- •Кафедра: “Физика және фоә”
- •Жұмысшы оқу бағдарламасын дайындаған ф.М.Ғ.К.,доцент Көшкімбаева б.Ж.
- •1. Пәнді оқытудың өзектілігі мен қажеттілігі
- •2. Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеті
- •3. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер келесі мәселелерді игеріп шығады:
- •Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері
- •5.Курстың сипаттамасы.
- •6. Курстың мазмұны
- •6.1. Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •6.2. Практикалық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары.
- •6.3. Сөж тапсырмалары.
- •7. Әдебиеттер Негізгі әдебиеттер
- •Бағалаудың үш түрі қолданылады
- •«Астрономияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша білімді бағалау кестесі.
- •Білімгерлерді бағалау әдісі
- •Ауызша және жазбаша емтиханда білімгерлердің білімін бағалау критерийі
- •Астрономияны оқыту әдістемесі пәнінен қорытынды баға төмендегі кесте бойынша қойылады.
- •Төмендегі кестеде кредиттік оқу жүйесінде қолданатын бағалар әріптермен көрсетілген.
- •10. Курс саясаты
- •Академиялық тәртіп және этика саясаты.
- •Лекция - 2 Астрономияны оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
- •Лекция – 3 Астрономияны мектепте оқытудың негізгі міндеттері
- •Лекция - 4 Аспан сферасы және оның тәуліктік айналысы
- •Лекция - 5 Күннің көрінерлік жылдық қозғалысы және уақытты өлшеу. Практикалық астрономия негіздері
- •Лекция - 6 Күн жүйесі құрылымы
- •Лекция - 7 Айдың қозғалысы және фазасы, тұтылулар
- •Лекция - 8 Аспан механикасы негіздері
- •Лекция - 10 Астрофизика негіздері
- •Лекция - 11 Жұлдыздық астрономия негіздері.
- •Лекция – 12 Қос, айнымалы және жаңа жұлдыздар
- •Лекция - 13 Біздің галактикалық жүйе және басқа галактикалар
- •Лекция - 14 Космогония және космология мәселелері
- •Лекция - 15 Жұлдызды аспанды бақылауға әдістемелік нұсқау
Академиялық тәртіп және этика саясаты.
Академилық тәртіп және этика ЖОО ішкі тәртібі ережелеріне, білімгерлердің этикалық кодексіне, дәлірек айтқанда:
Оқытушылармен, қызметкерлермен жолдастарымен жақсы қарым-қатынаста болуға;
Институттың, факультеттің тәрбиелік іс-шараларына белсенді қатысуға;
Институтта мәдени тәртіптілікті ұстануға;
Ғимараттарда тазалықты сақтауға негізделген
АСТРОНОМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНЕН
ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ
Лекция – 1
Кіріспе
Астрономияны оқыту әдістемесін оқытудың міндеті мен мақсаты.
Адамға қажетті білім көлемі күрт тез өсіп отырған қазіргі жағдайда белгілі бір фактілер жыйынтығын ғана басты міндет етіп қою мүмкін емес. Адамды өз білімін дербес толықтыра білуге, ғылым және саяси информацияның үдеген тасқынында бағдар таба білуге баулу қажет.
Қазіргі кезде астраномия қарыштап дамуда. Физиканың белгілі заңдарына сүйеніп ең жаңа деген құралдарды, автоматты ғаламшарлы кемелерді қолданып, бүгінгі астрофизика аспан объектілерінің физикалық күйлерін және олардың даму жағдайларын зерттеудің түрлі әдістерін енгізіп және оны пайдаланып келеді.
Адамзатқа қашанда астрономия ілімдері оның көзқарасын қалыптастыруға күшті ықпал етті. Астрономия бізді қоршаған табиғи ортада туындаған құбылыстарға – күн мен түн ауысуы, жыл мезгілдері өзгерісі, теңіздердің тасуы мен қайтуы, Әлемнің пайда болуы мен дамуына т.б. жауап береді.
Сонымен бірге астрономияның әрбір мәдинетті адам, соның ішінде жас ұрпақты тәрбиелеуші – мұғалімдер үшін маңызы зор. Астрономияда оқыған табиғат заңдары материяның біртұтас бірлігін, Әлемнің кеңістік және уақыттық мәнгілігі мен шексіздігін айқын көрсетті.
Осыдан орта білім беру мектебі оқушыларына негізгі астрономиялық құбылыстарды оқытудың, қажеттігі, және ол физика мұғалімдеріне міндеттелетіні шығады. Сондықтан келешек физика мұғалімі астрономия курсының теориялық негіздерін және оны оқытудың әдістемелерін терең меңгеруі қажет.
Астрономияны оқыту әдістемесінің міндеті оқушыларда астрономиялық ұғымдарды қалыптастыру және негізгі астрономиялық құбылыстардың мәнін ашып, астрономиялық зерттеу әдістерін, астрономиялық әдістердің физикада қолданылуын түсіндіру.
Астрономия пәнін оқыту әдістемесі жоғары оқу орындарында болашақ физика мұғалімі меңгеруге тиісті астрономияны оқытудың әдістемесі бойынша теориялық білімдердің, дағдылар мен икемділіктің көлемін анықтайды.
Астрономия әдістемесі жайлы бағдарламаның маңызды міндеті орта мектеп физика мұғалімдерінің кәсіби – педагогикалық даярлығын жақсарту мақсатында осы курстың теориялық негіздерін күшейту болып табылады.
Астрономияны мектепте оқыту әдістемесінің ғылыми негіздерін ашуға көп көңіл болу керек. Астрономиялық ұғымдарды қалыптастыру мен негізгі заңдарды түсіндірудің әдістемесі курста кеңінен көрсетілуі тиіс. Астрономиялық ұғымдарды қалыптастыру мен негізгі астрономиялық заңдардың мазмұнын ашып, олардың практикада пайдалануын баяндау қажет.
