Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдебиет билет жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162 Кб
Скачать
☆

3. Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын,жазушы, жалынды көсемсөз шебері.

Алыстан Алаш десе аттанамын, Қазақты қазақ десе мақтанамын. Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ

Мен неге, қазақтықтан сақтанамын?!

Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысыныңЖанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариніргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.

15-билет

1. Шешендік сөздің сапалары және мазмұндылығы (жауап жоқ)

2. Спандияр Көбеев (1878 - 1956) - қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. 1878 жылы бұрынғы Торғай облысы, Обаған болысына қарасты нөмiрі үшiншi ауылда - қазiргi Ақсуат ауылында дүниеге келген. Анасы Айтбоз өте қайратты, ақылды, ауылының ортақ анасы сияқты қадiрлi адам болған көрiнедi. Әкесi Көбей хат таныған, шыншыл, тек қолөнерiмен күн көрген. Әке-шешесiнiң үлгi тәрбиесi болашақ педогог-жазушының мiнез құлқының қалыптасуына көп әсер еткен. Мектеп жасына жетiп қалған бала бiрде әкесiмен бiрге бұл кездегi дәулеттi кiсi Соқытбайдың ауылына барғанда, Ыбырай Алтынсариндi көредi. Көп кешiкпей сол ауылда ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин бiрiншi рет екi жылдық мектеп ашады. 1887 жылдың желтоқсанында Алтынсариннiң тiкелей көмегiмен Спандияр сол мектепке алынады. Содан кейiнгi жылдары Қарағайлыкөл деген жердегi төрт жылдық болыстық мектепте бiлiм алады да,Қостанай қаласындағы Алтынсарин ашқан орыс-қазақ мектебiнде оқуын жалғастырады. Ендi ол осы қаладағы жаңадан ашылған екi жылдық педагогикалық курсқа түсiп, оны 1901 жылы бастауыш мектеп мұғалiмi деген мамандық бойынша бiтiрiп шығады.

3. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы аналар образы

(жауап жоқ)

16-билет

1.

2. Қара батыр

Қара батыр деген ерді бала күнінде түрікпен елінің жортуылшылары ұстап

алып, еліне апарған соң қой бақтырыпты. Аш, жалаңаш сақтап, жөнді тамақ

бермеген соң бала қойдың далада сүтін сауып ішіп, сонымен күн көріп

жүріпті. Бір күні бала далада қамығып жылап отырғанда, алдына бір қарға

келіп қонады. Бала қарғаға айтты:

- Қарғалар - ау, қарғалар, қанды көрсе жорғалар, тұмарымды алсана, біздің

елге барсана, сағынып жүрген әкеме, тұмарды бере қалсана.

Қарға бір қарқ етті де, ұшып кетті. Бір мезгілде сауысқан келіп қонды.

- Ай, сауысқан, сауысқан, өлеске жеп тауысқан, тұмарымды алсана, елге

бара қалсана...

Сауысқан шық - шық етті де, ұшып кетті.

Келіп тырна қонды.

- Ұзын мойын тырналар, қайыры бар мырзалар, тұмарымды алсана, елге

бара қалсана...

Тырна тыррау - тыррау деді де, ұшып кетті.

Келді қаз.

- Әй, қаздар - ау, қаздар - ау, сізге бар - ды наздар - ау, тұмарымды алсана,

елге бара қалсана...

Қаз қаңқ - қаңқ етті де ұшып кетті.

Келді акқу.10

Әдеби KZ

- Көлден ұшкан қуларым, құс төресі туларым, тұмарымды алсана, елге бара

қалсана...

Аққу тоқталыңқырап, көлденеңдеп тұрды да, ол да ұшып кетті.

Біраздан соң қарлығаш келді.

- Әй, қарлығаш, тамыр - ай, жауда болдым қалар - ай, тұмарымды алсана,

елге бара қалсана...

Қарлығаш ұшып олай кетті, ұшып бұлай кетті, ақыр қимай келіп, баланың

қолына қонды.

