Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кәсіпорын экономикасы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
194 Кб
Скачать
☆

6. Лекциялық кешен.

1-БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ОРНЫ

№1 тақырып.

Кәсіпорын - шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде.

  1. Кәсіпорынның қызметтері мен міндеттері, сипаттамалары

  2. Кәсіпорынның сыныпталуы.

  3. Мемлекеттік және жеке кәсіпорындар.

  4. Ұжымдық меншіктегі кәсіпорындар.

  5. Кәсіпорындардың бірігуінің ұйымдастырушылық формалары.

  6. Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару.

Кәсіпорын - заңды тұлға құқығы бар, өз мүліктік қолдана отырып өнім өндіретін және өткізетін , жұмыстар атқаратын, қызметтер көрсететін - ерікті шаруашылық субъект. Кәсіпорын құрамында басқа заңды тұлғалар болмайды.Кәсіпорынның сипатталуы:

  • ұйымдастырушылық бірлік;

  • өндіріс құралдарының нақты кешені;

  • дәйектелген мүлік;

  • әкімшілік басқару түріне негізделген;

  • өз атынан шығады;

  • оперативті-шаруашылық және экономикалық өз еріктік.

Адам санына қарай кіші кәсіпорын ( 100 адамға дейін), орташа (500 адамға дейін), ірі кәсіпорындар (500 адамнан жоғары). Кіші кәсіпорындар (кіші бизнес) барлық дамыған елдердің экономикасында үлкен роль ойнайды және жұмыс істейтін халықтың жартысынан көбі жұмыс істейді. Эконмика әр-түрлі меншіктегі кәсіпорындар қызметін көрсетеді.

Кәсіпорындардың бірігуі шаруашылық бірлестіктер мен одақтар (ассоциациялар) түрінде болады. Бірлестік келесілер үшін құрылады:

  • бірлестіктер белгілі бір міндеттерді ортақ шешу үшін немесе нақты мақсаттарға жету үшін құрылады;

  • жаңа білім және ноу-хау алу үшін;

  • партнерлардың ресурстары қосылып өздерінің ресурстарын сақтау;

  • жаңа ресурстар алуға мүмкіндік.

Одаққа кіреетін кәсіпорындар өздерінің заңды тұлғалығын және өз еріктігін сақтайды.

Кәсіпорындарды біріктіру қағидалары:

  • жарғы бойынша кіру мен шығудың еріктілігі;

  • антимонопольдық заңдардың сақталуы;

  • бірігудің ұйымдастыру формаларын таңдау еркіндігі;

  • қатысушылар арасындағы қарым-қатынастар шартқа сәйкес жасалады.

Шаруашылық бірлестіктер өндірістік, ғылыми-техникалық және әлеуметтік даму мүмкіндіктерін кеңейту үшін құрылады.

Шаруашылық бірлестіктердің түрлері:

  • Шаруашылық ассоциациялар;

  • Концерн;

  • Конгломерант;

  • Қаржылық-өндірістік топ;

  • Холдинг;

  • Консорциум;

  • Картель;

  • Синдикат;

  • Трест.

Шаруашылық емес бірлестіктерге одақтар жатады. Олар салалық немесе басқа бір белгісіне қарай құқықтарын қорғау және сәйкес органдарда мүдделерін қорғау үшін құрылатын кәсіпорындардың шаруашылық емес бірлестігі. Кластер – бұл қызметіне байланысты нақты ортадағы компаниялардың географиялық концентрациялары: тауарлар мен қызметтердің арнаулы жабдықтаушылары, осындай салада жұмыс істейтін фирмалар. Кәсіпорындарда келесі антикризистік шаралар қолданылуы мүмкін:

  1. Реабилитациялық процедура

  2. Бәсекелік өндіріс

  3. Жоюдың соттан тыс процедурасы

  4. Міндетті түрде жекешелендіру.

Реабилитациялық шаралардың келесі түрлері бар :

  • Сырттан басқару

  • Санация

  • Қарыздар талаптарының құқықтарынан бой беру

  • Татуластық келісімге келу.

Әдебеттер:1-46

II-БӨЛІМ. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ

№2 тақырып.

Кәсіпорынның негізгі капиталы.

