Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар пеед техн.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
399 Кб
Скачать
☆

Лекция №14. Дистанциялық оқыту (Қашықтықтан оқыту )

1. Дистанциялық оқыту технологиясының мақсаты, мәні.

2. Дистанциялық оқыту технологиясын іске асыруда мұғалімнің атқаратын рөлі.

3. Дистанциялық оқытуда білім алушының қызметі.

Дистанциялық (алыстан білім беру) оқыту формасы – электрондық және телекоммуникациялық құралдар арқылы алыста орналасқан адамдардың оқу-танымдық қызметі мен дамуын ұйымдастыру.

Дистанциялық оқыту түрлері:

  • Сырттай білім беру;

  • Өз бетімен білім алу және өзін өзі оқыту;

  • Сырттай білімін жетілдіру және қайта даярлық;

  • Жалпы инвалид адамдар үшін де оқудың «ашықтығы»;

  • Шалғай аудандарда тұратын адамдардың да білім алуға мүмкіндіктің болуы т.б.

Қолданылу жолдары:

  • Компъютер барлық пәндерді оқытуда, барлық жастағы топтарда, түрлі дидактикалық мақсатта қолдануға болады.

  • Компъютерді, мультимедиялық және қосымша аппаратураларды мектеп баспасында, электрондық кітапханада, мәдени-ақпаратық орталықта, видеосыныптарда қолдануға болады.

  • Қазіргі мультимедиялық аппаратураларды түрлі сабақтан тыс және мектептен тыс шараларды өткізуде кеңінен қолдануға болады.

Электрондық және телекоммуникациялық құралдар арқылы алыста орналасқан адамдардың оқу-танымдық қызметі мен дамуын ұйымдастыру. Дистанциялық мұғалім, тікелей білім беретін мұғалім, техникалық жобалаушы, үйлестіруші немесе дистанциялық оқытудың әкімшілігі, оқу материалдарының авторлары.

Қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту технологиясы жоғарғы мектепте, сонымен қатар біліктілік арттыру және мамандарды қайта даярлықтан өткізу институттарында қолданылады. Дегенмен, мүгедектер үшін бұд технолгия үлкен мүмкіндік ашады, және оның ауқымы кең.

Қазіргі жаңа ақпарат білім беру технологиясы құлағы естімейтін, жарымжан кісілерге оқуға мүмкіндік береді.

Оқу материалын электрондық немесе баспа түрде алған компьютерлік класта,кез-келген мемлекеттің және шетелдің кез келген жерінде меңгеруге болады.

Қашықтықтан оқыту технологиясы жеке индивидуалдық қабілеттерді, қажеттіліктерді, темперамент пен оқушының қаншылық бос болуын ескере отырып, оның оқу материалын кез келген тәртіпте, кез келген қарқында (баяу немесе тез) оқу мүмкіндіктерін қарастырады. Бұл, әрине, қашықтықтан оқыту технологиясының ең үздік ерекшелігі екені сөзсіз. Бұл технология дәстүрлі оқыту формасын қолдануды көздейді (лекция, консультация, бақылау жұмысы, сынақ, емтихан және т.б.) бірақ олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Лекция мұғалімдермен тікелей қарым-қатынаста жүргізіледі. Лекцияны жазуда дискеттер, СD-ROM дисікісі және т.б. қолданылады. Жаңа ақпараттық технологияны қолданғанда (гипертекст, мультимедия, ГИС – технологиялар, виртуалдық шындық) лекция мәнді де, мәнерлі және көрнекті болады. Сонымен қатар материалдар конспектілеуге талап қойылмайды.

Қашықтықтан оқыту барысында консультация оқушылардың жұмысын және тәртібін өз бетінше зерттеуін басшылыққа алу көптеген формалардың бірі болып табылар. Телефон мен электрондық почта қолданылады. Консультация мұғаліміне жеке сапасын оқытуда бағалауда көмектеседі: интеллект, есте сақтау, көңіл бөлу, ойлау т.б.

