- •Дәстүрлі (репродуктивтік) оқыту технологиясы
- •2. Е.Н.Ильиннің жеке адамды қалыптастыру технологиясы.
- •3.Компьютерлік оқыту технологиясы.
- •Модульдік оқытудың құрылымы.
- •Лекция №14. Дистанциялық оқыту (Қашықтықтан оқыту )
- •XXI ғасырдың басында жаңа тәрбие беру қозғалысына қатысып, эксперименталды бастауыш ауыл мектебінде альтернативті технологияны қолданысқа енгізді ол -еңбек бостандығы технологиясы.
2. Е.Н.Ильиннің жеке адамды қалыптастыру технологиясы.
Әрбір мектеп мұғалімі шын мәнісінде және негізінен алғанда тәрбиеші . Мұғалім өмірінің мәні – оқушы. Ол біздің позицияларды шығармашылық принциптерді айқындайды. Мектеп кітабі әдебиет теориясы мен тарихының бір бөлігі емес , қайта ең алдымен және елеулі дәрежеде адамгершілік тақырыбы.
Көркем шығарманың және сыныпен күрделі күрделі шығармашылық байланыстардың тұтастығын бұзбай , нені және қалай талдау керектігі - әркім өзінше шешетін проблема. Мен – үшін сабақ өнер сабағы , өйткені өнер жеткіншек жанын тәрбиелеп , өмірге , «адам істеріне» еліктіріп әкете алады. Сабақты жарқын конструкциялық деталь , қиын адамгершілік мәселе , шығармашылық тәсіл негізінде құрамын . Адам бойындағы жақсы нәрсені көре біліп , нұрын тасытуға ұмтылыс арқылы балалармен араласып кітап оқу методикасы мен стилін айқындаймын деген.
Мұғалім – сабақтың жасампазы , ендеше , өзіне - өзі жол ашады. Мектеп тәжірибесінде жеке адамның ісі ортақ істің тірегі , сондықтан қарапайым істен күрделі іске қарай ұмтылу тиімдірек. Сабақтын зор табысты болуы – шығармашылық екі түрлі жолдың тоғысқан тұсында , ал дәлірек айтқанда , синтезінде. Класпен байланыс бастапқы позициялардың орталығымен де мұғалімнің жетегіне ерген балалардың мүмкіншілігімен де қамтамасыз етілген. әдіс таңдауда олардың эмпиризмдік тәжірибесін сәл нәрсені байқап , бүкіл кітапті көруін қалай басып озса , мұны да солай басып озады.
Мән – мағына шеберлігі – көп нәрсеге тырыспау керек , қайта көп жағдайда бастыны іздеп тауып , соның өзінде және сол арқылы қалғандарының бәрін шешу керек.
Сұрақ қою өнері – педагогикада барлық жерде әрдайым осылай . Әлбетте , өзіннің не нәрсенің байыбына бара қоймағаны тұр, сұрауға әркімнің батылы бара бермейді. Сұрақ қоя білу өнері сұрақты емес сұрақтар жүйесі ретінде өзіңді таба білуден басталады .
Баға қою этикасы – үздік , бірақ артық айтылған жауаптар қуанышқа бөлемейді. Өзгелері үнсіз отырғанда әлденені айтуға , нақтылай түсуге , қосымша пікір айтуға жүрексіне тырысқан әрекеттің өзін тіпті жоғары баллмен бағалаймын . Ойлауға құштарлықтын өзі нәтиже. Қиындау нәрсе туралы қиын балалардан сұраймын . Оларды еңбектенуге осылайша мәжбүр еткен оңай.
Сұраңыздар , жауап беремін – сұрақ бергенде бала молырақ талпынады. Міне сондықтан да байсалды әңгімеге уақыт жетіспейтін сабақтардың соңында емес , орта шеніңде , ең қызған шағында , балаларға «сұраңыздар , жауап беремін» , дейді . Олардың сұрақтары арқылы өз білімімнің олқы жағын құпия сырын ұғамын. Сұрақ қойған адам ойлай біледі деп иландыруға тырысамын . Оған қоса айтарым : сұрақ қоя отырып даралана түсесің.Қайран қалды көрдіңдерме – егер оқушы мен оның әсері шын мәнісінде бәрі мұғалімді толғандырса онда сірә класқа жай ғана кіріп келмей , тіке кіріп келу тиіс , яғни қайран қалдыра кіру керек.
Жеке тұлғаға бағыттап оқыту индивидтік— ұлғалықтың негізі әр тұлға өзінше жеке-дара — керемет, педагогикалық еңбекте әр жеке тұлғаның шығармашылық потенциалының өсуіне толық жан-жақты жағдайлар қарастырылады.
И.С.Якиманскаяның пікірінше, егер білім беру процесінде оқушы негізгі бейне болса — ол жеке тұлғаға бағытталған педагогика. Жеке тұлғаға бағытталған білім беру моделінің негізгі ұғымдары:
1.Түрлі деңгейдегі қарым-қатынас - оқушыға оқу материалын меңгертуге түрлі деңгей бағыттау (түрлі әдіс қолдану).
