Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сигнал.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

§ 3. Поездар қозғалысы үшін кедергі болатын жерлерді және аралықтардағы жұмыс жүргізілетін орындарды қоршау

      44. Поездар қозғалысы үшін аралықтағы барлық кедергі поезд күтіліп отыр ма, әлде жоқ па, оған байланыссыз тоқтату сигналдарымен қоршалуы тиіс.       Поездардың тоқтауын талап ететін аралықтағы жұмыс жүргізу орындары кедергі тәрізді қоршалады.       Аралықтағы кедергі қоршалатын учаске шекараларынан 50 м. қашықтықта екі жағынан тасымалданатын қызыл сигналдармен қоршалады. Басшылыққа алынған ылдиға және поездар қозғалысының рұқсат етілген максимум жылдамдығына байланысты бұл сигналдардан осы нұсқаулықтың 38-қосымшасына сәйкес Б қашықтықтағы аралықта үш петардадан төселеді және петардаға ең жақын бірінші жұмыс орнынан 200 м қашықтықта, жұмыс орнынан бастап алған бағытта жылдамдықты кемітуді талап ететін тасымалданатын сигналдар орнатылады.       Кедергілер мен жұмыс жүргізу орындарын қоршау схемалары: бір жолды учаскеде осы нұсқаулықтың 42-қосымшасына сәйкес, екі жолды учаске жолдарының біреуінде осы нұсқаулықтың 43-қосымшасына сәйкес, екі жолды учаскенің екі жолында осы нұсқаулықтың 39-қосымшасына сәйкес келтірілген.       Жылдамдық кемуінің тасымалданатын сигналдары мен петардалар бірінші петардадан жұмыс орнына қарай 20 м қашықтықта қызыл қол сигналдарымен тұрған сигналшылардың күзетінде болуы тиіс. Тасымалданатын қызыл сигналдар жұмыс басшысының бақылауында болуы тиіс.       Жайылған шеппен (200 м-ден аса) жұмыстарды жүргізу кезінде жұмыс орындары осы нұсқаулықтың 43-қосымшасына сәйкес тәртіппен қоршалады.        Қоршауды талап ететін учаске шекарасынан 50 м қашықтықта орнатылған тасымалданатын қызыл сигналдар қызыл қол сигналдарымен тұрған сигналшылардың күзетінде болуы тиіс.       Егер аралықтағы кедергі орны немесе жұмысты жүргізу орны станцияға жақын жерде болса, онда бұл орынды белгіленген осы Нұсқаулықтың 38-қосымшасына сәйкес тәртіппен қоршау мүмкін емес, аралық тарапынан ол жоғарыда көрсетілгендей осы Нұсқаулықтың 39, 42, 43 қосымшаларына сәйкес қоршалады, ал станция тарапынан тасымалданатын қызыл сигнал кіру сигналына (немесе «Станция шекарасы» сигнал белгісіне) қарсы жол осіне сигналшымен күзетілетін үш петарданы төсеу арқылы орнатылады осы нұсқаулықтың 44-қосымшасына сәйкес.       Егер кедергі орны немесе жұмысты жүргізу орны кіру сигналынан (немесе «Станция шекарасы» сигнал белгісінен) 60 м-ден кем қашықтықта орналасса, онда станция тарапынан петардалар төселмейді. Кіру сигналы алдындағы кедергіні қоршау схемасы осы нұсқаулықтың 44-қосымшасына сәйкес келтірілген.       Поезд тасымалданатын сары сигналға жақындағанда, машинист локомотивтің (моторвагонды поездың), арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның бір ұзақ ысқырығын беруге міндетті, поезд қызыл қол сигналдары бар сигналшыға жақындағанда, тоқтау сигналын беруі тиіс және тасымалданатын қызыл сигналға жүріп кетпей тоқтау үшін поезды дереу тоқтатуға шаралар қабылдауы тиіс.       Сигналшылардың темір жол көлігінің басқа қызметкерлерінен ерекшеленуі үшін үстіңгі жағы сары түсті бас киімі және сигнальдық жилеті болуы тиіс.       45. Кедергі кенет пайда болған кезде және қажетті тасымалданатын сигналдар болмаған кезде, кедергі орнында тоқтату сигналын дереу орнату керек осы нұсқаулықтың 45-қосымшасына сәйкес, күндіз – қызыл жалау, түнде – қызыл оты бар фонарь және басшылыққа алынған ылдиға және поездар қозғалысының аралықта рұқсат етілген максимум жылдамдығына байланысты осы нұсқаулықтың 38-қосымшасына сәйкес 4-бағанында көрсетілген Б қашықтықта екі жағынан үш петардадан төселуі керек.       Петардалар теміржол қызметкерлерімен күзетілуі тиіс, олар қызыл қол сигналдарымен бірінші петардадан 20 м қашықтықта, кедергі орнына қарай тұруы тиіс.       Бірінші кезекте күтіліп отырған поезд тарапынан сигналдар анықталады. Бір жолды учаскелерде, егер қай жақтан поезд күтіліп отырғаны белгісіз болса, онда сигналдар ең бірінші кезекте қоршалатын орынға ылди тарапынан, ал алаңшада – қисық немесе ойпаң тарапынан белгіленеді.       