Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар пеед техн.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
399 Кб
Скачать
☆

XXI ғасырдың басында жаңа тәрбие беру қозғалысына қатысып, эксперименталды бастауыш ауыл мектебінде альтернативті технологияны қолданысқа енгізді ол -еңбек бостандығы технологиясы.

Френе мектебінде:

  • оқыту жоқ, оның орнына мәселені шешу, эксперименттер жасау, талдау, салыстыру;

  • үй жұмысы жоқ, бірақ әрқашанда мектепте, үйде, көшеде сұрақтар қойылып отырады.

  • үзілістен үзіліске дейін болатын сабақтар жоқ;

  • бағалар жоқ, бірақ жеке жетістіктері мұғалімдермен оқушылардың өзара бағалаулары арқылы бағаланады;

  • бағдарламалар жоқ, бірақ топтық және жеке жоспарлар бар;

  • дәстүрлі мұғалім жоқ, бірақ мұғалім мен оқушылардың жобалаған жалпы іс әрекетті ұйымдастырудың формалары үйретеді;

педагог ешкімді тәрбиелемейді, дамытпайды тек қана жалпы мәселелерді шешуге

  • қатысады;

  • сынып жоқ, бірақ бала-ересек ұйымы бар;

  • ережелер жоқ, сыныпты топ нормалары басқарады.

Әдістеменің ерекшеліктері:

Жобалар әдісі. Топ ұжымдық жобаларды талқылайды, олар стендке ілінеді (ол кездейсоқ, тіпті фантастикалық жоспарлар болуы мүмкін). Педагог тек жобалар біреудің бостандығына кедергі жасаса ғана араласады. Жобаны жасау үрдісінде бір оқушы басқа бір оқушының мұғалімі ретінде бола алады.

Сынып – басқалардың қарам-қатынасына ашық жүйе: балалар өздеріне басқаларды шақыра алады, хат жазысып тұрады, саяхатқа шығады.

Өзін-өзі басқару. Мектепте балалар өздері таңдаған кооператив құрылады.

Ақпараттандыру. Білім алу маңызды, бірақ сол білімдерді қайдан алу керектігі одан да маңыздырақ. Ақпараттар кітаптарда, аудиовизуалды және компьютерлік құралдарда болады.

Жоспарлау. Мектептегі оқулықтар мазмұнында ақпарат пен нақты тапсырма бар ерекше карточкалармен алмастырылған. Оқушы өзіне нақты бір карточкалар топтамасын алады. (жеке оқыту бағдарламасы). Френе бағдарламалап оқытудың бастамасын жасаған – карточкаларды бақылау сұрақтары мен тапсырмалары бар оқытатын лентаны ойлап тапқан. Әр оқушы мұғалімнің көмегімен жеке апталық жоспарын жасайды.

Еңбек культі. Мектепте бүкіл оқушылар қатарына кіретін кооператив құрылады. Күн тәртібінде шеберханаларда, саябақта жұмыс істеу қарастырылған. Кооперативті жалпы кеңес басқарады, аптасына бір рет жиналыс өткізіліп отырады. Әр оқушы мынадай газеттің колонкаларын толтырады: «Мен жасадым», «Мен істегім келеді», «Мен мақтаймын», «Мен сынаймын».

Денсаулық культі. Баланың денсаулығын жақсарту мақсатында физикалық жаттығулар, вегетарианды тамақтану, еңбектену, табиғи медицина көзделген: табиғатпен үйлесімділік.

Рудольф Штайнер 1861, 27 қаңтарда Карлович қаласында, австо- венгрия шегарасына жақын жерде, теміржолшы жұмыскерінің отбасында туған.

1879 жылы Вена қаласының жоғары техникалық мектебінде білім алады. 1897 жылы Берлинге көшіп барады, онда ол әдебиет журналының редакторы болып қызмет атқарады.

Вальдорф мектебі 1919 жылы 7-ші қыркүйек күні Штудгарт қаласында құрылды. Негізін қалаған Рудольф Штайнер(1861-1925жж). Штейнерлік оқытудың негізі-антропософия (грекше «антропос»- адам, «софия» - даналық). Ол адам бойындағы жасырын рухани күшті ашу, ол үшін еркін тәрбие идеясын ұстанды. Олар жалпы адам үш заттың: жан, дене, рух бірлігінде болады деді. Оқытудың бірінші жылында білім беру жеке пәндерге бөлінбейді, қарым-қатынас «кезеңдермен» оқулықсыз, қатаң сабақ жоспарынсыз өтеді. Сабақтар таңертең оқытылады. Күнде екі сабақ (5-6 жұмаға дейін) бір пән жүргізіледі, тереңірек ену үшін. Түстен кейінгі уақыт: өлең, музыка, эвритмия (сөздерді ым- ишарамен жеткізу), т.б сабақтар өтеді. Мектептің жеткен нәтижелері: жақсы ұстаз ұжымы жиналды, жоғары рухани және адамгершілік деңгейімен сипатталады. Ең бастысы адам өмірінде, адами идеалды құра алды. Өмірінің соңына дейін, 1925 наурыз айына дейін мектеп өміріне белсене араласып конференция, семинарларға қатысып қиын балалар тәрбиесін талқылауға қатысады.

Баланың бойындағы жасырын қабілетерін, сезімталдығын ашып дамыту.

Вальдорф педагогикасы гуманистік педагогиканың «еркін тәрбиелеу» идеясын басшылыққа алған.