Бала ойлады: әкем тұмарымды көріп таныса да, қай елде екенімді біле

алмас; бұған бір белгі салайын деп, өзінің қолын пышақпен шаншып қанатты

да, қанымен тұмар үстіне түрікпен елінің таңбасын салды. Сөйтіп болған соң,

тұмарды қарлығаштың мойнына байлап, елінің, әке - шешесінің жерін айтып,

ұшырып қоя берді.

Қарлығаш ұшты аспанмен, баланың айтқан жоспармен, асқар - асқар

таулармен, айдын шалқар көлдермен, батпақ - лай шөлдермен, түрлі - түрлі

жерлермен; қос қанатын қамшылап, аспаннан қатер көрінсе, таса жерді

жамшылап, үстінен тері тамшылап, неше мерзім жерді өтті, неше мерзім елді

өтті, нақ отыз күн болғанда, бір ауылға сол жетті, баланың айтқан аулы осы

ма деп, меңзепті. Бұл ауылға келген соң, қарлығаш әр үйдің төбесіне қонып,

адамын байқап жүрсе де, баланың айтқанына ешқайсысы ұқсамайды. Сөйтіп

шаршап қалғып отырғанда, бір ыңырсыған кемпірдің даусы шықты. Құлағын

салып қараса, кемпір айтады:11

Әдеби KZ

- Ау, шырағым - құлыным, маңдайымда тұлымым, көлге біткен құрағым,

жалғыз ұлым шырағым! Жау алды ма білмедім, су алды ма білмедім, аң

алды ма білмедім, жөнінді біліп, шырағым, құрбаның боп өлмедім, жиырма

төрт ай болды, мен жалғызды көрмедім!..

Сен тұра тұр деп кемпірді тоқтатып, шал айтады:

- Жалғыз біткен талшыбық, келбетің келген қарағым, бір дерегің білуге,

дүниені кезіп қарадым, аш 6уpaдай жарадым, он екі мүшем секілді, аш

күзендей бүгілді, таулардың насат тасындай, берік - ақ еді сүйегім, өрт

шалғандай егілді. Қайда да кеттің, сұңқарым, үміт еткен тұлпарым, бір

көрсетіп алмады, сол ғана болды - ау іңкәрім.

Онда бір жас қыз бала әке - шешесін тоқтатып сөйлейді:

- Нар кескен деген алмастай, асыл еді негізің, бірге туған егізім, сен тұрғанда

ойлаушы ем, арғымақ ат мінермін, асыл киім киермін, тең - құрбымнан

ілгері, мен жарқырап жүрермін, биіктен талап тілермін, ойын - күлкі

сауықпен, қызық дәурен сүрермін. Егізімнен айрылып, ақша беттен қан кетті,

көңілімнен жан кетті, желкілдеп шықкан көк шөптей, жап - жас қана күнімде,

міне бізден сән кетті. Әй, қартымыз, қартымыз, көзіңнің жасын тартыңыз,

мен бүгін бір түс көрдім, әжептәуір іс көрдім, түсіме жору ай - ыныз: қолдан

ұшкан сұңқарым, қайта қонып жүр екен, үйірден жойған тұлпарым, қайта

келіп жүр екен, бірге туған құлыным, үйге келіп жүр екен. Бізге құдай берген

- ді, кісі көрмес өлген - ді. Баба - түкті ІПашты - әзіз, нақ сарт болып кетпесе,

хабар алып шырақтан, бір қарлығаш келген - ді...12

Әдеби KZ

Бұл сөзді есіткен соң, қарлығаш тіп - тіке шал - кемпірдің алдына қонды.

Бейшаралар жылап - сықтап тұмарды алып, таңбасынан Қара батыр

түрікпенге барғанын білісті. Сонан соң ат жаратып, адам жиып, түрікпен

жұртына барып, көп тарту - таралғы беріп, баласын алып қайтты дейді.