- •1. Жалпы ереже
- •§ 2. Сигналдар
- •§ 3. Көрінетін сигналдар
- •§ 4. Дыбыс сигналдары
- •2. Бағдаршамдар
- •§ 1. Бағдаршамдардың түрлері
- •§ 2. Кіру бағдаршамдары
- •§ 3. Шақыру сигналы
- •§ 4. Шығу және маршруттық бағдаршамдары
- •§ 5. Өту бағдаршамдары
- •§ 6. Бүркемелегіш және бөгегіш бағдаршамдар
- •§ 7. Ескерту және қайталау бағдаршамдары
- •§ 8. Локомотивтік бағдаршамдар
- •§ 9. Бағдаршамның рұқсат ететін шартты сигналы
- •3. Қоршау сигналдары
- •§ 1. Жылдамдық кемуінің тұрақты дискілері
- •§ 2. Тасымалданатын сигналдар
- •§ 3. Поездар қозғалысы үшін кедергі болатын жерлерді және аралықтардағы жұмыс жүргізілетін орындарды қоршау
- •§ 4. Поездар қозғалысы үшін кедергілер орындарын және станциялардағы жұмыс жүргізу орындарын қоршау
- •§ 5. Станциялық жолдарда жылжымалы құрамды қоршау
- •§ 6. Аралықта тоқтауға мәжбүр болғанда поезды қоршау
- •4. Қол сигналдары
- •§ 1. Қол сигналдарына қойылатын талаптар
- •§ 2. Қол сигналдарын беру түрлері
- •5. Сигналдық көрсеткіштер мен белгілер
- •§ 1. Маршруттық көрсеткіштер
- •§ 2. Лақтыру және жолдық бөгеу құрылғыларының көрсеткіштері
- •§ 3. Гидравликалық бағандардың көрсеткіштері
- •§ 4. Поездардағы ақаулы вагондарды көрсеткіштер
- •§ 5. Блок - учаскелердің шекараларын көрсететін көрсеткіштер
- •§ 6. Тұрақты сигналдық белгілер
- •§ 7. Уақытша сигналдық белгілер
- •§ 8. Маневрлік жұмыс кезінде қолданылатын сигналдар
- •§ 9. Поездарды, локомотивтерді және басқа жылжымалы бірліктерді белгілеу үшін қолданылатын сигналдар
- •6. Дыбыс сигналдары
- •§ 1. Дыбыс сигналдарының түрлері
- •§ 12. Дабыл сигналдары және арнайы көрсеткіштер
- •7. Сигналдық аспаптарды беру, есепке алу және сақтау шарты
- •§ 1. Сигналдық аспаптарды беру
- •§ 2. Сигналдық аспаптарды есепке алу және сақтау
§ 3. Шақыру сигналы
16. Шақыру сигналы – ай тәрізді ақ, жыпықтайтын от, ол ерекше мұқияттылықпен 20 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен және егер ары қарай қозғалуға кедергі кездескен жағдайда, дереу тоқтау дайындығымен поезға қызыл от жанып тұрған (немесе сөнген) бағдаршам арқылы жүріп өтуге және келесі бағдаршамға (немесе шығу бағдаршамы жоқ жолға қабылдағанда, шектік бағанға дейін) дейін жүруге рұқсат етеді осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес. Бұл сигнал кіру, сондай-ақ маршруттық және шығу бағдаршамдарында (топтықтан басқа) қолданылады. 17) Автобұғаттаумен жабдықталған екі жолды аралықтың дұрыс жолы бойынша ғана шығу бағдаршамының шақыру сигналы бойынша жөнелуге рұқсат етіледі.
§ 4. Шығу және маршруттық бағдаршамдары
18. Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі шығу бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі: 1) бір жасыл от – «Поезға станциядан аттануға және белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі; алда екі немесе одан көп блок-учаскелер бос» осы нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес; 2) бір сары от – «Поезға станциядан аттануға және тоқтау дайындығымен жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам жабық» осы нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес; 3) екі сары от, оның жоғарғысы жыпықтайды – «Поезға станциядан кеміген жылдамдықпен аттануға рұқсат етеді; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі бағдаршам жабық» осы нұсқаулықтың 14-қосымшасына сәйкес; 4) екі сары от - «Поезға станциядан кеміген жылдамдықпен аттануға рұқсат етеді; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі бағдаршам жабық» осы нұсқаулықтың 14-қосымшасына сәйкес;. 5) бір қызыл от - «Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады» осы нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес; 19. Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі шығу бағдаршамдарымен көлбеу маркалы айқаспасы бар бағыттамалы бұрмалар бойынша ауытқуы бар поездарды жөнелту кезінде мынадай сигналдар беріледі: 1) жыпықтайтын бір жасыл және бір сары от пен бір жасыл жарқырайтын жолақ – «Поезға станциядан 80 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен аттануға рұқсат етеді; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі бағдаршам ашық» осы нұсқаулықтың 15-қосымшасына сәйкес; 2) екі сары от және бір жасыл жарқырайтын жолақ – «Поезға станциядан 60 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен аттануға рұқсат етіледі; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі бағдаршам жабық» осы нұсқаулықтың 16-қосымшасына сәйкес. 