- •Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша
- •5В050600-Экономика, 5в050700-Менеджмент, 5в050800-Есеп және аудит, 5в050900-Қаржы, 5в051000-Мемлекетті және жергілікті басқару, 5в051100 – Маркетинг,
- •5В051300 – Әлемдік экономика, 5b050115 – Құқық және экономика негіздері мамандықтары үшін
- •1. Пәннің типтік жоспары (қосымша 1)
- •2. Күндізгі оқу бөлімінің оқу жоспары
- •2.1 Сыртқы бөлімінің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы – (syllabus)
- •3.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •3.4 Пәннің қысқаша мазмұны
- •3.6 Курс саясаты және процедурасы
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6. Лекциялық кешен.
- •Шикізаттардың жіктелуі:
- •Қорлардың жіктелуі:
- •Кең орындарын экономикалық бағалау
- •7. Семинар сабақтарының жоспары
- •8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •9. Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік-графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар оқу жоспары бойынша қарастырылмаған
- •10.1 Оқытушы жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •10.2 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •10.3 Жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •Курстық жұмыстарды орындау және рәсімдеу үшін қажетті әдістемелік нұсқау
- •11. Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды практикаларының әдістемелік нұсқаулары (қосымша 2)
- •12.1 Бағалау бойынша ақпарат
- •Рейтинг-шкала
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тестік тапсырмалар
- •Студенттердің білімін бағалау критерилері
- •12.3 Курс бойынша емтихан сұрақтары:
- •13. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе
- •14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі.
- •Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша
- •5В050600-Экономика, 5в050700-Менеджмент, 5в050800-Есеп және аудит, 5в050900-Қаржы, 5в051000-Мемлекетті және жергілікті басқару, 5в051100 – Маркетинг,
- •5В051300 – Әлемдік экономика, 5b050115 – Құқық және экономика негіздері мамандықтары үшін
- •100012, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38
7. Семинар сабақтарының жоспары
1-БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ОРНЫ
№1 тақырып.
Кәсіпорын - шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде.
Кәсіпорынның қызметтері мен міндеттері, сипаттамалары
Кәсіпорынның сыныпталуы.
Мемлекеттік және жеке кәсіпорындар.
Ұжымдық меншіктегі кәсіпорындар.
Кәсіпорындардың бірігуінің ұйымдастырушылық формалары.
Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару.
Талқыланатын тапсырмалар мен сұрақтар:
Кәсіпорын өз ерікті шаруашылық субъект ретінде нені көрсетеді?
Кәсіпорынның басты міндеттері мен қызметтерін атаңыздар.
Меншік түріне байланысты кәсіпорынның түрлерін атаңыздар?
Ұйымдастырушылық-құқықтық формалары бойынша кәсіпорынның түрлері.
Кәсіпорынның құрылымы қандай?
Банкроттықтың түсінігі мен белгілері?
Реабилитациялық шара дегеніміз не?
Санация дегеніміз не?
II-БӨЛІМ. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
№2 тақырып.
Кәсіпорынның негізгі капиталы.
Негізгі қорлардың экономикалық мәні, олардың құрамы мен құрылымы
Негізгі капиталдың есебі және бағалау
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің түрлері және оларды жетілдіру
Негізгі капиталды қолданудың көрсеткіштері
Талқыланатын тапсырмалар мен сұрақтар:
Кәсіпорынның негізгі құрал дегеніміз не, олардың құрамы мен құрылымы?
Кеңейтілген ұдайы өндірістегі негізгі құралдардың ролі қандай?
Негізгі құралдың төзуы және амортизациясы дегеніміз не?
Салықтық есепте негізгі құралдарды бағалаудың қандай әдістерін білесіздер?
Амортизацияны есептеудің әдістерін атаңыздар?
Нарықтық экономиканың құрылуы жағдайындағы ҚР амортизациялық саясаты.
Негізгі өндірістік құралдарды қолданудың көрсеткіштерін атаңыздар.
ҚР индустриалды-инновациялық дамуының баымдылығында көрсетілген өндірістің бәсекеге қабілеттілігін көтеру бойынша шараларын атаңыздар?