Баланың тәнімен жанын бірлікте өзін- өзі тану, өзін -өзі дамыту арқылы мұғаліммен бірлесіп жетілдіруді көздеген. Вальдорф педагогикасының концептуалдық ұстанымдары:-Табиғатқасәйкестілік-даму оқытудың алдында жүруі, табиғи нышандардың дамуы;

- зорлықсыз баланың жанының, тәнінің еркін жетілдіру идеясы;

- еркін тәрбиелеу-тәрбие құралы ретінде іске асуы;

- оқыту мен тәрбиені баланың қажеттілігіне қарай бейімдету;

- бала оқыту процесі арқылы өзі жетіледі;

- оқыту мен тәрбиенің бірлікте қарастырылуы;

- баланың денсаулығын бірінші орынға қойю;

-баланың шығармашылық қабілеттерін өнер құралдары арқылы жетідіру;

- сананың, жүректің, сезімнің, қолдың икемділігінің бірлікте дамуы;

- мұғалімнің беделіне сүйену, 8-9 жыл бір мұғалімнің оқытуы;

- мектеп барлығы үшін,

- мұғалім мен оқушының өмірінің бірлігі.

Вальдорф технологиясының ерекшеліктері:

- интелектуалдық, эстетикалық, еңбекке баулу аспектілерінің бірлікте қарастырылуы;

- қосыша білім беру (музей, театр т.б.);

- пәнаралық байланыс;

- міндетті түрде живопись, эвритмия, музыка, формаларды бейнелеуден сабақ беру;

- оқу жоспарында еңбек тәрбиесінің елеулі орын алуы.

- ата- аналармен тығыз байланыстың болуы;

- оқушылардың өзін-өзі басқара алулары, баға қойылмауы.

Бірінші сыныптан бастап неміс, ағылшын тілдерінің оқытылуы, жоғары сыныптарда металлмен жұмыс орындау, міндетті түрде барлық оқушылардың қол өнерімен айналысулары.

Мария Монтессори өзін-өзі дамыту технологиясы.

Мария Монтессори (1870 – 1952) итальян педогогы. Еркін тәрбиелеу идеясын балабақша, бастауыш сынып оқушылары үшін, догматикалық оқыту мен тәрбиелеуге қарсы құрылған. Баланың табиғатын дамытуға қолайлы жағдай жасау. Мақсаты:-жан-жақты дамыту,

- өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу,

- бала санасында дүние мен ой іс-әрекетін өзара байланыстыру.

Тәрбиелеуші идеясының(мәдени-дамытушы, педагогикалық) ортасы. Табиғи қабілеттер әр балада болуы мүмкін, бірақ олар дайындайтын орта болмасы дамымай қалады. Оны қалыптастыруда сензетивтілікті дамыту керек.

Монтессори-материал бұл баланың өзіндік іс-әрекетін дамытуға бағытталған педагогикалық дайындық құрамдас бөлігі.

М.Монтессоридің технологиясы Выготский бойынша дүниені қабылдаудың психологиялық құралдары болып табылады.

Бес жасқа дейін әр бала - өзін-өзі құрастырушы. Ол Монтессори бойынша көру, есту, дикциясын қабілеттерін дамытады.

Бес жастан кейін баланы барлығын сұрап, қарай бастайды, яғни оның санасы дами бастайды.

М.Монтессори бойынша жасерекшелік кезеңдері:

0-3 жасқа дейін – сезімдік бағдар;

3-6 жасқа дейін – сөйлеудің қарқынды дамуы, тілді меңгеру;

6-9 жасқа дейін – абстрактілі іс-қимылдарды меңгеру;

9-12 жасқа дейін біріншщі, бастауыш мектептің аяқталуы;

12-18 жасқа дейін- гимназиялық және жоғары деңгей.

Әдістеменің ерекшелігі және ұйыдастыру

Монтессори-балабақшасында ойыншықтар айналадағы ортаның маңызды элементі болып табылмайды, олардың орнына әр түрлі төртбұрыш, пластинка, жіптер беріледі.

Мұндағы басты мақсат – дағдыны қалыптастыру: тактильді еспен, қолдың кішкене моторикамсын қалыптастыру болып табылады.

Мектептегі кезең. Оқытудың қалыптасқан бір жүйесі жоқ, әр адам Құдаймен және табиғатпен берілген даму жүзеге асырады. Мектепте сабақ жоқ. Күн ортақ дөңгелек құрып отырудан басталады. Мұнда әр түрлі мәселелер шешіліп, ұсыныстар жасалады. Сонан соң әр адам өз әрекетін таңдайды – математика, орыс тілі, тарих, астрономия. Біреулер әріп жазып үйренеді, ал біреулері кітапханада баяндама жасайды. Жұмысты аятағаннан соң нәтижелер талқыланады.

Оқушылар баға не екенін білмейді, бірақ оқушылар мен ересектерден өз жұмысына оң қатынасын көреді.

Балаларға ешкім білім бермейді, тақтаға шақырмайды, жаңа тақырыпты түсіндірмейді. Бостандықта жұмыс жасау балаға деген абсолютті сенімге негізделген, оның дүниені тануға деген құлшынысына деген сенім. Күн ортасында тағы бір жалпы отырыс-жаттығу болады. Ол үлкен оқушыларда кішкене ұзағырақ. Бұл пәнді зерттеу отырысы. Бір жастағы балалар 15-20 минутке бірге жиналады. Бұл дөңгелекті мұғалімдер дидактикалық деп атайды. Мұнда әдетте жеке пән бойынша білімдерді бір жүйеге келтіреді, терминология енгізіліеді, ұғымдар анықталады, баяндамалар мен хабарландырулар тыңдалады.

Мұғалім позициясы: зерттеуші, бақылаушы, тәрбиелеуші ортаны ұйымдастырушы,; балалардың ересектерге еліктегісі келетін құқықтарын сыйлайды.

Баланың позициясы: «Маған мұны өзім істеуіме көмектес».

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]