Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кәсіпорын экономикасы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
194 Кб
Скачать
☆

8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар

«Кәсіпорын экономикасы» пәнін оқу барысында келесі отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектеріне, мемлекетті бағдарламаларға, жекелеген ережелері мен нұсқаулары, статистика және талдау бойынша облыстық басқармалардың материалдары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік нормативті материалдары, салалық әдістемелік материалдар, мерзімдік баспасөз материалдары және де Интернеттен алынған материалдарға сүйену керек.

9. Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік-графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар оқу жоспары бойынша қарастырылмаған

10.1 Оқытушы жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары

1-БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ОРНЫ

№1 тақырып.

Кәсіпорын - шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде.

Тапсырма

  1. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес кәсіпорындардың барлық түрлерінің қызмет етуінің негізгі қағидалары.

  2. Акционерлік және жеке меншік деген түсініктердің айырмашылықтары?

  3. Банкроттықтың математикалық ықтималдығын есептеу мүмкін ба?

  4. Банкроттық ықтималдығын есептеу формуласын көрсетіңіз. Олардың қайсысы сіздің ойыңызша тиімді?

Өткізу формасы: сұрақтарды талқылау

Әдістемелік нұсқаулар: Кәсіпорынның мәнін, оның міндеттері мен қызметтерін оқу, кәсіпорынның түрлерінің және қызмет етуінің негізгі қағидаларын анықтау, банкроттық түсінігімен танысу. Материалдарды оқу Азаматтық кодексті, «Банкроттық туралы» заңды қарастырумен жүргізілуі керек.

Әдебеттер: 1-46

II-БӨЛІМ. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ

№2 тақырып.

Кәсіпорынның негізгі капиталы.

Тапсырма

  1. Активті негізгі құралдардың пассивтілерден айырмашылығы қандай?

  2. Негізгі құралдарды қайта өңдеудің формаларын атаңыздар?

  3. Негізгі құралдардың тозуы және амортизациясы деген түсініктердің айырмашылықтары қандай?

  4. Кәсіпорынның негізгі капиталын тиімді қолданудың факторлары мен жолдарын атаңыздар.

Есеп 1. Участокта 12 станк жұмыс жасайды. Операцияның еңбек сыйымдылығы бір өнім бірлігіне 0,6 час. Жұмыс істеу режимі екі кезектік. Бір кезектің ұзақтылығы 8 сағат. Күрделі жөндеу ұзақтығы 20 күн, мереке және демалыс күндер саны – 112.

Участоктың өндірістік күшін анықтаңыздар.

Есеп 2. Кестеде көрсетілген мәмметтер негізінде, Кинтеграл, Кэк, Кин анықтаңдар, және осы коэффициенттер бойынша талдау жасаңдар:

Көрсеткіш

2002ж.

2003ж.

Шығарудың жылдық көлемі, дана

180,0

190,0

Өндірістік куаттылық дана

210,0

220,0

Кезектің ұзықтылығы

8

8

Жыл бойы бір станоктың нақты жұмысының уақыты, сағ.

4000

4000

Екікезекті жұмыстың режимі

I кезекте жұмыстың істейтін станок

190

190

II кезекте жұмыс істейтін станок

Станоктық парктің 50-%

Станоктық парктің 50-%

Интеграл коэффициенті (Кинтеграл)

Экстенсивті коэффиценті (Кэк)

Интенсивтілік коэффициенті (Кин)

Есеп 3. Жоспарланған жылы есеп беру жылына қарағанда қор қайтарымы 5 % өскен. Жұмыскерлер саны 2 % өсті және қормен қарулану 10 % өсті.

Өндіріс көлемінің өсу қарқынын анықтаңыздар.

Өткізу формасы: есептер шығару

Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпты оқу барысында өнеркәсіптің дамуы үшін негізгі құралдардың өсуінің маңызын білуге болады. Нақты мысалдарда негізгі құралдардың қолдану тиімділігінің өсуін көрсету керек.

Әдебеттер: 1-46

№3 тақырып.

Кәсіпорынның айналым капиталы.

Тапсырма

  1. Айналым қорларын қолдануды жақсартудың негізгі бағыттарын атаңыздар?