  1. Негізгі қорлардың экономикалық мәні, олардың құрамы мен құрылымы

  2. Негізгі капиталдың есебі және бағалау

  3. Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің түрлері және оларды жетілдіру

  4. Негізгі капиталды қолданудың көрсеткіштері

Негізгі өндірістік қорлар дегеніміз өндірістік процесске ұзақ уақыт қатыса, өз заттық түрін сақтап, ал өз құнын өндірілетін бұйымға бөліктермен, пайдалану шамасымен біртіндеп (по частям, постепен) аударатын өндірістік қорлардың бөлігі. Олар күрделі қаражаттар арқылы орнын толтырады. Өндіріс процессіне қатысуына байланысты негізгі қорлар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Негізгі өндірістік қорлардың жіктелуі:

  • ғимарат;

  • құрлыстар;

  • өткізгіш құрылғылары;

  • машиналар мен құрылғылар;

  • көлік құралдары;

  • өндірістік және шаруашылықтық құрал-сайман

Негізгі қорлар активті және пассивті бөлігінен тұрады. Активті бөлігі өндірістің маңызды бөліктеріне қызмет етеді және кәсіпорынның өнім өндіру бойынша өндірістік мүмкіндіктерін сипаттайды. Негізгі қорлардың активті элементтерінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ғимараттар, құрлыстар, құрал-саймандар пассивті бөлікке жатады.Негізгі қорларды есепке алу және жоспарлау заттай және ақшалай түрде жүргізіледі. Заттай түрдегі есеп кәсіпорынның өндірісітік қуатын, өндірістік бағдарламаны жоспарлау үшін, құрылғының балансын құру үшін арналған. Осы мақсатпен құрылғының түгендеуі және құжаттауы, оның келіп түсуінің және шығуының есебі жүргізіледі.

Ақшалай бағалау негізгі қорлардың ұдайы өндірісін жоспарлау, тозуды және амортизациялық аударымдар мөлшерін анықтау үшін қажет. Негізгі қорларды бағалаудың келесі түрлері бар:

Бастапқы құн – НҚ сатып алу немесе жасауға кеткен барлық шығындар.

Ағымдағы құн – нақты күнге нарықтық бағасы.

Баланстық құн – батапқы құннан жинақталған тозу сомасы шегерілген құн.

Жою құны – қызмет ету мерзімі аяқталғанда НҚ жойғандағы саймандардың, темір қалдықтарының бағасы.

Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатынаса отырып, біртіндеп тоза бастайды. Тозу - бұл негізгі құралдардың заттай және моральдық сипатын және құндарын жоғалту процесі. Тозудың екі түрі бар моральдық тозу және табиғи тозу. Негізгі құралдардың табиғи тозуы оларды пайдаланудың және сыртқы факторлар әсерінің нәтижесі болып табылады, Моральдық тозу активтердің ғылым мен техниканың дамуының нәтижесінде, оның жаңа талаптарына сәйкес келмеу процесін білдіреді.

Негізгі құралдардың бастапқы құны пайдалы қызмет мерзімі ішінде, яғни объект табыс әкелетін қызметін орындауға қабілетті уақыт кезеңінде, заңды түрде тағайындалған мөлшерге байланысты ай сайын амортизациялық төлемдер түрінде үлестіріледі. Амортизация дегеніміз негізгі құралдардың тозуының құндық көрсеткіші. Амортизацияланатын құн амортизациялық төлемдер түрінде субъект шығындарына пайдалы немесе нормативті қызмет мерзімі бойында жүйелі түрде үлестіріліп тұрады. Бухгалтерлік есеп стандарттарына байланысты амортизация әртүрлі әдістерді қолдана отырып есептелінеді:

  • құнды біркелкі (түзу сызықты) есептен шығару әдісі;

  • құнды орындалған жұмыс көлеміне пропорционалды түрде есептен шығару (өндірістік әдіс);

  • жеделдетілген есептен шырару әдістері:

а) қалдықты азайту әдісі;

б) құнды сандар сомасы бойынша есептен шырару (куммулятивтік әдіс).

Амортизацияны есептеу әдісі кәсіпорынның есептік саясатында анықталады. Негізгі құралдардың әрбір түріне амортазацияны есептеудің әр түрін қолдануға рұқсат етіледі, бірақ та негізгі құралдың бір түріне бір әдістен басқасын қолдануға болмайды. Негізгі қорларды қолданудың барлық көрсеткіштері үш топқа бөлінеді:

  • Негізгі қорларды қолданудың уақыты бойынша деңгейін көрсететін экстенсивті көрсеткіштер;

  • Негізгі қорларды қолданудың қуаты бойынша деңгейін көрсететін интенсивті көрсеткіштер;

  • Негізгі қорларды қолданудың факторларының бірігуін көрсететін интегралды көрсеткіштер.

Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы - өндірістік құрылғыны және аудандарды толық пайдаланып, алдағы технологияны қолдануды, өндіріспен еңбекті ұйымдастыруын жетілдіруін, өнімнің жоғарғы сапасын қамтамасыз етуін ескере, уақыт бірлігінде заттық түрде жоспармен белгіленген номенклатура және ассортиментінде өнімді максималды мүмкіндікте шығару.Өндірістік қуаттылық өндіріс көлемі жоспарланатын бірлікте өлшенеді. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы алдыңғы қатарлы цехтардың, участкалардың өндірістің қуаттылығымен анықталады. Алдыңғы қатарлы цех деп өнім өндіруде негізгі операцияны атқаратындарды айтады.

Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын анықтайтын негізгі элеметтер болып келесілер табылады:

  • құрылғының құрамы және түрі бойынша саны;

  • құрылғыны қолданудың техника-экономикалық көрсеткіштері;

  • құрылғының жұмыс уақытының қоры;

  • кәсіпорынның өндірістік ауданы (негізгі цехтардың);

  • құрылғының нақты құрамында өнімге әсер ететін, алда болатын өнім номенклатурасы және ассортименті.

Әдебеттер:1-46

№3 тақырып.

Кәсіпорынның айналым капиталы.

  1. Кәсіпорынның айналым қорының (капиталының) түсінігі және құрылымы

  2. Өндірісте айналым қорларын қолдануды бағалау

  3. Кәсіпорынның айналым құралдары және оның құрылымы

  4. Айналым құралдарын нормалау

  5. Айналым құралдарының айналымдылығы және оның көрсеткіштері

Айналым өндірістік қорлары дегеніміз - еңбек үдерісінде негізгі өндірістік қорларына қарағанда әр өндірістің циклінде жұмсалатын және олардың құны еңбек өніміне бірден және тұтас көшетін өндіріс қаражаттарының бөлігі, заттық элементтер. Айналым қорларының заттық элементтері еңбек үдерісінде өзінің натуралды формасы мен физикалық - химиялық қасиеттерін өзгертеді. Олар өндірістің тұтынылу шамасы бойынша өз тұтыну құнын жоғалтады. Жаңа тұтыну құны оларда жасалған өнім түрінде қалыптасады. Өндірістік қорлар үш бөліктен тұрады:

1) Өндірісте пайдалану немесе жұмыстар мен қызметтерді атқару үшін қажетті шикізаттар, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен жинақтаушы бұйымдар, конструкциялар мен деталдар, отын, тара және таралық материалдар, қосалқы бөлшектер, басқа материалдардың ( босалқы) қорлары .

2) Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар мен қызметтерді атқару үшін материалдың босалқы қорлары.

3) Субъектінің әрекеті барысында сату үшін бағытталған тауарлардың дайын өнімдерінің босалқы қорлары.

Материалдық ресурстардың шығындалуы—материалдық ресурстарды өндірістік тұтынуын көрсетеді.

Өндіріске шығындалу кәсіпорынның өнімді шығару бағдарламасын орындауға тікелей жұмсалған материалдық ресурстардың бүкіл санын қамтиды. Сонымен қатар материалдық ресурстар жөндеу қажеттіліктеріне, завод ішіндегі транспортқа қызмет көрсету үшін, көмекші шаруашылықты қамтамасыз етуіне, мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсалады. Материалдық ресурстардын тұтыну екіге бөлінеді.

1. Материалдық ресурстарды жалпы шығындау - өндірістік бағдарламаны орындау үшін материалдық ресурстардың жалпы немесе жеке түрлерін тұтыну. Материалдық ресурстардың жалпы шығындалуы натуралды түрде есептеледі; материалдық ресурстардың әр түрлерінің жиынтық шығындалуы құндық түрде есептеледі.

2. Материалдық ресурстардың нақты түрінің үлестік шығындалуы деп өндірілген жарамды өнімнің бірлігіне материалдық ресурстардың орташа шығындалуын айтады.

Материал сыйымдылық көрсеткіші материалдық ресурстардың нақты түріне шығындардың көрсеткіштерімен байланысты – металл сыйымдылық, қуат сыйымдылық, отын сыйымдылық. Материалдық ресурстардың пайдалы деңгейінің көрсеткіштері экономика салалары бойынша әр- түрлі.

Айналым қаражаттарына кәсіпорынға қоймалар мен өндірісте өндірістік босалқы қорларды жасау үшін, жабдықтаушылар мен бюджетпен есеп айырысу үшін және жалақыны төлеу т.б. үшін қажетті ақша қаражаттарын жатқызады.Айналым қаражаттарының құрамы деп айналым қаражаттарын құрайтын элементтердің жиынтығын айтады. Айналым қаражаттарын айналым өндірістік қорларға және айналу қорларына бөлу оларды өнім өндіру мен сату салаларында қолдану мен бөлу ерекшіліктері мен анықталады.

Өндірісте пайдаланатын айналым қаражаттарының шамасы техника және т.б. даму денгейімен айқындалады.

Айналым қаражаттарын сомасы өнімді сатып-өткізу жағдайларына байланысты болады. Айналым қаражаттарын қалыптастыру көзі бойынша төмендегідей бөледі:

    1. өзіндік;

    2. қарызға алған;

Өзіндік - кәсіпорын қарамағында үнемі болатын және өзіндік ресурстар арқылы қалыптастырылатын қаражаттар.

