- •Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша
- •5В050600-Экономика, 5в050700-Менеджмент, 5в050800-Есеп және аудит, 5в050900-Қаржы, 5в051000-Мемлекетті және жергілікті басқару, 5в051100 – Маркетинг,
- •5В051300 – Әлемдік экономика, 5b050115 – Құқық және экономика негіздері мамандықтары үшін
- •1. Пәннің типтік жоспары (қосымша 1)
- •2. Күндізгі оқу бөлімінің оқу жоспары
- •2.1 Сыртқы бөлімінің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы – (syllabus)
- •3.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •3.4 Пәннің қысқаша мазмұны
- •3.6 Курс саясаты және процедурасы
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •6. Лекциялық кешен.
- •Шикізаттардың жіктелуі:
- •Қорлардың жіктелуі:
- •Кең орындарын экономикалық бағалау
- •7. Семинар сабақтарының жоспары
- •8. Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •9. Курстық жобалардың (жұмыстардың), зертханалық жұмыстар, есептік-графикалық, әдістемелік ұсыныстар және типтік есебі бойынша нұсқаулар оқу жоспары бойынша қарастырылмаған
- •10.1 Оқытушы жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •10.2 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •10.3 Жазбаша жұмыстар тақырыптары
- •10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •Курстық жұмыстарды орындау және рәсімдеу үшін қажетті әдістемелік нұсқау
- •11. Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды практикаларының әдістемелік нұсқаулары (қосымша 2)
- •12.1 Бағалау бойынша ақпарат
- •Рейтинг-шкала
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тестік тапсырмалар
- •Студенттердің білімін бағалау критерилері
- •12.3 Курс бойынша емтихан сұрақтары:
- •13. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе
- •14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі.
- •Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша
- •5В050600-Экономика, 5в050700-Менеджмент, 5в050800-Есеп және аудит, 5в050900-Қаржы, 5в051000-Мемлекетті және жергілікті басқару, 5в051100 – Маркетинг,
- •5В051300 – Әлемдік экономика, 5b050115 – Құқық және экономика негіздері мамандықтары үшін
- •100012, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38
Шикізаттардың жіктелуі:
Пайда болуы бойынша шикізат материалдарының барлық түрлері 2 топқа бөлінеді: өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық шикізаттары.
Өнеркәсіптік өңдеуден өтетін барлық шикізат келесі түрлерге бөлінеді:
Біріншіден – минералдық, өсімдік және мол шикізаттары, су және ауа: Екіншіден - өнеркәсіптік өнімдердің жанама өнімдері және жасанды шикізат.
Өнеркәсіптің минералды – шикізат базасы.
Елдің экономикалық потенциалы өнеркәсіптің шикізат базасының даму деңгейіне байланысты болады. Ол келесілерден тұрады.
Геологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде жер қойнауынан табылған минералды шикізат ресурстары;
Жеңіл және тамақ өнеркісібіне шикізат болып табылатын ауыл шаруашылығының өнімдері:
Шикізат және материал ретінде өндіріске арналған химиялық өнеркәсіп өнімдері.
Өнеркәсіп салалары үшін шикізат болатын өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтармен мен екінші реттік ресурстар.
Қорлардың жіктелуі:
Қорларды игерілу және дайындығы деңгейі бойынша келесі категорияларға бөлінеді:
А ,В, С1, С2.
Маңызына қарай қорлар келесілерге бөлінеді:
Баланстық қорлар.
Баланстан тыс қорлар.
Кең орындарын экономикалық бағалау
Пайдалы қазба ресурстары өзара төмендегідей ажыратылатын көптеген кен орындарда шоғырланған:
А – пайдалы қазбалар қоры.
Б – Шикізаттың физика – химиялық құрамы.
В – Пайдалану шарттары.
Пайдалы қазбалардың жеке кенорындарының салыстырмалы экономикалық тиімділігімен жалпылайтын өндіруге, байытуға және шикізатты тасымалдауға кеткен шығындары табылады.
Шикізатты рационалды пайдаланудың негізгі әдістері:
Шикізатты таңдау.
Біріншілік өңдеу және байыту.
Кешенді пайдалану.
4. ҚР – жер қойнауын пайдалануды реттеу.
ҚР заңдары бойынша пайдалы қазбаларды өңдеу жұмыстарымен лизенциясы бар жеке және заңды түлғалар айналысады. Қазіргі кезде лицензиялар берілмейді.
Табиғатты пайдалану объектілерін басқару конкурстық негізде келісім – шартқа отыру негізінде болады. Бұл кезде мемлекет объектіні иелену және қолдану құқығын жеке немесе заңды тұлғаға береді ( объектіге қатысты белгілі бір жағдайларды орындағанда).
Негізгі талаптар:
өндіріс профилі мен өндірілетін өнім көлемін бір қалыпты деңгейде сақтап қалу;
келісім – шартта көрсетілген жұмыс орындарының санын сақтап қалу;
Қазақстанның минералды – шикізатты әлуетінің мәнділігі келесі жағдайларға негізделген.
табиғи ресустарды алу құрылымында минералды – шикізатты ресурстардың үлесі 75 % құрайды, таукен өндірісінің өнім өткізу нарығында сұранымға ие.
табиғатта минералды – шикізатты ресурстарды алу үшін үлкен қаражат көлемі К\К геолого – зерттеу жұмыстарына кеткен шығындар басқа табиғы ресурстарды өндеуге кететің шығындардан көп есе артық. Сондықтан пайдалы қазбаларды алу және өңдеу технологиясы осы қазбалардың орнының тау геологиялық жағдайларына тура пропорционал.
Кен жерлерінің өндірісін ұйымдастыру спецификасы еңбек ресурстарының үлкен Q – ы және инфрақұрылым объектілерінің орын алмасуын қажет етеді.
Минералды шикізатты потенциалдың қайта өндіріс мәселесі де актуалды. Қазіргі кезде жер қойнауын қолданушылар – шетел инвесторлары. Мемлекеттік минералды – шикізатты потенциалды қайта өндіру үшін қолданылатын экономикалық механизмі өнімді емес.
Минералды шиказатты потенциалын даму жолдары:
экстенсивті;
интенсивті.
Минералды шиказаттың потенциалының құрылымы: табиғи ресурстар айналымының ресурстық циклі. Минералды шикізат ресурсының айналымы –оларды алу мен толық жою арасындағы қозғалыс. Бәсеке қабілетті минералды шикізатты потенциалдың дамуы мен орын алмастыруға әсер ететін факторлар:
Табиғи
Экологиялық
Инфрақұрылымдық және технологиялық
Нарықтық
Әдебеттер:1-46
№5 тақырып.
Кәсіпорынның еңбек ресурстары.