Есеп 1. Есепті шешу керек: Егерде жыл басында негізгі құралдардың баланстық құндылығы 1256000 тенге құрап, жыл бойы негізгі құралдар кірісі 586000 тенге сомасына және шығысы 125000 тенге сомасына тең болса, жыл аяғына негізгі құралдардың құндылығын анықтаңыздар.
Есеп 2. Егерде негізгі өндірістік қордардың баланстық (бастапқы) құндылығы 20 мың тг., ал қызмет мерзімі 10 жыл болса, негізгі өндірістік қорлардың тозу құнын анықтаңыздар. Жабдық 7 жыл бойына пайдаланылған.
№3 тақырып.
Кәсіпорынның айналым капиталы.
Кәсіпорынның айналым қорының (капиталының) түсінігі және құрылымы
Өндірісте айналым қорларын қолдануды бағалау
Кәсіпорынның айналым құралдары және оның құрылымы
Айналым құралдарын нормалау
Айналым құралдарының айналымдылығы және оның көрсеткіштері
Талқыланатын тапсырмалар мен сұрақтар:
Айналым құралдары, олардың құрамы мен құрылымы дегеніміз не?
Айналым капиталын қаржыландырудың мүмкін болатын көздерін атаңыздар.
Айналым құралдарының айналымдылығы дегеніміз не?
Кәсіпорындарда айналым құралдарына деген қажеттілікті қалай анықтайды?
Өндірісте айналым құралдарын қолдануды бағалау?
Есеп 1. Кәсіпорынның айналым құралдарының айналымдылық көрсеткіштерін анықтаңыздар, егер жоспарлы өнім шығару көлемі 100 млн теңге, айналым құралдарының нормативі 20 млн. теңге, нақты өнім шығару 120 млн.теңге
Есеп 2.
|
1 |
2 |
3 |
Өнім шығару көлемі, млн.тг. |
50 |
90 |
84 |
Ортатоқсандың нормаланатын айналым құралдары, млн. тг. |
10 |
15 |
12 |
Жоспарланатын кезеңде өнім өндіруді № 1 кәсіпорын бойынша 5 %, № 2 – 4 %, № 3 – 6 % өсіру жоспарлануда. Айналым құралдарының айналымдылығын тездету № 1 – 1 күн, № 2 – 2, № 3 – 2 күн.
Айналым құралдарының айналымдылығын тездету барысында нормаланған айналым құралдарын шығару сомасын анықтаңыздар.
Есеп 3.Есеп беру жылында өнім көлемі 990 мың теңгеге тең, жоспарлы өнім шығару көлемі 1300 мың теңге. Айналым құралдарының нормативі 100 ден 120 мың теңгеге өсті.
Айналым құралдарының айналымдылығының жоспарлы қысқаруын және шығатын құралдардың сомасын анықтаңыздар.
Есеп 4. Егер кәсіпорын 1 кг-ына 10 тг. бағасымен 50000 кг шикізат сатып алу керек болғандағы сатып алынатын шикізаттың оптималды шамасын есептеу керек. Сондай-ақ әрбір партияға 2000 тг. сомасына қызмет көрсету бойынша шығындар жоспарланған, ал ағымдағы қордың ортажылдық құндылығының 20%-ін қоймаландыру бойынша кететін шығындар құрайды.
№4 тақырып.
Шикізаттық, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар.
Шикізаттың, пайдалы қазбалардың түсінігі және жіктелуі және оларды экономикалық бағалау
Шикізаттық база, оның бағыттары және дамуы. ҚР минералды-шикізаттық әлуеті
ҚР индустриалды-инновациялық даму жағдайындағы отын-энергетикалық кешен
Шикізатты таңдаудың экономикалық дәйектелуі
Талқыланатын тапсырмалар мен сұрақтар:
Отын-энергетикалық ресурстардың және шикізаттың түсінігі және жіктелуі.
Пайдалы қазбалардың қорлары қалай жіктеледі және оларды экономикалық бағалау?