2.Дифференциялық қарым-қатынас — баланың ішкі дифференциясына қарай: біліміне, қабілетіне қарай бірнеше топқа бөлу.
3.Жеке-дербестік қарым-қатынас - үлгеріміне, әлеуметтік бағытына қарай балаларды бөлу.
4. Субъекті-тұлғалық қарым-қатынас — әр балаға ерекше бір қайталанбас тұлға ретінде қарау.
И.С.Якиманскаяның бұл моделін жүзеге асыру үшін мына терминдерді ажырата білуіміз керек:жеке тұлға, жеке адам, субъект - "бастауыш" деген мағынаны білдіреді.
И.С.Якиманская жеке тұлғаға бағытталған білім беру моделін үшке бөлген:
1. Әлеуметтік-педагогикалық;
2. Пәндік-дидактикалық;
3. Психологиялық.
Әлеуметтік-педагогикалық-жеке тұлғаның психо-педагогикалық ерекшеліктерімен қоршаған микроорталықтардағы оның қызығушылығы мен қажеттілігін мінез-құлқындағы ауытқушылар, конфликтілер жағдайлардағы әлеуметтік көмек пен қолдау керсету.
Әлеуметтік педагогиканың басқа педагогикадан айырмашығы — егер, педагог топпен жұмыс істесе, әлеуметтік педагог топтағы әр баламен жұмыс істейді, егер педагог отбасымен жұмыс істесе, әлеуметтік педагог отбасының әр мүшесімен жұмыс істейді.
Жеке тұлғаға бағытталған технология әр баланың жеке-дербес ерекшеліктеріне сәйкес бағытталған оқу мен тәрбиенің тиімді әдіс-тәсілдерін бала іс-әрекетін ұйымдастыру мен бір-біріне деген қарым-қатынасын өзгертетін психодиагностикалық әдістері, білім беру мазмұнын әр түрлі оқыту құралдарын қарастырады: бұл технологияда әр педагогтің балаға дер кезінде көмек керсету мақсатына сүйенуге болады. К.Роджерс педагогтердің негізгі міндеті баланың жеке тұлғалық дамуына көмектесу керек деп санайды. Әлеуметтік педагогиканың коррекция, реабилитациялық, әлеуметтік диагностика, терапия, профилактика деген амалдардан, оның медицина ғылымымен тамырлас екенін көруге болады. Олар әр уақытта баланың физиологиялық және психологиялық саулығын сақтау керек.
Лекция №4. Жеке тұлғаны дамыта оқыту технологиясы.
1. Дамыта оқыту технологиясы
2. Л. В. Занковтың дамыта оқыту дидактикалық жүйесі.
3. Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы.
ДАМЫТА ОҚЫТУ ДЕП – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды атаймыз.
Дамыта оқыту технологиясын енгізу идеясы баланың даму процесінің үш түрлі факторына тура қатысты: биологиялық фактор, әлеуметтік фактор бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы, баланың өз белсенділігі. Егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатысуы күткен нәтиже бермейді.Баланың дамуы белсенділік арқылы жүзеге асады.
Ғалым психологтар Л. В. Занков, А. А. Люблинская, В. В. Давыдов, Д.Б.Эльконин зертханаларында бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын өзгертуге арналған зерттеулер жасады. С. Л. Рубинштейн, Е. Н. Кабанова Миллер және басқалар өз зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі алғы шарты екенін дәлелдейді.
И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады. Дамыта оқыту жүйесі ең алдымен Л.С. Выгодскийдің теориясымен баланысты. Оның теориясы бойынша дамудың ең таяу зонасы болады, яғни алға мақсат қоюға байланысты жақын арадағы мақсатқа жету арқылы үлкен мақсаттарға қол жеткізу дамудың ең таяу зонасы. Жігерлендіру, бағыттау, тұлғаның тұқуалаушылық ұабілеттерін дамыту, жеке даралық қасиеттер білім, білік, дағды, ақыл- ой ерекшеліктерін, эмоцияналдық және іс - әрекет тәжірибелік жағдайлар жатады. Л.С. Выгодскийдің ойынша бала дамудың толық субьектісі болып есептеледі. Л.С. Выгодскийдің « Таяу зонасы » жайлы теориясы 2 бағытта дамыған
Дамыта оқытудың Д. Б Эльконин — В. В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланыстьі. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Бұл жүйемен дәстүрлі оқытуды салыстыру мынадай қорытынды жасауға негіз болды.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруга басты назар ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
Оқу мақсаттарының қойылуы. Оны шешудің жолып бірлесе қарастыру , шешімнің дұрыстығын дәлелдеу үшеуі дамыта оқытудың мәні.