20. Жартылай автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі шығу бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі: 1) бір жасыл от – «Поезға станциядан белгіленген жылдамдықпен аттануға рұқсат етіледі; келесі станцияға (жол қосынына) дейінгі аралық ашық» осы нұсқаулықтың 17-қосымшасына сәйкес; 2) бір қызыл от - «Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады» осы нұсқаулықтың 17-қосымшасына сәйкес; 3) екі сары от - «Поезға станциядан кеміген жылдамдықпен аттануға рұқсат етіледі; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі станцияға (жол қосынына) дейінгі аралық бос» осы нұсқаулықтың 18-қосымшасына сәйкес; 4) екі сары от, оның жоғарғысы жыпықтайды – «Поезға станциядан кеміген жылдамдықпен аттануға рұқсат етіледі; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады, келесі станцияға (жол қосынына) дейінгі аралық бос, келесі станцияның кіру бағдаршамы ашық» осы нұсқаулықтың 18-қосымшасына сәйкес; 21. Сигнализация мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотивтік сигнализациямен жабдықталған учаскелердегі шығу бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі: 1) бір жасыл және ай тәрізді бір ақ от - «Поезға станциядан аттануға рұқсат етіледі; алда екі немесе одан аса блок-учаске бос» осы нұсқаулықтың 19-қосымшасына сәйкес; 2) бір сары және ай тәрізді бір ақ от - «Поезға станциядан аттануға рұқсат етіледі; алда бір блок-учаске бос» осы нұсқаулықтың 20-қосымшасына сәйкес; 3) бір қызыл от - «Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады»; 22. Жолдық бұғаттаумен жабдықталған тармақталу болған жағдайда, жолдық бұғаттаумен жабдықталған көп жолды учаскелердегі және екі жақты автобұғаттаумен жабдықталған екі жолды учаскелердегі поезд жөнелтілетін жолды көрсету үшін шығу бағдаршамының оттары қажет жағдайларда маршруттық көрсеткіштің тиісті көрсетуімен толықтырылады. Екі жақты автобұғаттаумен жабдықталған учаскелерде дұрыс емес жол бойынша жөнелту кезінде маршруттық көрсеткіштерді немесе екі жасыл от сигналын қолдану міндетті. Маршруттық көрсеткіш жоқ болған жағдайда, поезды тармаққа немесе екі жақты автобұғаттау кезінде дұрыс емес жол бойынша аттануға рұқсат ету шығу бағдаршамындағы екі жасыл от сигналымен берілуі мүмкін, ол автобұғаттау кезінде кемінде екі блок-учаскенің бос екендігін көрсетеді, ал жартылай автобұғаттау кезінде – аралықтың келесі станцияға (жол қосынына) дейін бос екендігін көрсетеді21-қосымшасына сәйкес. Дұрыс жол бойынша қозғалыс автобұғаттау сигналдары бойынша, ал дұрыс емес жол бойынша қозғалыс локомотивтік бағдаршам көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылатын екі жолды учаскелерде, сондай-ақ сигнализация мен байланыстың дербес құралы ретінде қолданылатын автоматты локомотивтік сигнализациямен жабдықталған екі жолды учаскелерде станциядан дұрыс емес жолға жөнелтілер кезінде мынадай сигналдар беріледі: бір сары жыпықтайтын және бір ай тәрізді бір ақ от - «Поезға станциядан 40 км/сағ-тан аспайтын кеміген жылдамдықпен аттануға және ары қарай локомотивтік бағдаршамның көрсеткіштері бойынша дұрыс емес жол бойынша жүруге рұқсат етеді» осы нұсқаулықтың 22-қосымшасына сәйкес. 23. Шығу бағдаршамдары бар станцияларда жолдық бұғаттаумен жабдықталмаған тармақталған жолдар болған жағдайда, жөнелту маршрутының тармақталуға дайындығы шығу бағдаршамының бір ай тәрізді бір ақ отымен көрсетіледі; поездар машинистке асатаяқ немесе жолдық жазба беру арқылы шығу бағдаршамының бір ай тәрізді бір ақ оты және сөндірілген қызыл оты кезінде тармақталған жолға аттанады осы нұсқаулықтың 23-қосымшасына сәйкес. 24. Маршруттық бағдаршамдармен олардың орнатылу орындарына байланысты мынадай сигналдар беріледі: 1) бір жасыл от - «Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық»; 2) бір сары от - «Тоқтауға дайындықпен жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) жабық»; 3) бір қызыл от - «Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады»; 4) бір сары жыпықтайтын от - «Белгіленген жылдамдықпен бағдаршам арқылы жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық және кемітілген жылдамдықпен жүріп өтуді талап етеді»; 5) екі сары от, оның жоғарғысы жыпықтайтын - «Кемітілген жылдамдықпен бағдаршам арқылы жүруге рұқсат етеді; поезд бүйірлік жолға қарай жүреді; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық»; 6) екі сары от - «Станцияда тоқтау дайындығымен және кемітілген жылдамдықпен бағдаршам арқылы жүруге рұқсат етеді; поезд бүйірлік жолға қарай жүреді; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) жабық»;