ҚР шикізат базасына не жатады?
Қазақстанның энергетикалық ресурстары қалай қолданылады?
Ауылшаруашылық базасының дамуының ерекшелігі неде?
Материалды ресурстарды оңтайлы қолданудың жолдарын атаңыздар.
Материалды ресурстарды қолдануды талдаудың қандай көрсеткіштері мен әдістері бар?
№5 тақырып.
Кәсіпорынның еңбек ресурстары.
Еңбек ресурстары және жұысбастылық мәселелері
Кәсіпорын кадрлары, оларды таңдау көздері
кәсіпорын қызметкерлерін жоспарлау
Еңбекті мөлшерлеу
Еңбек өнімділігі
Талқыланатын тапсырмалар мен сұрақтар:
Еңбек нарығы дегеніміз не?
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің мәні неде?
Еңбек ресурстарын құру көздері, құрамы мен құрылымы?
Кәсіпорындарда еңбек ресурстарына деген қажеттілікқалай анықталады?
Кәсіпорында қызметкерлерді басқару дегеніміз не?
Еңбек өнімділігі дегеніміз не, және ол қалай өлшенеді?
Еңбек өнімділігінің өсу резервтерін және факторларын атаңыздар.
Есеп 1. Егер негізгі уақыт – 8 минут, көмекші – 3 минут, жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты – оперативті уақыттын 10%, демалыс уақыты оперативтіден 4% құраса, тоқарлық операцияға бірлік уақытының нормасын анықтау.
Есеп 2. Партия 80 бөлшектен тұрады. Негізгі уақыт - 6 минут, көмекші уақыт – 0,5 минут, жұмыс орнына қызмет көрсету оперативті уақытқа қатысты 3%, демалысқа уақыт – 2% - ті құрайды. Дайындау – аятау уақыты – 40 минут.
Егер ауысымның ұзақтығы 7 сағат болса, ауысымдық шығарылымның нормасын анықтау.
Есеп 3. Өндіріс көлемі 40 мын тг-ден, 445 млн – ға өсті. Еңбек өнімділігін 20%-ға өсіру күтіледі. Базистік кезеңде жұмысшылар саны 5000 адамды құрайды.
Анықтау керек:
1) Жоспарлы кезеңде жұмысшыларға қажеттілік.
2) Жұмыскерлерді еңбек өнімділігінің өсуі есебінен босату.
Есеп 4.Бөлшекке уақыт нормасы 0,34 адам – сағат. 1 айға жұмыскер 8 сағаттан 22 ауысым жұмыс істеп, 610 бөлшек тапсырды. Өндірім нормасын жүзеге асыру % - ын есептеу.
III-БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМІ
№6 тақырып.
Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеу.
Еңбек ақы төлеудің мәні мен мағынасы
Еңбек ақы төлеудің формалары және қолдану жағдайы
Еңбек ақы төлеу жүйесі
Дамыған елдерде еңбекті ынталандыру
Талқыланатын тапсырмалар мен сұрақтар:
Еңбек ақы төлеудің мәні мен қағидасы?
Тарифтік сетканың құрамы?
Еңбек ақы төлеудің формалары мен түрлерін атаңыздар?
Еңбек ақы төлеуді мемлекеттік реттеудің ролі неде?
Әлеуметтік салықты есептеудің әдістемесі?
Есеп 1. Аптасына бескүндік жұмыс графигі бойынша осы жылдың қазан айы үшін ұйым жұмыскерлерінің орта тізімдік санын есептеңіз. Табельдік есеп мәліметтері 6.1 кестесінде көрсетілген.
6.1 кесте
Айдың күні |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
Тізімдік сан, адам |
253 |
257 |
257 |
257 |
250 |
268 |
268 |
272 |
270 |
270 |
270 |
274 |
279 |
278 |
279 |
Айдың күні |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
28 |
29 |
30 |
31 |
Тізімдік сан, Адам |
282 |
282 |
284 |
286 |
291 |
295 |
298 |
298 |
298 |
298 |
292 |
305 |
306 |
314 |
314 |
Есеп 2. Егер ұйымда қаңтар айында жұмыскерлердің орташа тізімдік саны – 620 адам, ақпан айында – 640 адам және наурыз айында – 690 адам болса, квартал үшін жұмыскерлердің орташа тізімдік санын анықтаңыз.