Д. Б. Эльконин - В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дөлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. Неғұрлым мұғалім өзінің осы міндеттерін дұрыс орындаса, соғұрлым баланың сабақ материалын игеруі жеңілдей түседі. Екіншіден, жұмыс нәтижелі болу үшін оқушының мұғалім қойған талаптарды мүлтіксіз орындауы қажет етіледі. Демек, оқушы алдын ала бағдарлап, жоспарлап қойған іс-әрекеттің қатысушылары ғана болып қалады. Нәтижеде оларда тек жақсы орындаушылық қабілеттер қалыптасады. Сондықтан да тіл алғыш, айтқанды бұлжытпай орындайтын оқушы дәстүрлі педагогиканың идеалы, мұраты болып саналады.
Дамыта оқытудың Л. В. Занков жасаған жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталып өтелік. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі өзгешеліктерімен айқындалады: оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;
-мақсаттағы айырмашылықтар;
-дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;
-әдіс-тәсілдердегі ерекшеліктер;
-оқытуды өзгеше ұйымдастыру; -мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері;
-мұғалім мен оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынастағы мектептің
негізгі мақсаты баланы жалпы дамыту. Ал жалпы даму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық іс-әрекетті меңгеруі қабылданады.Сондай-ақ ақыл, ерік-жігері, сезімдерінің дамуы алынады.
Айтылғандарды қорыта келе, бастауыш сынып оқушыларының қарқынды ой еңбегімен айналысуға табиғи мүмкіндіктерінің бар екенін оқыту процесінде ескеру қажет деген тұжырымға келеміз.
Дәстүрлі педагогикада "қарапайымнан күрделіге қарай, нақтыдан абстрактіге қарай" деген принцип бар.
Дамыта оқыту жүйесінің авторлары бұған керісінше, бала ойлауын абстрактіден қарапайымға қарай жетелейді.
Мысалы: "А" әрпін өткенде, алманың суретін көрсетіп тұрып, оның не екенін, дәмі, түрі, формасы қандай екенін сұрағаннан гөрі, ол туралы не білетінін, не айта алатынын сұрап білудің баланы дамыту үшін тиімділігі зор екенін айтады.
Яғни оның біреуін Л.В. Занков дамытса, екіншісін Д.Б Эльконин мен В.В. Давыдов дамытты. Л.В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі 60 жылдары дүниеге келеді. Ғалымның пікірі бойынша мектеп баланы психикалық тұрғыдан дамыта алмай келеді. Ол бірнеше жылға созылған іргелі зерттеулерде білім берудің жайы мен оны одан әрі дамытудың жолдарына талдау жасайды. Оның лобороториясында алғаш рет даму – мектеп жүмысының басты өлшемі деген идея туып, дамыта оқытудың өзіндік жүйесін жасады.
Л.В. Занковтың жасаған дамыта оқыту жүйесін жеке тұлғаны жеделдете, қарқынды, жан – жақты дамыту жүйесі деп те атауға болады. Дамыта оқыту оқушыларды әр түрлі қызмет түріне тартуды құптайды, сабақ беруде дидактикалық ойындар, пікірталастарды, ойлау, қиялдау, есте сақтау, тіл байлығын дамытуға арналған әдістерін қолданылады ұсынады. Л.В. Занков баланың жалпы дамуының барысын анықтаудың төмендегіде көрсеткіштер:
- Байқағыштық- көптеген маңызды психикалық функциялардың дамуының бастапқы негізгі.
- Ойлаудың дерексіздігі – талдау, жинақтау, абстракциялау, жалпылау.
-практикалық әрекет – материалдың әрекет жасау.
Л.В. Занковтың дамыта оқыту дидактикалық жүйесінің мақсаты:
1. Оқушының жан – жақты дамуы.
2. Оқушының жан – жақты үйлесімді дамуына қолайлы жағдай жасау.
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, бір тұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін - өзі өзгертуші субьет дәрежесіне көтерілуіне көзделіп, оқыту барысында. Соған ылайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы көздеген мақсатында мәтінде, мазмұнда, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс – тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінде олардың қарым – қатынас сипатында таныла білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы комуникациялар түрінде т.б.
Занковтың дамыта оқыту жүйесінің мақсаты : Жеке адамның жоғары дәрежеде дамуы жан – жақты гормониялық даму үшін негіз жасау.
Л.В. Занковтың дамыта оқыту жүйесінде оқушы өзін -өзі емін – еркін сезінеді, оның әлеуметтік дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жанама қарым – қатынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетінде ұймдастырушы ретінде көрінеді.
Л.В. Занковтың дамыта оқыту жүйесінің негізгі принциптері:
1. Жоғары деңгейдегі қиыншылықтар.
2. Теориялық білім берудегі мықты оқыту жүйесіндегі жетекші рөлі.
3. Материалды қайталап және бекітіп отыру арқылы материалды тездетіп меңгерту.
4. Оқушылардың ақыл – ой әрекеттерін сезіну.
5. Оқуға оқушылардың эмоциясын қосу үшін, олардың жоғымды себептерді тудыру, және танымдық қызығушылықтарын дамыту.
