- •Дәстүрлі (репродуктивтік) оқыту технологиясы
- •2. Е.Н.Ильиннің жеке адамды қалыптастыру технологиясы.
- •3.Компьютерлік оқыту технологиясы.
- •Модульдік оқытудың құрылымы.
- •Лекция №14. Дистанциялық оқыту (Қашықтықтан оқыту )
- •XXI ғасырдың басында жаңа тәрбие беру қозғалысына қатысып, эксперименталды бастауыш ауыл мектебінде альтернативті технологияны қолданысқа енгізді ол -еңбек бостандығы технологиясы.
Модульдік оқытудың құрылымы.
Педагогикалық технология негізіне оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған. Оның мазмұнына:
оқытудың жалпы мақсатын қою;
жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
оқушылардың білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау;
оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезенде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс);
нәтижені бағалау енеді.
Осының арқасында оқу процесі "модульдік" сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады.
Модульдік оқыту технологиясының оқу процесін құрудағы мұғалімнің қызметі төмеңдегіше болады:
Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.
Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы (блогі) немесе тарау бойынша жасалған жалпы үлгімен (модульмен) таныстыру.
Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндауы (белгілер жүйесі — сызбалар, сұлбалар, кестелер және т.б. негізінде).
Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір оқушының қызмет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру.
Жалпы тақырыпқа, тарауға ("өсу" бағытымен) 4-7 рет қайта оралу негізінде оқу материалын оқып-үйрену.
Тұтас тақырып бойынша тестілеу.
Тақырып бойынша қалыпты немесе "релелік" сынақ (немесе диктант, бақылау жұмысы және т.с.с.) жүргізу.
Қайта жаңғыртылатын оқу циклі ретінде оқу модулі үш құрылымдық бөлімнен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.
Оқу модулінің ерекшелігі - жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе бөлімге сабақтың 1-2 сағаты, қорытынды бөлімге - 2-3 сағаты беріледі. Қалған уақыт (3-тен 17 сағатқа дейінгі оқу уақыты) сөйлесу бөліміне қалдырылады.
Мысалға, мұғалім оқу модулін 9 сағатқа жоспарлап отыр делік. Оның бір сағаты модульдің бірінші бөлімі — кіріспеге, екі сағаты - қорытынды бөлімге, қалған 6 сағаты - сөйлесу бөліміне беріледі.
Модульді 12 сағатқа әзірлегенде де модульдің I және III бөлімдеріне берілетін сағат саны өзгеріссіз қалып, сөйлесу бөлімінің уақыты өзгереді — яғни, ол 9 сағат болады.
Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшелігі — мұғалімнің даярлық жүйесі.
Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрады.Мұғалімнің алдын ала жұмысы төмендегідей әрекет-қадамдардан 7 тұрады:1-қадам: берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілуі тиіс деп көрсетілген міндетті білім, білік және дағдыларды, сондай-ақ оқыту мақсаттары мен міндеттерін айқындау.
2-қадам: Берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқьш-зерттеу.
3-кадам: Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны білдіретін түйінді ұғымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін рельефтік (код сияқты) сөздерді табу. Олардың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтау.
4-қадам: Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру (анықталған түйінді ұғымдар мен "кодтар" негізінде).
5-қадам: Оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру (15-20 тапсырма шамасында).
6-қадам: Берілген модульдегі оқу материалының тұтас мазмұны бойынша сынаққа қажетті сұрақтар мен тапсырмалар блогін құрастыру (оқу пәнінің өзіндік ерекшелігіне орай сынақты диктантпен, бақылау жұмысымен алмастыруға болады).
7-қадам: Сөйлесу бөлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді формаларын таңдау.
Оқу материалының мазмұны бойынша әрбір оқушыға арнап бірінші күрделілік дәрежесіндегі, орташа күрделілік дәрежесіндегі тапсырмалар және оқытудың ізденушілік (зерттеушілік) элементтері бар аса күрделі дәрежедегі тапсырмалар әзірленеді.
Егер оқушы бағасын журналға қойғызғысы келмесе, оған осы оқу модуліндегі сөйлесу бөлімінің келесі сабақтарында жоғарырық балл алуына мүмкіндік беріледі.
Баға - бейне бір белгі және сонымен қатар өлшем сияқты, ол оқытудың нәтижелілік дәрежесін анықтауға мүмкіндік бередіӨзін-өзі бағалау да адамның өзін-өзі жүйелеп, ісін ретке келтіруінің (саморегуляция) құралы болып табылады. Оның болжаулық, әрекеттік (процессуалдық) және өткенді шолушы түрлері болады. Өзін-өзі бағалау оқушыларда өз нәтижесіне сын көзбен қарауын, оқудағы өз мүмкіндіктерінің деңгейі туралы нақты түсінік құра білуін қалыптастырады.
Топтық жұмыс формасын ұйымдастыруда топтық бағалау, бірін-бірі бағалау әдісін қолдануға болады. Өзін-өзі және бірін-бірі тексерген кезде кейде оқушылар тапсырманың орындалуының дұрыс немесе бұрыстығын бағалай алмайды. Сондықтан дұрыс жауабы (жауап үлгілері, есеп шешімдері) бар парақтар даярлап әкеліп, өзін-өзі немесе бірін-бірі тексеруі кезінде оқушыларға немесе кеңесшілерге таратып беру керек.