Есеп 3. Тікелей кесімді еңбек ақы формасы бойынша жұмыс істейтін жұмыскердің бір айлық еңбек ақысын есептеңіз. Бір айда пайдалы өнім саны 310 детальды құрады, бір өнім данасының кесімді құны 115 теңге.
№7 тақырып.
Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.
Инвестицяның түсінігі және негізгі қорлардың ұдайы өндірісіндегі олардың ролі
Инвестиция түрлері. Нақты инвестициялар құрамы.
Кәсіпорынның өндірістік базасын дамытуды инвестициялаудың бағыттарын таңдау және дәйектеу
Инновациялық қызметтің құрамы және ролі
ҚР индустиалды-инноваиялық дамуының стратегиясы
Талқыланатын тапсырмалар мен сұрақтар:
Инвестицияның мәні және түрлері?
Қазақстанның инвестициялық қорының қызметі қанай? Қазақстанның даму банкісі? Инновациялық қоры?
Кәсіпорынның инвестициялық қызықтырушылығын бағалаудың қандай әдістемелері бар?
Инвестицияның экономикалық тиімділігін анықтаудың әдістемесі қандай?
Инвестицияны қаржыландырудың мүмкін болатын көздерін атаңыздар.
ҚР ғылыми-техникалық саясатының мәні неде?
Инновация дегеніміз не?
№8 тақырып.
Өнімді өндіру және өткізу шығындары.
Шығындар және жалпы табыс түсінігі
Өнім өндіруге шығындардың жіктелуі
Өндіріс шығындарын анықтаудың шет ел тәжірибесі
Талқыланатын тапсырмалар мен сұрақтар:
Шығын дегеніміз не? Шығындардың қандай түрлерін білесіздер?
Өнімнің өзіндік құнының құрылымы қандай?
Өндіріс және өнімді өткізу шығындарын есептеудің қандай әдістері бар?
Үстеме шығындарды бөлудің өлшеуіштері мен құрамы қандай?
Есеп 1. Кестені толтырыңыз және қай вариант ең көп пайда әкелетінін анықтаңыз. Барлық варианттар үшін тұрақты шығындар бірдей, сату көлемі өндіріс көлеміне тең.
Кесте 8.1. Өнім өндірдің әр-түрлі көлеміндегі мүмкін болатын пайданы (шығынды) есептеу, теңге
№ вар |
P |
Q, шт. |
Выручка |
Уд.VC |
VC |
Уд. FC |
FC |
Уд. ТС |
ТС |
Бір данаға пайда (шығын) |
пайда(шығын) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
1 |
92 |
2000 |
|
|
|
|
|
98 |
|
|
|
2 |
90 |
|
|
|
|
25 |
|
75 |
|
|
|
3 |
72 |
|
|
42 |
|
|
|
62 |
|
|
|
4 |
|
|
|
|
188000 |
|
|
92 |
|
|
61430 |
5 |
|
3500 |
|
44 |
|
36 |
|
|
|
12 |
|
6 |
105 |
|
|
|
194000 |
|
|
|
|
25 |
|
Есеп 2. Берілген мәліметтер негізінде өнім бірлігінің өзіндік құны ауытқуының салыстырмалы (жоспарланған тапсырманың индексі, жоспардың орындалу индексі, базалық мәнінен нақты мәніне ауытқу индексі) көрсеткіштерін анықтаңыз.
Есеп 3.
Өткен жыл |
Жоспар бойынша осы жылға |
Осы жыл |
||
Өнім бірлігінің өзіндік құны Cо тг. |
Шығарылған өнімVжосп., дана |
Өнім бірлігінің өзіндік құны Cж тг. |
Шығарылған өнім Vорт, дана |
Өнім бірлігінің өзіндік құны Cорт. тг. |
100 |
1000 |
95 |
900 |
110 |
Берілген мәліметтер негізінде өнім бірлігінің өзіндік құны ауытқуының абсолютті көрсеткіштерін анықтаңыз (үнем).