6.Оқыту процесінде оқушы мен мұғалімнің арасында гуманистік қарым – қатынасты дамыту.
7. Осы сыныптың әр оқушының дамуы.
Л.В. Занковтың дамыта оқыту жүйесінің негізгі ерекшеліктері:
- Дамудың тиімділігі үшін.
- Кешенді даму жүйесінде мақсатты даму.
- Мазмұнының жүйелілігі мен тұтастығы.
- Теориялық білімнің жетекші рөлі.
- Жоғары деңгейлік қиындыққа оқыту.
- Материалды мәңгеру және ілгеріну.
- Оқыту үрдісінде балалар сезінеді.
- Оқыту үрдісінің әр түрлілігі жекешелік оқыту.
- Барлық балалардың даму жолындағы жұмыстар.
Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы.
Негізгі үш мақсаттан түрады:
Сана – сезім мен ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
Оқушылардың білім, білік, дағдылардан гөрі, ойлау әрекетінің танымдық тәсілдерін үйрету
Оқыту әрекетіндегі танымдақ жүйесін жасау.
Д.Б. Элькониннің көркем образдан қалыптасудан басталады. Элькониннің Давыдовтың теориясында оқушы субьектіне ойланып өзін - өзі жетілдіруге ұмтылдыру. Оқушы өзін -өзі бағалайды. Эльконин ойлау қабілетін салытыруда жағымды ләззат алады. Сонымен бірге сөйлеу қабілетін дамиды, сауаттылығы жетіледі.Эльконин, Давыдовтың оқытуы образдан басталады. Ойлау қабілеті жақсы дамиды, сонда Эльконин теориясында таным сферасында тіл ерекше орын алады. Ойлау қабілетінің дамуына Элькониннің оқушы қабілетін танытады. Мақсаты: Сананы қалыптастыру, балалардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Әдістері:Математика курсы бойынша схема арқылы жүзеге асады. Модельдеу, жалпылау, түсінік, модельдеу құру т.б.
Оқушылардың танымдық қызығушылықтырын дамыту үшін 1 сыныпта –дүниетану, 2 сыныпта - геогрфаия, 3 сыныпта – тарихтан әңгімелер енгңзңлңп, беинелеу өнерімен, музыкадан әдеби кітаптар, дидактикалық ойындар, пікір –талас, ойды қиялды үштайтын есте сақтауңа үйрететін әр түрлі әдістер қолданылады.
Зерттеулер нəтижесінде (Л.В. Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дəлелденді. Бұл үшін оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану – басты талап. Егер алдынан рухани, сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, əрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бəсеңдейді. Оқу материалының мазмұны қарқыны ұлғаяды, əрі тереңдейді, жетекші рол теориялық білімдерге беріледі, дегенмен, оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды. Дамытушы технология талаптарының жəне бірі – оқу ілгерілігі жəне жедел қарқында жүреді.
Лекция №5. Ұжымдық оқыту технологиясы.
1. Оқыту үрдісін нәтижелі басқаруға арналған технологиялар
2. В.К.Дьяченконың ұжымдқ оқыту тәсілі.
3. А. Г.Ривиннің оқыту технологиясының ерекшелігі.
4. С.Н.Лысенкованың оза оқыту идеясы.
Ұжымдық оқыту технологиясының негізін қалағандар Александр Григорьевич.Ривин педагог-новатор, ауысып отыратын диалогиялық жұптың авторы, Виталий Кузьмич Дьяченко- Красноярск педогогикалық институтының кафедра меңгерушісі,профессор, ұжымдқ оқыту тәсілінің теориясын жасаған.
Ұжымдық оқыту әдісі дегеніміз оқу үрдісін төрт түрлі ұйымдастыру түрлері, яғни, жекелей, жұптық, топтық, ұжымдық тәсілдер арқылы жүзеге асыру, әрине, соңғысы – ұжымдық оқыту тәсілі бастысы болып табылады. Ұжымдық оқыту тәсілі деп оқытудың қарым -қатынас жасау арқылы бірін бірі оқытуын атаймыз Ұжымдық оқыту әдісі әр оқушының бір сәтте әрі оқушы, әрі мұғалім ретінде болатындай етіп оқу үрдісін белсендіре түседі.
Мектеп оқушысының оқу әрекетін ұйымдастыруда тек қана ұжымдық оқыту әдісі ғана әр оқушының өз мүмкіндігін барынша қолдануға, ал мұғалімге әр балаға деңгейіне сай оқуына мүмкіндік туғызады.
Ұжымдық оқыту әдісі негізінде мұғалімнің күнделікті тексеруі мен оқушының өзін-өзі бақылауы туралы ақпараттың артуы болып отыратын үрдістегі баламен қарым-қатынас жатыр.
