Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
15_lektsia_Astronomia_Kushkimbaeva.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
474 Кб
Скачать
☆

Лекция - 13 Біздің галактикалық жүйе және басқа галактикалар

Астрономияның бұл бөлімі соңғы жылдары өте қарқынды дамуда, сондықтан да оқулықтар жаңа, үнемі қосылып отыратын мәліметтерді қамти алмауы мүмкін. Әсіресе радиоастрономиялық зерттеулер үлкен жетістіктерге жетуде. Оқулықтармен қатар ағымды шығарылатын ғылыми-әдістемелік журналдарды бақылып отыру қажет.

Галактиканың радиосәулеленуі және радиосәулеленудің дискретті көздері туралы мәліметтерден түсінік болуы керек.

Басқа жұлдыздар жүйесі туралы материалдарды қарастырғанда еселік галактикалар, олардың топтары және Бикеш шоқжұлдызындағы ұқсас жиындардың болуына көңіл аудару қажет.

Бұл бөлім төмендегі мәліметтерді есте сақтау керек:

Галактика диаметрі 32 килопарсекке (кпс) жуық немесе 100 000 жарық жылына тең;

Галактика бұтақтары түзетіп жазық жұлдыздың қабат қалыңдығы жуықтап 300 парсек (пс) немесе жуықтап 1000 ж.ж;

Галактикада 150·109аса жұлдыздар бар;

Галактиканың барлық жұлдыздарының қосынды массасы 1012 Күн массасына жуық;

Галактикадағы газ массасы 1011 Күн массасына жуық;

Күн Галактика центрінен 10 кпс (≈32000ж.ж) жуық қашықтықта орналасқан.

Күн және оны қоршаған жұлдыздардың Галактика ядросы айналасында айналу жылдамдығы ≈ 230 км/с.

Күннің, галактикалық жыл деп аталатын, Галактика ядросын айналу периоды ≈ 190·106жыл.

Белгілі галактикалар саны 1010жуық.

Лекция - 14 Космогония және космология мәселелері

Астрофизика мен жұлдыздық астрономияның қарқынды дамуына қарамастан космогония әлі бастапқы даму кезеңінде. Қазіргі кезде планеталық жүйені, жұлдыздар жүйесін немесе жеке жұлдызздардың пайда болуын қанағаттанарлық түсіндіретін бірді бір космогониялық гипотеза жоқ. Бұл толығымен заңдылық, себебі брынғы механикалық гипотезаларды ғылым жоққа шығаруда, ал жаңа ғылыммен негізделген гипотезада жеткілікті материал алуына жаңа гипотеза туындайды да жаңа құбылыс ашылуымен ол тез маңызын жояды.

Дегенмен қазіргі заманғы бақылау материалдары планеталық жүйе мен жұлдыздық жүйелерде кездесетін бәрқатар заңдылықтарды тағайындауға мүмкіндік береді. Бұндай заңдылықтар мағынасы оқулықтарда қысқаша берілген. Қазіргі кезде жұлдыздар топталып қалыптасатындығ мойындалған, және жұлдыздар біздің дәуірімізде де пайда болуда, яғни жұлдыздардың екі ұрпағы бар. Бірақ жұлдызға дейінгі матери туралы түсінікте өзқарастарда үлкен айырмашылықтар бар.

Планеталар газ-шаң бұлттардан түзілген деп те есептеледі. Бұл бұлай түзіл, бұлттардың пайда болуы әлі анықталмаған.

Сондықтан планеталар, жұлдыздар және жұлдыздар жүйесі космогониясы туралы аяқталған түснінік қалыптастыруға ұмтылу қажетсіз, тек қазіргі кездегі космогониялық идеялар түсіну керек. Ең негізгісі материя жойылмайды, мәңгі дамуда, және шексіз кеңістікте. Әлем мәңгі материалдық процесс.

Лекция - 15 Жұлдызды аспанды бақылауға әдістемелік нұсқау

Астрономия егер оны оқып білуші адам қарапайым астрономиялық бақылаулар жүргізетін болса өте қызықты болады және жақсы меңгеріледі. Ең жақсы бақылау астрономиялық обсерваторияда жүргізіледі. Егер ондай мүмкіндік болмаса қандай да бір аспанның белгілі бір бөлігі көрінетіндей жағдайда бақылау жүргізуге болады.

Бақылауды жарық шоқжұлдыздарды қарастырудан бастау керек. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасын бақылау күні мен сағатына қойып, үлкен Аю шоқжұлдызына қарай тұрып, картаны үлкен Аю шоқжұлдызының аспандағы бейнесіне сәйкес келетіндей етіп жоғары көтереді. Үлкен Аюдың айқын негізгі жарық жұлдыздарын тауып картадан Темірқазық жұлдызы іздестіріледі. Картадан Темірқазық жұлдызын табу бағытын белгілеп, осы бағытты аспан күнбезінде қайталайды да, сол жұлдызды табады. Осындай жолмен үлкен Аюдың басқа жұлдыздары да іздестіріледі және көрші шоқжұлдыздар да іздестіріледі. Шоқжұлдыздарды осындай әдіспен зерттеу жақсы нәтиже береді.

Мектеп телескопы немесе қуатты биноколь болса 5-7 күн үзіліспен бірінші рет Ай бақылағанда пайдалы, біріншіден Ай Жерге бір бетімен қарағандығына көз жеткізуге, екіншіден Ай бетімен терминатордың орын ауыстыруын бақылауға болады.

Осындай қарапайым құралдармен серіктерімен қоса Юпитерді бақылауға болады. Мектеп телескопымен Юпитер бетіндегі жасақтарды, Сатурн сақинасын және Шолпан фазаларын бақылауға болады.

Қуатты бинокльдер кейбір жарық жұлдыздардың мысалға, ζ - үлкен Аю, ε – Лира, α – Төбет, υ – Телец, Гиад, Плеяд жұлдыздар шоғырының қос жұлдыз екендігін көруге, айнымалы жұлдыздарды бақылауға мүмкіндік береді.

Барлық осындай объектілермен танысқан өте пайдалы. Олар туралы мәліметтер жыл сайын баспадан шығарылатын. Мектеп астрономиялық күнтізбеде (ВАТО) келтірілген. Мектеп астрономиялық күнтізбесінде келтірілген жарық жұлдыздар аттарын жаттап алу керек.

Күнді телескоп немесе бинокльмен тікелей бақылауға болмайтындығы қатаң ескертіледі! (көз жанарын жоғалтады). Күнді оптикалық құралдармен бақылағанда міндетті түрде қорғаушы қараңғы жарық сүзгіштер қолдану қажет. Ең қауіпсіз бақылау оптикалық құралмен алынған кескінді ақ қағазға экранға түсіріп бақылау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]