ прозасындағы әңгіме жанрын биік деңгейге көтерген. Оның әңгімелері жаңа құрылыс кезеңінің көркем шежіресі іспетті. Кейіпкерлері – қарапайым ел адамдары. Аумалы-төкпелі заманның қиыншылықтары, жаңа үкімет тарапынан жіберілген асыра сілтеушіліктер, ел адамдарының бастан өткерген уақыт кезеңі жазушы қаламында шебер көрініс тапқан. Қаламгер кейіпкерлерінің шынайы болмыс-бітімі тұрмыс-тіршілігі, психологиялық күйі арқылы сол қоғамды шынайы бедерлеумен қатар, өзіндік көзқарасын білдіреді. Жаңа үкімет тарапынан жіберілген кемшіліктер оның Мырқымбай сияқты кейіпкерлерінің аузымен кейде ашық, кейде астарлы түрде сынға алынады. Қаламгер заман сипатын дер уақытында айқын танып, өз шығармаларында көркем бейнелеген. «Шұғаның белгісі», «Раушан – коммунист», «Арыстанбайдың Мұқышы» «Он бес үй», «Майдан» т.б әңгіме, повесть, драмалар – шыншыл суреткердің қаламынан туған бірегей туындылар. Ол 1938 жылы қайғылы қазаға ұшырайды. «Түйебай» әңгімесі Бейімбет Майлиннің ағартушылық көзқарасы «Алғашқы сабақ», «Ауыл мектебі», «Бақберген мектебі», «Түйебай» әңгіме, пьесаларында айқын танылады. Жазушы көбіне оқудың мән-мағынасын қарапайым сюжетпен адамдар тағдырының шынайы көрінісі арқылы шебер жеткізеді. «Түйебай» әңгімесі әлеуметтік жағдайға тәуелсіз балалықтың бал дәуренін еркін кешкен ауыл балаларының сол жылы молдадаға оқуға баруынан басталады. Ескіше оқуының мағынасыздығын танытқысы келген автор молданың портретін беруде жағымсыз көніл-күй қалыптастырса, іс-әрекеті арқылы әділетсіз қоғамның бет бейнесін ашық көрсетеді. Өздері малайлықта жоқшылық тауқыметімен жүрсе де, ата-анасы Түйебайды молдаға оқуға береді. Қай заман болсын оқуға деген көзқарас жоғары. Дегенмен, молда оқуының балаға берері аз, мағынасыз. Молданың қатал тәртібі мен талабының астарында әлеуметтік теңсіздік мәселесі бой көрсетеді. Автор «Сен бақыттысың ғой» деген сөзді Түйебайдың «әлденеге телміріп, қызығып қараған» көзімен айтқызады. Сол арқылы Түйебайлардың тағдырының ауырлығын тереңдете түседі. Кейіпкерінің бірінші жақта баяндауы түрінде жазылған әңгіме оқырманның «аяушылық сезімін оятып, көзіне жас үйіреді».
23-билет
1. Жалпы мақсаттар Оқушының сөйлеу мәдениетін, өзіндік ой - пікірін ашық айта білу, баяндау шеберлігін, шығармашылығын арттыра отырып, пікірталас мәдениеті сырларын меңгеруге ықпал жасау. Білімді, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, сөйлеу мәдениеті жоғары жеке тұлға қалыптастыру Алған білімдерін өз бетінше жұмыста қолдана алуға жағдай жасау. Өмірдегі әр сәтке байыппен қарауға үйрету.Күтілетін нәтижелері Қазақ тілінің әр саласына байланысты грамматикалық талдауларды жасай алады.Сындарлы ойлай алады.Бір-бірімен ой талқы жасай алады.Бір-бірін құрметпен тыңдай алады.Пікірталас мәдениетінің тақырыбын, негізгі талаптарын біледі.Түйінді идеялар Пікірталастағы сөздің күші әсер ету мүмкіндігінде.Ой айқындылығының басты шарттары- сөз дұрыстығы,дәлдігі, жатықтығы, тазалығы.Сөздерді дұрыс таңдау:сөздің ауыспалы және тура мағыналы, келтірінді мағыналарын жетік білу.
2. Ақбілек - Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан туған роман. Роман тұңғыш рет 1927 жылы «Әйел теңдігі» журналында жарияланды.
Қысқаша мазмұны: Ақбілек романындағы барлық оқиғалар тікелей өмірден алынған. Ақбілек романы - қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе негізгі тұлға - Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын туынды.Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Сонымен бірге халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысын, ел мен жер, келешек күндерге деген наным, сенімдері серпінді, шабытты, көркем кестеленеді. Кейіпкерлер келбеті, іс-қимылдары да нанымды жеткізіледі. Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кеңінен көрініс береді. Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры,.әйел теңсіздігі. «Ақбілек» романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады. Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді.