. Бұл оқытудың негізіне белл-ланкастер оқыту жұйесі алынған. Онда ересектерді мұғалім оқытады, ал олар өздерінен кішілерді оқытқан. Бір мұғалім бір мезгілде көп оқушыларды оқыта алған, бірақ білім сапасы бір сатыдан, бір сатыға ауысқанда төмендей берген. Бұл оқытудың идеясын А.Г.Ривинмен В.К. Дьяченко алған.Олардың оқытуының негізіне қарым қатынас жасау алынып, оқушылар ауысып отыру арқылы, бірде оқушы, бірде мұғалім рөлін атқарған. Әрбір оқушы әр түрлі тақырып бойынша тапсырмалар алып , дайындалып, бір біріне өздерінің тапсырмаларын басқаларға үйреткен,жұптар ауысып отырған. Оқушылардың оптималды саны 9-11. егерде сыныпта 30-40 оқушы болса, онда үшеу-төртеуі бір мезгілде бір тақырыпта жұмыс орындайды. Тапсырма көлемі тым кішкентай болмауға тиіс.Оқушылар дайындығы жеткілікті дәрежеде болуға тиіс, себебі оған қойған сұрақтарға жауап бере алатындай деңгейде болуға тиіс.
Ұжымдық оқыту технологиясының мәні оқушылар қарым -қатынас жасай отырып сөйлеуге, бір бірімен санасуға тәрбие алады. Бар оқу материалы оқушы және мұғалім тұрғысынан қабылданып меңгеріледі. Ұжымдық оқыту тәсілі мұғалімді күнделікті тексеруден босатып, осыған орай әр оқушыға жекелей көмек көрсетуге уақытының болатынымен де құнды.Бұл техналогияның тәрбиелік мәні де ерекше, оқушының өзіндік әрекеті, құрбыларына деген қарым қатынасы қалыптасады қалыптасады, оқушы өзін өзі бағалауға үйренеді.
Софья Николаевна Лысенкова Москва қаласының №587 мектебінің бастауыш сыныбының мұғалімі, оның оздырта оқыту туралы іс-тәжірибесі “Қашан жеңіл оқылады” атты еңбегінде баяндалады.
Москваның бастауыш сынып мұғалімі, РСФСР мектептеріне еңбек сіңірген мұғалім С.Н.Лысенкова бастауыш мектеп оқушыларының оқуын басқарудың тиімді жүйесін талдады, оздыра оқытудың ғылыми-негізделген жүйесін ұсынды.
Түсініктерді қабылдау арқылы оқыту технологиясы – (С.Н.Лысенкова) барлық баланы табысты оқыту. Оқу материалының бірізділігі , жүйелілігі , саралау , әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы , бағдарламаның кейбір тақырыптатырының қиыншылықтарын жеңу , қиын тақырыптады біртіндеп оңайлату әдісін қолдану.
Бастауыш мектепте оздыра оқытудың әдістемесін Л.Н.Лысенкова ұсынды. Бұл әдістемеме сәйкес балалар үшін қиын тақырыптар бағдарламадағы сағаттар жоспарланған уақытынан бұрын өткізілді, әрбір сабақта аз мөлшерде болса да, болашаққа дайындық іске асып отырды. Бұл технология «оза оқыту»деп аталған.
1999 жылы РФ министірлігінің жарлығымен К.Д.Ушинскидің медалімен марапатталды. Ол өзінің естелігінде мұғалімдерін ұмытпағандарға үлкен рахмет деген. С. Соловейчикпен келісем: « Жоғарыдан үнемі нұсқау , бағыт беріледі....ал озат тәжірибелі ұстаз қалай орынап іске асыруға болатынын біледі !»деген.
Лекция № 6.Проблемалық оқыту технологиясы.
1. Мәселелік оқыту технологиясы туралы түсінік.
2. Оқушылардың белсенділігін тудыруда мәселелік оқыту технологиясының рөлі.
3.Тәжірибеде іске асу жолдары.
Проблемалық оқыту- оқытудың эвристикалық әдістерін пайдалану арқылы оқушылардың эвристикалық біліктерін дамыту, оларды ізденіс процестеріне тартып, білікті кемелдендіру мақсатын көздеп, олардың танымдық қабілеттері мен шығармашылық, сыншыл, ұтымды және қисынды ойлауын дамытуға бағытталуы.
Мәселелік оқыту технологиясы 20-30 жылдары пайда болған, оның негізін қалаушы Дж.Дьюи,1894 жылы Чикагода тәжірибелік мектеп ашқан, онда оқу жоспары, ойын және еңбек әрекетімен алмасқан.Оқу, жазу, санау оқушының қажеттілігіне қарай болған.
Дж.Дьюи оқытуда төрт түрлі инстинкт болуы керек деген: әлеуметтік, қолмен жасау, өнер туындысы, ізденушілік.Оқушылар жоба кешенін жасаумен айналысқан. Бүгінде мәселелік оқыту деп мұғалімнің басшылығымен өтетң оқушылардың ізденіс жұмысын айтамыз. Ол ушін мұғалім мәселелік жағдай тудыруы қажет. Мәселелік оқытудың теориялық аспектілерін зерттеген ғалым М.И.Махмутов.
