Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдебиет билет жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
162 Кб
Скачать
☆

Жиренше шешен жайлы аңыз

Әз Жәнібек хан жігіт кезінде өзінің бір топ достарымен серуен құрып келе жатса, алдынан бір аққұбаша бала кездесе кетеді. Жеті-сегіздер шамасындағы әлгі бала жалаң аяқ, үсті-басы жұлым-жұлым екен.

- Бұл елсіз далада неғып жүрген баласың?

- Сүтін ішіп жүрген жалғыз інгенім бар еді, содан айрылып қалып, осы даладан іздеп жүрмін.

- Інгенді тұсап қойсаң етті?

- Тұсап жүруші едім, тұсауы үзіліп кетіпті.

Жәнібек те жастайынан естияр, ақылды екен. Жетім баланың өлген шешесін жұмбақтап айтқанына түсіне қойыпты.

- Е-е, сенің шешең өліп, ана сүтінен айрылған жетім бала екенсің ғой, кел атыма мінгес. Жәнібек жігіт әлгі баланы атына мінгестіріп, үйіне әкепті. Жуып-шайындырып киіндіріпті. Ауыл адамдары оны түсіне қарап "Жиренше бала" деп атап кетіпті.

Болашақ екі дана жас кезінен-ақ осылайша кездесіп, өле-өлгенше бір-біріне ақыл-серік боп кетіпті, - дейді ел аңызы.

2.Көп іздену, орыстың, Европаның үлгі-өрнегін терең зерттеу нәтижесінде Абайдың рухани ерісі мейлінше кеңіді, өмір жұмбағының көп сырлары ашылды; ақын ел тұрмысының келелі мәселелерін тербеп, батыл қорытындылар жасады. «Шығысым Батыс, Батысым Шығыс болды»,— деді Абай көзқарасындағы алуан теңкерісті қорытып. Бұл — Абайдың тоғыз жолдың тұйығынан жөн тауып, түзу жолға түскен кезеңі. Осы уақыттан бастап Абайдың бет бұрған бағыты — Батыс, орыс мәдениеті, әдебиеті, үлгісі, өмір сабағы. Осы сағаттан бастап ол Шығысқа бір қырындап, сәулелі жарықты, нұрлы күнді Батыстан күтті. Абай ахирет қамын бағу жолына түскен жоқ, дін жолын күйіттеуге отырған жоқ, еңбек, кәсіп істеп, өнер мен дүние күйіттеген орыс халқының үлгісін алды. Себебін Абай өзі жақсылап түсіндірді. Орыс «…дүниенің тілін біледі… — деп жазады Абай.— Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды». «Хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да — бәрі де орыста тұр. Залалынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға, тілін, оқуын, ғылымын білмек керек». «Кім де кім үйреніп жетпей жатып үйренгенін қойса, оны құдай ұрады…» «Орыстың ғылым, өнері — дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі». «Балаңа қатын әперме, енші берме, барыңды салсаң да, балаңа орыстың ғылымын үйрет… Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең, оқыт. Мал аяма!» Абайдың пікірі айқын: оның құмартқаны дүниенің тілін білу, кілтін табу, ғылымды, білімді болу — бұлардың бәрі орыста. Ендеше орыстан үйрен, жалынышты болмас үшін, пайдасына ортақ болу үшін, теңдік дағуасына кіру үшін үйрен дейді. 3. Сұлтанмахмұт Торайғыров (28.10.1893, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы – 21.5.1920, Павлодар облысы Баянауыл ауданы) – ақын, ағартушы. Сұлтанмахмұт  Торайғыров – қазақ  халқының   XX  ғасыр басындағы  аса  көрнекті ақыны,  ғажап   ақыл - ойшысы.  Ол - ұлы  Абай  дәстүрін  жалғастырушы.  Абай  ашқан поэтикалық  мүмкіндікті  өзі  өмір  сүрген  қоғам  шындығын, қайшылығын  бейнелеуге еркін  де  пайдаланған  шебер. Сұлтанмахмұт   өлеңдегі  Абай  өрнегін  шебер пайдаланушы  ғана  емес, өзінің   ақындық  қуат-дарынымен  жаңалаушы,  ілгері дамытушы.  Ол – қазақ  халқының   XX ғасыр  басындағы   қазақ   әдебиеті  аталатын тұтас   дәуірдің  айырықша   ірі  тұлғасы.