Қарызға алған - банк несиелері, несиелік борыш.

Кәсіпорынның айналым қаражаттары шеңбер айналымен жасап, үнемі қозғалыста болады. Айналым саласынан олар өндіріс саласына, ал одан керісінше жылжиды. Айналым қаражаттары бір толық шеңбер айналымды жасауға кететін уақыт - айналым қаражаттарының айналу кезені деп аталады.

Бұл көрсеткіш кәсіпорындарда немесе саладағы қаражаттар қозғалысының орташа жылдамдығын сипаттайды.

Кәсіпорынның жөнді жұмыс істеуін ұйымдастыру үшін қажетті айналым қаражаттардын, экономикалық негізделген шамаларды өндеу процесі айналым қаражаттарды мөлшерлеу деп аталады.

Өндірістік босалқы қорларында, аяқталмаған өндірісте, кәсіпорын қоймаларындағы дайын өнім қалдықтарындағы айналым қаражаттары мөлшерленуі мүмкін. Басқа элементтер мөлшерленбейді.

Айналым қаржыларды мөлшерлеу процесінде айналым қаражаттардың нормасы мен нормативін анықтайды.

Айналым қаражаттардың нормасы кәсіпорындағы тауарлық материалдық қүндылықтардың ең төменгі босалқы қорларын сипаттайды және қорлану құн есебінде, деталдардың қорлану нормаларында, өнім бірлігіне келетін теңге түрінде есептеледі.

Айналым қаражаттардың нормативі. Айналым қаражаттарының нормасынын анықталған көрсеткішке көбейтіндісі арқылы анықталады. Ол теңге түрінде есептеледі.

Кәсіпорынның айналым қаражатын тиімді қолдану келесі көрсеткіштер арқылы есептеледі:

Айналым қаражаттарының айналымдылық коэффициенті (Ка):

Ка = СӨ / Қ

Мұндағы, СӨ - Сатылған өнім көлемі;

Қ – айналым қаражатының орташа қалдығы.

Айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның айналым қаражаттарының белгілі бір аралықта жасайтын айналымдар санын сипаттайды.

Айналым қаражаттардың жүктеліну коэффиценті. Оның шамасы айналым коэффицентіне кері болып келеді.

Кж = Қ / Сө

Мұндағы, Кж - айналым қаражаттардың жүктеліну коэффиценті.

Бір айналымның ұзақтылығы, күн есебінде,

Т = К / Ка

Мұндағы, К - аралықтағы күндер саны

Айналым қаражаттарының айналым ұзақтығы неғұрлым төмен немесе олармен жасалатын айналымдар саны сатылған өнімнің сол көлемінде жоғары болса, айналым қаражаттарында қажеттілік соғұрлым аз болады, яғни олар соншама тиімді пайдаланады.

Айналым қаражаттарының айналымдығын жылдамдату эффектісі оларды қолдынудың жетілдірілуімен байланысты олардағы қажеттілікті төмендету, босатуында көрінеді. Айналым қаражаттарының босатылуының абсолютті және салыстырмалы түрі болады.

Аюсолютті босатылу айналым қаражаттарындығы қажеттіліктің тікелей төменделуін көрсетеді.

Салыстырмалы босатылу айналым қаражатының да, сатылған өнім көлемінің де өзгеруін бейнелейді. Оны анықтау үшін бұл аралықтағы сатылған өнім бойынша нақты айналымы мен өткен жылдағы күндерде айналымдығынан шығарып, есеп беру жылындағы айналым қаражаттарындағы қажеттілікті есептеу керек. Айырымы босатылған қаражаттардың сомасын береді.

Айналым қаражаттарын тиімді қолдану және олардың айналымдылығын тездету кәсіпорынның дұрыс жұмыс істеуіне және өндіріс рентабелділігін көтеруде үлкен роль ойнайды.

Әдебеттер:1-46

№4 тақырып.

Шикізаттық, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар.

  1. Шикізаттың, пайдалы қазбалардың түсінігі және жіктелуі және оларды экономикалық бағалау

  2. Шикізаттық база, оның бағыттары және дамуы. ҚР минералды-шикізаттық әлуеті

  3. ҚР индустриалды-инновациялық даму жағдайындағы отын-энергетикалық кешен

  4. Шикізатты таңдаудың экономикалық дәйектелуі

Шикізат – бұл шикі материалдар өнеркәсіптің өндіру салаларынан немесе ауыл шаруашылығынан алынған және олардың өндірісі еңбек шығынының бірінші деңгейінен өткен материалдың кейінгі өңдеуге б.с.