Технологияның оқыту мәселелері мұғалімнің көмегімен оқушының өзіндік ізденуін қамтамасыз етеді. Бұл кезеңде оқушының, жаңа білімдері қалаптасады. Оқу мәселелерінде мұғалім оқуды дайын түрде айтпайды, ол оқушының алдына белгілі бір мәселе қояды. Оның көңілін аудару үшін оның ізденісін, ниетін тудырады. Мәселелік оқыту басқа оқу технологиясынан ерекшелігі, ол оқушының өз бетінше ойлауын, дамуын, белсенділігін арттырады. Мәселелік оқытудың маңыздылығы мәселенің тууы, баланың ойлауын қамтамасыз ету болып табылады.
Мәселелік оқыту – бұл оқушының шығармашылық қабілетін айтады. Мәселелік оқытудың ерекшелігі, ол оқушыларға білімдік мәліметтерді дайын бермейді. Оларға білім мәселелерді шешкен жағдайда беріледі. Бұл жағдайда оқушылардың өз бетінше ойлауы болады. Бұл мәселелік оқыту ойлаудың бірінші кезеңі, онда олардың түсіну, ойлау қабілеттері оянады. Бұл белгісіз жағдайда оқушының қиын жағдайдан шығуының жолы.
Оқытушылар оқушыға білімді беруді қамтамасыз етеді, сонымен қатар, биік дәрежеге жетуіне жол ашады, оқушы өз бетінше білім алады, оқуға қызуғушылығы артады. Мықты оқу дәрежесін қамтамасыз етеді. Барлық оқу үрдісінде ол әмбебеп бола бермейді. Сондықтан ол дәстүрлі репродукцияға қарам-қарсы болмайды, мұндағы мәселе олардың өзара үйлесімдігі жөнінде болуы мүмкін.
Кемшіліктері: жобаланған нәтижелерге жету үшін көп уақыт керек және оқушылардың танымын арттыру іс-әрекетінде және мұғалімнің оқушыны тануына уақыт керек.
айтқан.
Лекция№ 7-8. Витагендік оқыту технологиясы. Бейімдеп оқыту технологиясының мәні.
1. Ынтымақтастық -витагендік педагогиканың негізі.
2. Витагендік білім берудің теориялық негіздері.
3. Витагендік ақпараттың көздері.
4.Педагогикада голографиялық технологиялар.
5. Бейімдеп оқыту технологиясының мәні.
Vita латынша өмір деген мағынасын білдірсе; gen гректің тәжірибе деген сөзінен шыққан. Демек витаген деген сөз «адамның өмірлік тәжірибесі» деген мағынаны білдіреді. Жаңа педагогикалық парадигманың талаптарына толық сәйкес келуімен: оқушылардың ортақ мақсатқа бірлесе қол жеткізуін қамтамасыз етуімен, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың тең демократиялық жағдайын қалыптастыруымен, оқушылардың басты проблеманы бірігіп шешуіне, бірлесе тәжірибе жинақтауларына және әр оқушының өз тарапынан нәтижелі шешімге жетуіне мүмкіндік тудыруымен ерекшеленеді.
Бұл технологияны ХХ ғасырдың соңында білім беру саласына еңгізген академик А.С. Белкин. Витагендік оқыту мұғаліммен оқушының арасында шынайы ынтымақтастықты тудырады. Субъект- Субъект қатынасқа көшуге мүмкіндік береді.
Витагендік оқыту барысында оқушы мұғалімен бірлесіп ынтымақтастық негізде кең көлемде білім алудың голографиялық жолы болып келеді.
А.С. Белкин «өмір тәжірибесі» , «өмірлік тәжірибе» деген ұғымдарға түсінік береді. «Өмір тәжірибесі» деген ұғымды ғалым оқушының біліміне, түсінігіне, ақпараттық деңгейне байланысты болып келетінін ескертеді. Ал «өмірлік тәжірибе» деген ұғымның айырмашылығы ол меңгерген ақпараттық білімнің оның қажетілігіне, оны тәжірибеде іске асыруға дайындығына баланысты болып келетінін айтады. Витагендік ақпараттың «өмірлік тәжірибеге» айналуы бірнеше кезеңнен өтеді:
біріншіде -дифференциялданбаған;
екіншіде – витагендік ақпарат бағаланып фильтірленген. Жеке тұлға үшін маңызды ақпарат екені анықталған. Үшіншіде- жеке тұлға ол ақпараттың белгілі уақытқа дейн қажет екенін түсінеді. Педагогикалық әрекеттестікте бірлескен ынтымақтастық нәтижеге жету үшін өте маңызды. Ынтымақтастық деп біз бір мақсатқа жетуді көздейтін бірлескен іс әрекетті айтамыз. Ол төмендегідей үш компонентің болуын көздейді:
- бірлескен мақсатқа жетудің қажеттілігін түсіну;
- қатысушылардың қызметтерін нақты белгілеу;
- мақсатқа жетудегі бір бірін қолдау, көмек көрсету, құрметтеу.