  2. Әр-түрлі салалардағы айналым қорларының құрылымдарының ерекшеліктері қандай? Мысал келтіріңіздер.

  3. Айналым қорларының айналымдылығын тездету кәсіпорынның жұмысының экономикалық көрсеткіштеріне қалай әсер етеді?

Есеп 1. Кестеде келтірілген мәліметтер негізінде анықтаңдар:

1. Материалды жақсы қолдану нәтижесінде айналым құралдарды босату мөлшері

Көрсеткіш

Бұйым

А

Б

В

Г

Д

Шығарудың жылдық қөлемі мың, тг.

50

70

80

80

90

Норма бойынша бір бұйымға материал шығыны

150

160

150

160

170

Материалдар қорлардың нормасы 25күн. Жоспары кезеңде шығын нормасын төмендетуі көзделеді: А бұйым бойынша Б - 10% - ға, В - 8% - ға, Г - 9% - ға, Д - 8% - ға. Өндірістің жылдық көлемі орташа 15%-ға жоғарылайды. Бағаларды өзгермейтіндей қабылдау керек.

Есеп 2. I тоқсан және жоспарланатын өзгерістер, II тоқсан және жоспарланатын өзгерістерде нарықта бәсекелі болып келетін екі фирманың қызметі туралы кестедегі бастапқы мәліметтердің негізінде қай фирма айналым құралдарды тиімді қолданатынын анықтаңдар.

Көрсеткіш

I Вариант

II вариант

Фирма А

Фирма В

Фирма А

Фирма В

1

2

3

4

5

Өткізілген өнімнің көлемі. Мың. тг.

3850

3000

2650

2900

Айналым құралдардың орташа тоқсандық қалдықтар. Мың.тг.

300

500

238

700

II тоқсандағы шығарылған өнім көлемінің жоспарланатын өсімі. %

5,3

2,3

6,9

9,1

Айналым құралдардың бір айналымының уақытының

2

2

3

4

Есептеңдер:

  • Айналымдылық коэфффициенті, I және II тоқсанда;

  • Жүктеу коэффициенті, I және II тоқсанда;

  • Күн ішінде 1 айналымның уақыты және II тоқсанда;

  • Бір айналым ұзақтығын қысқарту нәтижесінде айналым құралдарды босату.

Есеп 3. Кестеден мәліметтерді қолдана отырып. Ірі кәсіпорының рентабельдігін 2 есе көбейтеп, шағын және ірі кәсіпорының өндірісінің рентабельдігің салыстырындар

Көрсеткіш

Кәсіпорын

Шағын

Ірі

1. Өндіріс көлемі, (а) млн, тг.

20

200

2. Қорсыйымдылық (Қс)

0,5

0,5

3. Қорқайтарымы (Ққ)

5

30

4. Пайда (П) млн, тг.

0,56

5

5. Негізгі қорлардың құнының айналымға қатынасы

5

5

Өткізу формасы: есетер шығару

Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпты оқығанда айналым құралдарының экономикалық мәнін, олардың ролін, құрамы мен құрылымын меңгерген маңызды. Айналым құралдарын қолданудың көрсеткіштерін есептей, құралдардың абсолютті және салыстырмалы сомаларын анықтай білу қажет.

Әдебеттер: 1-46

№4 тақырып.

Шикізаттық, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар.

Тапсырма

  1. 2015 жылға дейінгі ҚР индустриалды-инновациялық дамуының жағдайындағы отын-энергетикалық кешеннің даму болжамы қандай?

  2. Қазіргі кезде елде шикізаттың химиялық түрлерінің өндірісі қалай дамып келеді?

  3. Шикізатты таңдауды қалай экономикалық дәйектеуге болады?

  4. Энергияның қандай альтернативті түрлері бар? Қазақстанда қандай түрін қолданған пайдалы деп ойлайсыздар?

Өткізу формасы: сұрақтарды талқылау

Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпты оқығанда шикізаттар мен отын-энергетикалық ресурстардың мәнін әзірлеу керек, олардың жіктелуін білу керек. Аса көңілді материалды ресурстарды қолдануды талдаудың көрсеткіштері ме әдістеріне бөлу керек. Жұмыс барысында статистикалық деректерге, мемлекетті бағдарламаларға сүйену керек.