Еңбек ресурстары және жұысбастылық мәселелері
Кәсіпорын кадрлары, оларды таңдау көздері
кәсіпорын қызметкерлерін жоспарлау
Еңбекті мөлшерлеу
Еңбек өнімділігі
Еңбек ресурстары дегеніміз – экономикады жұмыс істеу үшін білімі, тәжірибесі және қажетті физикалық күші бар республика халқының бір бөлігі. Еңбек ресурстарына жұмыс істейтін және істей алатын 16-63 жастағы ерлер және 16-58 жастағы әйелдер жатады, олардың құрамына І және ІІ топтағы мүгедектер, жеңілдігі бар зейнеткерлер, көп балалы аналар және кейбір өнер түрлерінің жұмыскерлері кірмейді.
Нарықтық экономиканың дамуына байланысты республикада жұмысбастылық мәселесі түйсіктенеді. Жұмыссыз деп – белгілі бір табысты жоқ, жұмыс іздеу мақсатында жұмысбастылық қызметіне тіркелген, сонымен бірге жұмыс іздеп жүрген және оған кірісуге дайын еңбек жасындағы азаматтар саналады. Индустриалды-дамыған шет елдерде жұмыссыздық еңбек кезеңінде жұмысқа жарамды халықтың 5-8% құрайды.
Жұмыссыздық түрлері:
Технологиялық;.
Құрылымдық;
Конверсиялық;
Экономикалық;
Жастар арасындағы;
Жасырын;
Тоқырау.
Кәсіпорында жұмыстың тиімді болуы үшін келесі шаралар жүргізіледі:
Кадрларды таңдап алу және оларды көтермелеу.
Кадрлар дайындау және оларды үздіксіз оқыту.
Кадрлар құрамының қалыпты болуы және икемділігі.
Жұмысшылар еңбегін моралдық және материалдық бағалауды жетілдіру.
Кадрларды алу мен оларды көтерудің екі басты өлшеуіші бар:
жоғарғы кәсіпқой мамандандыру және оқу қабылеттілігі;
қатынас тәжірибесі және қызметтестікке дайындық.
Кәсіпорындарда кадрларды толықтырудын негізгі көздері – бүкіл оқу орындары, сәйкес кәсіптегі кәсіпорындар, еңбек биржалары. Кадрларды жинақтағанда еңбек шарты немесе контракт ерекше манызға ие болады. Олардың мерзімі:
жылға дейін;
жұмыс істеу уақытына;
анықталмаған мерзімге.
Сонымен қатар келісілген бағаға мердігерлік келісім шарт бар. Қызметті атқару белгісі бойынша кәсіпорын кадрлары жұмыскерлерге, басшаларға, мамандарға, техникалық орындаушыларға бөлінеді. Қызметкерлерді жоспарлаудың басты міндеті болып жұмыс істеушілердің оңтайлы санын, құрамы мен құрылымын анықтау табылады. Қызметкерлерге қажеттілік жұмыс істеушілердің категориясы және топтары бойынша жоспарлану керек.
Кәсіпорынның қызметкерлерінің сандық сипаты жұмыскерлердің орта тізімдік, келу және тізімдік санының көрсенткіштерімен анықталады. Жұмыскерлер санын анықтау негізгі жұмыскерлерге қажеттілікті анықтаудан басталады.
Қосалқы жұмыскерлер санын жұмысының еңбек сыйымдылығы бойынша:
а) қызмет көрсету нормасы бойынша есептеуге болады.
б) жұмыс орны бойынша:
Мамандар мен техникалық орындаушылар саны ортасалалық деректер немесе кәсіпорын дайындаған норматив бойынша анықталады. Олар жұмыс түрлері және лауазымы бойынша ерекшеленуі керек. Бастықтар саны кәсіпорынның мөлшері, оның салалық ерекшеліктерімен, басқарушылық нормаларымен анықталады. Еңбекті мөлшерлеу – нақты өндіріс жағдайларында нақты жұмысты не операцияны орындауға максималды жіберілетін уақыт саны немесе уақыт бірлігінде дайындалатын өнімнің минималды рұқсат етілетін саны.
Кәсіпорында еңбек ресурстарын тиімді қолдану кәсіпорын жұмысының көрсеткішін қорытындылайтын еңбек өнімділігінің өзгеруімен мәнделеді. Еңбек өнімділігі бір уақыт бірлігінде шығарылатын өнім көлемімен немесе бір өнім бірлігіне кеткен еңбек шығындарымен анықталады.
Еңбек өнімділікті ең жақсы сипаттайтын өнімді заттай түрде өндіретін сатып алушы. Егер кәсіпорын өнімнің бірнеше түрін шығарса, онда өндірім шартты бірлікте анықталады. Ақшалай түрдегі өндірім әр-түрлі өнім шығарғанда қолданылады. Норма-сағаттағы өндірім кәсіпорын ішінде жұмыс орнында, бригадаларда, участкаларда, цехтарда анықталады.
Еңбек сыйымдылық құрамына кіретін еңбек шығындарының жауапкершілігіне байланысты ажыратылады:
технологиялық еңбек сыйымдылыққа негізгі, кесімді және уақытша жұмыскерлердің барлық еңбек шығындары кіреді;
өндіріске қызмет көрсету еңбек сыйымдылығына барлық қосалқы жұмыскерлердің еңбек шығындары кіреді;
өндірістік еңбек сыйымдылығына барлық жұмыскерлердің еңбек шығындары кіреді;
өндірісті басқару еңбек сыйымдылығына мамандардың, басқарушылардың және техникалық орындаушылардың еңбек шығындары кіреді;
толық еңбек сыйымдылығына жұмыскерлердің барлық категорияларының еңбек шығындары кіреді.
Әдебеттер:1-46
III-БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМІ
№6 тақырып.
Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеу.
Еңбек ақы төлеудің мәні мен мағынасы
Еңбек ақы төлеудің формалары және қолдану жағдайы
Еңбек ақы төлеу жүйесі
Дамыған елдерде еңбекті ынталандыру
Жұмыскерлердің еңбек ақысы – бұл өндірістік үдеріске қатысқан еңбек ресурстардың бағасы. Еңбек ақы – бұл жұмыстың сый ақысының формасы. Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастырудың негізінде келесі қағидалар жатыр. Олар қандай да бір өзгешеліктерімен нарықтық экономикасы бар барлық елдерде қызмет етеді:
Еңбектің сапасы мен санына байланысты еңбек ақы төлеу.
Орташа еңбек ақымен салыстырғанда еңбек өнімділгінің тез өсуі.
Мамандығы, аймақтық және салалық ортасына, жұмыс жағдайына және т.б. байланысты жұмысшылардың әр-түрлі категориялары және тобы үшін еңбек ақының мөлшерінің әр-түрлі болуы.
Елдегі инфляция қарқыны бойынша еңбек ақының өсіру.
Еңбек ақының төленуінің кепілділігі.
Кәсіпкер өз қызметінде еңбек ақыны анықтағанда сыртқы сипаты бар факторларға сүйенеді:
мемлекетпен бекітілген еңбек ақының минималды деңгейі;
кәсіпкер мен жұмысшылар ұжымының арасындағы келісім шарт шарты;
кәсіподақ комитетінің талаптары.