Мұғалімге көмек көрсетудегі оқушылар, олар әрекеттестіктегі қызметкер,тең субъектілер. Оқушылардың ынтымақтастықтақы әрекеттерін бірнеше кезеңдерге бөлген: мектепке дейнгі кезеңде ол қамқоршы, бастауыш сынып жасындағы балаларға мұғалім- үйретуші, кішігірім жеткіншек шақта- партнер, кейн-тең әрекетке түсетін субъект. Витагендік ақпараттың көздеріне: ғылыми, техникалық, көркем әдебиет,өнер туындылары, әлеуметтік, іскерлік, тұрмыстық қатынастар,түрлі әрекет түрлері,білім беру үрдісі жатады. А.С. Белкин витагендік тәжірибенің қалыптасу жолын голографиялық жол деген. Кең көлемде білім алудың голографиялық жолы жеке тұлғаның голографиялық санасын қалыптасуына әсер етеді, ол үшін голографиялық жағдаяттар тудыру қажет. Бұл ұғымды онтопсихологияға енгізген 1993жылы Онтонио Менегетти.
Мысалы, қазақ тілін меңгеруде оқушылар төмендегідей әрекет жасайды.
Витагендік тапсырмалар оқушыларға сапалы үйретуді, олардың танымын кеңейтіп, ой-өрісін нығайтуды, өз сөзін дәлелді жеткізуге дағдыландыруды көздейді. Мұның өзі витагендік амал-тәсілдер мен тапсырмалардың оқушылардың еркін тілдік қатынасқа түсу, танымдық, қатысымдық, сондай-ақ топпен тіл табыса әрекет ету қабілеттерінің жетілуінде маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.
Кәсіптік мектеп оқушысының өмірге қажетті тілдік-қатысымдық дағдыларды меңгеруі қойылған проблемаларды оң шеше алуынан, өз мамандығына қажетті терминдерді дұрыс меңгеріп, әрбір мәселеге деген өз ой-пікірін дұрыс, анық, дәлелді жеткізуінен көрінеді. Оқушылардың кәсіби біліктері жолдастарымен, сыныптастарымен пікірлесуі, тілдік қатынасқа түсуі нәтижесінде жетіледі. Оған витагендік оқыту технологиясы мол мүмкіндік береді. Осы технологияға негізделген оқыту үдерісінде әрбір оқушы ортақ мақсатқа негізделген әрекеттерді орындау барысында жүзеге асатын тілдік қатынаста, біріншіден, өз мүддесіне сай тілдесімнің мақсаты мен маңызын анықтауға, екіншіден, сөзінің қисыны мен дәлдігін мөлшерлеуге, үшіншіден, пікірін түсінікті, дәлелді, дәйекті жеткізуге дағдыландырылады. Ал мұның қай-қайсысы да қатысымдық құзіреттіліктерді жетілдіруге іргетас қалайды. Кәсіптік мектеп оқушыларының қатысымдық құзіреттілігін қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан, оқу орыс тілінде жүретін аудиторияларда кәсіби қазақ тілін витагендік оқыту технологиясы арқылы үйретудің мәні арта түсуде.
Бейімдеп оқыту технологиясының мәні.
Бұл технология сырттай, кешке оқитын студенттерді оқытуда қолайлы.
Adaptio-латынша бейімделу деген мағынаны білдіреді. Оның мәні оқу материалдарын: тақырып, жаттығуларды, тапсырмаларды, лабораториялық , бақылау жұмыстарын орындауға байланысты толық әдістемелік нұсқауларды беру, 10 жақын жұмыс тапсырмалары болуы керек, әрқайсысының өзінің шифры болуы керек.Басында бірнеше лекциялар оқылады.Тақырыптар рим цифрларымен белгіленуі қажет.
Жаттығулар-1,2, 3, т.с.
Тапсырмалар-1,2, 3, т.с.
Лабораториялық жұмыс -1,2,3, т.с.
Бақылау жұмыс - 1,2,3, т.с.
Дөңгелекпен өзі тексеретін жұмыстар белгіленеді, үш бұрышпен бірін бірі тексеру, төрт бұрышпен оқытушы тексеретін тапсырмалар белгіленеді.
Ол жасалған графикке әдістемелік нұсқау беріледі, қолданатын әдебиеттер тізімі, тарауы, беті көрсетіледі.Студенттің әрбір тапсырманы орндауға қажетті уақыт белгіленеді. Уақытты дұрыс анықтау үшін хронометраж жүргізу дұрыс, студентке аса көп күш түсірмеу үшін. Схема сызып көрсету, түсіндіру.
|
Қыркүйек
|
Қараша |
Қазан |
Желтоқсан |
Тақырыбы |
I-IV
Б1
Б3
Б2
Бемт |
|||
Жаттығу |
||||
Тапсырма |
||||
Лабораториялық жұмыс |
||||
Бақылау жұмыс |
||||
9.Тақырып сұрақтары Оқыту процесін тиімді басқару негізіндегі педагогикалық технологиялар.
