- •Дәрістік курс бағдарламасының құрастырылуы тақырып 1 пcихотерапияға кіріспе
- •Тақырып 2 психоанализ психотерапиясы
- •Тақырып 3 аналитикалық психотерапия
- •Тақырып 4 индивидуалдық психотерапия
- •Тақырып 5 психодрама
- •Тақырып 6 к.Роджерстің клиентке бағытталған психотерапиясы
- •Тақырып 7 гештальттерапия
- •Аяқталмаған іс.
- •Проективті ойын.
- •Қарама-қарсыны табу (реверсия)
- •Қиялдау жаттығуы.
- •Өз тұлғасының бөліктері арасындағы диалог.
- •Шеңбер жасау.
- •Сананың кеңеюі.
- •Қарама-қайшылықтармен жұмыс.
- •Тақырып 8 денеге бағытталған психотерапия
- •Тақырып 9 психосинтез
- •Тақырып 10 когнитивтік психотерапия
- •Тақырып 11 экзистенциалдық психотерапия
- •Тақырып 12 милтон эриксонның психотерапиясы
- •Тақырып 13 нейролингвистикалық бағдарламалау
- •Тақырып 14 трансактілі талдау
- •Тақырып 15
- •Психотерапевтік кеңес берудің жалпы стратегиялары
Тақырып 8 денеге бағытталған психотерапия
Сабақтың мақсаты:
Денеге бағытталған психология мен психотерапияның пайда болуы мен дамуы тарихынан мағлұмат беру және оның теориялық және практикалық тұжырымдамаларын оқыту, қолдану білік, дағдыларының алғышарттарын қалыптастыру.
Жоспар
1. В.Райх ілімінің негізгі тұжырымдары
2. Денеге бағытталған терапияның ерекшеліктері
Денеге бағытталған психология мен психотерапияның негізін қалаушы Вильгельм Райх (1897-1957). З.Фрейдтің шәкірті, оның ең алғашқы клиникалық ассистиенті. 1924 жылы Райх алғашқы оқыту психоаналитикалық институты – Психотерапия семинарының директторы болды.
Денеге бағытталған терапияның негізгі өкілдері Александер Лоуэн, Елсворт Бейкер, ида Вольф, Матиас Александер, Моше Фельденкрайз, Артур Янов және басқалар.
В.Райх ілімінің негізгі тұжырымдары
Райх мінез-құлық туралы
Мінез-құлық – осы субъектіге тән белгілі бір өмірлік шарттар мен жағдайлардағы мінез-құлық тәсілін көрсететін адамның тұрақты психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.
Райх бұлшықет сауыты туралы
Бұлшықет сауыты психологиялық сауытқа сәйкес келеді, сондықтан да бұлшықет қысымынан босану мен бұлшықет сауытын ашау шектелген либидоздық күш-қуаттың босаңсуына ықпал етеді және психоанализ үрдісіне көмектеседі.
Райх оргондық күш-қуат пен гениталдық мінез-құлық туралы
Тірі ағзаларда оргондық күш-қуат қызмет етеді – барлық ағзаны басқаратын және эмоция мен қозғалыстардан көрінетін арнайы биологиялық күш-қуат.
Сауытты ашылуы оргондық потенцияның қалыптасуына ықпал етеді, яғни биологиялық күш-қуат ағымды ығыстырмай, жетегіне ере білу қабілетін білдіреді. Бұдан гениталдық мінез-құлық ерекшеліктері көрінеді.
Гениталдық мінез-құлықты адам өзінің сауытының «түрмесі» мен психологиялық қорғанысқа қамаламаған; оның Супер-эгосы Идпен үйлесімді әрекет етеді; оның жыныстық ләззат алуы либидоның қуатын бәсеңдетеді; ол басқаларға ашық және шынайы жауап бере алады. Қорғану тек қажет болған кезде ғана қолданылады.
Райх психологиялық даму жөнінде
Тұлғаның өсуі психологиялық және физикалық сауыттың жойылу үрдісі ретінде қарастырылады, яғни адам еркін және ашық болады.
Өсуге кедергі болатын, ол:
қорғану сауытын шешуге қатысты адамның жағымсыз реакциясы;
индивидуумның бойындағы табиғи инстинкттері мен жыныстық тартымдылығын әлеуметтік және мәдени тұрғыдан жаншып тастау;
мінез-құлық сауыты.
В.Райх бойынша мінез-құлық сауыты – жалғыздықтың, қорғансыздықтың, беделділерге тәуелділіктің, жауапкершіліктен қорқудың, мистикалық ұмтылыстардың, жыныстық азап шегудің, табиғи емес патологиялық табандылықтың, импотенттік бас көтерудің негізі болып табылады.
Денеге бағытталған терапия
Райх бойынша терапия
Райх бойынша терапия, көз, ауыз, мойын, кеуде, диафрагма, іш және бөксе деңгейінде пайда болатын жеті негізгі қорғану сегменттерінің сауыттарын босатудан тұрады. Босату жоғарыдан төменге қарай жүргізіледі (көбіне кушеткада жүзеге асады).
Денеге бағытталған терапияда мынадай тәсілдер қолданылады:
арнайы дене жаттығулары;
созылмалы бұлшықет қысымдарына тікелей әсер ету (ысқылау (массаж), басу, шымшылау, бұлшықеттерді созу және т.б.);
терең тыныс алу арқылы денені қуатқа толтыру;
келушімен бірге бұлшықет қысымдарының үдеуіне немесе босаңсуына ықпал ететін себептерді талдау жүргізу.