Жұмыскердің еңбек ақысын ұйымдастырғанда кәсіпкер міндетті:
өз кәсіпорнының жұмыскерлеріне еңбек ақы жүйесін және формасын анықтауға;
бастықтар, мамандар және техникалық орындаушылар үшін лауазымдық айлық жүйесін әзірлеуге;
барлық жұмыскерлер үшін үстеме ақының мөлшерін анықтауға және критерии таңдауға.
Басқарушы өнері болып, еңбек ақының қолда бар жүйесі мен формасынан нақты кәіспорынға және осы кәсіпорынға алынған нақты жұмыскерге тән келетінің таңдап алу табылады.
б) еңбек ақының жүйесі мен формасы.
Әр-түрлі меншіктегі кәсіпорындар үшін ең көп тараған еңбек ақы төлеудің екі формасын бар:
кесімді - өнімнің әр данасына немесе орындалған жұмыс көлеміне ақы төлеу;
мерзімді – жұмыс істеген уақытқа төлеу, бірақ календарлы емес, ал нормативті, нормативті уақыт тарифтік жүйе бойынша қарастырылады.
Еңбек ақының кесімді формасы келесі жағдайларда қолданылады:
нақты жұмыскерге байланысты жұмыстың сандық көрсеткіштері бар,
орындалған жұмыстың нақты көлемін есептеуге мүмкіндік бар,
жұмыскерлердің жұмыс көлемін немесе өнімділікті өсіруге мүмкіндігі туады,
өнім өнімділігін немесе орындалатын жұмыс көлемін әрі қарай көтеру үшін жұмыскерлерді ынталандыруға қажеттілік туады.
Кесімді еңбек ақына келесі жағдайларда қолдануға болмайды, егер оны қолданса келесі жағдайға әкелуі мүмкін:
өнім сапасының төмендеуіне;
технологиялық режимнің бұзылуы;
құрылғыға қызмет көрсетудің төмендеуі;
техникалық қауіпсіздіктің бұзылуы;
материалдар мен шикізаттың көп шығындалуы;
Мерзімдік еңбек ақыны қолдану шарты:
өнім шығаруды жоғарлату мүмкіндігінің жоқтығы;
өндірістік үдеріс қатаң реттелген;
жұмыскерлер функциясы технологиялық үдерістің жұмысын бақылауға бағытталған;
өнім шығаруды өсіру ақауға немесе өнім сапасының төмендеуне әкеледі.
Кесімді еңбек ақының келсі жүйелері бар:
тік кесімді (қарапайым кесімді) бір өнім данасының бағасы бойынша еңбек ақы төленеді;
кесімді-сыйақылы тік кесімді бағасына сапалық көрсеткіштері үшін сыйақымен толықтырылады;
жанама-кесімді еңбек ақы кесімші-жұмыскер атқаратын, еңбек қорытындысына тікелей байланыста болады;
аккорты-кесімді баға жұмыс көлеміне бекітіледі;
кесімді-прогрессивті жұмыскер еңбегі тік кесімді баға бойынша жоспарды орындау шегінде төленеді, ал жоспардан астам орындаса көтерме баға бойынша төленеді.
Мерзімдік еңбек ақының екі жүйесі бар:
қарапайым мерзімдік - еңбек ақы жұмыс істеген уақытына байланысты болады;
мерзімді-сыйақылы – уақыт санының төлеміне сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы қосылады.
Бастықтар, мамандар және техникалық орындаушылар үшін лауазымдық айлық жүйесі қолданылады. Лауазымдық айлық дегеніміз - лауазымына байланысты еңбек ақының абсолютті мөлшері. Ол минималды және максималды мағынаның анықталған диапазонын көрсетуі мүмкін.
в) дамыған елдерде еңбекті ынталандыру.
Еңбек ақыны мемлекеттік реттеудің жүйесі болып минималды еңбек ақы табылады. Мысалы, Францияда, тұтыну бағасының ұлттық индексі, алдындағы минималды еңбек ақының деңгейі бекітілгендегі индекспен салыстырғанда 2% деңгейіне жетсе онда минималды сағаттық төлем автоматты түрде өседі.
Әдетте, батыс елдерінде жалақы жұмыскердің мамандық деңгейіне және жекеше еңбек қорытындыларымен байланысты ауыспалы бөлігіне байланысты екі бөлікке бөлінеді:
Тұрақты, кепілденген, ол жұмысшылардың біліктілік деңгейіне байланысты болады.
Айнымалы, еңбектің жеке нәтижелеріне байланысты болады.
Дамыған елдерде еңбекті ынталандыру жүйесінде төлем ведомосттерінде тура көрсетілмейтін, бірақ табыс мөлшеріне әсер ететін әртүрлі жанама төлемдер мен жеңілдіктер ерекше орын алады.
Олар үш топқа бөлінеді.
Қаржылық қатысудың әр-түрлі формалары - кәсіпорынның табыстарында, акцияларын сатып алуда және кейінге қалдырылған төлемдер түрінде көрсетіледі. Төлемдер жыл аяғында, немесе одан да көп уақыт өткен соң төленеді. Олар толығымен немесе ішінара салық төлеуден, сонымен қатар әртүрлі әлеуметтік қамсыздандыру қорларына төлемдерден босатылады.
Жеке және ұжымдық негізде жұмысшыларға тура ұсынылатын төлемдер мен жеңілдіктер. Оларға қызметтік пәтер, автокөлік беру, уақытша немесе тұрақты еңбек қабілеттілігін жоғалтуы бойынша төлем ақылар жатады.
Ұзақ мерзімдік сипаттағы материалдық ынталандырулар - персоналдық есеп шоттарындағы жинақтарын қаржыландыру, зейнетақысына қосымша төлем беру, өмірін сақтандыру, уақытша немесе тұрақты еңбек қабілеттілігін жоғалтуы бойынша төлем ақылар төлеу және т. б.
Бұндай жүйе келесі талаптарды қанағаттандыру керек:
бастысы пайдада көрініс табатын, жігерлікке емес, қорытындыға төлеу керек;
төлем, менеджер бәсекелес фирмаға кетіп қалмайтындай болу керек. Ол үшін оған есептелген төлем ақылар, егер ол осы компанияда жұмыс істейтін болса, бонус ретінде болашаққа қалдырылады;
төлеу бағдарламасы үкіметтің салық саясатын көңілге алу керек, төлемді менеджерге жағымды ретінде жасау керек.
Әдебеттер:1-46
№7 тақырып.
Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты.
Инвестицяның түсінігі және негізгі қорлардың ұдайы өндірісіндегі олардың ролі
Инвестиция түрлері. Нақты инвестициялар құрамы.