Әдебеттер: 1-46

№5 тақырып.

Кәсіпорынның еңбек ресурстары.

Тапсырма

  1. ҚР халқының әлеуметтік қорғау концепциясының мәні неде?

  2. Міндетті түрде әлеуметік сақтандыру дегеніміз не?

  3. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі үшін ұйымдастырушылық шаралардың мағынасы неде?

Есеп 1. Жұмыс істейтіндердің жоспарлық саны – 2000 адам. Соның ішінде негізгі жұмысшылар – 1500, қосымша – 300 адам. Жұмысшылардың нақты саны – 2020 адамды құралды, соның ішінде негізгі жұмысшылар – 600, қосымша – 300ад. Жоспар бойынша жиынтық өніснің көлемі – 30000 тг, нақты – 32000 тг. Еңбек өнімділігі бойынша жоспардың жасалынуын және өнімділігінің өсу қорын анықтаңдар.

Есеп 2. Жоспарлы кезеңде өнім өндірісінің көлемін 12000 – нан 15000 тенгеге дейін өсіру көзделеді. Базалық еңбек өнімділігінде осыған 1260 адам талап етілді. Персоналдың санының өсуі кәсіпорын жетекшісінің жоспарына кірмейді, керісінше, базалықпен салыстырғанда ол 5% қысқартылуы керек, осындай жағдайда еңбек өнімділігінің өсімі қандай болатынын және жоспарлы шығарудың абсолютті деңгейін анықтаңдар.

Есеп 3. Есеп жылында кәсіпорында жұмысшылардың орташа тізімдек саны – 5 мың ад. Соның ішінде жұмысшылар – 3500, қызметкерлер – 1500ад. Өткен жылы жұмысқа – 800ад қабылданған, соның ішінде жұмысшылар – 760, қызметкерлер – 40 ад. Сол жылы – 900 ад жұмыстан шығарылды, соның ішінде – жұмысшылар 850, қызметкерлер – 50 ад.

Кесте мәмметінің негізінде жұмысшылардың ауысу коэффицентін анықтаңдар (Кау.ж.)

Цех

Есеп жылының соңғы күнінде жұмыс істеген барлық жұмысшылар

Сонын ішінде кезек бойынша

I

II

III

А

100

40

20

10

Б

70

20

40

10

В

50

40

10

-

Өткізу формасы: Тапсырмалар орындау, баяндамалар дайындау, тақырып бойынша есептер шығару.

Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпты оқығанда қазақстанның еңбек нарығының қазіргі заманғы жағдайын білу маңызды. Өнім өндіру көлемін өсіру үшін еңбек өнімдіігін көтерудің маңыздылығы үлкен екенін білу қажет.

Әдебеттер: 1-46

III-БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМІ

№6 тақырып.

Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеу.

Тапсырма

  1. Еңбекті ынталандыру дегеніміз не?

  2. Әлеуметтік серіктестік, генералдық, салалық және тарифтік келісімдердің, ұжымдық келісім шарттың мағынасы неде?

  3. Міндетті түрде әлеуметік сақтандыру дегеніміз не?

  4. Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың шет ел тәжірибесіне мысал келтіріңіздер.

  5. статистикалық деректерді қолдана отырып Қазақстан және Қарағанды облысы бойынша еңбек ақының минималды деңгейін анықтаңыздар.

Есеп 1. Кесімді – токарь (сағаттық тарифтік ставка III разрядтағы – 169 тг) 176 сағ. Жұмыс істеді (нақты) және келесі жұмыс көлемін орындады:

Жұмыстың атауы

Көлем, дана

Уақыт нормасы

Бағасы Р

М-18 блтты жону

160

0,15

5,4

М-24 болтты жону

30

0,17

8

Сатылы валикті жону

11

0,5

27

Вулканы жону

14

0,25

9,5

Анықтау:

  1. Кесімді еңбекақыны;

  2. Тарифтік еңбеканы;

  3. Норманы орындау коэффиценті;

  4. Істелген жұмыстың разряды бойынша орташа сағаттық тарифтік ставканы.