Лабораториялық жұмыстар практикалық материалдарды меңгеруге берілген. Бұл дәстүрлі жүйеде лабораториялық жұмыстар арнайы құрал-жабдықтар, макеттер, ---таторлар, тренажерлар, химиялық реактивтерді қажет етеді. Келешекте қашықтықтан оқыту технологиясы лабораториялық практикумды мультимедия технологиялары, ГИС – технологиялары иммитациялық модельдеуді қолданғанда жеңілдетуі мүмкін. Виртуалдық шындық оқушыларға қарапайым жағдайда көрсетуге мүмкіндік береді. Жаңа технологияны қолдану оқу материалын практикалық меңгеруін және нәтижелерін тексеру жұмыс жүргізіледі. Дистанциялық сабақ элеметтері

Оқу материалы. Мұғалім оқытудың диалогтық түрін бастағанға дейін оқушылардың барлығын олар сабаққа әзірлену үшін оқуматериалымен қамтамасыз етеді.

Оқушыға керекті материал мына тәсілдермен беріледі.

  • CD-ROM немесе дискета, аудиокассета, бейнекассета «қағаз» құралдар (кейс-технология) пошта арқылы салынады.

  • Файлмен электрондық почта арқылы жіберіледі.

  • Дистанциялық мекеменің білімдік сайтына орналастырылады.

  • Веб-беті түрінде, керекті материалға сілтеме жасалып, Интернет жүйесіне беріледі.

  • Оқушыға бір немесе бірнеше электрондық кітапханада жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі.

Диагностикалық материал. Дистанциялық оқытушы мен оқушы электрондық пошта арқылы тесті, бақылау тапсырмалары, есептеу табельдерімен, бағалардың парақтарымен алмасады. Бұлардың бәрі білімдік серверде тұрады. Мұғалім оқушыларға үй тапсырмасын, оны қалай орындау керектігі туралы нұсқау береді.

Көрнекілік. Телекоммуникация арқылы оқытушы оқушылапға слайдтарды, суреттерді, т.б. көрсетеді. Оқушылар өз жұмыстарын басқа оқушылар және мұғалімдер үшін серверге салып қояды. Осы процесті алыстан мұғалім басқарады.

Мұғалім оқушыларға сұрақ береді. Оқытушы электрондық конференция кезіндеоқушыларға сұрақтар береді.

Мұғалім пікірталасты басқарады.

Пікірталас, веб-форум, е-mail-конференция, чат-пікірталас тәртіптеріне өте алады.

Оқушы оқушыға сұрақ береді. Мұғалім оқушылардың реакциясын көреді, өзінікін білдіреді. Бейнеконференция режимінде мұғалім оқушының талқыланып отырған мәселеге қатынасын көреді. Мәтіндік электрондық тележелілерге клавиатура белгілерінің көмегімен жасалатын бет пішіндер бар.Мұғалім оқушыларды бағалайды. Дистанциялық оқытуда мұғалім оқушының жұмысын сабақ өткізгенде, ал үй тапсырмасын, тестілерді, шығармашылық тапсырмаларды, зерттеулерді кезкелген дистанциялық және телеқатынас құралдары көмегімен тексереді

Дистанциялық оқыту (алыстан білім беру) электрондық және телекоммуникациялық құралдар арқылы алыста орналасқан қызметі мен дамуын ұйымдастыру. Оған әртүрлі субъектілер қатысады: дистанциялық мұғалім, тікелей білім беретін мұғалім, техникалық жобалаушы, үйлестіруші немесе дистанциялық оқытудың әкімшілігі, оқу материалының авторлары. Дистанциялық оқыту құралдары:

  • электрондық пошта;

  • электрондық журналдардың, конференциялардың тізімі (тақырып бойынша)

  • нақты уақыт тәртібінде хат жазысу;

  • тез хабарласу жүйесі (Интернет-пейджер);

  • Интернет жүйесінде www. Web-сайт ішіндегілер, білімдік сайтқа тіркелгендер қаралады, on-line-дық виртуалдық кітапханалар кіреді. Іздеу сервері, қорларға сілтеме жасалады. Іздеу сервері арқылы желідегі кез келген ақпаратты табуға болады.

