- •1. Жалпы ереже
- •§ 2. Сигналдар
- •§ 3. Көрінетін сигналдар
- •§ 4. Дыбыс сигналдары
- •2. Бағдаршамдар
- •§ 1. Бағдаршамдардың түрлері
- •§ 2. Кіру бағдаршамдары
- •§ 3. Шақыру сигналы
- •§ 4. Шығу және маршруттық бағдаршамдары
- •§ 5. Өту бағдаршамдары
- •§ 6. Бүркемелегіш және бөгегіш бағдаршамдар
- •§ 7. Ескерту және қайталау бағдаршамдары
- •§ 8. Локомотивтік бағдаршамдар
- •§ 9. Бағдаршамның рұқсат ететін шартты сигналы
- •3. Қоршау сигналдары
- •§ 1. Жылдамдық кемуінің тұрақты дискілері
- •§ 2. Тасымалданатын сигналдар
- •§ 3. Поездар қозғалысы үшін кедергі болатын жерлерді және аралықтардағы жұмыс жүргізілетін орындарды қоршау
- •§ 4. Поездар қозғалысы үшін кедергілер орындарын және станциялардағы жұмыс жүргізу орындарын қоршау
- •§ 5. Станциялық жолдарда жылжымалы құрамды қоршау
- •§ 6. Аралықта тоқтауға мәжбүр болғанда поезды қоршау
- •4. Қол сигналдары
- •§ 1. Қол сигналдарына қойылатын талаптар
- •§ 2. Қол сигналдарын беру түрлері
- •5. Сигналдық көрсеткіштер мен белгілер
- •§ 1. Маршруттық көрсеткіштер
- •§ 2. Лақтыру және жолдық бөгеу құрылғыларының көрсеткіштері
- •§ 3. Гидравликалық бағандардың көрсеткіштері
- •§ 4. Поездардағы ақаулы вагондарды көрсеткіштер
- •§ 5. Блок - учаскелердің шекараларын көрсететін көрсеткіштер
- •§ 6. Тұрақты сигналдық белгілер
- •§ 7. Уақытша сигналдық белгілер
- •§ 8. Маневрлік жұмыс кезінде қолданылатын сигналдар
- •§ 9. Поездарды, локомотивтерді және басқа жылжымалы бірліктерді белгілеу үшін қолданылатын сигналдар
- •6. Дыбыс сигналдары
- •§ 1. Дыбыс сигналдарының түрлері
- •§ 12. Дабыл сигналдары және арнайы көрсеткіштер
- •7. Сигналдық аспаптарды беру, есепке алу және сақтау шарты
- •§ 1. Сигналдық аспаптарды беру
- •§ 2. Сигналдық аспаптарды есепке алу және сақтау
2. Бағдаршамдар
§ 1. Бағдаршамдардың түрлері
11. Бағдаршамдар мақсаты бойынша былай бөлінеді: 1) кіру – поезға аралықтан станцияға кіру үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған; 2) шығу – поезға станциядан аралыққа аттану үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған; 3) дөңестік – вагондарды дөңестен тарату үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған; 4) бөгегіш – темір жол өтпелерінде, ірі жасанды құрылыстарда және опырылатын жерлерде қозғалыс үшін қауіп туған жағдайда, сондай-ақ станциялық жолдарда вагондарды қарау және жөндеу үшін құрамдарды қоршау кезінде тоқтатуды талап етуге арналған; 5) локомотивтік – поезға аралық бойынша бір блок - учаскеден екінші блок - учаскеге өтуге рұқсат беруге немесе тыйым салуға, сондай-ақ поезд жақындап келе жатқан жол бағдаршамының көрсеткіші туралы ескертуге арналған; 6) маневрлік – маневрлерді жүргізу үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған; 7) маршруттық – поезға станцияның бір ауданынан екінші ауданына жүріп өту үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған; 8) қайталағыш – шығу, маршруттық бағдаршамның рұқсат ететін көрсеткіші және дөңестік бағдаршамның көрсеткіші туралы хабарлау үшін, жергілікті жағдайлар бойынша негізгі бағдаршамның көрсетуі қамтамасыз етілмеген жағдайда; 9) ескерту – (кіру, шығу, бөгегіш және бүркемелеу) негізгі бағдаршамның көрсеткіші туралы ескертуге арналған; 10) бүркемелеу – теміржол жолдарының бір деңгейде басқа темір жолдарымен, трамвай жолдарымен және троллейбус желілерімен қиылысу орындарын, ажыратылатын көпірлерді, жолсерікпен өтілетін учаскелерді қоршауға арналған; 11) өту – поезға бір блок-учаскеден екіншісіне (қосын арасындағы аралыққа) жүріп өту үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған; Бір бағдаршам бірнеше міндетті (кіру және шығу, шығу және маневрлік, шығу және маршруттық және бөгегіш) қоса атқаруы мүмкін. 12. Бағдаршамдар мынадай болып бөлінеді: осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес линзалық және прожекторлық, осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес олар діңгектік, аласа болып бөлінеді және мінбелер мен консольдарға орнатылады. Бағдаршамдарда мынадай сигнальдық оттар қолданылады: бірқалыпты жанатын, бірқалыпты жанбайтын, жыпықтамайтын және жыпықтайтын (периодты түрде жанатын және өшетін). Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі өту бағдаршамының бірқалыпты жанбайтын сигналдық оттары жылжымалы құрам блок - учаскеге кірген кезде жанады да, жылжымалы құрам бұл блок - учаскеден шыққаннан кейін сөнеді. Автобұғаттаудың өту бағдаршамдары цифрлармен, қалғандары әріптермен немесе әріп және цифрлармен белгіленеді. 13. Бағдаршамдармен (орнатылған жеріне және олардың мақсаттарына байланыссыз) берілетін сигналдардың негізгі мәндері мынадай: бір жасыл от – «Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі», бір сары жыпықтайтын от – «Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі, келесі бағдаршам ашық және ол кеміген жылдамдықпен жүруді талап етеді»; бір сары от – «Тоқтауға дайындықпен жүруге рұқсат етіледі, келесі бағдаршам жабық»; екі сары от, оның жоғарғысы жыпықтайды – «Бағдаршам арқылы кеміген жылдамдықпен жүріп өтуге рұқсат етіледі; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады; келесі бағдаршам ашық»; екі сары от – «Бағдаршам арқылы кеміген жылдамдықпен және келесі бағдаршамда тоқтау дайындығымен жүріп өтуге рұқсат етіледі; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады»; бір қызыл от – «Тоқта! Сигналға жүріп өтуге тыйым салынады».