Есеп 2. 20 токарлы автоматқа қызмет етумен айналысатын жандеуші мен операторлар үшін уақыт нормасы мен ұзақтық нормасын бекіту. Бастапқы мәлімет: операторлар санының нормасы – 3адам, жөндеуші – 1 адам, бұйымды жосаудың еркін машиналық уақыты- 5,4 минут, машиналық уақыт бойынша құрал жабдықты қолданудың нормативті коэффиценті 0,6 кезектің ұзақтің ұзақтығы 480 мин. Смена ағымында дайындық – қорытынды жұмыстың орташа уақыты 25 мин, жұмыс орнын қызмет көрсетуге – 20 мин, демалыс пен жеке қажеттіліктеріне – 10 мин.

Партия 80 бұйымнан тұрады негізгі уақыт – 6 мин, қосымша уақыт – 0.5 мин. Жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты оперативтілікке 3% құрайды, демалысқа уақыт – 26. Дайындық – қорытынды уақыты – 40 мин.

Анықтау:

  1. Бұйымды өңдеуге уақыт нормасын;

  2. Егер кезек узақтылығы 7 сағат болса, шығарудың кезекті нормасын;

Өткізу формасы: есептер шығару

Әдістемелік нұсқаулар: Тақырыпты оқу барысында еңбекті ынталандырудың ролін ескеру керек, жұмыскерлердің еңбек ақы төлеуінің формаларын оқу керек. Жұмыста ҚР нормативті-құқықтық актілерін және статистикалық материалдарды қолданған жөн.

Әдебеттер: 1-46

№7 тақырып.

Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.

Тапсырма

  1. Кәсіпорынның инновациялық қызметінің стратегиясын әірлеудің мәні мен қағидасы неде?

  2. Қаржылық инвестиция дегеніміз не?

  3. Өндірістік инвестииялау құралы ретіндегі лизингтің ролі қандай?

  4. Инновациялық лизинг дегеніміз не?

Өткізу формасы: сұрақтарды талқылау

Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпты түсіну үшін инвестиция мен инновацияның мәнін, инвестицияның экономикалық тиімділігін анықтай білу керек.

Оқу барысында ҚР 2003-2015 жылдардағы индустриалды-инновациялық стратегиясымен және басқа да мемлекеттік бағдарламалармен танысу керек.

Әдебеттер: 1-46

№8 тақырып.

Өнімді өндіру және өткізу шығындары.

Тапсырма

  1. Калькуляция дегеніміз не?

  2. Шығындарды есептеудің нақты және нормативті әдістерінің ерекшелігі неде?

Есеп 1. Бірінші тоқсанда өнімнің үлесті ауыспалы шығындары 95 мың теңгені құрады, бір өнімнің бағасы 125 мың теңге, жалпы тұрақты шығындар 1000 мың теңгені құрады. Екінші тоқсанда шикізаттың бағасы 10% өсті, ол ауыспалы шығындардың 10% өсуіне әкелді.

Анықтаңыздар, шикізаттың бағасының өзгеруі өнімнің критикалық шығарылуына қалай әсер етті.

Есеп 2. Бірінші тоқсанда өнім бағасы 200 мың теңгені құрады, екінші тоқсанда 10% жоғарлады. Тұрақты шығындар 2000 мың теңгені құрады. Үлесті ауыспалы шығындар 60 мың теңгеге тең.

Анықтаңыздар, бағасының өзгеруі өнімнің критикалық шығарылуына қалай әсер етті.

Өткізу формасы: есептер шығару

Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпты оқу барысында өндіріс және өнім өткізу шығындары құнның негізгі бөлігін құрайтының білген жөн. Өнімнің өзіндік құнын есептеу және үстеме шығындарды бөлуді есептеу әдістерін оқыған жөн.

№9 тақырып.

Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі.

Тапсырма

  1. Өндіріс ішіндегі жоспарлау дегеніміз не?

  2. Кәсіпорын жоспарының «Өнім өндіру және сату» бөлімінде қандай көрсеткіштер есептеледі?