  • Web-сайтқа жазатын белсенді арналар.

  • FTR-серверлер және файлдік архивтер.

  • Интернеттің факсимилдік қызметі.

  • Интернеттегі телефон- LP

  • Мобильдік телефон көмегімен Интернетке шығу.

Лекция№15. П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекетін сатылы қалыптасу теориясы.

1. Н.Ф.Талызина құрған танымдық әрекеттердің сатылы қалыптасу теориясы.

2. П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекетін сатылы қалыптасу теориясы.

Әдебиеттер:

  1. В.А.Ситаров , Дидактика -Москва , 2004 жыл.

  2. Б.Б.Айсмонтас , Теория обучения -Москва , 2002 жыл.

Н.Ф.Талызинамен бірлесе П.Я.Гальперин осы теорияны оқыту процесінде іске асырды . Л.С.Выготский , С.Л.Рубинштейн , А.Н. Леонтьевпен құрылған теориялар осы теорияның қалыптасуына негіз болды.

Танымдық әрекеттердің сатылы қалыптасу теориясы Н.Ф.Талызина құрған оқыту процесін бағдарламалау жаңа бағытына негіз болды. Оның мақсаты – оқушылардың танымдық әрекеттерінің бастапқы сатысын анықтау , жаңа танымдық әрекеттер қалыптастыру,әрекеттер алгоритмін белгілеу және оқыту процесіндегі кері байланыс

Әрекеттер жүйесінде бейімделу, орындау және қорытындылау функциялары белгіленеді . Н.Ф.Талызинаның айтуынша адамның әрбір әрекеті өз алдына микрожүйе құрады , бұл жүйеге басқару органы , орындау органы және бақылау/салыстыру механизмй кіреді. Танымдық әрекеттердің қалыптасуының орталық звеносы болып оның бейімделу негізі табылады. Бейімделу негізінің 3 – ші типі танымдық әрекеттердің қалыптасуының ең тиімдісі және қолайлысы болып табылады.Талызинаның айтуы бойынша бихевиористік жоспарлау теориясымен салыстырғанда , танымдық әрекеттердің сатылы қалыптасу теориясы танымдық әрекеттердің қалыптасуының рационалды жүйесін құрайды . Сонымен қатар бұл теория оқытуға деген әрекеттік көзқарасты қалыптастыру нұсқасы бола алады.

Жалпы бағдарламалап оқыту 5 принципке негізделеді:

1. Оқу жұмысының мақсатын және осы мақсаттың алгоритмінөлшеуге болатындай ету. 2. Оқу жүйесін бөлімдерге бөлу , информацияны дозалап беру. 3. Әрбір бөлім аяқталғаннан соң оқушыға өзін - өзі бақылап , бағалау мүмкіндігін беру. Осының нәтижесі арқылы әрекеттің қандай деңгейде орындалғанын көруге мүмкіндік туады. Және де керек болған жағдайда оқушы немесе студентке коррекциялық әрекеттер жүйесінің нұсқасын көрсетуге болады. 4. Автоматтандырылған немесе жартылай автоматтандырылған жүйені қолдану мүмкіндігі 5. Оқытуды индивидуализациялау (белгілі және қолайлы дәрежеде )

П.Я.Гальперин оқыту процесінің алдына жаңа міндет – мақсаттар қойды : әрекеттің қалыптасуына әсер ететін факторларды белгілеу ; осы факторлардың қалыптасуына жағымды жағдайлар жасау ; қателіктерді болдырмау үшін бейімделу жүйесін құру. П.Я.Гальперин меңгеріліп жатқан пәндік әрекеттің 2 бөлігін көрсеткен : біріншісі , оны түсіну , екіншісі , орындауға қабілеттілік . Бірінші бөлік жоспарлау рөлін атқарады , екінші бөлік орындау рөлін атқарады . П.Я.Гальперин жоспарлау бөлігіне көп назар аударған. Оның айтуынша бұл бөлік «басқару инстанциясы» болып табылады. Кейін оны «штурмандық карта» деп атаған.

