Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дәрістер мазмұны.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
128 Кб
Скачать
☆
  1. Сананың кеңеюі.

Гештальттерапиядағы маңызды принцип – ол сананы кеңейту принципі.

«Осы жерде және дәл қазір» термині тәрізді, бұл термин де психотерапияның басқа түрлеріне, тіпті философия мен педагогикаға да кең таралды. Оның мазмұны шешілмейтін тәрізді көрінген жағдайға басқа қырынан (немесе түрлі қырларынан) қарап, одан шығатын жолды көруге мүмкіндік беруден тұрады. Кең мағынада сананың кеңеюі келушіге өзінің бүкіл өміріне және сол өмірдегі өзіне тұтас қарап, кедергілерді жеңу жолдарын ғана емес, сондай-ақ неғұрлым толық өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін көруге қол жеткізеді.

Сананың кеңеюі жаттығуын фигура мен фонның орнын ауыстыру үшін арнайы қолданады.

  1. Қарама-қайшылықтармен жұмыс.

Біздің қабылдауымыз түрлі штамптарға толып, «қоқысталады».

Біз ерікті немесе еріксіз адамдарды және олардың әрекеттерін «мейірімді—жауыз», «жақсы-жаман», «пайдалы-пайдасыз», «қорғанушы-шабуылдаушы», «біз-олар» және т.с.с түрлі баға категорияларына жатқызамыз.

Гештальттерапияға біздің осындай бағалауларымыздың объективті еместігіне, көп жағдайда құбылмалылығына көз жеткізуші жаттығулар енгізілген. Бір адамның осындай эмоционалдық қабылдауының құбылмалылығы психологияда сезімдердің амбиваленттілігі деп аталады.

Сезімдердің амбиваленттілігі – міндетті түрде психикалық ауытқу дегенді білдірмейді. Ол кез-келген қалыпты адамға тән. Біз қызғанған кезде бір мезгілде жақсы және жек көре аламыз. Көмек алған адам бір мезетте ризашылық білдіріп әрі өзін қорланғандай сезінуі мүмкін.

Бұлардың барлығы қалыпты адамдар үшін әдеттегі жағдай. Психотерапевттің жұмысы осы құбылмалылық қарама-қайшылық тудырып, келуші мәселені өзі шеше алмаған жерден басталады.

Психотерапевтің бұл кезеңдегі міндеті осы екі эмоциялық қарама-қайшылықтардың арасындағы үшіншіні табуға көмектесуден тұрады.

Гештальттерапияда психикалық денсаулық ахуалы кемеліне келу (зрелость) деп сипаттайды. Бұл жерде әлеуметтік кемеліне жету жайлы сөз болып отыр, ол биологиялық кемеліне жетумен үнемі сәйкес келе бермейді.

Гештальттерапияның теориялық ұстанымдары (қысқаша тұжырымдағанда)

Пішін (фигура) және фон. Адамның мінез-құлқы ағзаның психикалық және физикалық тепе-теңдігі бұзылғанда пайда болатын түрлі қажеттіліктерге тәуелді.

  • жан мен тән бөлінбес біртұтастықты құрайды.

  • санада гештальт (пішінді) тудыратын дәл қазір өтіп жатқан оқиғаларды адам өз өміріндегі аса маңызды оқиғалар деп қабылдайды, ал аса маңызды емес оқиғалар екінші кезекке ығыстырылады (фон).

  • Гештальт құру және оны аяқтау – ағзаның табиғи өмірлік іс-әрекеті.

  • Адам өзін-өзі реттей алатын жан ретінде ішкі әлемінде де, өзара және қоршаған ортамен тиімді тепе-теңдікке қол жеткізе алады.

  • Толық тепе-теңдік нақты пішінге (гештальтқа) сәйкес келеді, ал оның аяқталмауы ағзаның фон қалыптастыруына түрткі болады.

  • Дәл қазір басымдық танытқан тілектер, сезімдер немесе ойлар пішін (гештальт) бола алады.

  • Адамның психикалық ахуалына ықпал ететін аяқталмаған гештальт – ол қанағаттандырылмаған қажеттіліктердің нәтижесі.

  • Аяқталмаған гештальттарды шектеу – ол невроздың негізі.

  • Психотерапевттің міндеті – келушінің өз қажеттіліктерін түйсінуіне көмектесу, оны неғұрлым анық ету (яғни гештальт қалыптастыру) және соңында ол қажеттілікті жою (яғни гештальтты аяқтау).

Гештальт-терапияның техникалары

1. Түйсінуді кеңейту

2. Қарама-қайшылықтарды кіріктіру

3. Сезімдерге назар аударуды күшейту

4. Армандармен жұмыс

5. Өзіңе жауапкершілікті алу

6. Қарсыласуды жеңу және т.б.

Тақырыпты пысықтауға және бекітуге арналған сұрақтар:

1. Гештальт-терапияның негізгі ережелері

2. Перлз бен Райх теориясы мен практикасының қандай ұқсастықтары бар?

3. Гештальтпсихология мен гештальт-терапиядағы «пішін мен фонның» өзара қатынасы түсінігі.

Әдебиеттер

Гештальт-терапия: принципы, точки зрения, перспективы. Интервью Р. Резника с М. Парлетом 28 февраля 1995 г. / Пер. М. Занадворова // Гештальт-95: Сборник материалов МГИ. — М., 1996.

Наранхо К. Гештальт-терапия: Отношение и практика атеоретического эмпиризма / Пер. А. А. Рунихиной. — Воронеж, 1995.

Перлз Ф. Внутри и вне помойного ведра // Ф. Перлз, П. Гудмен, Р. Хефферлин. Практикум по гештальт-терапии. — СПб., 1995.

Перлз Ф. Гештальт-подход и Свидетель терапии / Пер. М. Папуша. — М., 1996.

Перлз Ф. Эго, голод и агрессия / Пер. Н. Б. Кедровой, А. Н. Кострикова. — М., 2000.

Польстер И., Польстер М. Интегрированная гештальт-терапия: Контуры теории и практики / Пер. А. Я. Логвинской. — М., 1997.