Есеп 1. Есеп беру жылында кәсіпорынның өнім өндіру бойынша жоспарлы және нақты деректері келесілер:

Өнім атауы

Шығару, млн. теңге

жоспар

нақты

А

81,45

80,23

В

92,73

93,5

С

44,8

44,8

Д

-

20,32

Е

31,6

-

F

26,85

47,34

Өнім көлемі және өнім түрлері бойынша жоспарды орындау пайызын анықтаңызар.

Есеп 2. Кәсіпорын 425,6 млн. теңгеге негізгі өнім өндірді. Сыртқа көрсетілген жұмыс көлемі – 51,15 млн. теңгені құрады. Өзі өндірген жартылай фабрикаттардың құны – 33,7 млн. теңге, оның ішінде 80% өзіндік өндірісте қолданылды. Жыл соңына аяқталмаған өндіріс көлемі 5,0 млн теңгеге өсті. Материалдық шығындар құны тауарлық өнімнің 40% құрады.

Сатылған, жалпы және таза өнім көлемін анықтаңыздар.

Өткізу формасы: Тапсырмалар орындау, баяндамалар дайындау, тақырып бойынша есептер шығару.

Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпты оқығанда өндірістің және өнімді сатуды құру жоспарын білу керек, жалпы, тауарлық, сатылған, таза өнім көрсеткіштерінің мағынасын және жоспарлаудағы олардың ролін түсіндіре білу керек.

Әдебеттер: 1-46

№10 тақырып.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету.

Тапсырма

  1. Ғылыми-техникалық прогресс стратегиясы өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне қалай әсер етеді?

  2. сапаны басқарудың жаңа стратегиясының мәні неде?

  3. Нарықтық экономика жағдайында мемлекет бағаны қалай реттейді?

Есеп 1.Бақылауға шығындарды пайыз ретінде өнімнің өзіндік құнына( ) келесі формула арқылы анықтауға болады:

= *100%,

Мұндағы: Р - бақылауға және ақаумен күреске жылдық шығындар, теңге;

С – жылдық өнім өндірудің өзіндік құны, теңге.

Аяқ киімфабрикасында аяқ киім моделдерін күрделету барысында бақылауға жылдық шығындар өндіріс көлемінің 24 мың пардан 18 мың парға дейін қысқаруында 1,2 есе өсті. Бір пар аяқ киімнің орташа құны 12000 теңге. Бақылауға алғашқы және соңғы шығындарды анықтаңыздар.

Өткізу формасы: Тапсырмалар орындау, рефераттар жазу.

Әдістемелік нұсқаулар: Тақырыпты оқу барысында өнімнің бәсекеге қабілеттілігі деген түініктің құрамы қандай, өнімнің сапасының мәселелерін, өнімді стандарттау және сертификаттауды оқу керек. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіндегі бағаның ролінің маңызды екенін ескеру қажет.

Әдебеттер: 1-46

№11 тақырып.

Кәсіпорын қаржысы.

Тапсырма

  1. Кәсіпорынның қаржылық қызметін ұйымдастырудың негізгі қағидалары мен бағыттарын атаңыздар.

  2. ҚР салық кодексіне сай салықтық есеп және салықтық есеп беру қалай жүргізіледі?

  3. Қаржылық жоспарлау дегеніміз не?

Өткізу формасы: Тапсырмалар орындау, рефераттар жазу.

Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпта кәсіпорынның қаржылық ресурстарының мәнін, оларды жоспарлау және толтыру көздерін білген жөн. Қаражаттарды несиеге алу жолдарымен танысу керек.

Оқу барысында ҚР салықтық заңын қолданған жөн.

Әдебеттер: 1-46

IV-БӨЛІМ. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІ

№12 тақырып.

Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижелері.

Тапсырма

  1. ҚР салық кодексіне сай жиынтық жылдық табысты есептеудегі табыстың түрлерін атаңыздар.

  2. кәсіпорындар қандай салықтар төлейді?

  3. ҚР салық жүйесін суреттеп беріңіз.

Есеп 1. Кәсіпорын «Кровельді покрытие» шығарады, 1 м2 покрытияны өңдеудің өзіндік құны 100тг. Өндерушіге рентабельділігі шығындарға 20%. Ай сайынғы өндіріс көлемі – 10 мын м2.