№9 тақырып.
Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі.
Жоспарлаудың әдістемелік негіздері
Кәсіпорын қызметін стратегиялық жоспарлау
Кәсіпорын дамуынын ағымдық жоспарының негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері. Жедел-өндірістік жоспарлау.
Өндірістік бағдарлама дайындау
Бизнес-жоспар дайындау тәртібі мен оның мазмұны.
Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы.
Талқыланатын тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың экономикалық мәнін анықтау.
2. Жоспарлаудың негізгі принциптерін қарастыру.
3. Ішкі фирмалық жоспарлаудың түрлерін сипаттау және атау.
4. Жоспарлау процесінің сатыларын анықтау.
5. Стратегиялық жоспарлаудың анықтамасын беру.
6. Әдістік (тактикалық) жоспарлаудың анықтамасын беру.
7. Жоспарлар жүйесін құрайтын элементтерді қарастыру.
8. Жоспарлау процесінің мазмұны мен қалай анықталады.
9. Бизнес-жоспар ұғымына анықтама беру.
Есеп 1. Кәсіпорын 325,6 млн. теңгеге негізгі өнім өндірді. Сыртқа көрсетілген жұмыс көлемі – 41,15 млн. теңгені құрады. Өзі өндірген жартылай фабрикаттардың құны – 23,7 млн. теңге, оның ішінде 80% өзіндік өндірісте қолданылды. Жыл соңына аяқталмаған өндіріс көлемі 5,0 млн теңгеге өсті. Материалдық шығындар құны тауарлық өнімнің 40% құрады.
Сатылған, жалпы және таза өнім көлемін анықтаңыздар.
Есеп 2. Кәсіпорын есеп беру жылында А өнімін 200 дана, В өнімін 300 дана өндірді. А өнімінің құны - 1800 теңге, В өнімі - 2580 теңге. Сыртқа көрсетілген жұмыс көлемі – 37500 теңгені құрады. Аяқталмаған өндіріс көлемі жыл басына 75000 теңгені, жыл соңына 53000 теңгені құрады. Негізгі өніммен қоса 12000 теңгеге ыдыс шығарылды, оның ішінде сыртқа шығарылғаны 8000 теңге.
Сатылған, жалпы және тауарлық өнім көлемін анықтаңыздар
№10 тақырып.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету.
Бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі және көтеру қажеттілігі
Өнім сапасының түсінігі, сапа көрсеткіштері
Өнімнің өмірлік кезеңінің әр-түрлі деңгейлерінде өнім сапасын қамтамасыз ету
Өнімнің сапасын басқару жүйесі
Талқыланатын тапсырмалар мен сұрақтар:
Бәсекеге қабілеттілігі дегеніміз не?
Сапа түсінігі. Оның деңгейін көтерудің қандай көрсеткіштері және жлдары бар?
Кәсіпорында өнімнің сапасын басқару жүйесі қалай жұмыс жасайды?
Өнімді стандарттау дегеніміз не?
Өнімді сертификаттаудың мәні неде?
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіндегі бағаның ролі қандай?
Өнім бағасының түрлерін атаңыздар?
Кәсіпорында бағақалыптастырудың қандай тетігі бар?
№11 тақырып.
Кәсіпорын қаржысы.
Кәсіпорын қаржысының мәні мен қызметтері
Кәсіпорынның қаржылық ресурстары
Ақшаның уақытша құны
Кәсіпорынды қаржыландыру түрлері
Талқыланатын тапсырмалар мен сұрақтар:
Кәсіпорынның қаржысы дегеніміз не және оның қызметі қандай?
Қаржылық тетіктің құраушы элементтерін атаңыз.
Кәсіпорынның қаржылық ресурстары дегеніміз не?
Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын құру көздерін атаңыз.
Кәсіпорын қызметіндегі несиелердің ролі.
IV-БӨЛІМ. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІ
№12 тақырып.
Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижелері.
