Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сигнал.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

§ 8. Маневрлік жұмыс кезінде қолданылатын сигналдар

      98. Маневрлік бағдаршамдармен мынадай сигналдар беріледі:       бір ай тәрізді-ақ от – «Маневрді жүргізуге рұқсат етіледі» осы нұсқаулықтың 110-қосымшасына сәйкес;       бір көк от – «Маневрді жүргізуге тыйым салынады» осы нұсқаулықтың 110-қосымшасына сәйкес;       Маневрді жүргізуге рұқсат қызыл от сөнген кезде бір ай тәрізді ақ отпен шығу және маршруттық бағдаршамдары арқылы берілуі мүмкін. Маневрлер ауданында шығу және маршруттық бағдаршамдардың қызыл отына жүріп кету топтық-маневрлік бағдаршамдардың ай тәрізді-ақ отымен рұқсат етілуі мүмкін.       Екі жақты қозғалыс үшін автоматты бұғаттаумен жабдықталған бір жолды, екі жолды станцияларда станция жағынан кіру бағдаршамының діңгегінде орналасқан маневрлік бағдаршамда ай тәрізді ақ отпен «Маневрлік құрамның станция шекарасынан шығуына рұқсат беріледі» сигналы қолданылуы мүмкін.       Станцияның белгілі бір ауданында маневрге рұқсат беретін топтық маневрлік бағдаршаммен бір не екі жаққа сигналдар беріледі.       Маневрлік бағдаршамдарда теміржол көлігі кәсіпорны басшылығының рұқсатымен көктің орнына қызыл оттар қолданылуы мүмкін.       Бағыттауыштары мен сигналдары электрлік орталықтандырылған станциялардың маневрлік бағдаршамдарында қажетті жағдайларда «маневр жүргізуге рұқсат етіледі; бұл бағдаршаммен қоршалған жол ашық» екі ай тәрізді ақ от сигналы қолданыла алады.       99. Дөңестік бағдаршамдармен мынадай сигналдар беріледі осы нұсқаулықтың 111-қосымшасына сәйкес:       бір жасыл от – «Вагондарды белгіленген жылдамдықпен таратуға рұқсат етіледі»;       бір сары от - «Вагондарды кемітілген жылдамдықпен таратуға рұқсат етіледі»;       бір сары және бір жасыл от - «Вагондарды белгіленген және кемітілген жылдамдық арасындағы жылдамдықпен таратуға рұқсат етіледі»;       бір қызыл от - "Тоқта! Таратуға тыйым салынады";       Жарық көрсеткішіндегі қызыл отпен бір мезгілде жанатын ақ түсті «Н» әрпі – дөңестен түскен вагондарды қабылдау паркінің жолдарына және тартып шығару жолына шегіндіру керек».       Дөңестік бағдаршамдардың бір жасыл от, бір сары және бір жасыл және бір сары от бойынша сұрыптау дөңестерінде вагондарды тарату жылдамдығы темір жол көлігі кәсіпорнының басшылығымен белгіленеді.       Дөңестік бағдаршам сигналдарының көрінуі қамтамасыз етілмеген жағдайларда, дөңестік бағдаршамның көрсетуі туралы машинистке хабарлау үшін қайталағыш бағдаршамдар немесе дөңестік автоматты локомотивтік сигнализация қолданылады. Қайталағыш және локомотивтік бағдаршамдар негізгі дөңестік бағдаршам тәрізді оттармен сигнал беруі керек. Қабылдау паркін жолдарының ортасында орналасқан қайталағыш бағдаршамдарда қызыл оттың орнына көк от орнатылуы мүмкін.       Қабылдау паркінің жолдарында дөңестік бағдаршамға дейін құрамдардың берілуіне рұқсат беру үшін, сондай-ақ дөңес асты жолдарындағы сигнализация үшін маневрлік бағдаршамдар қолданылуы мүмкін.       100. Маневрлік бағдаршамдар болмаған жағдайда, маневрлер кезінде шығу және маршруттық бағдаршамдардың қызыл отына жүріп кетуге станция бойынша кезекшімен немесе оның нұсқауы бойынша маневрлер жетекшілерімен радиобайланыс бойынша, екіжақты парктік байланыс құрылғылары бойынша немесе қол сигналы аспаптарымен берілетін сигнал бойынша рұқсат беріледі.       101. Маневрлер кезінде қол және дыбыс сигналдары беріледі:       «Алға басқарумен локомотивке жүруге рұқсат етіледі» - күндіз жайылған сары жалаушасы бар жоғары көтерілген қол қозғалысы арқылы, түнде – мөлдір ақ оты бар қол фонарымен (6.4 сурет) немесе бір ұзақ дыбыспен;       «Кейінге басқарумен локомотивке жүруге рұқсат етіледі» - күндіз жайылған сары жалаушасы бар төмен түсірілген қол қозғалысы арқылы, түнде – мөлдір ақ оты бар қол фонарымен (6.5 сурет) немесе екі ұзақ дыбыспен;       «Тыныш» - күндіз жайылған сары жалаушаның жоғары-төмен баяу қозғалысы арқылы, түнде – мөлдір ақ оты бар қол фонарымен осы нұсқаулықтың 114-қосымшасына сәйкес немесе екі қысқа дыбыспен;       «Тоқта!» - күндіз жайылған қызыл немесе сары жалаушаның шеңбер бойынша қозғалысы арқылы, түнде – кез-келген оттағы қол фонарымен осы нұсқаулықтың 115-қосымшасына сәйкес немесе үш қысқа дыбыспен;       102. Маневрлер кезіндегі сигналдар олардың орындауға қабылданғанын растайтын локомотивтің (моторвагонды құрамның), өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның ысқырықтарымен қайталануы тиіс.       Сигналшыға немесе бағыттауыш қосынының кезекшісіне бағыттауышты қайсы бір жолға қою туралы тапсырма станцияның техникалық-басқару актісімен белгіленген тәртіпке сәйкес ұзақтығы әртүрлі дыбыстармен (локомотивтердің ысқырықтарымен және маневрлер жетекшілерінің ысқырықтарымен) немесе станцияның техникалық жарақтануына байланысты басқа құралдармен берілуі мүмкін.