Кенет пайда болған кедергілерді қоршау кезіндегі қызметкерлердің егжей-тегжейлі әрекет тәртібі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың тиісті нұсқаулығымен белгіленеді.       46. Поездар тек жолсерікпен ғана өте алатын орындар (15 км/сағ-тан аз жылдамдықпен), сондай-ақ екі жолды учаскелердегі бір деңгейдегі жолдардың қиылысуы қозғалыс үшін кедергі орны ретінде, бірақ петарда төселмей қоршалады. Бұл сигналдардың орнатылғаны туралы поездарға жазбаша ескертулер беріледі.       Ескерту берілмеген поезды жолсерікпен өткізу қажеттілігі туғанда, петарда төсеу міндетті болып табылады.       Егер поездарды жолсерікпен өткізу ұзақ уақытқа белгіленетін болса, онда тасымалданатын қызыл сигналдарды жабық күйде қалдырылған, бүркемеленетін бағдаршамдармен ауыстыруға рұқсат етіледі, олардың алдына ескерту бағдаршамдары орнатылуы керек осы нұсқаулықтың 46-қосымшасына сәйкес.       Бұл бүркемелеу бағдаршамдарын орнату туралы темір жол көлігі кәсіпорны басшылығының бұйрығы жарияланады және бұл жағдайда, поездарға ескерту берілмейді.       Қоршалатын орынның екі жағынан жол қосындары ашылған жағдайда, бұл қосындар арқылы поездардың қозғалысы қолданылатын сигнализацияның және байланыс құралдарының біреуімен жолсеріксіз жүргізіледі. Бұл ретте жекелеген жағдайларда, қоршалған орын арқылы белгіленген жылдамдықпен поездың жүруіне бақылау жасау үшін жолсерік тағайындалуы мүмкін.       47. Барлық жағдайларда петардалар үш дана мөлшерінде төселеді: екеуі поездың жүрісі бойынша жолдың оң жақ рельсіне және біреуі сол жаққа осы нұсқаулықтың 45-қосымшасына сәйкес. Петардалар арасындағы қашықтық 20 м-ден болуы тиіс.       48. Жылдамдық кемуінің тасымалданатын сигналдары мен  «Қауіпті жердің басталуы» және «Қауіпті жердің аяқталуы» сигналдық белгілері осы нұсқаулықтың 39-қосымшасына сәйкес көрсетілген схемалар бойынша орнатылады.       Аралықта жылдамдықтың кемуін талап ететін орын станцияға жақын орналасқан болса және оны белгіленген тәртіппен қоршау осы Нұсқаулықтың 38-қосымшасына мүмкін болмаса, онда ол аралық тарапынан осы Нұсқаулықтың 39, 42, 43 қосымшаларына сәйкес қоршалады, ал станция тарапынан осы нұсқаулықтың 47-қосымшасына сәйкес көрсетілгендей тәртіппен қоршалады.       Машинист тасымалданатын сары сигналға жақындағанда, локомотивтің (моторвагонды поездың), өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның бір ұзын ысқырығын беруі тиіс және поезды ескертуде көрсетілген жылдамдықпен, ескерту болмаған жағдайда – 25 км/сағ-тан аспайтын жылдамдықпен «Қауіпті жердің басталуы» осы нұсқаулықтың 48-қосымшасына сәйкес және «Қауіпті жердің аяқталуы» осы нұсқаулықтың 48-қосымшасына сәйкес сигналдық белгілерімен қоршалған орын арқылы алып өтетіндей болып жүргізуі керек.       «Қауіпті жердің аяқталуы» сигналдық белгісі «Қауіпті жердің басталуы» сигналдық белгісінің сырт жағына орналастырылады.       Станциялық жолдар мен көп жолды аралықтарда жылдамдық кемуінің тасымалданатын сигналдары мен  «Қауіпті жердің басталуы» және «Қауіпті жердің аяқталуы» сигналдық белгілері қысқарған сырықтармен қолданылуы мүмкін.       49. Тоқтату сигналдарымен қоршауды немесе жылдамдықты кемітуді талап етпейтін, бірақ поездың жақындап келе жатқаны туралы жұмысшыларға ескертуді талап ететін жұмысты жүргізу орындары ысқырық беру туралы «С» тасымалданатын сигналдық белгісімен қоршалады, олар жұмыс жүргізіліп жатқан жол бойына, сондай-ақ әрбір көршілес басты жол бойына орнатылады осы нұсқаулықтың 49-қосымшасына сәйкес.       «С» тасымалданатын сигналдық белгілері тоқтату сигналдарымен немесе жылдамдықты кеміту сигналдарымен осы нұсқаулықтың 42 және 44-қосымшасына сәйкес қоршалған жұмысты жүргізу кезіндегідей тәртіппен көршілес басты орындарға орнатылады.       Поездар 120 км/сағ-тан асатын жылдамдықпен қозғалатын аралықтарда «С» тасымалданатын сигналдық белгілері жұмыс учаскесінің шекарасынан 800-1500 м қашықтықта орнатылады.