Кәсіпорынның өндірістік базасын дамытуды инвестициялаудың бағыттарын таңдау және дәйектеу
Инновациялық қызметтің құрамы және ролі
ҚР индустиалды-инноваиялық дамуының стратегиясы
Инвестиция – бұл қорытындысында пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін, кәсіпкерлік және басқада қызметтің объектілеріне салынатын мүліктік және интелектуалдық бағалықтардың барлық түрлері. Инвестиция – бұл кәсіпорынның жұмысын жаңғырту және жаңа кәсіпорын құру, жаңа технология мен техниканы игеру, өндірісті өсіру және пайда алу үшін, отандық және шет елдік экономикаға ұзақ мерзімге құралдарды салу. Инвестициялық саясат капитал салымының басымдық бағытын анықтайды, одан экономиканың тиімділігінің өсуі, бір дана шығынға ұлттық табыстың және өнімнің өсуі байланысты.Инвестор – пайда алу үшін кәсіпорынға, бір іске ұзақ мерзімге капитал салатын жеке кәсіпкер, мекеме немесе мемлекет.Негізгі қорлардың ұдайы өндірісін және жаңадан құрылуын инвестициялау жұмыс істеп жатқан кәсіпорынды және объектілерді техникалық қайта қаруландыру және қайта құруға, кеңейтуге, жаңасын салуға капиталдық салым түрінде жүзеге асырылады. Жаңа құрылысқа жаңа жерде және арнаулы жоба бойынша кәсіпорындардың, ғимараттардың құрылысы жатады. Кеңейту өндірісті автоматтау және механизациялау жолымен жұмыс істеп тұрған кәсіпорында құрылғыны толық немесе жартылай қайта құрылғыландыру, қызметтерде және буындарды сәйкессіздікті жою.
Техниканы қайта қаруландыру - жаңа техника мен технологияны, механизация мен автоматтауды, құрылғыны айырбастау мен жаңғыртуды, өндірісті ұйымдастыруды жақсартуды енгізу жолымен жеке өндірістің техникалық деңгейін өсіру бойынша кешендер шарасы. Кәсіпорын инвестицияның тиімділігін және мөлшерін, бағытын, көлемін өз еркімен анықтайды. Өз қарауы бойынша кәсіпорын инвестицияны жүзеге асыру үшін келісім шарт негізінде заңды және жеке тұлғаларды тартады. Әрқашан кәсіпорындар алдында екі мақсат тұрады: бір жағынан, болашақ инвесторларды жаңа негізгі қорларды енгізуді немесе жаңғыртуды дәйектеу, ал бір жағынан, оның тиімділгін бағалау негізінде инвестициялық жобаның қызығушылығын дәлелдеу керек.
Заттық құрамына байланысты инвестицияның келесі түрлері болады:
ақша қаражаттары (мақсатты банктік салымдар, акциялар және басқада бағалы қағаздар);
жылжымалы және қозғалмалы мүлік (ғимарат, құрылыс, құрылғы және басқада материалдық құндылықтар);
мүліктік құқық (авторлық құқық, «ноу-хау», тәжірибе және басқа да интеллектуалдық бағалықтар);
жерді және басқада табиғи ресурстарды қолдану құқығы;
басқада құндылықтар.
Инвестицияның әр-түрлі түрлерін жүзеге асыруға байланысты келесі түрлері болады:
нақты инвестициялар (құралдарды ұзақ мерзімге салу – капиталды салымдар);
қаржылық инвестициялар (бағалы қағаздарды сатып алу);
интеллектуалды инвестициялар (мамандарды курстарда дайындау, тәжірибе, лицензия, «ноу-хау» және т.б. беру).
Инвестициялық қызметтің субъектілеріне байланысты келесі түрлері болады:
азаматтар инвестициясы;
мемлекеттік емес меншіктегі кәсіпорындар инвестициялары;
мемлекеттік инвестициялар;
шет ел инвестициялары (тікелей және портфелді).
Инвестициялық қызмет объектісі бойынша инвестициялардың келесі түрлері болады:
негізгі капиталға (жаңа құрылған, қайта құрылған негізгі қорларға және т.б.);
айналым капиталына;
бағалы қағаздарға;
мақсатты ақшалай салымдар;
ғылыми-техникалық өнім;
интеллектуалды құндылықтар.
Отандық экономикада капиталдық салым деп аталатын нақты инвестициялар, келесі негізгі элементтерден тұрады:
құрылыс-монтажды жұмыстарға шығындар – ғимараттар мен құрылыстар салу, құрылыс жерін жоспарлау және дайындау, игеру бойынша жұмыстар, технологиялық, оперативтік және құрылғылардың басқада түрлерін монтаждау;
әр-түрлі машиналарды, механизмдерді, құрал саймандарды сатып алуға шығындар;
капиталдық жұмыс және жобалық-іздестіру жұмыстарына, салынып жатқан кәсіпорынның дирекциясын ұстауға және техникалық бақылауға, кадрларды дайындауға және қайта дайындауға және т.б. шығындар.
Капиталдық салымдардың құрылымының белгілеріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: салалық, территориялық, технологиялық, ұдайы өндірістік және меншік формасы бойынша.
Капиталдық салым жоспары кәсіпорынның даму жоспарының құрамдық бөлігі болып табылады және келесі бөлімдерден тұрады:
өндірістік қуаттарды және объектілерді іске кіргізу бойынша жоспарлы міндеттер;
капиталдық салымдар көлемі және олардың бағыттары, құрылымы;
құрылыстардың және объектілердің титулдық тізімі;
жобалық – іздестіру жұмыстарының жоспары;
құрылыс өндірісінің және оның материалды-техникалық базасының даму жоспары;
капиталдық салымның тиімділігінің техника – экономикалық дәйектелуі.
Экономикалық мағынада капитал салымның тікелей қорытындысы болып негізгі қорлардың жаңғырту немесе кіргізу табылады, ал соңғысы болып өндіріс көлемінің өсуі табылады.
Тиімділікті алу мен салу арасында нақты уақыт аралығы болуы мүмкін. Оны капитал салымының қатынасы бойынша кешігу алшақтығы деп атайды. Қатаң бәсеклесте қызмет ететін кәсіпорындар үшін, бұндай кешігудің ұзақтылығы өте маңызды, және ол оның қысқаруына мүдделі. Бұл инвестициялық жобаны таңдауды дәйектеу кезеңінде шешілу керек.
Теорияда да, тәжірибеде де инвестициялық жобаның дайындаудың нақты әдістемесі бар және оны келесі кезеңдер бойынша жүзеге асыру: инвестициялық ойдың құрылуы; инвестициялық жобаның жүзеге асыру жағдайын талдау; жобаның техника-экономикалық дәйектелуі; жерді сатып алу, жалға алу немесе бөлу; келісім шарт құжатын дайындау; құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүзеге асыру, іске қосу жұмыстарын қоса; объектіні пайдалану; экономикалық көрсеткіштердің мониторингі.
Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы Қазақстанға бәсекеге қабілетті әлемнің елу елінің қатарына қосылуға мүмкіндік береді. Оған сәйкес Қазақстан елдің амандығы мен гүлденуіне белсенді түрде жол сала бастайды. Ғылыми көлемде және жоғары технологиялық экспортқа бағытталған өндірісті ынталандыру оның мақсаты болып табылады. Технологиялық жарылысқа қол жеткізу үшін ғаламшардағы ең қымбат ресурс – парасат, білім - «шикізаты», ал жоғары технологиялар «дайын өнімі» болып табылатын кәсіпорындарды дамыту қажет. Бүгінгі күні Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыру жолында тұратын бірқатар мәселелері бар: кіші және орта бизнесте инновациялық кәсіпорындардың төменгі үлесі; инновация облысында ірі компаниялар мен кіші бизнес және ғылыми-зерттеу ортасы арасындағы кооперациялық байланыстардың жоқ болуы; инновациялық менеджерлердің қатты жетіспеушілігі; инновациялық қызметті іске асыратын субъекттер саны туралы ресми статистикалық мәліметтердің жоқ болуы; инновациялық жобаларды дайындаудың төменгі деңгейі және т. с. с.
Әдебеттер:1-46
№8 тақырып.
Өнімді өндіру және өткізу шығындары.
Шығындар және жалпы табыс түсінігі
Өнім өндіруге шығындардың жіктелуі
Өндіріс шығындарын анықтаудың шет ел тәжірибесі
Шығындар түсінігіне әр-түрлі тәсілдемелер бар.
Шығындар жеке және қоғамдық болып бөлінеді.
Жеке – бұл нақты кәсіпорынның өнім өндіруге кеткен шығындары. Қоғамдық – бұл барлық қоғамның өндіріске жұмсаған шығыны. Оның құрамына жеке шығындар, сонымен қатар сыртқы шығындар да кіреді. Сыртқы шығындар деп тауар-ақшалай қатынасқа қатыспайтын өндірістік қорытындының бір бөлігі, бірақ ол адамдардың өмір сүруіне тікелей қатынасы бар (мысалы, металлургия комбинатынан шыққан түтін).
Өндіріс шығындары және қолдан жіберген мүмкіндіктер шығыны (альтернативті шығындар). Бұл ресурстарды басқаша қолданғанда алынатын ұтыстармен немесе шығындармен сипатталады. Бірақ кақытты үнемдеуге, көп шығындауға болмайды. Бір қызметтегі уақыт бағалығы оның басқа қызметтегі шығынымен анықталады.
Анық және анық емес шығындар.
Анық (қалта) – кәсіпорынға жатпайтын ресурстарды сатып алу (жмысшылар еңбек ақысы, материалдарды жабдықтау).
Анық емес – кәсіпорынға жататын ресурстарды қолданумен байланысты шығындар (шер иесіне жер, кәсіпкерге еңбек ақы, кәсіпкер капиалына пайыз).
Тұрақты және өзгермелі шығындар тек қысқа уақытта қолдануға қарастырылады.
Жалпы табыстың екі түсінгі бар.
Жалпы табыс – жалпы түсімнен (өнім, материалдық бағалық сатудан, қызмет көрсетуден түскен ақша қаражаттары) және сатудан басқа операциялардың қорытындысынан өзіндік құнға кіретін, еңбек ақыдан басқа, барлық өндірістік және өнім сату бойынша шығындарды алып тастаумен есептелетін, кәсіпорын қызметінің соңғы қорытындысын сипаттайтын көрсеткіш.
Отандық тәжірибеде шығындарды жіктеудің келесті түрлері бар:
өндіріс түрі бойынша – негізгі және қосалқы;
өнім түрі бойынша – жеке өнімдер, бір келкі өнім түрлерінің топтары, жұмысқа, қызметке тапсырыстар;
шығындар түрі бойынша – калькуляция баптары (өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және аналитикалық есепті ұйымдастыру үшін) және шығындар элементтері (өндіріске шығындардың жобалық сметасын және шығындар есеп беруін құру үшін);
шығындардың пайда болу орны бойынша - өндіріс, участок, цех.
Калькуляция баптары және шығындардың элементтері бойынша шығындардың жіктелуін қарастырайық.
Калькуляция баптарының тізбесі, олардың құрамы және өнім, жұмыс, қызмет түрлері бойынша бөлінуі салалар бойынша анықталады. Мысал ретінде, машинақұру саласының калькуляциялық баптарын қарастырайық:
Шикізаттар мен материалдар (қалдықтарды алып тастағанда)
Сатып алынған өнімдер, жартылай фабрикаттар және біріккен кәсіпорындардың қызметтері.
Негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақысы.
Қосымша өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақысы.
Өндірістік жұмыскерлердің еңбек ақысынан сақтандыруға аударымдар.
Өндірісті дайындауға және игеруге кеткен шығындар.
Құрылғыны ұстауға және қолдануға кеткен шығындар.
Цехтық шығындар.
Жалпы зауыттық шығындар.
Ақаудан жоғалтулар.
Өндірістен тыс шығындар.
Бірінші 8 бабы цехтық өзіндік құнды құрайды, 10 бап - өндірістік өзіндік құн, барлық баптар өнімнің толық өзіндік құнын құрайды.
Қазіргі заманда көптеген шағын және орта кәсіпорындарда калкуляциялық баптардың қысқартылған номенклатурасын қолданады:
Тікелей есептеудегі материалдық шығындар (технологиялық мақсаттағы шикізаттар, материалдар, отын, энергия).
Еңбек ақы шығындары (тікелей есептеудегі).
Басқада тікелей шығындар.
Өндірісті басқару және қызмет ету бойынша шығындар (жанама шығындар).
Топтастыруы ұсыныстық сипатта болатын калькуляция баптарына қарағанда, өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын құратын шығындар олардың экономикалық мазмұны бойынша келесі элементтер бойынша топталады:
Материалдық шығындар (қайтарылатын қалдықтардың құнын алып тастағанда).
Еңбек ақы шығындары.
Әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар.
Негізгі қорлардың амортизациясы.
Басқада шығындар
Шығындарды шығындардың элементтері бойынша топтастыру өз құрамына олардың пайда болу орнына тәуелсіз шығындалған экономикалық элеметтерді қосады. Бұл тікелей шығындар болып табылады.
Дамыған елдерде соңғы 35-40 жылда шығындарды өндірілген өнімге калькуляциялық баптардың шектелген, қысқартылған әдістері бойынша аударулар кеңінен қолданылады.
Шығындарға тек өзгермелі шығындар қосылады: шикізаттар, материалдар, еңбек ақы, жанама шығындардың өзгермелі бөлігі. Бұл шығындар өндірістік қызметтің көлемінің шамалық функциясы ретінде қарастырылады. Тұрақты шығындар өнімнің жеке түрлерін өндіруге кеткен шығындармен аз байланысқан деп айтуға болады. Сондықтан, өндіріс шығындары тұрақты, қалдық, өзгермелі, жалпы және шекті болып бөлінеді.