1. Ақпараттық технологиясының өмірге келу қажеттілігі.
2. Ақпараттық технологияны іске асыруда мұғалімен оқушының қызметі.
3. Компьютерлік оқыту технологиясы.
Дамыған қоғамда ақпараттандыу кезеңдері, олардың барлық мүшелер, олардың қоғамдық жағдайына қарамастан үздіксіз туындайтын міндеттерін шешуге ақпарат пен білімді өздерінің қызметінде пайдаланады. Ұдайы өсуі тегі білім тәжірибе қорлары бүкіл қоғамның кітаптарға, журналдарға, есептерге, идеяларға көзделген интеллектуалды потенциалы күнделікті өндірістік, ғылыми, білім беру және адамдардың басқа да қызметі түрдерінде қазіргі техникалық деңгейде белсенді араласады. Ақпараттық құндылғы және ақпараттық қызметтік салмағы қазірігі қоғам материалдық құндылықтарды өндірмейтін ақпарат деп айтуға негіз болады. Ақпарат салттарында дәлелді деректер туралы мәліметтер мен білім жиынтығы, олардың байланысы деп түсінеміз, яғни құралдардың көмегімен қоғам өзін тануға және біртұтас болып қызмет ете алады. Ақпарат ғылыми – тұжырымды, оны қабылдауға, түсінуге және игеруге мүмкін болу керек. Ақпарат шығатын деректер қазіргі ғылыми деңгейге сәйкес болу қажет деп білеміз.
Оқушыға жеткілікті мәліметтер беретін қазіргі уақыттағы қолданылатын бірінші технология. Оның негізгі мақсаты - әлеммен қарым – қатынаста болу, әдістерін меңгеру және бағыт жүйелерін құру. ИНТЕРНЕТ білім саласына кіру шағында, жаңашыл - педагогтар арасында бүкіл білім жүйесін өзгерту мәселесі қойылып отыр. Интернет- халықаралық ақпарат алу телекоммуникациялық желісі.
Әлемдегі өзгерістер туралы жинақталған ілім, жаңа педагогикалық технологиның көлемі, мазмұны жағынан өсуі кеңінен іс – тәжірибеде қолдануды талап етуде.
Ақпараттық технологиясы бойынша тапсырманы шешу білімділік пен біліктілік қортындысы болып есептелінеді.
Соның ішінде кейбір тапсырмалардың ерекше мағынасы бар бір ғана шешіммен емес, бірнеше талас туғызатын шешімдері бар тапсырмалар.
Ақпараттық технологиясында оқыту мазмұнын шешу емес, қандай тәсілдерді қолдану керектігі айтылады.
Оқыту тапсырмаларына:
- танымдық;
- ақпараттық;
- қорытындылау жатады.
Тапсырмалардың түрлері төмендегідей болады:
- тапсырма шартының мәтіні;
- тапсырманың талаптары;
а) іздеу ақпаратындағы негізгі сөздерді шығарып алу;
б) керекті мәліметтерді табу және жинақтау;
в) жинақталған мәліметтерді талқылау және талдау;
г) қорытындылау:
д) өз қорытындысын басқалардың нәтижесімен салыстыру.
Керекті ақпарат құралдары: кітаптар, компакт – дискілер; Web- сайттар.
Қосымша нәтижелер: ақпараттармен жұмыс істеу машықтығы, білімділігі, өз бағытын қорғай білу, өз ойының туындысын шығару, оны басқа нәтижелермен салыстыру.
Мұғалімнің қызметі:
Оқушыларды тапсырмамен қамтамасыз ету.
Сабақтар құрылымын жүйелі түрде ұйымдастыру және құрастыру.
Оқушылардың танымдық және бағалау қызметін, тапсырманы орындау, сараптау жұмыстарын басқару.
Жұмыс барысының қорытындысын талдау, сабақтар жүйесін реттеу және озық тәжірибені анықтау.
Оқушыларға берілетін тапсырма сабақ мақсатына сай болуы керек. Тапсырма кластың ұжымдық түрінде жұмыс істеуіне, топтық талқылау, не болмаса өз бетінше орындауға арналған болуы мүмкін.
Оқушылар толық талқылау жұмысына қатыстырылады.
Мысалы: бір топ – шығарма жұмыстарын іздеу жұмысымен, екінші топ – сөздік жұмысымен, үшінші топ – музыкасымен, төртіншісі – басқа деректерді жинақтау жұмыстарымен шұғылданады.
Оқушылардың қызметі:
- терминдік сөздерді іздеу;
- жаңа сөздерді анықтау;
- мәліметтерді талдау,
- қорытындыны тұжырымдау;
- қорытынды басқа нәтижелермен салыстыру;
- нәтижелерін керек жағдайларда түзету және одан қорытынды жасау.
Осылай тапсырмаларды жүйелі орындай отырып оқушылар алға қойған мақсаттарына жетеді.