Табыс кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық қорытындысының көрсеткіші ретінде
Табыстың және пайданың көрсеткіштері
Кәсіпорын пайдасына салық салу, бөлу және қолдану
Өндіріс рентабелділігі кәсіпорын жұмысының тиімділігінің көреткіші ретінде
Талқыланатын тапсырмалар мен сұрақтар:
«Табыс» дегеніміз не?
Кәсіпрынның табысын құру және бөлудің реті қандай?
Кәсіпорынның табысына салық салу дегеніміз не?
ҚР акциздерді және ҚҚС есептеудің жалпы ережесі қандай?
Өндірістің рентабелділігі деген көрсеткіш нені анықтайды?
Есеп 1.Машина жасау кәсіпорынында өнімді сатудан түскен табысты анықтаңыздар млн. тенге
Бір жылда көтерме баға бойынша
сатылған өнім көлемі 52895
Таурлық өнімді шығару 50000
Қоймадағы дайын өнімнің қалдығы:
- жыл басына 1250
- жыл аяғына 950
Тұтынушылар құнын төлемеген,
сатып алушының жауапкершілігіндегі тауар қалдығы 250
№13 тақырып.
Өндірістің экономикалық тиімділігі.
Өндірістің тиімділігінің көрсеткіштерінің мәні мен жүйесі
Өндірістің қаржылық тұрақтылығының және өтімділігінің көрсеткіштері
Өндіріске капиталдық салымның экономикалық тиімділігін дәйектеудің әдістері
Өндірістің тиімділігін көтерудің негізгі бағыттары
Талқыланатын тапсырмалар мен сұрақтар:
Өндірістің тиімділігінің көрсеткіштерінің мәні мен жүйесі?
Өндірістік қызметтің тиімділігінің қандай көрсеткіштерін білесіздер?
Өтімділіктің түсінігі мен белгілері?
Қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштерін атаңыздар?
Капиталдық салым дегеніміз не?
Уақыт факторын есептеудің қандай әдістерін білесіздер?
Таза ағымдық құн және табыстылықтың ішкі мөлшері көрсеткіштері нені сипаттайды?
Өндірістің тиімділігіне әсер ететін факторларды атаңыздар.
Есеп 1. Зауытты қайта жөндеу өндіріс көлемінің 1000 мыңнан 3000 мың өнімге өсуін жоспарлайды. Екінші вариант 2000 мың дана –өнім шығаратын жаңа зауыт құрылысы және бұрынғы зауытта өнім шығаруды жалғастыру.
Көрсеткіштер |
Қызметтегі зауыт |
Қайта жөндеу |
Жаңасын салу |
Өндіріс көлемі, мың дана. |
1000 |
3000 |
2000 |
1 мың дананың өзіндік құны. ш.б. |
240 |
180 |
138 |
Капит.салым, мың ш.б. |
- |
900 |
1100 |
Есеп 2. Зауытты құрылысының екі вариантының да өнім өндіру күші бірдей, жылына 500 мың дана.
Варианттар |
Өнімнің өзіндік құны. ш.б. |
Үлестік капит.салым, ш.б. |
Кап.салымды жылдар бойынша бөлу (қорытындыға % ) |
I |
40 |
100 |
30:40:20:10 |
II |
41 |
96 |
10:20:40:30 |
Капиталдық салымның қайтарылуының нормативті мерзімі – 8,3 жыл. Коэффициенттер: I жыл үшін – 1,0; II – 0,93; III – 0,86; IV – 0,79.
Капиталдық салымды жылдар бойынша бөлуді ескере отырып және ескермей зауыт құрылысының варианттарын таңдаңыздар
Есеп 3. Капиталдық салымның ең тиімді вариантын таңдаңыздар:
|
Вариант 1 |
Вариант 2 |
Жылдық өнім өндіру, мың ш.б. |
100,0 |
200,0 |
Бір дана өнімнің өзіндік құны, ш.б. |
25 |
10 |
Капиталдық салым, млн ш.б. |
20 |
40 |
Тиімділіктің нормативті коэффициенті |
0,12 |
|