Тұрақты шығындардың бұл кезеңде оның сомасы өндірістің құрылымына және көлеміне тәуелді емес (қызметкерлер айлығы, амортизация, ғимараттарды жалға алу және т.б.).
Қалдық шығындар - өндірістің тоқтағанына қарамастан кәсіпорын төлейтін тұрақты шығындардың бір бөлігі.
Өзгермелі шығындар бұл кезеңде шығындардың көлемі бірнеше өнім түрлерін өндіру көлеміне байланысты шығындар (шикізаттар, материалдар, отын, энергия алуға шығындар, еңбек ақы шығындары және т.б.). Жалпы шығындар тұрақты және өзгермелі шығындарды қосқандағы шығындар.
Шекті шығындар дегеніміз өндіріс көлемін бір немесе бірнеше өнімге көтергенде пайда болатын шығындардың орташа өсу немесе кему шамасы.
Шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтастыруға шикізаттар, материалдар, отын, энергия сатып алуға, негізіг қорлардың амортизациясы, пайыз толеу бойынша шығындар және басқа да сыртқы шығындар жатады (ғимараттарды жалға алу, сақтандыру жарнасы, көлік шығындары, басқада кәсіпорындар қызметтері, жарнама және басқада шығындар).
Қалькуляция баптары бойынша шығындарды топтастыруға келесі шығындар кіреді:
Материалдар;
Еңбек ақы төлеу;
Ғимаратқа жалдық төлеу (салыстырмалы шығындардың үлкен бабы);
Амортизация;
Басқада шығындар.
Әдебеттер:1-46
№9 тақырып.
Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі.
Жоспарлаудың әдістемелік негіздері
Кәсіпорын қызметін стратегиялық жоспарлау
Кәсіпорын дамуынын ағымдық жоспарының негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері. Жедел-өндірістік жоспарлау.
Өндірістік бағдарлама дайындау
Бизнес-жоспар дайындау тәртібі мен оның мазмұны.
Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы.
Кәсіпорынның қызметінің тиімділігі кәсіпорынның дамуының жақынарадағы және болашақтағы күйін көре алудың сенімділігіне байланысты болады. Кәсіпорында жоспарлау процесі оның саясатын қалыптастырудан, қызметінің күтілетін нәтижелерін нақтылаудан, негізгі техникалық зкономикалық көрсеткіштерін есептеуден тұрады. Жоспарлау әдістемесі деп кәсіпорын жоспарын дайындаудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын айтады. Жоспарлау әдістемесін жетілдіру жоспардың дәйектігін жоғарлатуды, прогресивті нормалармен нормативтерді, баланстық есептеулерді қолдануды, көрсеткіштер жүйесін жақсартуды білдіреді. Жоспарларды дәйектеу прогресивті нормалармен нормативтер жүйесінің негізінде жүргізіледі.
Нормалар мен нормативтер келесі топтарға бөлінеді:
Тірі еңбек шығындарының нормалары мен нормативтері (бір өнім бірлігіне жұмыс уақыты, уақыт бірлігіне өнім нормасы, қызмет ету нормасы, сан нормативі;
Материалдық шығындардың нормалары мен нормативтері;
Еңбек құралдарын пайдалану нормативтері;
Өндіріс процесін ұйымдастыру нормативтері (өндіріс циклінің ұзақтығы, аяқталмаған өндіріс көлемі, шикізат қоры).
Стратегиялық жоспарлау - кәсіпорын қызметін оның ұзақ мерзімдегі перспективасының негізінде дайындауды білдіреді. Жоспарлау мерзімі кәсіпорын көлеміне байланысты шағын кәсіпорын үшін 3-5 жыл, ірі кәсіпорындарға 20 жыл.
Стратегияның маңызды элементтері болып:
Кәсіпорын дамуының мақсаттарын қалыптастыру;
Мақсатқа жетудің ережелері мен әдістерінің жиынтығын дайындау.
Мақсатқа жетудегі ережелер мен әдістерді іске асыру үшін ресурстардың бар-жоғын анықтау
Кәсіпорын дамуының ағымдық жоспары бір жылға жасалады және келесі бөлімдерден тұрады:
Өнім өндіру және сату;
Өндірістің техникалық дамуы мен ұйымдастырылуы;
Өндірістің экономикалық тиімділігі;
Капиталдық құрылыс;
Материалдық-техникалық қамсыздандыру;
Еңбек және кадрлар;
Өндірістің өзіндік құны, табысы, рентабельділігі;
Қаржылық жоспар;
Әлеуметтік даму;
Қоршаған ортаны қорғау.
Ағымдық жоспарлаудың аяқтаушы сатысы болып жедел-өндірістік жоспарлау саналады, оның шеңберінде өндірістік бағдарлама нақтыланады, бөлімшелерге жоспарлық тапсырыстардың уақтылы жеткізілуі қамтамасыз етіледі.
Жедел - өндірістік жоспарлау екі сатыда жүргізіледі:
Өндірістік бағдарлама негізінде біршама қысқа мерзімге жоспарлар жасалады (1 айдан 1 сағатқа дейін);
Берілген режимнен ауытқуларды анықтап, жою арқылы жоспардың орындалуын үздіксіз есептеу және бақылау. Оны диспетчерлеу деп атайды. Өндірістік бағдарлама - кәсіпорын жоспарының маңызды бөлімі. Оның мазмұнын кәсіпорынның стратегиялық мақсаттары анықтайды. Бастапқысында өндірістік бағдарлама натуралдық көрінісінде жасалады, артынан құндылық күйінде, сонымен бір уақытта оның еңбек көлемі, қор көлемі және тағы басқа анықталады. Салалық ерешеліктерін ескере отырып ағымдағы стандарттарға сай келетін және өнім көлемі мен оның тұтынымдық қасиеттерін неғұрлым дәл өлшем бірліктері пайдалануы керек.
Өндірістік бағдарламаның құндылық көрсеткіштері мыналар: тауарлық, жалпы, сатылған, таза өнім көлемдері.
Бизнес-жоспар келесі жағдайларда жасалады:
жаңа өндірісті ұйымдастырғанда;
Кәсіпорын тұрақсыздығының себептерін талдағанда;
Сыртқы қаржылық ресурстарды қамту қажет болғанда.
Бизнес-жоспар ‑ бұл кәсіпкерлік қызметтің негізгі аспекттері суреттелетін, кәсіпкерге кездесетін басты мәселелер талданатын және оларды шешудің негізгі әдістері анықталатын құжат.
Бизнес-жоспар еркін формада жасалады, оның құрылымы мен мазмұны қатаң реттелмеген, ол 6,7,12,18 және басқа да бөлімдерден тұруы мүмкін. Ол біріншіден қаржылық-экономикалық қызметте жеңіске жетуге бағытталған.
Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы - өндірістік құрылғыны және аудандарды толық пайдаланып, алдағы технологияны қолдануды, өндіріспен еңбекті ұйымдастыруын жетілдіруін, өнімнің жоғарғы сапасын қамтамасыз етуін ескере, уақыт бірлігінде заттық түрде жоспармен белгіленген номенклатура және ассортиментінде өнімді максималды мүмкіндікте шығару.Өндірістік қуаттылық өндіріс көлемі жоспарланатын бірлікте өлшенеді. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы алдыңғы қатарлы цехтардың, участкалардың өндірістің қуаттылығымен анықталады. Алдыңғы қатарлы цех деп өнім өндіруде негізгі операцияны атқаратындарды айтады.
Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын анықтайтын негізгі элеметтер болып келесілер табылады:
құрылғының құрамы және түрі бойынша саны;
құрылғыны қолданудың техника-экономикалық көрсеткіштері;
құрылғының жұмыс уақытының қоры;
кәсіпорынның өндірістік ауданы (негізгі цехтардың);
құрылғының нақты құрамында өнімге әсер ететін, алда болатын өнім номенклатурасы және ассортименті.
Әдебеттер:1-46
№10 тақырып.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету.
Бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі және көтеру қажеттілігі
Өнім сапасының түсінігі, сапа көрсеткіштері
Өнімнің өмірлік кезеңінің әр-түрлі деңгейлерінде өнім сапасын қамтамасыз ету
Өнімнің сапасын басқару жүйесі
Бәсекеге қабілеттілік – бәсекелестің тауарынан нақты тұтынуы, шығындары бойынша ерекшелігі бар тауардың сипаты.
Сапа – шартталған қажеттіліктерді қанағаттандыруға қабілетін беретін өнімнің сипатымен қасиеттерінің жиынтығы.
Сапаның көрсеткіштері былай бөлінеді:
Функционалдық;
Ресурстарды сақтаушылық;
Табиғатты қорғаушылық.
Өнім сапасының деңгейі деп - өнім негізгі көрсеткіштерінің жиынтығымен қарастырлатын сапа көрсеткіштерінің салыстыру жиынтығына негізделгін, сапаның салыстырмалы сипаты түсініледі.Сапа деңгейін бағалау дифференциалды немесе кешенді әдістерімен жұргізіледі.
Өнімнің жоғары сапасын анықтайтын факторлар:
Техникалық сипаттағы;
Экономикалық сипаттағы;
Әлеуметтік сипаттағы.
Өнім сапасын рационалды басқару стандарттар жүйесін қолдануда негізделген. Мемлекеттік стандарттар ғылыми, техникалық, өндірістік алдынғы тәжірибе деңгейіне сәйкес келетінкөрсеткіштер қояды.Озу стандартизациясы объектіледің сапа көрсеткіштерінің уақыт шеңберінде өзгеруін ескереді.
Кәсіпорын стандарттары әр кәсіпорынның қызметін реттейді. Стандарттардың талаптарына сәйкес өнім сертификацияланады, ол халықаралық саудада ерекше маңызды. Техникалық бақылау – объектінің қойылған стандарттарына сәйкес келуінің тексеруі.
Техникалық басқаруды ұйымдастыру келесілерден тұрады:
Өнім сапасын жобалау мен іске асырудан;
Бақылауды ұйымдастыру нысандарын анықтаудан;
Бақылау әдістері мен амалдар таңдаумен негіздеуден;
Бақылау сапа жүйесінің барлық элементтерінің қатынасуын қамтамасыз етуден;
Ақау пен дефектілердің талдау жүргізу мен әдістерін жетілдіру.
Техникалық бақылау оқу бойынша кіру, өндірістік, инспекциондық болады.Бақылау деңгей бойынша операциондық және алушылық болады.Бақылау әдіс бойынша өлшеу, тіркеу, статистикалық, қарап шығушылық болып бөлінеді.
Бақылау толық қамтамасыз ету бойынша таңдау, тұтастай, ұшыру, үзіліссіз, периодикалық.
Статистикалық бақылаудың мақсаты – брактің алдын алу және қалпына келтіру.
Қолдану шарттары:
Жаппай, өндірістің үзіліссіздігі;
Технологиялық процесстің тұрақтылығы;
Жоғарыөндірістік бақылау жаьдықтарымен қамтамасыз етілуі;
Қатаң технологиялық тәртіп.
Статистикалық бақылаудың негізгі құраушысы болып таңдау, жұмыс картасында таңдауды тексеру нәтижесін бекіту, және жұмыс картасында таңдауды тексеру нәтижесін өңдеу мен алынған қорытынды нәтижелерін өңдеу.
Әдебеттер:1-46
№11 тақырып.
Кәсіпорын қаржысы.
Кәсіпорын қаржысының мәні мен қызметтері
Кәсіпорынның қаржылық ресурстары
Ақшаның уақытша құны
Кәсіпорынды қаржыландыру түрлері
Қаржы – бұл ақша қаражаттарының олардың айналым үдерісінде құрумен және қолданумен көрсетілетін ақша қатынастарының жүйесі.
ҚР қаржы жүйесінің құрамына мемлекеттік қаржы, аймақтық қаржы, кәсіпорын қаржысы кіреді.
Кәсіпорын қаржысының екі басты қызметі бар – бөлу (ынталандыру) және бақылау.
Кәсіпорынның қаржысын ұйымдастырудың негізінде келесілер жатыр: қаржылық-шаруашылық қызмет саласында өз еріктік, өзін-өзі қаржыландыру, жұмыс қорытындысында қызығушылық, қорытындыға жауапкершілік және т.б.
Кәсіпорынның қаржылық қатынасы контрагенттермен, кәсіпорындармен, тұтынушылармен, сақтандырушы мекемелермен, банк жүйесімен, мемлекетпен, жоғары тұрған басқарушы құрылымдармен қарым қатынасты сқтайды.
Кәсіпорынның қаржылық ресурстары - кәсіпорынға қоймалар мен өндірісте өндірістік босалқы қорларды жасау үшін, жабдықтаушылар мен бюджетпен есеп айырысу үшін және жалақыны төлеу т.б. үшін қажетті ақша қаражаттарын жатқызады.
Қаржылық ресурстардың пайда болу көздері бойынша төмендегідей бөледі:
өзіндік;
қарызға алған;
Өзіндік - кәсіпорын қарамағында үнемі болатын және өзіндік ресурстар арқылы қалыптастырылатын қаражаттар.
Қарызға алған - банк несиелері, несиелік борыш.
Кәсіпорынның қаржылық рсурстары келесі бағыттар бойынша қолданылады:
өнім өндіруге және өндіріске ағымдағы шығындар;
бағалы қағаздарды инвестициялау және капиталдық салым;
бюджеттен тыс қорларға банктік, қаржылық жүйенің төлемдері;
қайырымдылық қорларға аударымдар және т.б.
Ақшаның уақытша құны әр-түрлі уақытта қол жетерлік ақша қаражаттарының сомаларын салыстыруға мүмкіндік береді, яғни, бүгінгі күннің құндылығына ақшаның болашақтағы бағасын анықтауға мүмкіндік береді.