Шығарылған өнімді 100% өткізу жағдайында өнім өткізуден таза табысты есептеңдер.

Есеп 2. Өнімнің үш түрінің рентабелділігін жоспар бойынша және нақты бойынша, келесі деректерді қолдана отырып салыстырыңыздар.

Өнім

Тауарлық өнім өндіру, дана

Бір өнім данасының өзіндік құны, мың теңге

Бір дананың бағасы, мың теңге

жоспар

нақты

жоспар

нақты

А

7500

900

30

28

35

В

5000

5000

48

46

55

С

4000

4000

75

74

82

Есеп 3. Фирма ксерокстық жұмыс бойынша қызмет көрсетеді. Ксерокс техникасы жалға алынады. Айына 6 көшіру машинасын қолданғаны үшін жалға 7500тг төлем алынады. Айына бөлменің жалға алу төлемі – 5000тг. Қызмет ететін персоналдың еңбекақыға шығындар – 8500 тг (айына, басқа тұрақты шығындар – 500 тг айына). Қағаз, бояуыш және жөңдеуге шығыны – 1 көшірмеге есептегенде - 2 тг. Бір көшермегің бағасы – 5 тг.

Есептеңдер:

  1. Ақшалай өлшемде және көшірме санында шығындардың айлық өтеу нуктесі

  2. Егер ай ішінде 50000 көшірмедей сатылса, өткізуден жиынтық табысты;

  3. бөлменің қолданылуы үщін жалға ақы екі еселену кезінде жаңа өтеу нүктесі

Өткізу формасы: Тапсырмалар орындау, тақырып бойынша есептер шығару.

Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпты оқу барысында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық көрсеткішінің жалпы көрсеткіші – табысты, оны есептеудің қағидаларын оқу керек. Рентабелділікті анықтайтын факторларды және есептеу әдістемесін оқыған маңызды.

Оқу барысында ҚР салықтық заңын қолданған жөн.

Әдебеттер: 1-46

№13 тақырып.

Өндірістің экономикалық тиімділігі.

Тапсырма

  1. Кәсіпорынның тұрақтылығы дегеніміз не?

  2. Ақша ағымдарының дисконтталуы дегеніміз не?

  3. Капиталдық салымда неге уақыт факторын ескерген өте маңызды?

  4. Капиталдық салымды есептегенде қандай көрсеткіштер қолданылады. Сіздің ойыңызша бұл көрсеткіштердің қайсысы өте тиімді?

Есеп 1. Бұйымдар ірі прокаттан жасалынған. Бұйым жасаудың басқа кезеңдік профилге көшуінің тиімділігін анықтаңыздар, егер өнім шығарудың жылдық көлемі 100 мың дана болса.

Ірі прокат

Кезеңдік профиль

Металлургия зауытында:

1000 бұйымға үлесті капитал салым, ш.б.

1000 бұйымға прокаттың өзіндік құны, ш.б.; Ен=0,15

60

20

70

22

Машина жасау зауытында:

1000 бұйымға үлесті капитал салым, ш.б.

1000 бұйымды жасаудың өзіндік құны, ш.б.; Ен=0,2

14

28

14,5

23

Есеп 2. Өнім өндіруді 100000 дааға өсіру келесілердің арқасында болуы мүмкін:

  1. Жаңа зауыт салу;

  2. Қызмет істеп жатқан зауытқа жөндеу жүргізу.

Келесі деректерге қарап ең тиімдісін таңдап алу қажет:

Вариант 1

Вариант 2

Өнімді өндірудің жылдық өзіндік құны, мың ш.б.

150000

170000

Капиталдық салым, млн. ш.б.

140,0

100,0

Тиімділіктің нормативті коэффициенті Ен.

0,2

Өткізу формасы: Тапсырмаларды орындау, реферат жазу.

Әдістемелік нұсқаулар: Өндіріс тиімділігінің мәнін оқыңыздар, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерін қарастырыңыздар. Оқу материалдары нақты мысалдармен көрсетілуі керек.

Әдебеттер: 1-46