В.Райхтың ілімін жалғастырушылардың денеге бағытталған терапиясының ерекшеліктері
Биоэнергетика. Бұл бағытты құрастырушы Райхтың шәкірті – Александр Лоуэн (АҚШ). Биоэнергияны ол барлық психикалық үрдістерге қосылған өмірлік қуат ретінде түсінеді.
Шектелген дене бөліктерін қуаттандыру үшін Лоуэн қысымды дене қалпын қолданады.
Мысалы, еденге жеткенге дейін иілу, белге жұдырығын тіреп артқа шалқаю, жұмсақ орындық арқылы артқа шалқаю. Бұл дене қалыптары тартылған дене бөліктерінің қысымын арттыра түседі; әрбір жаттығу сайын ол өсе түсіп, шектен асады, тек осы кезде ғана дене бұлшықеттері босатылады.
Құрылымдық кірігу немесе рольфинг. Бұл бағыт оның негізін қалаушы Ида Рольф (АҚШ) есімімен аталған.
Оның негізгі тұжырымдары:
дене қысымның ықпалына ыңғайлануы және фасция аймағында – бұлшықетті жауып тұрған жалғастырушы қабыршақ қисаюы мүмкін;
маңайындағы тіндер (ткань) дұрыс қалыпқа келу үшін, фасцияны ырыққа көндіру және босаңсыту құрылымдық кірігудің мақсаты болып табылады;
терапия үрдісі саусақтар, саусақ пен шынтақ буындарының көмегімен ысқылаудан (массаж) тұрады (ысқылауды келуші қатты ауырсынуы мүмкін). Қысым неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қатты ауырсынады және ырыққа көндіру де аса қажет болады;
дененің бір бөлігіндегі қысым дененің басқа бөліктеріне компенсаторлық ықпал етеді.
Терапиялық цикл 10 сабақтан тұрады. Ол кеуде жасушасының қысымын азайту жаттығуларынан басталады. Жаттығу барысында бөксеге аса мән беріледі.
Матиас Александер (Австралия) техникасы немесе кіріктірілген жаттығуларды үйрету бас пен омыртқаның тепе-тең қалпын сақтауға негізделген.
Еркін және табиғи қозғалыстардың алғышарттары омыртқаны барынша созу болып табылады. Ол мойынды босату мен басты алға және жоғары қозғалтудан тұрады.
Қалып дұрыс болғанда бас денені алып жүруі керек, арқа – аномалдық қисаю мен қысымға түспеуі керек, ал қаңқа негізін ұстап тұрған бұлшықеттер динамикалық тепе-теңдікте болуы қажет.
Александер әдісінің мақсаты - әдеттегі мінез-құлықты түйсінуді кеңейту және оны басқамен алмастыру.
Моше Фельденкрайз әдісі (Франция). Бұл әдістің мақсаты – балаларда бар қозғалыстың табиғи сымбаттылығы мен еркіндігін қалпына келтіру.
Фельденкрайз жаттығулары ескі паттерндерді (мінез-құлық тәсілі) анықтап және дәл сол іс-әрекетті анағұрлым тиімді орындау қажетті жаңа паттернді дамыту үшін әдеттегі іс-әрекетті бірнеше қозғалыстарға бөледі.
Дененің қалай жұмыс жасайтынын түсінуге баса мән беріледі.
Жаттығу мысалы: орындықта отырып, басты солға бұру керек, бас солға, көз де барынша солға бұрылады (3-4 рет), содан соң иықтарды (3-4 рет) және бөксені бұру керек (3-4). Содан кейін бас солға бұрылады, ал қалған қозғалыстар ойша жүргізіледі. Алдымен бас, соңынан иықтар және бөксе бұрылады.
Артур Яновтың алғашқы терапиясы (АҚШ). Терапияның алғашқы апталарында келуші қысымды босаңсытудың әдеттегі құралдарынан айрылады (теледидар, кітап, темекі, достар) және үнемі терапевтің бақылауында болады.
Адамның невротикалық мінез-құлқының себебі ретінде қысымға түскен және ауырсынған эмоциялар қарастырылады. Сондықтан да емдеудің жалғыз тәсілі – жағымсыз сезімдерді қайтадан бастан кешіру.
Келушіге шалқасынан жатып, өмірінің ерте балалық шағында басынан өткерген адамдарға қатысты маңызды примитивтік сезімдерімен тікелей байланыс орнату ұсынылады.
Естеліктер ойына түссе, оны тиісті адамдарға бағыттап сыртқа шығарып кқрсету ұсыналады. Бұл жағдайда келушінің айқайлауы, тыжырынуы, қарғыс сөздер айтуы мүмкін. Жарақаттаушы естеліктерді жаңғырту ауырсыну мен оның шығу тегі жайлы психикалық байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Тақырыпты пысықтауға және бекітуге арналған сұрақтар:
1. Райх психотерапиясының «тамыры» неде?
2. Оргон дегеніміз не?
3. «Бұлшықет сауыты» деген не?
4. В.Райх бұлшықет сауытының қандай сегменттерін бөліп көрсетті?
5. Әрбір сегменттің бұлшықет сауыты қандай эмоцияларды жасырады?