Әдебеттер:1-46
IV-БӨЛІМ. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІ
№12 тақырып.
Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижелері.
Табыс кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық қорытындысының көрсеткіші ретінде
Табыстың және пайданың көрсеткіштері
Кәсіпорын пайдасына салық салу, бөлу және қолдану
Өндіріс рентабелділігі кәсіпорын жұмысының тиімділігінің көреткіші ретінде
Табыс дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен есуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі. Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің соңғы нәтижесіне сатудан түскен түсім мен таза табыс жатады. Сатылған (өткізілген) өнімнен (жұмыстан, қызметтен) түсім деп сатып алушыға тиелген өнім үшін кәсіпорынның есеп айырысу шотына түскен ақша құралдары аталады. Түсімді үлестіру (бөлу) бағыттары: материалдық шығындарды өтеу, еңбекақы және әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар, сонымен қатар табыс. Өнімді (қызметті, жұмысты) сатудан түсім өткізілетін өнімге шығындар сияқты өткізілген (сатылған) өнім көлеміне жоспарланады: Табыс – қандай да бір уақыт кезеңі аралығында кәсіпорынның өз сатып алушыларына берген өнімдері мен қызметтерінің жиынтығының ақшалай көрінісі. Табыстарды классификациялау кәсіпорын операцияларын түсінуге көмектеседі.
Негізгі қызметтен және негізгі емес қызметтен түскен табыстарды бөліп қарастыру керек. Табыстар құрылымы қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беруде толығырақ көрсетілген. Жиынтық табыс өнімді (қызметті, жұмысты) өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өзіндік құны арасындағы айырымды көрсетеді. Таза табыс салық салынғанға дейінгі қалыпты қызметтен түскен табыс пен табыс салығы бойынша шығындар арасындағы айырымды көрсетеді. Табыс нарықтық қатынастардың маңызды категориясы ретінде белгілі бір қызметтер атқарады: ынталандырушы , ұдайы өңдірістік, және әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің қалыптасуының көздерінің бірі болып табылады.
Кәсіпорында қаржы- экономикалық жұмыстарды жетілдіру табысты қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ортақ процесс ретінде басқаруды ұйғарады. Табыс мөлшері үш негізгі факторлардың әсер етуімен қалыптасады: өнімнің өзіндік құны, өткізу көлемі және өнімді өткізуге баға денгейі. Бөлу объектісі болып қалыпты қызметтен түскен табыс табылады.. Оны бөлу деп табысты бюджетке бағыттауды және кәсіпорында баптар бойынша пайдалануды түсіну керек.
Таза табысты бөлу-фирмаішілік жоспарлау бағыттарының бірі, оның мәні нарық экономикасы жағдайында өседі. Таза табысты пайдалану өңдірістің қажеттіліктерін қаржыландыру мен әлеуметтік саланы дамыту үшін кәсіпорынның қорлары мен резервтерін қалыптастыру процесін көрсетеді.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жат-қызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.
Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек. Табыс табу кез-келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.
Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызме-тін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.
Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтермен анықталады. Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:
1) мемлекеттік бюджет табысының көзі;
2) кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.
Функциялардың және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Әдебеттер:1-46
№13 тақырып.
Өндірістің экономикалық тиімділігі.
Өндірістің тиімділігінің көрсеткіштерінің мәні мен жүйесі
Өндірістің қаржылық тұрақтылығының және өтімділігінің көрсеткіштері
Өндіріске капиталдық салымның экономикалық тиімділігін дәйектеудің әдістері
Өндірістің тиімділігін көтерудің негізгі бағыттары
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – капиталдың айналымы процесінде оның жағдайын және уақыттың нақты сәтінде шаруашылық субъектінің өзіндік дамуына қабілеттілігін көрсететін экономикалық категория.
Өндірістік және қаржылық қызметі процесінде капитал айналымының үздіксіз процесі жүреді, қаражаттар мен оларды қалыптастыру көздерінің құрылымы, қаржылық ресурстардың бар болуы мен оларға қажеттілік өзгереді.
Қаржылық жағдай тұрақты, тұрақсыз және дағдарысты болуы мүмкін. Кәсіпорынның уақытында төлемдерді іске асыру, кеңейген негізде өз қызметін қаржыландыру, қиын жағдайда өз төлем қабілеттілігін жоғары дәрежеде ұстау қабілеттілігі оның тұрақты қаржылық жағдайы туралы куәландырады.
Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін кәсіпорында жақсы қапитал құрылымы болу тиіс. Кәсіпорын капитал құрылымының қозғалысын ұйымдастыруды білу тиіс.
Қаржылық тұрақтылықтың мәні қалыптастыру көздерімен қорлар мен шығындардың қамтамасыздығы болып табылады.
Кәсіпорындар жұмысының нарықтық шарттарына өтуден бастап, оның қаржылық жағдайының тұрақтылығы туралы және оны сауықтыру жолдарын іздеу мәселесі үлкен рөлге ие.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына көптеген факторлар әсер етеді. Олар келесідей жіктелінеді:
пайда болу орны бойынша – сыртқы және ішкі;
нәтиженің маңыздылығы бойынша – негізгі және жанама;
құрылымы бойынша – жай және күрделі;
қызмет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінде жұмысты ұйымдастырудан тәуелді болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорынның ерігіне тәуелсіз. Негізгі ішкі факторларды қарастыруға болады. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең алдымен өндіріс шығындарымен тығыз байланыста шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызметтердің құрамы мен құрылымынан тәуелді болады. Тұрақты мен өзгермелі шығындар арасында ара қатынас маңызды болады.
Жоғарыда көрсеткендерді жалпылай келіп, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін келесі ішкі факторларды бөлуге болады:
кәсіпорынның салалық жатқызылуы;
шығарылатын өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) құрылымы, жалпы төлем қабілеттілікті сұраныста оның үлесі;
төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
шығындар көлемі, ақша табыстарымен салыстырғанда олардың динамикасы;
запастар және резервтер, олардың құрамы мен құрылымымен бірге мүлік пен қаржы ресурстардың жағдайы;
кәсіпорындарды басқарудың тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық етудің экономикалық шарттардың әсер етуін, қоғамда билік ететін техника мен технологияны, төлем қабілетті сұраныс пен тұтынушылар табыстарының деңгейін, ҚР Үкіметінің салықтық және несиелік саясатын, сыртқы экономикалық байланыстарды және т.б. жатқызады.
Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі кәсіпорынның төлем қабілеттілігі болып табылады. Төлем қабілеттілік – бұл кәсіпорынның өз міндеттемелерін жабу мүмкіндігі.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржы тұрақтылығының маңызды критерийлердің бірі болып табылады. Сондықтан да онымен тығыз байланыста болады. Нарықтық экономика жағдайларында төлем қабілеттілікке көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі – бұл кәсіпорынның өзінің міндеттемелері бойынша төлемдерді уақытында жүзеге асыру дайындығы.
Әдебеттер:1-46