П.Я.Гальпериннің теориясында ақыл-ой әрекеттің қалыптасуы 6 сатыда өтеді:

1. Әрекетті орындау жағдайларымен алдын – ала танысу.

2. Материалдық түрде әрекетті орындаудың қалыптасуы.

3. Сыртқы сөйлеуде әрекеттің қалыптасуы.

4. Ішкі сөйлеуде әрекеттің қалыптасуы.

5. Әрекеттің терең ойлау процесіне ауысуы.

6. Әрекеттің пәндік мазмұнын түсінуі.

П.Я.Гальперин және оның оқушылары жасаған зерттеулер арқасында , мыналар белгілі болған : 1. Әрекеттер , түсініктер және бейнелердің қалыптасуы бір процестің әртүрлі қырлары болып табылады. 2.Танымдық жоспар идеалды жоспардың біреуі ғана болады. Келесісі қабылдау жоспары болады. Үшінші әрекеттік жоспар болып , сөйлеу жоспары табылуы мүмкін . Танымдық жоспар тек сөйлеу жоспары негізінде қалыптасуы мүмкін . 3. Әрекет идеалды жоспарға не толығымен не бөлшектеніп көшіріледі. Әсіресе жоспарлау бөлігімен . соңғы жағдайда орындау бөлігі материалдық жоспарда қалады. Жоспарлау және орындау бөліктері бір – бірімен ауыса отырып , соңғы нәтижеде дағдыға ауысады.

Білім сапасын көтеру білім саласындағы дағдарыстан шығуға ықпал жасайды.

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып , әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу тәрбие үрсіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр : білім берудің парадигмасы өзгерді , білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда. Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаны өзін - өзін дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды.

Лекция№16. Альтернативтік комплекстік педагогикалық технологиялар.

1. Альтернативті технологиялар туралы түсінік.

2.С. Френнің еңбек бостандығы технологиясы

3. М.Мантессоридің өзін-өзі дамыту технологиясы

4.Вальдорф педагогикасы

Әдебиеттер:

Альтернативті технологияларды кең мағынада қарастыратын болсақ, дәстүрлі оқытуға қарсы технология деп айтуға болады. Альтернативті технология дәстүрлі технологиялардан мақсатымен, міндетімен, формасымен, қатынасымен, педагогикалық процестегі оқушылардың іс-әрекетімен өзгешеленуі мүмкін.

Альтернативті технология – бұл педагогикалық процестің дәстүрлі қалыптасқан негіздерінен бас тарту, сондай-ақ ұйымдастырушылық, мазмұнды және әдістемелік принциптердің орнына альтернативті принциптерді ұстану.

Егер де дәстүрлі оқытуда педагог авторитарлы стильді ұстанатын болса, альтернативті технологияларды қолдану арқылы сабақ беруде мұғалім бостандық тәрбиесін ұстанады. Ол В. Ратке, Я.А. Коменский, Ж.Ж.Руссо және т.б. жаңа уақытқа Л. Толстой, М. Монтессори, А. Нейлл, К. Венцтель, Ж.Ж. Руссо, Я. Корчак, П. Каптерев, П. Блонский.

Дәстүрлі оқыту жүйесінің тағы бір альтернативасын мысалға келтіретін болсақ, оның басқарушы-административтілігінің, авторитарлығының орнына сыйластық, тең құқылық және балаға деген сүйіспеншілікке негізделген ізгіліктік және демократиялық технологиялар қолданылады.

Френе Селестен (1896-1966) – көрнекті француз педагогы және ойшылы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]